Ислам дінінің жастарға ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:13, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі: Бүгінгі таңда ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына ықпалын қарастыру мәселелердің бірі деп алуға болады. Жастардың рухани мәселесін қарастыру, әр – түрлі секталарға ену секілді мәселелер де бүгінгі күнде маңызды. Қазақ жастарының басқа дін жолына түсіп, жолынан адасып жатқандар баршылық. Бұл - заңды құбылыс. Алайда олар көп емес. Оған қоса, олар адасқандарын түсініп, ислам дініне қайтып жатқан жайыттар да бар. Сондықтан, адасқан жастар тарапынан қандай да бір қауіп бар деп айтуға келмес. Олар - адасқандар. Идеологтар емес. Қауіп - идеологтардан. Дәлірек айтқанда, басқа дінді насихаттаушылардан келеді. Дегенмен, қазіргі таңда қоғам қарап отырған жоқ. «Дін туралы» заң бар. Заң аясында қара ниетті діндердің елімізде етек жаюына жол берілмейді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына ықпалын теориялық
талдау..................................................................................................................4
1.1 Психологиялық ғылымда құндылық бағдардың зерттелуі.......................4
1.2 Ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына әсері...............................9
1.3 Студент жастарының психологиялық мінездемесі...................................18
Қорытынды...........................................................................................................19
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................21

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 51.59 Кб (Скачать документ)

                                                             7

Ал, имандылық пен әділеттілік  тек ислам діні мен ата - бабаларымыздың біздерге қасиеттеп қалдырған әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерінде жатыр. Мұны мықтап қолға алмасақ, бармақ тістеуге де шамамыз келмей қалары анық. Осыны қазіргі біздің болашақ жастарымыз түсінсе өте жақсы болар еді. [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             8

               1.2 Ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына әсері.

          Адамның өзін – өзі тәрбиелеуінде өзі өмір сүріп жүрген орта мен адамдар арасындағы түрлі қарым – қатынастардың, байланыстардың ерекше мәні бар. Адамдардың өмір құштарлығы, олардың мақсаттары, өмірдегі сан алуан мәселелерге көзқарасы, мұраттары, бәрі – бәрі адамның өзін – өзі тани білуімен ілектес.

             «Адам, - дейді К. Маркс, - алдымен  айнаға қараған сияқты басқа  адамға қарайды». Демек, әрбір  адам өз ісінің, мінез – құлқының  қолайлы, қолайсыз жақтарын басқа  адамдардың, яғни ұжымдық бағалауы  бойынша там – тұмдап біліп  отырады. Яғни, адам басқа бір  адамның қылығын сын көзбен  қарай алса ғана, өз мінез – құлқын терең ұғынып, өзінің жаман – жақсы жақтарын салыстыра алатын болады. Адамның өз мінез – құлқын аңғара алу оның ұжданына байланысты. Егер адам өз ұжданының деңгейін біліп, оған кір келтірмей жүрсе оның көңілі ылғи да көтеріңкі болады, өзіне – өзінің сенімі арта түседі.

            Жасөспірімдік уақыт – өзін – өзі тану кезеңі, қоршаған ортаны тану кезеңі, жауапкершілікті тану кезеңі, адамгершілікті тану кезеңі, достықты тану, махаббатты тану және жыныстық қатынастарды  тану кезеңінен басталады.

          Қайталанбас дара адам ретінде  өзіне – өзі сұрақ қояды  («Мен кіммін? Мен қандаймын? Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыйлай аламын?»), ал екінші жағынан, дүниедегі өзінің жағдайын ұғыну («Менің өмірлік мұратым қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім болғым келеді? Өзім де, айналамдағы дүние де жақсы болу үшін мен не істеуге тиіспін?») болмақ. Жасөспірім өзін тұлға ретінде қалыптастырғысы келеді: 1) өзіндік сана-өзің жайлы ортақ пікір,  өзіңнің сыртқы келбетің жайлы баға, ақыл жайлы, қабілет жайлы, өзіңнің күшің, шамаң қандай дәрежеге жететіндігі жайлы, өзін – өзі тәрбиелеу; 2) қоршаған ортаға өзіндік жеке пікір, білімнің қаншалықты керектігі жөнінде; 3) ұмтылыс, қоршаған ортаны тез арады біліп, меңгеру, өміріңде керек арнаға бекітіп, достық, махаббат, бақыт, политикада өз орнынды таба білу. Жасөспірімдердің өзіне деген сенімі қаншалық жағымсыз болғанымен, психологиялық тұрғыдан өзіне – өзі сыйлаудың кемдігі бұдан анағұрлым қауіптірек. Мұның өзі адамнаң өзі туралы түсінігін қарама – қарсы қайшылықтарға ұшыратады әрі орнықсыз етеді. Өзін – өзі сыйлауы жастардың  жігіттер мен қыздар қарым – қатынаста қиыншылықтарды көп көреді, жалған бет – перде жасап алып, айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Бұл

                                                             9

процестің соңы рухани құндылықты адастырып жіберуі мүмкін.

