Кіші оқушылардың темперамент көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 07:27, реферат

Краткое описание

Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Без имени 122.docx

— 39.94 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні  – адамдар бойында болатын  дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың  жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық  құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар  мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық  сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен  түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге  дейін темперамент мәселесінің  шешілмеген, талас – тартысты қырлары  баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент  – жеке адамның әлеуметтік тұлға  ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент  көбіне адамға тума берілген әрекет –  қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын  белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске  келе бермейді. Назар аударарлықтай  ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі  темпераменттің белгілі құрылымын  түзеді. Сонымен, темперамент – адамның  психикалық әрекетінің нақты динамикасын  айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің  жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп –  салдарына тәуелсіз бір қалыпты  көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске  түспей, өзара байланыста темперамент  кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің  жақсы не жаманы болмайды. Олардың  әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына  ие, сондықтан басты назар темпераментті  реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты  іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден  – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың  барлығын жалпыланған аз санды саналық  бейнелер бірігін психология тарихында  алғашқыдан темперамент типтері  деп аталады. Темпераменттің бұл  бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны  пайдалана отырып, нақты тұрмыстық  жағдайларда белгілі темперамент  типіне жататын адамның болашақ  әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.  
1. Темперамент туралы теориялар.  
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.  
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.  
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:  
1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.  
2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.  
3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.  
4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.  
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.  
2. Кіші оқушылар темпераменті.  
Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.  
3. Оқушылар темпераментінің физиологиясы.  
Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.

1 Күшті қозуы тежелуінен басым  
2 Күшті қозуы мен тежелуі тең  
3 Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу

Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар  қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан өткізеді. Екінші типті адамдар  өте ширақ болады. Үшінші типті  адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке  жүйесінің күштілігі мен әлсіздігіне  назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке  бөлді:

1 Күшті, ұстамсыз  
2 Күшті,ұстамды  
Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.  
4. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.  
Сангвиник.  
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.  
3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Флегматик.  
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.  
Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.  
Холерик.  
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.  
Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.  
 
Меланхолик.  
Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.  
Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.  
5. Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу.  
Әр мұғалім оқушының темпераментін білу керек.  
Холерик кіші оқушыда ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет.  
Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек.  
Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек.  
Ал сангвиниктерде тұрақтылықты орнату қажет.


5

Темперамент теориялары

 

Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің  бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық  ерте кезде туындап, қазіргі кезге  дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.

Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық  ерекшеліктері, яғни психикалық процестер  мен жағдайлардың әрекеттерінің  ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.

Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:

  1. Адамның жалпы белсенділігінен;
  2. Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінен;

 3. Эмоционалды процестер ерекшелігінен: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.

Сонымен, темперамент адамның белсендік  ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды  ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта  және іс-әрекетте байқалады.

Ерте кезден осы көріністердің  барлығы ғалымдардың назарын  аударды. Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның  физиологиясымен байланысты екеніне  ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында  темперамент жайлы көптеген теориялар  бар.

Темперамент жайлы теорияларды  үлкен үш топқа бөлуге болады:

  1. Гуморальді теориялар;
  2. Конституционалды теориялар;
  3. Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты  темпераментті түсіндіруші теориялар.

«Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық  бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы  бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық  Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтың теориясы.

Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында  төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым  болса,  соған байланысты 4 темперамент  типінің бірі сай келеді: қан басым  болса - сангвиник типі,  сөл басым  болса - флегматик типі, сары өт басым  болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің  басым болуы климат жағдайына  және адамның айналысатын іс-әрекетіне  байланысты.

Темперамент типтерін  б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейін  жеткізді.

И. Кант темпераменттің көріну аймағын  тарылтып көрсетті. Төрт темперамент  типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам қимылдайтын  холерик пен баяу қимылдайтын  флегматикті жатқызды, әсершіл топқа  оң эмоциялары басым сангвиник пен  теріс эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.

Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына Лесгафтың көзқарасын жатқызуға  болады.  Ол психикалық әрекеттің  динамикалық ерекшелік сипатын  жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі  ұсақ тамырлардан күре тамырға  дейінгі  қан қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.

Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші  конституционалды теориялар қатарына  Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері  жатады.

