Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 11:14, курсовая работа
Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді. Олар: А. М. Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы” еңбегінде, Шумакова Н.Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г.Д. өзінің “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық” атты мақаласында С. Юркевич “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары” еңбегінде баяндалады.
Зерттеу міндеттері:
Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
I-тарау. Дарындылық психологиясының теориялық
қағидалары
Дарындылық туралы жалпы түсінік....................................5-9бб
Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан..................9-18бб
II-тарау. 5 сынып оқушылары дарындылығын
эксперименталды зерттеу
Зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері…………….19-21бб
Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары......................22-24бб
Қорытынды……………………………………………………………….25б
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………..26-27бб
Педагогикалық теория негіздерінің дамуына Қазақстанда ХХ ғасыр басында өмір сүрген қоғмадық қайраткерлер, педагогтар (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және тағы басқалар) маңызды әсер етті. Олардың психологиялық-педагогикалық және әдеби еңбектерінде баланың қызығушылығы мен қабілетінің қалыптасуы, олардың оқудағы мәні туралы пікірлері дамиды.
Ж. Аймауытов өзінің “Психология және мамандықты таңдау” оқулығында эксперименталды зерттеу негізінде жастарға мамандықты дұрыс таңдауға кеңестер береді. Оның айтуынша, кәсіпкерлікте, темперамент, қабілет, мінез және ерік сияқты жеке сапаларды ескеру керек.
Ж. Аймауытов адамда нәрестелік шағынан бастап белгілі бір мамандыққа тұқымқуалаушылық қабілеті болады, - дейді. Ол жастарға қоғамнан табиғатына сәйкес орынды алуға кеңес береді.
М. Жұмабаев “Педагогика” кітабында, жалпы адамның рухани дамуы туралы айта отырып, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін бөліп көрсетеді. Жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесін ол интеллектуалды қабілеттердің дамуымен тығыз байланыстырады. Ақыл-ой тәрбиесі, оның пікірінше, мыналарды жүзеге асыру керек: интеллектуалды мәдениет, таным мотивтері, ақыл-ой іс-әрекетінің дағдыларын дамыту керек.
Дарындылық теориясының негіздері Кеңес психологтарымен өңделген. Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, В. Крутеций, Н.С. Лейтес, В.М. Теплов және тағы басқа психологиялық тұжырымдары интегралды жеке тұлғалық білім ретінде дарындылыққа жүйелік көзқарас қалыптастырды және адам қабілетінің құрылымдылық компоненттерін анықтады. Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары К. Абрамс, Ф. Гальтон, М. Кранев, Э. Мейман, Дж. Рензулли, Э. Торндайк, К. Тэкээк, В. Штерн тағы басқа да өз зерттеулерін арнаған. Олар дарынды балаларды эксперименталды және қолданбалы зерттеу бөлігіне көп үлес қосқан және олар осыған байланысты тест әдістерін өңдеген.
Қабілеттілік және дарындылық мәселесін Кеңес психологиясыда 40-50 жылдары Б.М. Теплов ерекше зерттеген. Ол қандай да бір күрделі іс-әрекеттің орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік емес, оның толық қатары қажет екенін дәлелдеген. Іс-әрекеттің табысты орындалу мүмкіндігіне тәуелді болатын қабілеттіліктің өзіндік сапалы байланысын, ғалым дарындылық деп атады. Б.М. Теплов “дарындылық” түсінігінде белгілі іс-әрекеттегі табиғи нышан болмысына ерекше көңіл аударады.
Сол жылдардағы оқулықтар мен оларға қосымшасының авторлары да осындай көзқараста болды. Л.А. Рудик “дарындылық” терминімен қабілеттіліктің дамуына алғышарт болып табылатын, туа біткен қабілеттілік деп, ал Н.Д. Левитов аналитикалық-физиологиялық нышан бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры да, ал Г.И. Иванов дарындылықты - адам дамыған кезде қабілеттілікте көрінетін туа біткен ерекшеліктер деп түсіндіреді.
В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу жұмыстарында былай дейді: “Егер “қабілеттілік” сөзімен белгілі психикалық қасиеттерді атайтын болсақ, дарындылық деп - адамдағы қабілеттердің өзіндік байланысын, бірлігін атау керек”. Ол сонымен қатар бұл феноменді зерттеу кезінде іс-әрекеттегі қоғамдық-тарихи өзгерістерді және олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек.
