Қиын балдардың мінезін-құлықтың түзетудің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:44, курсовая работа

Краткое описание

Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Қиын балалар - бұлар окуға,еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. ҚИЫН БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ............5
1.1 Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологикалық
мәселелері...............................................................................................................5
1.2 Балалар және олардың проблемалары..........................................................11
1.3 Балалардың психикалық ауруларының жиілігі...........................................18
1.4 Баланың мінез-құлқының әдеттегі қалпынан ауытқуы дегеніміз қандай болады?..................................................................................................................19
1.5 Күйзелістің сақталу ұзақтығы.......................................................................20
1.6 Бұзылудың дәрежесі.......................................................................................20
1.7 Симптомның бейнесі......................................................................................20
1.8 Симптомдардың ауырлығы мен жиілігі.......................................................21
1.9 Мінез-құлықтың өзгеруі................................................................................22
II-ТАРАУ. ҚИЫН БАЛАЛАРҒА КӨМЕК........................................................23
2.1 Уайым-қайғының үлкен сергелдеңі.............................................................23
2.2 Даму жолындағы қнындықтар.....................................................................24
2.3 Баланың мінез-құлқындағы күйзелістің басқа адамдарға тигізетін ықпалы..................................................................................................................25
2.4 Диагностика және әдістемелік мәселелер...................................................26
2.5 Синдромдардың диагностикасы..................................................................29
2.6 Мектепке бармай қалу..................................................................................30
2.7 Схематикалық процедураның талдауы......................................................30
2.8 Энкопрез........................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері курстық жұмыс.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

 

2.3 Баланың мінез-құлқындағы күйзелістің басқа адамдарға тигізетін ықпалы

 

Ең ақырында, біздің барлығымыз да адамдардың арасында өмір сүретінімізді, яғни, басқалармен бірігіп өзара қимыл іс-әрекет пен өзара қарым-қатынас жасау арқылы әлеуметтік ортада тіршілік ететініміздің өте маңызды рөл атқаратынын ескерткен дұрыс болар еді. Қатынас - адамның табиғатындағы ең маңызды ерекшелік қасиеті және адамдардың өзаралық мүдделілік байланыстары мен ұйымшылдық қатынастары дамудың мызғымайтын берік негізі болып саналады. Бұзылған мінез-құлықтың барлық көріністеріне сәйкес өзаралық жеке қарым-қатынасты мағыналық жағынан қарастыру қажет. Баланың мінез-құлқы айналасындағыларға қалай әсер етеді ? Оның долылығы адамдармен ара қатынасын жай бұзумен ғана тына ма әлде олардың психологиясын зақымдай ма ? Баланың негізгі проблемасы мінез-құлықтың ерекшеліктерімен соншалықты байланысты болмаса да, ортаның талабына қарай өзгеріп отыратын психикалық процестің жұмылдырушылығы мен бейімдеушілігінің төмендеу кезіндегі айналасындағылармен өзара бірлесіп әрекет жасау тәсілдерінің түрлері де тап сондай дұрыс болмайтын жағдайлары айтарлықтай жиі кездеседі.

 

2.4 Диагностика және әдістемелік мәселелер

 

Диагнозды қою, яғни, жоғарыда аталған өлшемдеріне сәйкес табылған психикалық күйзелістің жаратылысын анықтау - диагностиканың келесі кезеңі. Медицинада қалыптасқан дәстүр бойынша, әдеттегідей бірден түсінікті болу үшін барлығын қамти алатын бір термин сөзді қолдануға тырысады. Сырқат адам туралы сөз болғанда, оның митралдыстеноз (жүректің қан жолы тетігіндегі аурулардың бірі) немесе өкпе туберкулезінің бар екенін айтады. Белгілі бір ауруларға қатысты бұл терминдер сыркаттың негізгі басты бір себептен шығатынын шамалайды да, орынды болжамның бір ғана амалын және сырқаттың емдеу жағдайын айқындайды. Мұндай көзқарас бойынша, туберкулез ауруы туберкулез таяқшаларынан пайда болады, оны соған арнаған дәрілермен емдейді, ол дәрілер бацилл бактерияларын өлтіреді. Аурудың атын анық көрсететін терминнің беретін ақпаратты мағлұматы өте көп, Соған арнайы алынған қолайлы терминнің жәрдемімен дәл қойылған диагноз дәрігерлердің практикалық жұмыстарына өте үлкен пайдасын тигізеді. Шынында, істің жағдайы әлдеқайда күрделірек екені және бұл сияқты диагностика бірқатар өте маңызды кезеңдерді ескермейтіндігі дәрігерлерге де жақсы мәлім. Мысалы, туберкулез ауруы организмдегі туберкулез таяқшаларының қоздыруьшан пайда болуымен бірге, көбінесе тұқым қуалайды, дұрыс тамақтанбаудан және тұрмыс-тіршілік жағдайының қиындығы да бұл аурудың барысына ықпалын тигізеді, сондай-ақ бұл ауруға психоәлеуметтік факторлар да әсер етуі мүмкін деген жорамал бар.

