Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 18:07, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және эксперименталды бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық жағдайының ғылыми-теориялық мәселелер бөлімі жинақталған.
Бірінші яғни теориялық бөлімінде балалар психологиясының қазіргі таңдағы дамуының психологиялық жағдайы берілген. Сонымен қатар, балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктері және балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі кеңінен талқыланады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3
I БӨЛІМ. Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері.
Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері................................................................................................................9
Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін теориялық талдау.................................................................................................23
1.3 Балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі................................................................................................29
I бөлім бойынша тұжырымдамасы ..................................................................32
II БӨЛІМ. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің эксперименталды бөлімі.
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, әдістемелер кешені....................................................................................................................34
2.2 Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік қасиеттерінің түзету бағдарламасы............................................................................................47
2.3 Балалар үйінің қызметкерлері, ата-аналар, ересектер үшін практикалық-әдістемелік нұсқаулар.........................................................................................56

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................61
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балалар-үйіндегі-тәрбиеленушілердің-эмоционалды-ерікті-аумағының-психологиялық-ерекшеліктері.doc

— 515.50 Кб (Скачать документ)

     Эмоциональді  күйдің өлшенуі 3-негізгі  аспектіден  тұрады. Олар : эмоциональді, физиологиялық,  мінез-құлықтық және олардың өзара байланыстылығымен интенсивті физикалық және психикалық ауыртпалық кезіндегі эмоциональді көңіл-күйді  өлшеу үшін САН әдісі қолданылады.           САН – (С - Самочувствие, А -  Активность, Н – Настроение.)

 Яғни қазақ тілінде   К.Б.К – көңіл-күй, белсенділік,  кейіп деген мағынаны білдіреді.  Бұл тест әдісі  адамның эмоциональді күйін оперативті бағалау үшін арналған.    САН әдісі шкала бойынша жүргізіледі. Шкала индестен тұрады.  Мысалы:

( 3.2.1.0.1.2.3) және олардың  орналасуы өзара жұптардың кері мағынасын білдіреді. Яғни қимыл-қозғалыс, жылдамдық, темп, күш, денсаулық сонымен қатар, эмоциональді күйдің сипатталынуы. Зерттелінуші сандарды өзінің көңіл-күйіне  қатысты таңдауы қажет. Осы сандарды өңдеуде келесі түрмен түсіндіріледі: 3 индексі көңіл-күйдің қанағаттанбауымен байланысты, белсенділіктің  төменділігі мен көңіл-күйдің нашарлығы  1-ұпаймен қолданылады. Жағымды жақтары әрқашан жоғары балдан тұрады. Осы көрсетілген ұпайлар арифметикалық орта есепппен  бүтін түрінде есептелінеді.  Белсенділік, көңл-күй ,  кейіп түрінде жеке есептелінеді. Яғни бұл әдіс мына тест бланкісі арқылы жүргізіледі.

Мақсаты: Адамның  көңіл-күйін, сезімін , белсенділігін  диагностикалау. 

Жүргізілу нұсқасы: Зерттелінушілерге алдын ала кесте түрінде дайындалған зерттеу парағы беріледі, зерттелінуші сол кесте бойынша берілген көңіл –күйді өзінің дәл сол кездегі көңіл-күйімен белгілейді.

Қажетті құрал-жабдықтар: Зерттеу парағы, қалам.

Уақыты: 15минут.

Әдістің коды :

Өзін-өзі сезінуге сұрақтар -  1, 2, 7, 8, 13, 14, 19, 20, 25, 26.

Белсенділік бойыншы  құрастырылған сұрақтар - 3, 4, 9, 10, 15, 21, 22, 27  28. Көңіл-күйге қатысты  сұрақтар –  5, 6, 11, 12, 17, 18, 23, 24, 29, 30.

 

№2 әдістеме:   Эмоция тестісі.

Мақсаты: Адам бойындағы  түрлі негативті мінез-құлық типін  айқындау.

Уақыты: 15 минут

Нұсқау: Төмендегі әрекеттер, реакциялар саған қаншалықты сәйкес келеді, соны бағала. Жауап беру бланкісіне «иә» деп жауап берсең аталған  сұрақ ретін қорша. Әрбір эмоция  реакциясы бойынша белгіленген  рет сандарын сана график құр.