Дарындылыққа А.Т. Асмолов жұмыстарында мәнді, аса терең түсінік берілген. Ол бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге көңіл бөлген. А.Т. Асмолов ғылыми зерттеулерде үш түрлі көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни генді, әлеуметтік, “тарихи-эволюциялық қатынасқа, герменевтикалық парадигма” біріншілік түсіндірушілер дарындылық мазмұнында генетикалық алғышарттар негізі дейді. Екіншілік түсінікті жақтаушылар адамнан психиканы тіптен бөліп шығып, өз зерттеулерінде дарындылықтың қалыптасуына бағытталған әлеуметтік манипуляция әдістерінің ізденісіне көңіл бөліп, қоршаған орта факторын басым етеді.
А.Т. Асмолов “тарихи-эволюциялық қатынастың герменевтикалық парадигмасы” ретінде белгіленген позициясы дарындылық феноменін қарастыра отырып, генетикалық нышанды болжайды, бірақ детерминациялайтын күш ретінде емес. Бұл позиция дарындылықтың мәдени мінезін басым етіп, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясына бағытталған. “Дарынды және басқа балалар арасындағы терең айырмашылық (натуралды) табиғи процестерге емес, оларды түрліше қолдануға белгілі мәдени тәсілдерді қолданылуға бағытталған.
Жақындағы перспективада осы түсінік бойынша аса маңызды теориялық зерттеулер жүргізіледі деп күтуге болады. Бірақ қазірде тап осы теория балалар мен олардың педагогтары принциптеріне дискуссиялық қарым-қатынасты, біріккен ізденіс іс-әрекетіне негізделген. Дарындылықты дамытуға арналған бағдарламалардың табыстылығын түсіндіре алады.
Дарындылық және қабілеттілік түсініктерінің мінездемесімен байлнысты шығармашылық, талант, данышпандық сияқты феномендерге тоқталмауға болмайды. Шығармашылық - бұл жеке тұлғадағы қабілеттілік, мотив, білім дағыдының бар болуы. Олар арқылы жаңалықпен, оригиналдылықпен ерекшеленетін продукт құрылады.
Талант - қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол шығармашылық есеп шешуді талап ететін суретші, ойлап тапқыш ғалым, кез-келген маман төрағасы, еңбегі продуктісінің оригиналдылығымен мінезделеді. Талант кез-келген аумақта қабілеттіліктің бірнеше қатарымен орындалады.
Данышпандық - қоғамдық өмірде тарихи мағынасы бар шығармашылықта көрінетін дарындылықтың жоғары сатысы. Данышпан өз аумағында жаңалық туғызады.
Барлық жеке тұлғалық осы жасалымдар беліглі бір деңгейде бір-бірімен өзара байланыста болатын қабілеттердің негізінде жеке тұлға бағыттылығына жатады.
Соңғы жылдары әлеуметтік жағдайға байланысты өндіріс, мәдениет, өнер аумағындағы қабілетті және талантты адамдарға ғылыми әдебиеттерде және практикада дарындылық мәселесі бойынша қызығушылығы жоғарылады. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша жаңа оқулықтар шықты. Олар дарындылық табиғатының мәнін толықтырады.
Н.С. Лейтестің редакциясымен 1996 жылы шыққан “Дарынды балалар мен жасөспірімдер психологиясы” атты қызықты да маңызды оқулығынан осыған байланысты, кейбір түсініктемені келтірейік.
Дарындылық - бұл бірдей өмір шартында қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқуға аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылық ерекше көрініс берулері. Бұл - “тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір талап-мақсаттар”, бұл - “мақсатты ұмтылушылық ақыл-ой күшіне ерте дайындық”, бұл - “адам іс-әрекетінің кез-келген әлеуметтік - маңызды сферасында белгілі жетістіктерге жете алу қабілеті”.
Келтірілген цитаталардан көретініміздей, дарындылық - бұл тек психологиялық құбылыс емес, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс. Өйткені адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр.