Қалай болғанда да, бұрынғы  өткен жалпы психотерапияда диагностиканың ұқсас принциптерінің тенденциясы пайдаланғандығы байқалады. Шизофрения немесе маник депрессивтік психоз сияқты диагноздарды аурулы адамдардың белгілі бір дертке шалдыққаны деп ұйғарған, ал ғалымдар оның шығу себебінің бір ғана жолын іздестірумен айналысты. Тап осы сияқты тәсілді бала психикасының өте сирек кездесетін күйзелісіне біршама баға берген кезде қолдануға болады, көп жағдайларда баланың психикалық күйзелуі бір ғана себептін қоздыруынан шығатын дерт екен дейтін көзқарас дұрыс болмайды.

Психикалык күйзеліс - сөздің мағынасында, ол - дерт емес. Психологияның проблемалары өте күрделі болуы мүмкін және оларды бір терминге сыйғызу онша оңайға түспейді, оның үстіне психикалык күйзеліс бір мезгілде бірнеше факторлармен детерминделеді. Психикалық күйзелістің шығу себептері дағдыдағыдай әлден көп, сондықтан олардың арасында біреуін ғана бөліп алып қарауға тырысу ешқандай да мағына бермейді. Кезінде психиатрияда "миы зақымданған бала", "органикалық жолмен зақымданған мидың синдромы" немесе "мидың органикалық жолмен аз зақымдануың туралы әңгіме болған еді. Бұл медициналық диагноз сияқты болып алайда дәл солай ойлағандар қатты жаңылысқан еді. Органикалық жүйемен зақымданған мидың бірыңғай синдромы жоқ - олар әлденеше түрлері ұқсас күйзелістер әдетте балаларда ажыратылмайды, мидың органикалық зақымданғаны да, не зақымданбағаны да байқалмайды. Сонымен қоса, мидың зақымдануы психикалық күйзелістің пайда болуына әруақытта себеп бола бермейді.

Әрине, бұл сияқты зақымның бұл баланың психикалық күйзелісіне бейімділігін айтарлықтай арттырады, алайда бұл фактор психоәлеуметтік ықпалдың күрделі спекторымен өзара бірлескен әрекетінің нәтижесінде болады. Сайып келгенде, мидың органикалық зақымының қызметі туберкулез аурулары қоздыратын туберкулез таяқшаларының баламалы қызметімен еш уақытта санаса алмайды.

Балаға психоз немесе ақыл-ойы артта қалған диагнозының қайсысын қойған дұрыс деген даулы айтыстың төңірегіндегі екінші мысал да біздің бұрыңғы өткен психиатриямызға тағы да байланысты, мұнда жүрек ревтомизмі мен оның іштен туа біткен ақаулығының аралығындағы дифференцияльды диагностика түріндеғі диагностика жөнінде сөз болады. Бұл екі жағдайда да түрлері бір-біріне мүлде ұқсамайтын ситуациялар жайында сөз болып отыр. Психоз баланың эмоциональдығына және мінез-құлқына кұқықтық жағдайының да қатысы бар, ал ақыл-ойының артта қалуы оның ой-өрісінің деңгейіне байланысты. Негізінде ол да, бұл да диагноздың әр түрлі құрамды бөлігі болып саналғанымен, бірақ өте маңызды. Балада психоз болғанымен, бірақ ақыл-ойы дұрыс болуы мүмкін немесе керісінше, оның ақыл-ойы артта қалғанымен, бірак психоз болмауы мүмкін, ал сайып келгенде, екеуі де болуы немесе болмауы мүмкін. Психоз бен ақыл-ойының артта қалуы баланың психикалық даму барысындағы бір-біріне мүлде ұқсамайтын әр түрлі күйзелістер, сондықтан да олар оның психикалық болмысының жан-жағын қамтып, әр түрлі сипаттайтынын түсіну кажет.

