Қиын балдардың мінезін-құлықтың түзетудің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:44, курсовая работа

Краткое описание

Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Қиын балалар - бұлар окуға,еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. ҚИЫН БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ............5
1.1 Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологикалық
мәселелері...............................................................................................................5
1.2 Балалар және олардың проблемалары..........................................................11
1.3 Балалардың психикалық ауруларының жиілігі...........................................18
1.4 Баланың мінез-құлқының әдеттегі қалпынан ауытқуы дегеніміз қандай болады?..................................................................................................................19
1.5 Күйзелістің сақталу ұзақтығы.......................................................................20
1.6 Бұзылудың дәрежесі.......................................................................................20
1.7 Симптомның бейнесі......................................................................................20
1.8 Симптомдардың ауырлығы мен жиілігі.......................................................21
1.9 Мінез-құлықтың өзгеруі................................................................................22
II-ТАРАУ. ҚИЫН БАЛАЛАРҒА КӨМЕК........................................................23
2.1 Уайым-қайғының үлкен сергелдеңі.............................................................23
2.2 Даму жолындағы қнындықтар.....................................................................24
2.3 Баланың мінез-құлқындағы күйзелістің басқа адамдарға тигізетін ықпалы..................................................................................................................25
2.4 Диагностика және әдістемелік мәселелер...................................................26
2.5 Синдромдардың диагностикасы..................................................................29
2.6 Мектепке бармай қалу..................................................................................30
2.7 Схематикалық процедураның талдауы......................................................30
2.8 Энкопрез........................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері курстық жұмыс.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

Тәрбие процесін басқару  өте қиын, ол еш уақытта бірқалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің калыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.

Осының нәтижесінде  тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Қиын балалар - бұлар окуға,еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

" Қиын бала" дегеніміз  кім ? Бұл сұраққа жауап беру  оңай. Бұл кім-кімді де ойландырар күрделі мәселе. Енді осы қиын балалармен кімдердің жұмыс істеуі керек ?

Мен әріптестерімді сөзге  тартқанымда: "анау сыныптағы ана  бала әбден шаршатты" деп реніш білдіреді, бұл раста шығар. Бірақ осы "қиын бала" қайдан шығады? Бала іштен сондай болып тумайды ғой. Бәрі де тәрбиеге байланысты. Адамтану ғылымының күре тамыры - тәрбиеден кішкентай ғана қателік кетсе, еңбегіңнің еш кеткені. Шынын айтқанда, ондай қателіктер кімнен болсын кетіп жатады. Бір қолдағы бес саусақтың әр түрлілігіндей, мұғалімдер де бірдей емес. Бірі қатал, бірі жұмсақ дегендей. Алайда, көбінесе, "қиын оқушы" дегенде тек ұл балаларды ғана сөз етіп, сыңар-жақтылық танытып жүгенімізді жасырмаған жөн. Қыз бала қаға берісте назардан тыс қалып, олардың ертеңіне көрінеу көзге қиянаттық жасап жүргенімізді несіне жасырмақпыз ? Түптің-түбінде шариғат заңы бойынша ұзатылған қыздың тәрбиесіне тек кыздар кеңесі жауапты деу мүлдем түсінбеушілік. Күні ертең "қыз күнінде қыздың бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығатынын" ескермеуіміз-ау, әріптестер ?

Сөз жоқ, "қиын бала" тәрбиесі ата-анаға да, мұғалімге де ортақ. "Менікі, сенікі" деп бөлу әбестік. Қиын баламен жұмыс істеуде қиын. Амал қанша, бәріне де шыдамдылық қажет, білімділік пен біліктілік керек, олармен жұмыс жүргізгенде, ең алдымен, олардың жағымсыз мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін тізбектеп қана қоймай, жақсы, жағымды істерін де ескертіп, марапаттаудың тәрбиелік мәні бар.

Зерттеудің  мақсаты: Қиын балалар және оларды түзетудің психикалық мәселелерін қарастырып,мінез-құлығың өзгеруіне жағдай жасау.

Зерттеудің міндеттері:

1.Қиын балаларды түзету  шараларын қарастыру.

