Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 07:27, реферат
Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді.
У. Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында негізделген және статистикалық дәледенген болып саналады. Бұл теориялардын көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға алды.
Белгілі поляк ғалымы Ян Стреляу адамның дене құрлымы ерекшеліктерінің темпераментпен байланысын зерттеуді шектемеуді ұсынды, адамның өмірлік жағдайларға және қызметіне бей-імделуіндегі темпераменттің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын қарастыру керек деп тұжырымдаған. Оның пікірінше, индивидтің өсуі кезінде және ерекше орта жағдайлардың әсер етуінен темперамент белгілі бір өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген [4].
Ресей елінде 50 жылдардың басында адамның психофизиологиялық ерек-шеліктерін диагностикалық зерттеу бағыты аса қарқындылықпен дами бастады. Темпе-раменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми түрғыдан түсіндірген академик И.П. Павлов болды. И.П. Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді.
И.П. Павловтың идеяларын оның шәкірттері В.М. Теплов, В.Д. Небылицын одан ары өрбітіп,адамның жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеудің көптеген әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Қазіргі кезде ғалымдар ізденістер нәтижесінде темперамент тиологиясын жаңа мәліметтермен толықтыруда. В.С. Мерлин мектебінде темпераменттің негізгі 9 параметрлерін бөліп көрсетті: 1) эмоционалдық қозғыштық; 2) зейіннің қозғыштығы; 3) эмоцияның күші; 4) мазасыздық; 5) еріксіз қозғалыстардың реактивтілігі; 6) мақсатты бағытталған әрекеттің белсенділігі; 7) пластикалық- ригидтілік; 8) қарсылық; 9) субъективация. Алайда барлық ұсынылған сипаттамаларды темпераментке жатқыза алмаймыз, мысалы, зейіннің қозғыштығы таным үрдістерін сипаттайды, ал еріктің бел-сенділігі және субъективация мінездің қасиеттеріне жатқызамыз (4).
В.М. Русаловтың ойынша темпераментті адамның сөйлеу мінез-құлқына, яғни, адамның дауыс ырғағына, сөйлеу қарқындылығына, грамматикалық қате-лердің болуына, жауаптардың жыл-дамдығына, пікірлердің ұзақтылығына, адамдармен әңгімелесу әрекеттеріне байланысты анықтауға болады деген. Жалпы алғанда, әрбір адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие өмірде қайөқай темпераментте таза күйінде сирек ұшырасады. Көп жағдайда бір адамның бойында бір темпераменттің белгілері басымдау болғанымен, басқа темпе-раменттің нышандары да кейде қылаң беріп қалуы мүмкін. Темперамент арқылы адамның көзқарасын, таным-түсінігін, наным-сенімін анықтау мүмкін емес. Темперамент тек адамның жеке басының динамикасын ғана сипаттайды
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Либин А.В. Дифференциальная психология. - М.: Смысл, 1999. -534 с.
2. Кречмер Э. Строение тела и характер //Психология индивидуальных различий. Тексты. - М., 1982. - С. 219-247.
3. Шелдон У. Анализ конституциональных различий по биографическим данным //Психология индивидуальных различий. Тексты. - М., 1982. - С. 252-261.
4. Нартова-Бочавер С.К. Диффе-ренциальная психология: Учебное пособие /С.К. Нартова-Бочавер. - М.: Флинта, Московский психолого – социальный институт, 2006. - 280 с.
5. Ильин Е. П. Психология индивидуальных различий / Е.
Темперамент теориялары
Posted on 04.04.2012 by agessa
Скачать/Жүктеу
Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.
Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.
Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:
3. Эмоционалды процестер ерекшелігінен: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.
Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.
Ерте кезден осы көріністердің барлығы ғалымдардың назарын аударды. Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның физиологиясымен байланысты екеніне ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында темперамент жайлы көптеген теориялар бар.
Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:
«Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтың теориясы.
Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса — сангвиник типі, сөл басым болса — флегматик типі, сары өт басым болса — холерик, қара өт басым болса — меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.
Темперамент типтерін б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейін жеткізді.
И. Кант темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын флегматикті жатқызды, әсершіл топқа оң эмоциялары басым сангвиник пен теріс эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.
Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына Лесгафтың көзқарасын жатқызуға болады. Ол психикалық әрекеттің динамикалық ерекшелік сипатын жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға дейінгі қан қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.
Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.
1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.
1. Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.
3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.
4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.
Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.
АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.
Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты – эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды; 2) мезодерма - бұлшық еттер жақсы дамиды; 3) эктоморфты – тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды.
У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне дененің белгілі функцияларына тәуелді белгілі темперамент типтері сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).
Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның тума сипатталатын қасиеттері екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:
1. Эмоционалды қозу;
2. Зейіннің қозуы;
3. Эмоцияның күші;
4. Мазасыздық;
5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;
6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;
7. Майыспалылық – регидтілік;
8. Резистенттілік;
9. Субъективтілік.
Темперамент
Декабрь 21, 2011 · Психология
Темперамент. Темперамент туралы
жалпы ұғым: Темперамент- нерв жүйесінің
тума қасиеттерінен туындайтын адамның
жеке өзгешеліктерінің бірі.
Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан,
қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен
жақсы байқалады. Темперамент – организмнің
физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе
жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен
шарттас психикалық құбылыс. Темперамент
адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темперамент-тердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” – қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” – қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді, ол мидың ролін түсіне білдіуоны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірбиеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераменті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда қан жолы жүйесінің құрлысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераментін төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы ілімдер XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераментердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н.Л. (1833-1902) ми қабықтасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен бір-гелкілігіне байланысты деді.
Көрнекі орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.
Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу тежелу процсетерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылды. Нерв процестерінің күшіне ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы орталық түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қаблеттілігін айтады. Сөйтіп И.П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әр бір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип-жұмыс істеу қаблеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі -ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу жүріп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын тектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді – ширақ, нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді – нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі
Информация о работе Кіші оқушылардың темперамент көріністері