Тап осындай ойланып-толғанулардың негізінде және соған байланысты жалпы медициналық өлшемдеріне қолданылатын диагностика психиатрияның практикасында пайдасыз болып шықты, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысшылар тобы бұдан бірнеше жыл бұрын балалар психиатриясына қарай мультифакторлык тәсілді зерттеп жетілдірді.

Бұл тәсіл балалар психиатрларының барлығынан да қолдау тапты, сондықтан ол жеткілікті дәрежеде клиникалық ойлау стиліне тура келді және оның расында да, диагностиканың пайдалы жұмыс схемасын ұсынатынын алғашқы зерттеулерде көрсетті. Осы кітаптағы баяндалып отырған диагностика жүйесі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дайындаған зерттеулеріне сәйкестендіріліп құрылған, алайда біраз ерекшеліктері бар.

Диагностика бес аспектіге  бөлінеді:

1) клиникалық психиатрия;

2) ой-өрісінің даму деңгейі;

1) клиникалық психиатриялық  синдром;

3) этиологиялык биологиялық  факторлары;

4)этиологиялық психоәлеуметтік факторлары;

5)дамудың бұзылуы.

Осы схеманың негізінде құрылған диагнозда оның барлық бес бөлімінен тіпті, негізсіз болса да, баланың проблемалары туралы ақпарат міндетті түрде болу керек. Осындай диагнозға келтірілген бір мысал: мінез-кұлықтың синдромы - эпилепсиямен ауруының зардабынан қарым-қатынасқа тән шала бүлінуден, шатақ-жанжалдың жиілеп кетуінен, көңілсіздіктен, үйден шықпай отыратын, бірақ ақыл-ойы дұрыс балада дезадаптация болатындығы байқалады.

 

2.5 Синдромдардың диагностикасы

 

Әрбір диагностикалық категория  синдромдардан, пайда болатын механизмдерден және емдеудің әр түрлі әдістерінен тұрады. Болуы мүмкін бұзылуды анықтау үшін жекелеген әрбір жағдайда клиникадағы дәрігер-ғалымның оның біліну нышанын егжей-тегжейлі толық талдауына тура келеді. Бұл өте күрделі және қиын сияқты болып көрінуі мүмкін, сондықтан да кейде дәл қай механизмнің ықпалынан екенін де анық білу мүмкін емес. Алайда, бар мүмкіндігінше, осы жолмен алға қарай жылжи берудің маңызы өте зор.

Мысалы, әр түрлі екі симптомның процедурасындағы олардың диагностикасын қарастырайық. Әрбір жағдайда біз диагностикалық процестің симптомынан бастап тым күрделірек психиатриялық категорияға және одан әрі қарай өзіне тән ерекшелігі бар субсиндромға дейінгі қимылын қадағалаймыз. Процедураны оңайлату үшін бірлі-жарым нышанын талдау қимылының бағытын анықтайтын симптомдардың тармақталған схемасын пайдаланып қаламыз. Іс жүзінде диагностика соншалықты қарапайым және жинақы болмауы мүмкін екенін, әсіресе, бірнеше әр түрлі психологиялык механизмдер бір уақытта әрекет ететін жағдайлар едәуір жиі кездесетінін ескеру қажет.

 

2.6 Мектепке бармай қалу

 

Баланың мектепке бармай қалуынының айтарлықтай жиілеп кетуі оны психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағдайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдыруы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектепке барудан қасақана бас тартуы сияқты келтірілген сылтаулардың барлығы оның эмоциональды бұзылуына байланысты болатындықтан, мектептке бармай қалуына осы кінәратты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы оның сабаққа катысқысы келмегендігінен, өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтар бар екенін көрейік.  

 

2.7 Схематикалық процедураның талдауы

 

Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналасатынын анықтау қажет. Егер үйде шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино көруге, театрға кетуі немесе ойнап кетуі мүмкін.

Мектепке барудан бас  тартуына әлеуметтік фобия немесе көліктік фобия азырақ болса да жиі кездеседі. Біріншісінде әлеуметтік жағдайдан және адамдармен кездесуден үрейленуі, ал екіншісінде - автобус, пойыз және т.б. көліктермен жүргенде үрейленуі сөз болып отыр. Екі жағдайда да мектепке баратын жолда адамдармен кездесіп қалу және көлікпен жүру қаупінен сақтану үшін сезікті сырын сыртқа шығармаудың ең оңай әдісі - мектепке барудан бас тарту болды.