Жауаптарға  арналған бланк.

 Шкалалар                                           Сұрақтардың  рет саны.                 

1.

Физикалық агрессия

1

-9

17

-25

-33

2.

Жанама агрессия

-2

10

18

26

34

3.

Тітіркенушілік 

3

11

19

27

-35

4.

Негативизм

4

12

20

28

-36

5.

Өкпелегіштік 

5

13

-21

29

37

6.

Күдікенушілік

6

14

22

30

-38

7.

Вербальді агрессия

7

15

-23

31

39

8.

Кінәні сезіну

8

16

24

32

40


 

 

 

 

Нәтижелерді өңдеу  көрсеткіші.

 

5


 

 

4

 

 

3 норма


 

2

 

1

 


          ФА            ЖА          Т            Ө          К          ВА          КС

 

Сенің агрессияң  - басқаға әсері болмағанға дейін, сенің жеке ісің болып табылады. Құрылған график сенің қандай агрессия түріне бейім  екеніңді көрсетеді. Графиктегі  үзік сызықтар  үстінде орналасқан нүктелер аталған мінез формасы айқын дегенді білдіреді.

Физикалық агрессия – агрессияның ең жағымсыз  түріне бейімі бар. Саған мәселені  күшпен шешу тән. Мүмкін, өмір салтың мен тұлғалық ерекшеліктер саған өзара әрекеттің тиімді  әдістерін  іздеуге  кедергі келтіретін болар. Осындай агрессияны жауап ретінде  алу қаупің бар.

Жанама агрессия - әрине әріптесіңнің басын ұрғанша, үстелді ұрған жақсы.

Дегенмен де бұлай  ете бермеңіз. Жиһаз бен  ыдыс-аяқты  ая. Бұл қып-қызыл шығын.  Оның үстіне бұлай жасай берсең, жарақат алуың мүмкін.

 

 

Тітіркенушілік  – ішінде сақталаған  агрессия  мүмкін жақсы мүмкін жаман  басқа адаммен  қатынасыңды  бірден өзгертпейді, бірақ сыртқа шыққанша улы дәрі сияқты іштей жейді. Сыртқа шықса физикалық, жанама агрессия  болары айқын. 

Негативизм – қарсы боламын деп мағынасыз, өзін құртуға бағытталған әрекеттер жасау, бұл жеткіншектерге тән реакция.

Өкпелегіштік - өзге адамдардың әрекетінен, сөздерінен, мұқатуды, шеттетуді, кемсітуді көтеруге  даяр тұру. Өміріңді біртіндеп уландырады.

Күдіктенушілік – басқалардың әрекетінен, сөздерінен саған қарсы бағытталған жасырын ойларды  көруге дайын болу.

Вербальді агрессия – тілің қырық құлаш. Дегенмен ойланған жөн.  Ойланбай айтылған сөз, қол жұмсағаннан ауыр болады.

Кінәні сезіну – сен  ешкімге қол жұмсамасаң, сындырмасаң, айғайламасаң онда құттықтаймын. Сіз өзіңіз кінәлі сияқты жағымсыз сезім қайдан пайда болады ?

Егер өз эмоцияңа жауап  бере  алатын болсаң, онда оны басқара  аласың деген сөз.  Мұндайда не істеу  қажет? Табиғат бұл қасиетті  саған  шектен тыс жомарттықпен  бергенімен, оны орнымен қолданған жөн.  Өз жан сарайыңда қожайын сен бе, әлде эмоция ма осыны ұмытпа.Эмоция процесін асау  жылқының адуын басқанымен салыстыруға болады.  Оларға үнемі  ерік берудің қажеті жоқ.  Екі жағдай да ыңғайсыздық тудырады. Бір жағынан асау жылқыны үйрету қиын, мен оны баули алмаймын деудің қажеті жоқ. Асау жылқыны үйрету үшін шыдамдылық қажет екенін мойындау қажет. Ең бастысы жылқы өз иесін мойындау қажет. 

 

 

 

 

 

 

№3 әдістеме:  М. Люшердің түрлі түсті тест әдісі.