          Шығыстың ұлы ойшылы Әль –  Фараби мінез – құлыққа айрықша  баға берді. Ол жаман мінез  – құлық, рухани кесел, егер  адам өз бойында жоқ нәрселерді өзіне таға беретін болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда болады деген. [7].

           Жасөспірімдік кезеңдегі ең маңызды психологиялық процесс – өзіндік сана және қоршаған ортаға көрсеткен «Мен» тұлғасы. Өзіндік  сана бірнеше бағыттардан тұрады:

1) Өзіңнің ішкі дүниеңді тани білу. Жасөспірім қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді өзіне бұрып алады, басқаларға ұқсамаушылық әсері кейде, тіпті өз-өзін кінәлаушылық сезімдерін кездестіруге болады. («Мені ешкім түсінбейді, мен жалғызбын»);

2) Уақытты үнемдеу білу өмірлік жолда кездесетін қағидалар. Өлімнен жол жоқ деген ойлар әр кімді болса да болашаққа, алға қойған мақсаттарына бір көз жүгіртеді. Қиалдан шындыққа қайтып оралу, арманның барлық тұстары орындала бермейтіні, қиал мен шындықтың арасынан біреуін ғана таңдау керек екені әркімге беймәлім. Өмірлік жоспар адамның өміріндегі уақыттың быраз бөлігін алады десек те болады: өмірлік стиль, мамандық тандау, өмірдегі өз орның. Мақсатқа қалай жету керектігі, өмірге дұрыс жоспар жасай білу керектігі – бұл құбылыстар өзіндік сананың элементтеріне жатады.

3) Өзің жайлы іштей  пікірлер пайда болады. Ең бірінші  келбетің, дене бітімің, үстіңдегі кейімің қандай деген сұрақтар туады. Екіншіден ғана психологиялық, интелектуалдық, моральдық сұрақтар пайда болады. Жасөспірімдердің өзіндік бағасы ғана бір – біріне қарама – қайшы келеді. («Мен өмірдің дәл ортасындамын - данышпан да жексұрын»). Қоршаған ортаның ой – пікірлеріне жасөспірімдер өте тәуелді. Сондықтан да  өмірде қалай да болмасын орын табуға тырысады.

4) Моральдық жағынан ой – толғаулары керек шыңына жеткендей көрінеді. Жасөспірімдер  рухани құндылық жағына өте аз көңіл бөледі, бұл жаста олардың физикалық, құштарлық жағана көңілдері ауып тұрады. Рухани – танымдық жағына ересек жасқа келгенде көбірек көңіл бөліп, оның адам өмірінде қанша маңызды орын алатындығы жайында ойлана бастайды. [8].

          Өзін – өзі, айналадағыны тану  – қоршаған әлемді жаңаша түсіндіруіне

                                                             10

байланысты. Қазіргі жастар қиял – ғажайыптарға, белгісіз нәрселерге көз жұмып сене бермейді, олар өздеріне түсініксіз құбылыстардың пайда болуы себебін іздейді, сол себепті ерте ме кеш пе ашатынын сенеді.

          Жасөспірімдік шақ адам өмірінің  гүл дәурені, ол лезде –  ақ өте шығады. Есейгенде өткен  күндерін сағынышпен еске алады.  «Өздеріңдей жас кезімізде...»  деп әңгімесін бастағанда, көздері  күлімдеп, өңі нұрланып, шабыттанып  кететін ауыл қарттарын талай  көреміз. Халқымыздың рухани дүниесінің, тереңінен шымырлап шыққан ән  – күйлерінің, ертегілері мен  аңыздарының, дастандарының осы  шақ құдіретін, сұлулығы мен  пәктігін, асқақтығы мен албырттығын  жырлауға, мадақтауға арналуы да  тегін емес.