2. Қиын балаларға көмек.

          Зерттеу пәні: Мектептегі оқыту тәрбиелеу процесінде қиын балалармен  жұмыс жүйесі

          Зерттеу базасы: №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары.

Мұғалім баланың өз күшіне сенімін күшейтіп, оның ақыл-ой еңбегінде аз да болса, алға басқандық байқалатын мезгілді шыдамдылықпен күтуі тиіс. Бұл - алға басқандық, мұғалім еңбегі жемісінің біліне бастауы. Әйтсе де, бұдан былай бәрі де өз орнына келе калады деуден аулақ болған абзал. Мұндай алғашқы болымсыз жетістіктің өзі де балаға қуаныш әкеледі, бала өз ісінің сәтті болғанына қуанады. Бұл жетістігінен ол өзіне жаңа күш жинап, бұдан былай да оны жақсарта беруге тырысады.

Бала тәрбиесінің ортақтастығына байланысты ата-аналар мен мұғалімдер арасында шынайы байланыс керек. Мәселен, көп жағдайда ата-аналар   мен   мұғалімдер   арасында   өзара   түсінбеушіліктен   "қиын   бала" тағдыры қиындай түседі. Бір нәрсеге көңілім толар емес. Ол отыз жыл бойы «е, не қылар дейсің, ертең өскесін өзі-ақ қояды» деп баланы басынан сипау, онсыз да оңбай тұрғанды ойсырату болмақ. Сондықтан ата-аналарға да, мұғалімдерге де ұстамдылық танытып, бала тәрбиесіне атүсті қарамай, мідетімізді қайсарлықпен атқарайық дегім келеді.

І тарау. Қиын балалар және олардың проблемалары

1.1 Қиын балалардың мінез-құлқын  түзетудің психологикалық

мәселелері

Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықты әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу кабылданған. Ми патологиясына байланысты болатын балалардың аномал (кемісті) мінез-құлқынан айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез-құлық әлеуметтік жағынан негізделген, жағымсыз шағын ортаның теріс ықпалымен, отбасындағы дұрыс емес, өзара карым-қатынастармен, отбасы мен мектеп тәрбиесінің олқылықтарымен, қателіктермен сабақтас.

Психология ғылымы жеке адамның адамгершілік өрісін қалыптастырудың ерекшіліктерін терең зерттеу негізінде әлеуметтік жат мінез-құлықтың құрамы да, өзіне тән ерекше қасиетінің фактісі де «туа біткен механизімдермен » анықталмайтынын нанымды көрсетіп берді. «Қиын» аталатын балалар-педагогикалық назардан тыс қалған балалар. Олардың жеке басының адамгершілік жағынан өзгеруі педагогикалық қателіктердің салдары (әңгіме нерв жүйелері қажыған ақыл-ойы жағынан артта қалған балалар туралы емес, психикалық және дене жағынан сау балалар туралы болып отыр).

«Қиын» баланың типтік ерекшіліктері жеткіншектік шақта  неғұрлым айқын көрінеді;. бұл кезде  баланың әлеуметтік позициясы өзгере отырып, оның іс-әрекетінің жаңа бағыттылығын ғана емес, сонымен бірге оған деген қатынасты, оның қоғам арқылы белгіленуін тудырады. Психологиялық дамудың бұл кезеңіндегі күрделілік мынада: бірінші жағынан, жеткіншектік шақ балалық шақтың типтік кезеңі. Екінші жағынан, біз, ересектер өмір талабындағы тұрған, дербестікке, өзін-өзі бекітуге ересек адамдардың оның правосын, потенциялдық мүмкіншіліктерін мойындатуға ұмтылған өсу үстіндегі адаммен істес боламыз. «Қиын» жеткіншектің жеке басы құрылымның күрделілігі өмірдің ықпалдарына, карым-қатынастар сипатына байланысты деп Л.С.Выготскийдің өзі атап көрсеткен болатын.

«Қиын» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын  білдіреді.

Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қоңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс-әрекеттің коллективтік формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару - еркелік, кыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы.