 

     Тесті жүргізбес  бұрын ең алдымен сегіз түрлі  түсті төрт бұрышты карточканы  дайындап алғаныңыз дұрыс (көк, жасыл, кызғылт-сары, ашық-сары,  сиякөк, қоныр, қара, сұр) бұлар мынадай сайкес номерлермен белгіленеді – 1 2 3 4 5 6 7 0

Бл түрлі түсті карточканы араластырып зерттелінушінің алдына ұсыну қажет.

М. Люшер тестінің жүргізілу нұсқасы.

  1. Мына берілген 8 түске қараңыз да, соның ішіндегі  өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз. Бірақ, бұл  түстерді  басқа заттармен ұқсастырып таңдауға болмайды. Яғни киімнің, автомобильдің түсімен байланыстыруға болмайды.  Тек өзіңізге ұнаған түсті ғана таңдап аласыз.
  2. Осы  8 түстің ішінен таңдалған біреуін сол жағыңызға карточканы төкеріп қоясыз.
  3. Енді тағы өзіңізге екінші деңгейде ұнаған түсіңізді даңдап, оны оң жағыңызға төңкеріп қоясыз.
  4. Сол сияқты келесі түстерді де ретімен таңдап, жалғастырып, кезегімен қоя бересіз. Соңғы сегізінші  таңдалған түс оң жақта тұруы қажет. 
  5. Осы таңдалған карточкаларды рет-ретімен  номерлеп қойыңыз.
  6. Зерттелінуші келесі таңдауды алды делік, 
  7. Қызыл, 2)Көк, 3) Сиякөк, 4) Сары, 5) Жасыл, 6) Қоңыр, 7) Сұр , 8) Қара. Бұл тұрғыда 3 1 5 4 2 6 0 7 осындай қатар саны шығады.

Осы қатар санын төрт топқа  екі жұптан бөлеміз. Бірінші жұптың индексін  «+» деген таңбамен белгілейміз. Екінші жұптың  индексі «х», үшінші жұптың индексі «=», төртінші жұптың индексі «-». Қорытындысында мынадай нәтижені көрсетеді.   3 1 5 4 2 6 0 7     + + х х = = - - .

 

 

 

 

Тестілеудің  талдануы және анализі.

 «+» таңбасымен  белгіленген индекс  –  түсті  жоғары дәрежеде ұнату, 

«х» таңбасымен белгіленген  индекс  –  түске орташа деңгейлі ұнату қатынасы.

«=» таңбасымен белгіленген  индекс — түске деген немқұрайлық  қатынас.

«-»  таңбасымен белгіленген  индекс – түске деген жағымсыз қатынас. Біздің мысалымызда  түсті келесі жағдаймен  таңдалынуымызға болады.   3 1 5 4 2  0 7  + +  = =  - -. Кей жағдайларда зерттелінушіге тереңінен анализ жасауға тура келеді. Ондай жағдайда тесті қайтадан жүргізуге тура келеді. Яғни зерттелінуші түсті қайтадан таңдауы қажет.

Бірінші  таңдағаннан  соң, бұл тесеті 15минуттан кейін  жүргізілуі қажет. 15 минуттан кейін  зерттелінушіге  түстер араластырылған түрде беріледі. Зерттелінушіге  мынадай ескерту беріледі:

 «Берілген карточканы  бірінші мәрте көргендей, оны  қайтадан таңдайсыз, алғашқы таңдағаныңызды  еске түсірудің қажеті жоқ». Сонымен  алғашқы таңдағанымен, кейінгі таңдағанды  номерлеп жазу қажет. Сонда  екі қатар пайда болады. Мысалы,  3  1  5  4  2  6  0  7

                           3  5  1  4  2  6  7  0 

Зерттелінуші  өз еркімен  қандай түс ұнайтынын немесе ұнамайтынын  шешуі қажет. Соңында бұл көрсетілген  индекстердің  алғашқысы мен соңы мына жағдаймен түсіндіріледі:    +3 -7  

    +3-0

 

 

 

 

Түстердің психоэмоционалды талдануы.

 

Түс

Қан қысымы

Пульс, демшығару.

Физикалық ауырлық.

Эмоцияға  әсер ету.