            Жастар рухани құндылығын әр түрлі түсінеді. Кейбір жасөспірім ерте түсінсе, ал енді біреуі кеш түсінуі мүмкін. Өмірде өз орны мен рухани байлығын түсіне алмай жүрген жастарымыз жетерлік. Сол жастарымыз дұрыс жолға түсуі үшін  балалық шақ дәуреннен бастау алулары қажет.

            Қазіргі таңда жасөспірімдерге дінің қаншалықты адам өміріне керектігін тусіндіру қарқынды түрде жүріп жатр. Қазақ жастарының ислами дінін түп нұсқасымен түсіну екінің қолынан келе бермейтін құбылыс, сондықтан да қазақ жастарына ислам дінін түсіндірулеріміз қажет. Біздің болашағымыз тікелей жастардың қолында. Ертеңіміз бен бүгінгімізді де жастар шешетін ғасырда өмір сүріп келеміз. Қандай да ел болмасын ең алғаш болашақтарын, ұрапақтарын сақтау үшін жастарына рухани байлықты түсіндіріп, басқа дінге қосылып адасып қалмасын деген оймен көп деген шаралар қолданып жатыр. Біз де қарап қалмуымыз керек. Әрине, «құранды жаттаңдар!» деп айтуға болмас, бірақ та мешітке бару, садақа беру, дұрыс жолмен өмір сүруге үйретуіміз керек. Қазақ жастардың рухани өмірі қаншалықты бай болса, біз қазақ халқының, өмірде орны жоғалмас деген ой бар. [9]

            Жастардың өзіне деген сенімі  қаншалықты жағымсыз болғанымен, психологиялық тұрғыдан өзін  – өзі сыйлаудың кемдігі бұдан  анағұрлым қауіптірек. Мұның өзі адамның өзі туралы түсінігінен қарама – қарсы қайшылықтырға ұшыратады әрі орнықсыз етеді. Өзін – өзі сыйлаулы төмен жастар, жігіттер мен қыздар қарым – қатынаста қиыншылықтарды көп көреді, жалған бет – перде жасап алып, айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа рөльде көріну қажеттігі ішкі қарбаластықты күшейтеді. Мұндай адамдар сынағанда, күлгенде, жазғырғында өте ауыр алады, жұрттың ол туралы не

                                                            11

ойлайтындығына мазасызданады. Адамның өзін – өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның жалғызсырап қиналуы солғұрлым көбірек болады. Ондай жағдайда өмірден адасып қалуы мүмкін. Осындай сәттерді көп деген жаман ойлы адамдар пайдалануы мүмкін (басқа дінге өту, нашақорлық және т. б.). Өзін – өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамның әлуметтік талаптарының деңгейі барынша төмен болады, оны жасыру – бар іс – әрекет атаулыдан тартқыншақ етеді. Мұндай жастар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен, алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін – өзі төмен бағалауын нығайта түседі.[10].

 

 

 

 

 

                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             12

               1.3 Студент жастарының психологиялық мінездемесі.

          «Студент» деген сөз латын  тілінен пайда болған. Қазақ тілінде  «мұқият, ынтамен жұмыс істеуші»  деген мағынада немесе білімен  қамтамасыз етілген.

         Студент жеке адам секілді  немесе жеке адамның жас шамасы  секілді үш жағынан қаралды.

1) психологиялық, тек қана психологиялық процесс ретінде, жеке адам ретінде. Ең маңызды психологиялық жағынан – психика құрамы (мінез – құлық. темперамент, қабілеттілік ), психикалық процесстер, психикалық білім, психикалық қарым – қатынастар тәуелді болып келеді.

2) әлуметтік, қоғамдық  қарым - қатынасқы тәуелді болып келуі, студенттердің қоғамдық топтарға көз қарасы, ұлты, діні және т. б.

3) биологиялық, жоғары  нерв жүйсін жатқызады,анализаторлар,  рефлекстер, инстинкт, физикалық жағынан  күш, дене бітімі, салмақ, бой,  бет пішіні, терінің түсі, көздің  түсі және тағы сол сияқты. Бұлардың барлығы да тұқым  қуалаушылық несесе ген арқылы  беріледі, бірақ, жүре келе өзгеріске  ұшырауы мүмкін.