Балалардың белгілі  бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді.Мұндай оқушыларға жеке жол табу әсіресе қажет, алдымен олардың тәртіпсіздігінің түп-тамырын анықтау керек. Бұл балалармен жұмыс істеу олардың белсенділігін, инициативасын мақсатқа сәйкес ұйымдастырулы, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін құрметтеуді көздейді.

Балалардың ерекше " тобын мінез-құлқында еңбекке кұштар ықыласы мен әдеті жоқ, жалқау балалар құрады. Тәрбиешілерге мұндай баланың ұмтылысын, күш-жігер көрсетуін аңғарту және мадақтау, оның бойында еңбекке деген қажетсінуін ояту, сан алуан іс-әрекеттен куаныш табуды үйрету өте қажет.

Ең теріс касиеті - жалған айту болып табылатын балалар  да бар. Мұндай кемшілікпен күресе отырып қиялдау (мектепке дейінгі кіші шәкірттік шақтағыларға тән) мен шындықты әдейі бұрмалауды ажырату қажет. Жалған айту жазалаудан қорқудың да, жағымсыз қылықтарын жасыруға ұмтылудың да, өзін таныту, айналасындағылардың назарын өзіне аудару тілегінің де салдары болуы мүмкін. Балалардың жолдастықты өзінше бір түсінуі, жолдасының теріс қылығын жасыру амалы ретінде де өтірік айту жиі кездеседі. Біріншіден, бала өтірігінің нақты себебін анықтау,екіншіден өтіріктің барлық жағымсыз көріністерін, оның қорқақтықпен, екі жүзділікпен өзара байланысын сыпайы көрсете отырып, шыншылдық сенім, өзара кұрмет және талап қоюшылық   жағдайын туғызу үшін тәрбиешіге көп тер төгу қажет.

Балалардың кейбір бөлігінде, кандай да елеулі қажеттілігінің ұзақ уақыт орындалмауынан мінез- құлықтың аффективтік формасы дамиды. Оларды не шадырлық, агрессивтік, құр көкіректік, не көп өкпелеу, тез жәбірлену сипаттады. Нәтижесінде талаптану деңгейі         (негізінде өзін асыра бағалау немесе керсінше өзіне сенбеушілік туғызатын) мен баланың коллективтегі нақтлы жағдайы арасында пайда болады. Аффективтік толғаныстар мен мінез-құлықтың аффективтік формаларының ұзақ уақыт сақталуы балалардың басқа адамдарға, өзіне іске тиісті қарым-қатынастарының қалыптастыруына әкеліп соқтырды. Балалардың ішкі тартыстарын шешу және мінез-кұлқындағы аффективтік формалардың дамуын болдырмау үшін дер кезінде педагогтық араласуды талап етеді.

«Қиын» балалармен жұмыс  істеу:

1) балаға ілтипатпен, ізгі тілектеспен карау; 

2) оның жағымды қасиеттеріне  сүйену;

3) оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену сияқты өте биязылықпен жеке-дара қатынасты қажет етеді.

Педагогикалық жағынан алғанда, бетімен жіберілген балалармен –тәртіп бұзушы жеткіншектермен тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше күрделі. Бұл жеткіншектерге көбіне ырықсыз мінез-құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген -әлеуметтік жат, оның ішінде жасына лайық емес кажеттіліктердің болуы, иемденуге бағдарланған қалыптан тыс, «тікелей» тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс түсінікке алып келетін карым-катынастағы қажеттіліктің рухани, танымдық, эстетикалық кажеттіліктің бұрмаланған бағыттылығы тән. Тәртіп бұзушы жеткіншектерге рухани, танымдық, эстетикалық қажеттіліктер деформацияланған. Атап айтқанда, оқуға деген ынта жойылған. Сонымен бірге тәртіп бұзушы жеткіншектер, зерттеулер көрсеткендей,      қалыпты      интеллектуалдық      мүмкіндіктерді      игереді, сондықтан көп салалы ісәрекеттің берілген жүйесіне оларды мақсатты түрде тартып отыру интеллектуалдық жүгенсіздік пен енжарлықты жоюға көмектеседі.