1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі  «Дене бітімі және мінез» атты  еңбегі жарық көрді. Оның негізгі  идеясы белгілі типті адамдар  белгілі психологиялық ерекшеліктерге  ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты  Кречмер төрт конституционалды  типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.

1. Лептосоматик – нәзік денелі,  ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық,  иығы тар, ұзын және арық  аяқ-қолды.

2. Пикник – май қабаты анық  көрінеді, орта және аласа бойлы,  жайылған денелі, домалақ басты,  мойыны қысқа адамдар.

3.   Атлет – бұлшық еттері  күшті дамыған, дене бітімі  мығым, ұзын және орта бойлы,  кең иықты, жамбасы тар.

4.   Диспластик – формасыз  адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр  түрлі дене бітімінің деформациясымен  сипатталады.

Аталған типтерге байланысты үш темперамент  типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик.  Шизотимикке  астеникалық  дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке  атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке  көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен  қайғы арасында алмасып келіп  отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.

АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент  теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық  тұрғыда түсіндіруге тырысты.

Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты – эндодермадан ішкі мүшелер жақсы  дамиды; 2) мезодерма -  бұлшық еттер  жақсы дамиды; 3) эктоморфты – тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды.

У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне  дененің белгілі функцияларына  тәуелді  белгілі темперамент  типтері  сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).

Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар  қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның  тума сипатталатын қасиеттері екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының  негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент  теорияларының дамуына үлкен  үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып  табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын  сипаттайтын  тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді  жатқызды:

1. Эмоционалды қозу;

2. Зейіннің қозуы;

3. Эмоцияның күші;

4. Мазасыздық;

5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;

6. Ерікті мақсатқа бағытталған  іс-әрекеттің белсенділігі;

7. Майыспалылық – регидтілік;

8. Резистенттілік;

9. Субъективтілік.

 

 

 

 

 

Темпераменттің физиологиялық  негіздері

 

     Темпераменттің физиологиялық негізі – жүйке жүйесінің жалпы типі болып табылады. И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің физиологиялық  негізінде қозу мен тежелу процестерінің қасиеттері:  қозу, мен тежелу күші, олардың  тепе - теңдігі және қозғалымпаздығы жатыр. И.П. Павлов қозу күші мен тежелу күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз қасиеттері ретінде бөліп қарастырды. Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу  күші тежеуді жүзеге асыратын жүйке жүйесінің қызметі.

  Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін қарастыра отырып, И.П. Павлов қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті. Егер қозу немесе тежелу процестерінің бірі басым болса, адам ұстамсыз болады. Жүйке жүйесінің келесі қасиеті – жүйке процестерінің қозғалымпаздығы – бір жүйке процесінің екіншісімен алмасу жылдамдығы.

Павлов жіктеген жүйке процестері  жүйке жүйесі деп аталатын белгілі  комбинацияларды қалыптастырады. Бұл  тип индивидке тән негізгі  жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығынан  құралады – күштер, тепе-теңдігі  мен қозғалымпаздығы, қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.

И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің  Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент  типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің  көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде  салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден  басымдылығымен сипатталады.  Күшті  ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.

Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;

Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;

Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.

Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші  де әлсіз тип.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары

  Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс. Красис (лат.- темперамент) – Гиппократ бойынша қатынас, пропорция.

Темперамент типтері:

Сангвиник (лат. sanguis – қан) – жоғары психикалық белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады. Сангвинник әсерлердің жылдам алмасуына талпынатын, қоршаған оқиғаларға тез араласатын, қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам.  Эмоциялары – оң болып келеді – тез пайда болып, тез ауысады.  Салыстырмалы түрде сәтсіздіктерді жеңіл және тез бастан кешіреді. Жағымсыздық пен тәрбиелік әсерлердің теріс жағдайларында сангвиниктердің қозғалымпаздығы шоғырланудың төмендеуіне, іс-әрекеттегі асығыстыққа, үстірттікке әкеледі.

Холерик (грек. chole - өт) – жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің  көңіл-күйі  жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен, кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік күрделі жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі.

Флегматик (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте  күрделі.  Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының  жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді орындауға    бейімділігін тудырады. Меланхолик  (грек. melanos – қара,  cole - өт) – психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі. 
Темперамент туралы ілімдерді? даму тарихы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Информация о работе Кіші оқушылардың темперамент көріністері