Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:13, курсовая работа
Зерттеу өзектілігі: Бүгінгі таңда ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына ықпалын қарастыру мәселелердің бірі деп алуға болады. Жастардың рухани мәселесін қарастыру, әр – түрлі секталарға ену секілді мәселелер де бүгінгі күнде маңызды. Қазақ жастарының басқа дін жолына түсіп, жолынан адасып жатқандар баршылық. Бұл - заңды құбылыс. Алайда олар көп емес. Оған қоса, олар адасқандарын түсініп, ислам дініне қайтып жатқан жайыттар да бар. Сондықтан, адасқан жастар тарапынан қандай да бір қауіп бар деп айтуға келмес. Олар - адасқандар. Идеологтар емес. Қауіп - идеологтардан. Дәлірек айтқанда, басқа дінді насихаттаушылардан келеді. Дегенмен, қазіргі таңда қоғам қарап отырған жоқ. «Дін туралы» заң бар. Заң аясында қара ниетті діндердің елімізде етек жаюына жол берілмейді.
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына ықпалын теориялық
талдау..................................................................................................................4
1.1 Психологиялық ғылымда құндылық бағдардың зерттелуі.......................4
1.2 Ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына әсері...............................9
1.3 Студент жастарының психологиялық мінездемесі...................................18
Қорытынды...........................................................................................................19
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................21
Кіріспе.......................
І. Ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына ықпалын теориялық
талдау........................
1.1 Психологиялық ғылымда
құндылық бағдардың зерттелуі..
1.2 Ислам дінінің жастардың
құндылық бағдарына әсері......
1.3 Студент жастарының
психологиялық мінездемесі.....
Қорытынды....................
Әдебиеттер тізімі.............
Зерттеу өзектілігі: Бүгінгі таңда ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына ықпалын қарастыру мәселелердің бірі деп алуға болады. Жастардың рухани мәселесін қарастыру, әр – түрлі секталарға ену секілді мәселелер де бүгінгі күнде маңызды. Қазақ жастарының басқа дін жолына түсіп, жолынан адасып жатқандар баршылық. Бұл - заңды құбылыс. Алайда олар көп емес. Оған қоса, олар адасқандарын түсініп, ислам дініне қайтып жатқан жайыттар да бар. Сондықтан, адасқан жастар тарапынан қандай да бір қауіп бар деп айтуға келмес. Олар - адасқандар. Идеологтар емес. Қауіп - идеологтардан. Дәлірек айтқанда, басқа дінді насихаттаушылардан келеді. Дегенмен, қазіргі таңда қоғам қарап отырған жоқ. «Дін туралы» заң бар. Заң аясында қара ниетті діндердің елімізде етек жаюына жол берілмейді. Діни басқарма тарапынан да ислам дінін насихаттау күшейіп келеді. Бұған себеп мешіттерде қазақ жастарының жұма намазға барып, құдайға сенуі, құлшылық етуі. [1] .Осындай өзекті мәселелерді
ғалымдар қарастырады. Бұл
дегеніміз әлі де болса ислам
дінінің алдыңғы қатарлы
Зерттеу объектісі: Жастардың құндылық бағдары.
Зертттеу мақсаты: Жастардың дұрыс (иман) жолға түсуін қадағалау.
Зерртеу міндеті: Иман жолын таңдағандардың, әрі қарай адал жолды
Зерттеу пәні: Ислам дінінің жастарға ықпалы.
І. Ислам дінінің жастардың құндылық бағдарына ықпалын теориялық талдау
1.1 Психологиялық ғылымда құндылық бағдардың зерттелуі.
Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс - тіршілігіне, әдет - ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл - күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн.
Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым - қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап - тілегін, мақсат - мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын, психологиялық жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата - баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата - баба аруағына, тәңірге, жұлдыз - айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата - баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп - өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. Тарихи деректерге сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің
үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды. [3]
Исламды 1,2 миллиардтан астам адам уағыздайды. Мұсылман қоғамдастығы 120 елден астам жерде кездестіруге болады. Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, Морокоо, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында және 28 елде мемлекеттік дін ретінде жарияланған. ХХ ғасырда мұсылмандар саны 7 есеге артты. Исламнның туындауы әлемдік діндер қалыптасуының жалпы заңдылықтарына бағынада. Исламның негізін қалаушы нақты тарихи тұлға – Мұхаммед пайғамбар (570 – 632 ж. ж.) болып табылады. Исламның басты қасиетті кітабы – Құран болып табылады. Құраннан кейін Ислам дінінің екінші көзі Сүннет (исламның қасиетті хикаялары, дәстүрлері, мысалы) – Мұхаммед пайғамбардың әрекеттері мен сөздері әңгіме түрінде (хадис) берілген. Қазіргі уақытта Халиф Алтайдың аудармасындымен қазақ тілінде хадистердің қысқаша жинағы шыққан. Құран кітабы тек араб тілінде пенделерге берілген. Құранды басқа тілге аудару мүлдем болмайды. Алла жолына түскен пенде құранды араб тілінде жетік түсініп, оқи білуі керек деген ой пікірлер қалыптасты. [4].
Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің
жағдайы өте қызықты.
Біздің қазақ халқы – мұсылман, діні –
ислам екендігі үнемі Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев
биік мінбелерден тектен - текке айтып
жүргені жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық
жолды ұстанған ата - бабаларымыз осы дінге
лайықтап өз әдет - ғұрып, салт - дәстүрін,
наным - сенімін қалыптастырған, әрі оны
ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.
Өкінішке орай, кешегі «қызыл империя»
ата - бабаларымыз қасиеттеген, түпкі табиғи
болмысына айналдырған ислам дінін мансұқтап,
қазақ ұрпақтарына, жастарға, болашаққа
құбыжық еткен атеистік тәрбие сәл болмағанда
алтын діңгегінен ажыратып, мәңгүрт ете
жаздады. Құдайға шүкір, қазір тәуелсіздігіміз
өз қолымызда, егеменді елміз. Халқымыз
ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік
имандылыққа бой ұруда. Соның ішінде иманды
жастарының көбейіп баражатқаны көңіл
қуантарлық. Бұл дегеніміз иманды жастарымыздың
арқасында ислам діні Қазақстанда өлмейтініне
дөп айтуымызға болады. Қазіргі жаһандану
дәуірінде «бәле қайда? Бассаң аяқ астында»
дегендей, бізді сақтануға шақыратын мәселелер
жетерлік.Еліміздіегі экономикалық қиындық
көптеген келеңсіз жәйттердің бой
көтеруіне жол ашып берді.
Бір формациядан екінші формацияға
өту, әрине, көптеген қиындықтарды қоса
әкеледі. Бұл қиындықтардан рухани
біртұтастық қиналдырмай алып шығаруы
хақ. Ал, рухани күйзеліске ұшырау, әртүрлі
жіктерге бөлініп, дағдарысқа ұшыратады.
Қазіргі Қазақстан халқы рухани
дағдарыстарды басынан
«Иегово куәлері» үстіміздегі жылы Украинада конференция өткізіп, оған Қазақстаннан барған 500 делегаттың 350-і өзіміздің қара көздер екені көп нәрсені білдірсе керек. Соның ішінде қазақ жастары екендігі журекті қан жылатады. Студентердің бас сауғалап басқа дінге енгенін айтуға келмес. Қаншама қара көздеріміз, қазақ жастары, студентеріміз «кришна» дініне еніп, мінез - құлықтары адамдық сипаттан алшақтап кеткенін де жақсы білеміз. Ислам дінін үгіт - насихат етушілерден гөрі өзге, дінімізге жат діндерді насихаттаушылар көп екені айдан анық. Олар қалалардағы көше - көшелерді, тіпті ауыл - ауылдарды аралап, тегін діни кітаптарын таратып, жұртты азғыртып жүр. Қайта, міне осы миссионерлердің өздері адам құқығын бұзып, отбастарымызға ылаң салуда. Ата – аналарын балаларынан, анасын отбасынан, жастарды қоғамнан айыру осы кітаптардың арқасында деуге болады. Қазір Республикамызда үш жүз елуден астам діни секталар мен ағымдар білгенін істеп жатыр. Олардың қатарында исламдық ағымдар мен «Ахмади» секілді теріс жолдағы ағымдар да бар. Қоғамға көз тартарлық жарнамалар жасап,
жастарға қаржылай ақша беріп
өз құрсауына түсіріп алып жатыр. Біздің
қазақ сан ғасырлар бойы ислам дінінің
«Имам Ағзам» деп аталатын Ханифилік жолды
ғана ұстанып келген. Бұл жол нағыз демократиялық,
суниттік жол. Ханифилер өзінің көнімпаздығымен,
ізгілікті сипаттарымен ерекшеленеді.