«Қиын» балалардың көпшілігінде теріс қылықтар ересектікке  бой ұрудан, өзінің правосын жете түсінбеуден, ересектердің олардың мойындауына жетуге ұмтылуының салдары болып табылады.

Жеке адамды адамгершілік жағынан бұзылуға әкеліп соқтыратын қақтығысты ситуацияның түп тамыры семья тәрбиесінің кемшіліктерінде жатыр.

Семья тәрбиесіндегі кемшіліктер мектептің бағыттауын, түзеуін, үйлестіруін қажет ететін тек қана белгілі бір ағымды тудырады .Өкінішке орай, мектепте мұғалімдер: жүгіруге болмайды, шулауға болмайды және т.б. Деген сияқты тиым салу педагогикасына жүгінген кезде бұл кемшіліктер күшейе түседі. Қара дүрсін түсінілген тәртіп балаларды еркін де белсенді іс-әрекет жүргізу мүмкіндігінен айырады. Тәрбие бұзушы мектеп окушыларының, әдетте, сыныптағы жолдастарымен, әсіресе екінші жылға қалып қою салдарынан жаңа коллективке келуіне байланысты, достаса алмаумен педагогтармен де қақтығысты қарым-қатынастар тереңдей береді. Балаларға тән жолдастық қарым-қатынасқа, дербестікке, ересек тарапынан сыйластыққа ұмтылысына қарамастан, «қиын» балалар-3-4 сыныптарға қарай құрбылар коллективінен тыс қалады.

Сыныпта белгілі  орын алуға ұмтыла отырып, бұл балалар  дөрекілікке, күшіне сүйенген жалған беделдікке жүгінеді. Мектептен тыс уақытта өздеріне ұксас жеткіншектермен байланыс жасай отырып, олар кейбір « көше»топтарында қабылданған мінез - құлықтың қоғамға жат формаларын мектепке әкелуге тырысады.

Мұндай бірлестікке  баланың жағдайы өте   ауыр болады да ол жас жағынан       көбінесе       ересек       және       өзінің   «беделдігімен»   (әдетте қорқытуымен) ықпал етіп, балаларды топқа біріктіретін«аула батырларынын»ықпалына ереді. Бірақ бұл топқа балалар жалған жолдастықтан туатын қарым-қатынастан қандай да бір қорғанышты сезінеді. Мұның бәрі өзіндік салада, өзін-өзі көрсетуде, өсіп келе жатқан адамның қарым-қатынасында табиғи қабілеттерінің аномалды бағыттылығын тудырады.

Қалыпты қарым-қатынастың, яғни, мүмкіншіліктер, мағыналылық, баланың  қоғамға қажеттілігі ұғынылатын қарым-қатынастың шет қалуы оны  коллективке, коғамға оның мүшелерінің  қызметіне, алдымен қоғамдық пайдалы  іс-әрекетке карсы қарым-қатынас  туғызады. Сондықтан, «қиын» мектеп оқушысының. жеке басының қалыпты адамгершілік қасиеттерін, қалыптастыру үшін тәрбие ықпалдарының жүйесін құрудың алғашқы кезеңінің бірі- тиісті жағдай және сөзсіз талаптылықты сақтай отырып,ересектердің ойластырылған, айқын көрінген тілектестік қатынасын кұру болып табылады. Бірақ, бастысы -балалардың   өздерінің   тек   қана   көп   салалы   іс-әрекеттерінде   етек   жая алатын, қарым-қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Және де барлық баларды іс-әрекеттің мақсаттылықпен ұйымдастырылған көп жақты түрлерінің жүйесіне енгізу аса маңызды орын алады. Оның үстіне қоғамдық пайдалы іс-әрекетті ұйымдастыруға сүйену керек, сонда ғана балалар мен ересектердің қарым-қатынастары, балалардың бір- біріне катынастары, еңбекке көзқарастары неғұрлым жетекші түрге иеленеді. «Қиын» жеткіншектердің көпшілігі коллективте дербестік көрсетіп, белгілі орын алатын еңбектің түріне дұрыс көзбен қарайтындарын зерттеулер көрсетіп берді.

Информация о работе Қиын балдардың мінезін-құлықтың түзетудің мәселелері