Қазіргі кезде интеллектің бірнеше анықтамасы бар. “Интеллект кең - мағынада - барлық танымдық іс-әрекет, ал тар мағынада - адамның ақыл-ой қабілеттілігінің сферасын білдіретін жалпылау түсінігінің ерекшелігі”. Интеллектуалды қабілеттіліктер адамға қоршаған ортадағы заңдылықтар байланысы мен қатынасын ашуға, өз ақыл-ой процестерін танып, оларға әсер етуге (рефлекстер мен өзіндік регуляция), пайда болатын өзгерістерді көруге, жаңа ситуацияларға үйренісу және ақиқатты белсенді өзгертуге көмектеседі.
М.А. Холодная пікірі бойынша, ақыл-ой қабілетілігінің негізінде адамның қоршаған ортаны талқылап, көретін ерекше түрде ұйымдастырылған даралық тәжірибесі бар.
Ресей психологиясында интеллектуалды қабілеттілік пен креативтіліктің даралығы мен интеграциясы труалы мәселе, бүгінгі күнге дейін арнайы қарастырылмады. Бірақ қазір бұл сұраққа арналған көп зерттеу жұмыстары бар (В.Н. Дружинин, А.М. Матюшкин, М.А. Холодная тағы басқалар).
В.Н. Дружинин бұл мәселе бойынша отандық және шетел авторларының түсініктеріне анализ жүргізе отырып, өз позициясын бөліп көрсетті. Оның пікірі бойынша, интеллектуалды қабілеттілік пен шығармашылық қызметтерін бөлудың қажеті жоқ, креативтілік үшін интеллект төменнен кем болмауы қажет, бірақ осымен қатар интеллект және креативтілік - тәуелсіз қабілеттіліктер деп айтады.
Осылай, интеллектуалды қабелттілік пен креативтіліктің арақатынасы жөнінде бірдей пікір жоқ. Бірақ, бұл мәселе дарынды балалармен жұмыс жасаудың теориясы мен практикасында қызығушылық туғызып отырғаны күмәнсіз.
Сонымен қатар, ғылыми әдебиеттерде дарынды балаларды “дене-физикалық интеллектісінің” әсер етуі туралы концепция айтылады. Бұл концепция, дарындылықты анықтауда сенсорлы процестердің ерекшелігіне мән беруді алғаш ұсынған Гальтоннан басталады.
Дарындылықтың ең көп тараған концепциясы, американдық ғалым Дж. Рензуллидің моделі болып табылады. Оның моделі бойынша, дарындылық үш сипаттаманың, яғни орта деңгейден асатын интеллектуалды қабілеттілік, есепке бағытталған және мотивацияда көрініс беретін креативтіліктің, бір беткейліктің сәйкес келуінде орындалады. Дж. Рензуллидің теориялық моделінде, тәжірибе негізіндегі білім (эрудиция) және қолайлы қоршаған орта ескерілген.
Дж. Рензулли концепциясы гуманистік (адамгершілікті) болып табылады, өйткені автор дарындылық түсінігімен, “потенциал” терминін қолдана отырып, дарынды балалар интеллектуалды тесттер бойынша анықталғандардан біршама көбірек дей келе, дарынды балалар қатарына, ең болмағанда бір параметрде жоғары көрсеткіш көрсеткен балаларды да жатқызады. Осылай, берілген модель универсалды болып, тек дарынды балаларды оқыту мен дамыту жүйесінде ғана емес, сонымен қатар барлық балалар үшін қолданылуы мүмкін.
Әдебиеттерде дарындылықтың басқа да концепцияларын кездестіруге болады, бірақ олардың барлығы да түрлендіріліп, Дж. Рензулли концепциясына негізделген (К. Торренс, Д. Фельдхьюсен және тағы басқа). Бірақ дарындылықтың кейбір модельдері, бұл параметрлердің феномені "мен" концепция және өзін-өзі сыйлау арқылы толықтырылуы керек деп ерекшеленді (Д. Фельдхьюсен).