            Осы жақтарды студенттер қарастырғанда  өздерінің деңгейлерін біле алады,  жастық және жекелік жақтарын. Студентті ересек адам ретінде қарастыратын болсақ, өз тарапынан сөз жағынан, іс – қимыл жағынан, қандай да бір шеберлік жағынын ересек адамдардан кем түспейтінін байқаймыз. Әрине жасөспірімдік кезеңінде бұл процесстер әлсіз байқалатын, тез шешім қабылдау немесе зейінін басқа жұмысқа ауыстыру. Студенттік кезең өз тарапынан «шыңында» тұрғандай болып көрінеді, әрине тек психологиялық, биологиялық, әлуметтік тұрғысында шыңдалса.

            Егерде студентті қарастыратын болсақ, онда 18 – 25 жас – ең активті кезеңдеге жатқызуға болады, өзін ересек адамдарша ұстай білу, қоғамды жетік меңгеру, әлуметтік жағынан: еңбекке икемді, қоғамға танымал. Осы «активті экономикалыққа» бастау алады, демографяны түсіну, өзіңнің отбасылық еңбек өмірбаяны. Сонымен қоса студент өз өмірінде спортқа, техникалық және ғылыми жұмыстарға, өнер мен рухани байлыққа көңіл бөле жүреді. Студенттің ішкі жан дүниесі әр қашан да екі ойда жүретіні, қиыншылықты шеш білуі мен жоғары жетістіктерге жету студенттің өмірінде жиі кездесетін заңды құбылыстар.

                                                             13

             Осы жастағы студенттік өмірдің  тағы бір құпиясы, әр қашанда  жеңіл болады, қиын шешімдерден  оңай жол табуға болады, физикалық  және творчествалық жағынан да  шешім табу оңай деген ой  – пікірлер жүріп жатады. Көбіне иллюзия мен өмір сүреді.

            Екінші кезең  жоғары оқу  орнына тусуден басталады. Студенттіу  өмір немсе үлкен өмірге қадам  басу. Кейбір мінездер шыңдалады.  Жоғары сыныптарда болмаған –  мақсатқа жету, батылдық, жігерілік,  өзін- өзі ұстау. Моральдық құндылықтарға  да көңіл бөле бастайды (өмір  сүру әдеті, қарыз, махаббат және т. б.).

             Ғалымдардың айтуынша 17 – 19 жас  аралығындағы студенттер әлі  де болса бос, кейбір жағдайларда  өз істеріне жауап бере алмайтын  кезеңдері де болады, В. Т. Лисовский  айтқандай 20 – 25 жас өз жасаған  істеріңнің жауап бере алатын  кезеңі. Бірақ, агрессияның көп  болатын шағы. [11].

            Ержігіттік жас, әлуметтік және жеке – өзіндік жас шамасында құрылады.[12]. Ербала қандайда бір жұмыстың шешімін таба алмаса онда ол төрт жүй арқылы жүреді:

1) Жақын қарым – қатынастардан алшақтау, психологиялық тұрғыда қашу;

2) Өмірге деген қауып,  жоспардың болмау, ересек болуға  қорқу;

3) Творчествалық деңгейін  таба алмау, ішкі жан дүниесін  жоғалту;

4) «Жаман орта», өзінен  бас тартып, басқа жаман нәрсеге  еліктеу.

            Студенттік кезең үлкен өмірге  қадам басу, ересек өмірге аттау  дегенді білдіреді. [13].

            Жоғарғы оқу орны адам өмірінде  үлкен псхологиялық рөлді ойнайды.  Қандай да бір оқу орнын  меңгеріп шығу үшін үлкен жұмыс  атқару керек. Өз маманыңның  иесі болу үшін жарқын вербальды  типке тәуелді болуың тиіс. Психологтар мұқият, сабыр сақтау, зейінін қадағалау және де көп деген танымдық процесстерге тәуелді болулары қажет. Бірақ, осы қағидалар мен өмір сүрмейтін студенттерді айтып кетуге болады. Ондай студенттер әр түрлі қиыншылықтарға кезігіп, жоғары оқу орнынан шығып қалу деңгейіне де барады. Мемлекетіміздің қалаларында жоғар оқу деңгейлері мен оқыту процесстері әр түрлі. Студенттердің де оқыту, білім алу деңгейлері әр түрлі болып келеді.

                                                             14

             Студенттердің жоғары оқу орнындарындағы адаптациясы екіге бөлінеді.

а) профессионалды адаптация, мінез – құлқы жатталынқы, өз бетінше

    жұмыстар мен  оқу процесстерін жүргізе білу.

Информация о работе Ислам дінінің жастарға ықпалы