Біріншіден, бала үйде немесе жолдастарымен болғанда өзін қалай  ұстайтынын анықтау керек. Егер оның денсаулығы бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі шат-шадымынан болып көрінсе, онда біз оның мектепке барудан бас тартуының негізі әлеуметтік байланыстан қашқақтауға тырысуынан деп ұйғаруға болады. Егер ол қайғыға батып тұнжырап жүретін болса, өзін бақытсыз санап, ешкіммен араласпай жүрсе, онда оның мектепке барудан бастартуы депрессия түрінде деп санауымызға толық дәлел болады.

Екіншіден, мектепке барғысы  келмеудің сабақ кестесіне байланысының бар-жоғын білу қажет. Егер баланың мектепке барудан бас тартуы сабақ кестесіне байланысты болса, оның бас тартуы мен мектептегі белгілі бір жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді.

Тағы бір жағдай егер шешесі баланы жалғыз өзін үйде калдырып кетсе, туысқандарының үйіне жұмсаса, барғысы келмесе немесе мектепке бас тартуына себепші болған айырылып қалу каупінен алаңдауы.

 

2.8 Энкопрез

 

Баланың үлкен дәретін  ұстай алмай дамбалын былғап коятын немесе кез келген жерге отыра салатын болады. Баланың іші жүрмей қатып қала беретіндігінің себептеріне көңіл аудару қажет. Егер ол шынында да солай болса, онда мегаколон деп аталатын жерінің бұзылуы мүмкін. Ішектің ішіндегі нәжістің қататындығы сондай, ол жарым-жартылай тығындалып жылжымай тұрып алады. Сондықтан да мүндай жағдайда басты мәселе іштің жүрмей қатып қалуына байланысты болады.

Еғер баланың ішегіндегі қатқан нәжіс жоқ болса, онда тәрізі баланың іші тоқтамай жиі-жиі өтетін болғаны, сонымен қоса ол баланы ластайды. Ішек қызметінің бұзылуына себеп болған бір сырқаттың тигізген зардабынан іш тоқтамай жиі-жиі өтуі мүмкін.

Өмірге жаңа келген нәресте алғашқы кезде дембіл-дембіл астына жіберіп, жөргегін былғап тастайды. Кейін өсе келе ол үйренеді:

а) оның ішегін босатудың  қажеттігін білдіретін саналы сезімі жетіле бастайды;

б) дәретке отыратын белгіленген орынға үйренгенше дағдылануға жаттығады;

 в) ол дәретке қандай орынның ыңғайлы болатынын түсіне бастайды.

Егер балада нәжістің келетін уақытын алдын-ала бақылап отыратын түйсік-сезім қызметі жеткілікті дамыған болса, онда ол еріксіз жібере береді, яғни кез келген жерге отыра салады.

Нәжісін ұстап тұра алмау тек лайықты орынға отырып дағдыланбаудан ғана болмайды. Ол баланың психологиялық күйзелісінен де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда күйзелістің қандай себептермен пайда болатындығынын зерттеп білуге диагностика жәрдем береді. Кейде ішектегі нәжіс қалдықтарын физиологиялық жолмен тазартуға лайықты болмайтын жерлері тек қана психологиялық механизмдердің әрекетімен түсіндіріледі. Мысалы, ата-анасымен арақатынасы бұзылған бала, сайып келгенде, өзінің наразылығын білдіруіне болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Психикалық бұзылулардан зардап шеккен балалардың саны күнделікті өмір тіршілігін айтарлықтай шиеленістіріп жіберген. Алайда, бұл сияқты бұзылуға шалдыққан балалардың тек азғантай бөлігі гана психиатрдың қабылдауына тап болды. Барлық жағдайларда да психикалық дамудың бұзылуына жәрдем бере алатын тек психиатр деп ойлау шындыққа мүлде жанаспайды. Проблеманың ауқымдық көлемділігінің көрсетіп тұрғандай, психикалық күйзелістің кейбір түрлерін түзетуге емханада және одан тысқары жерде жұмыс істейтін педиатрлар, сондай~ақ медициналық білімдері болмаса да педагогтар мен психологтардың, тіпті әлеуметтік мекеменің қызметкерлерінің де қатысулары тиіс.

Жоғарыда айтылған барлық жағдайлардың мазмұны мен оның мәні, "кімнің ауру" немесе "кімнің кінәлі" екенін анықтап қою ғана емес, шындығын айтқанда, "проблеманың мәнісі неде екенін" және "оның қалай пайда болғанын" дұрыс түсінудің керектігін көрсетеді.

Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. Міне, тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі - сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы қатар-құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дүрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да айталық ата-ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әр түрлі болып келуіне байланысты.

Информация о работе Қиын балдардың мінезін-құлықтың түзетудің мәселелері