Дарындылық түсінігі жеке тұлғаның мәнді сипатымен: мақсаттылық, ашықтық, белсенділік (Маслоу, Роджерс, Леонтьев тағы басқалар) арқылы түсіндірілді. Дарындылыққа зерттеушілер статистикалық емес, динамикалық мінездеме береді (Ю.Д. Бабаева, А.И. Савенов тағы басқа), дарындылық басқа жеке тұлғалық сапалар сияқты қозғалысқа бағытталып, дамуда болады. Дарындылықтың мұндай түсінігі авторларды теориялық жоба (модель) құруына әкеледі. Ол модельдерде жеке тұлға әлеуетіне (потенциалына) мінездеме беретін параметрлермен қатар, қоршаған орта факторлары қосылған. Мысалы: Ф. Монкстің “мултифакторлы моделіне” Дж. Рензуллидің 3 шеңберімен қатар, микрортаның негізгі факторлары: “жанұя”, “мектеп”, “құрбылары” енгізілген.
Англиялық психолог Г. Айзенктің интеллект түрлері кеңінен танымал. Олар: “биологиялық - (негізінде мидің құрылымы мен орындалуы бар) оларсыз ешқандай таным процестері орындалуы мүмкін емес; “психометриялық” - ІQ ақыл-ой дарындылығы көрсеткішінің коэфициентін құрайды және көбіне тәрбие мен білім беруден тәуелді; “әлеуметтік” - ақпаратты сынай отырып өңдеу, стратегияны өндіру болып табылады. Г. Айзенк бойынша, интеллектің бұл түрлері өзара байланысты.
Жоғарыда келтірілген интеллект моделі туралы түсінікті талдау, оның күрделілігі туралы көрініс береді. Әрине, ол әр адамдарда түрлі деңгейде болады.
Адам интеллектісінің көріністері көп болуына қарамастан, оның жас ерекшелік динамикасы болады (Ж. Пиаже). Интеллектуалды іс-әрекет, ішкі әрекет жүйесін тұрақты және иілгіш ақыл-ой құрылымы арқылы көрсетеді. Олар дамудың жас ерекшелік стадиясынан өтеді.
Балалық шақтағы интеллектің құрамындағы шешуші рөлді Я.А. Пономареваның “әрекеттің шкі жоспары” сияқты, ақыл-ой дамуының жас ерекшелік динамикасы туралы еңбегі дәлелдейді. Ақыл-ой дамуының жасқа байланысты өсуі, мектепке дейінгі шақта қарқынды түрде байқалады екен. Бес жарым жастан кейін, бұл жеделдік баяулайды да 12 жаста әрекеттің ішкі жоспарының дамуы аяқталады.
С.Л. Рубинштейн: жалпы қабілеттілікті жиі “дарындылық” терминімен белгілеп атайды, - деп жазды. Ал шетел әдебиеттерінде оны әдетте “интеллект” деп атайды.
Дарындылық пен интеллект феноменін анықтауға көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары арналған. Интекллекті зерттеу бұрын 2 түрлі түсінікке негізделген болатын. Ф. Гальтон-Дж. Кеттел ойлары бойынша, интеллект өзін қарапайым қызметте көрсетуі керек, ал А. Биненің ойынша, интеллект белгілерінде әрдайым ерекше жинақталған кешенді өзгешілігі болды. Бұл 2 түсінікті тесттер құрастырғанда біздің экспериментмізде кеңінен қолданылады. Олар аз ғана өзгертілген күйінде пайдаланылды.
Эксперимент жобасын жасауда алдымен шетел психологиясында қолданылған түрлі тестік әдістемелерді факторлық анализдеу арқылы интеллект құрылымын айқындау зерттеулері негізінде тәжріибе жүргізілді (Ч. Спирмен, Л. Терстон, Э. Торндайк). Бұл ғалымдардың әдістемелерінде кейбір түсініспеушілік, дискуссиялық кезеңдер кездесті, бірақ қазіргі уақытта түрлі қабілеттіліктердегі жалпы факторлардың болуы мойындалған.
Бүгінгі күнде дарындылықтың бірнеше моделі бар. Ең танымал модельдердің бірі - Дж. Гилфорд бойынша интеллектің құрылымдық моделі болып табылады. Оны шетелдің педагогикалық теориясы мен практикасында, дарынды балаларды оқыту мен дамытуға байланысты диагностикалауда қолданылады.
II-тарау. 5 сынып оқушылары
дарындылығын эксперименталды зерттеу
Эксперименталды зерттеу мақсаты: 5сынып оқушыларының дарындылығының психологиялық ерекшеліктерін бейімделген өңделген әдістемелер көмегімен анықтап айқындау.