Мұны жақсы біле білген ата - бабаларымыз
осы ағымды VІІІ ғасырдан бері нық ұстап,
арасына жік түсірмей келген еді. Ислам
дінінің берік орныға қоймау себебін біз
республикамыздағы жалпақшешейлік діни
саясаттан көреміз. Көпұлтты Ресейде зайырлы
мемлекет бола тұра, заңдарында ежелден
келе жатқан христиан дінін құрметтеп,
оған басымдылық беретінін айдан анық
жазып көрсетеді. Ал, біздерде әлемдегі
барша дін, ағым, секталарға есік ашық.
Ағамыз қазақ «ел боламын десең, бесігіңді
түзе» деген. Бала шыр етіп жарық дүниеге
келген күннен имандылықты бойына сіңіру,
мектепте де жоғарғы оқу орындарында да
мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі
күннің өзекті мәселесі. Қазіргі таңда
жастарды, соның ішінде студенттерді дұрыс
жолға тусіру маңызды мәселелердің бірі.
Бұл көкейкесті мәселелерді шешуге мемлекетіміз
де, діни басқармамыз да, бүкіл мұсылмандар
да атсалысып, бір жағадан бас, бір жеңнен
қол шығару керек. Қазақстанды мекендейтін
мұсылмандар жетерлік. Әрине, бұл үлкен
күш. Бәріміз осы күшті біріктірсек, адамгершілік,
әділеттілік, имандылық жолын тез қалпына
келтірер едік. Жастардың болашағын қорғап
қалар едік. Мемлекетімізде халықтар татулығы
нығайып, нағыз азаматтық қоғам құру жеңілдер
еді. Өйткені, құқықтық - демократиялық
мемлекеттің қайнар көзі де осы исламда,
ата - баба қағида - ережелерінде жатыр.
Парламентіміз заңдарды құрастырып, бекітіп,
қабылдап отырғанда бұларды көзінен таса
қалдырмаулары тиіс. Барша өркениетті
елдер өздерінің түп – тамырларына, өткеніне
сүйенеді. Жапония да, АҚШ та, Қытай да,
Ағылшындар да, Немістер де, Үнділер де
дәл солай, қазіргі заңдары өткенінен
нәр алған. Ал, біздердің заңымыз сырттан
әкелінгендіктен, қаншама сұлу, әдемі
көрінгенімен дінімізге, руханиятымызға
сіңбейді. Сол үшін де заңдарымыз көпшілік
көңілінен шықпай жүр. Имандылықты балалық
шақ кезінен, өскелең кезінен үйрету ең
жеңіл жолдардың бірі деуге де олады. Өкінішке
орай, нағыз демократиялық принциптер
құқық қорғау органдары қызметкерлерінде
жеткіліксіз. Ал осы принциптерді мықты
ұстанған мұсылман елдерінде түрмелер
бос, қаңырап тұр. Айтылған кінараттар
нәтижесінде республикамызда түрмелердің
толы болуы, біздерде салауаттық пен имандылықтың
жоқтығын көрсетеді. Жастардың имандылыққа
сенбеуі, студентердің басқа дінге ауысуы
ХХІ ғасырдың мәселесі деп айтсақ қателеспеспіз.
Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық
реформалар нәтижелі болуы - имандылық
пен әділеттілкте жатыр.