Қызыл

Жоғарлайды.

Жылдамдайды.

Жоғарлайды.

Қоздырады.

Қызғылт-сары.

Шамамен жоғарлайды.

Шамамен ұлғаяды.

Жоғарлайды.

Стимул береді.

Сары.

Өзгермейді

Өзгермейді.

Өзгермейді.

Тепе-теңдік ұстатады.

Жасыл

Белгісізден  төмендетеді

Белгісізден  төмендетеді.

Белгісізден  төмендетеді.

Тепе-теңдік ұстатады.

Көгілдір.

Төмендетеді.

Бәсеңдетеді.

Төмендейді.

Бәсеңдетеді.

Көк.

Төмендетеді.

Белгілі  төмендетеді.

Төмендейді.

Қажытады.

Сиякөк.

Қатты төмендетеді.

Қатты бәсеңдетеді.

Қатты төмендетеді

Төмен түсіреді.


 

№4 әдістеме:    «Өз эмоцияңды қалай басқару керек?» минилекция.

Мақсаты: эмоцияны басқаруға үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Негативті эмоцияны қалай  кетіруге болады?

Сені түсінетін достарыңның  арасында жағымсыз эмоцияңнан арылу. Егер сен бір жағымсыз эмоцияңнан арылғың  келсе, онда жастықты ұр, бет орамалды құрғақ болса да сық. Ашу энергиясы  иық, қолдың жоғары бөлігінде  және саусақтарда жиналады. Кезкелген дыбыс шыға, ашу күші мойныңа тығылып қалуы мүмкін. Толыққанды арылу қандай да бір спорт түрімен айналысуда шығады. Сондықтан да нағыз спортшылар дене және жан саулығына ие. Адамға табиғаттың  жақсы әсері мол. Қиын жағдайда серуен жасау, өзен ағысына және көлдің мөлдірлігіне қарау, таза ауамен тыныстау көп көмектеседі. Тыныс алу мен оны шығару миға баратын импульстар ағыны жақсарып, стреске әсер етеді. Сосын терең тыныс алу қажет. Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғаудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті  импульс ағымдарынан құтқарады. Осы жаттығуда жылау мен күлкінің емдік қасиеттері бірігеді. Ал ені эмоцияны реттейтін  бірнеше жаттығулар жасаймыз.

  1. Бас бармақты ішіне  қаратып жұдырықта. Тынысыңды жаймен ішке жинап, жұдырығыңды қыс. Сосын жұдырығыңды  біртіндеп босатып, тынысыңды шығар. 5 рет қайтала. Енді осы жаттығуды көзді жұмып жасаймыз.  Бұл тиімділігін арттырады.
  2. Екі  грек жаңғағын алақанда айналдыр. Екі алақанға кзекпен жаса.
  3. Кішкентай бөбек саусағыының басына массаж жаса.
  4. Жаңғақты кішкентай бөбек саусағына жақын орналастырып, екінші алақанымен  3 минуттай айналдырып қимыл жасаңыз.

 

 

 

№5 әдістеме:  Эмоционалды көңіл-күйді өзіндік бағалау әдістемесі.

(Е Уэссман   және Д. Рикс)

     Эмоционалды күйдің өзіндік бағасы  әдістемесе  өте қарапайым әдіс түрі болып табылады. Яғни бұл әдістемені ағылшын психологы А.Е Уэссман  және Д. Рикс өңдеп ұсынған. Оның қазіргі  кезде қысқартылған түрі қарастырылады). Зерттелінушіге  нұсқау былай беріледі: «Осы сөйлемнің  немесе тұжырымдаманың  ішінен  біреуін өзіңіздің дәл қазіргі күйіңізді сипаттап бере алатынын таңдаңыз.

 

Келесі көрсеткіштер былай өлшенеді.

К (көрсеткіші 1 — Ө ( өзін-өзі  бағалау)

«Сабырлық –қорқыныш» ( индивидтердің өзін-өзі бағалауы-

И 1 түсіндіру  нөмеріне теңеседі.  П2 П3 П4 көрсеткіш  бойынша  индивидтерді   мағына аналогиялық  түрде болады.

П2 – С (энергиялық) «Күш –қуаттық – шаршағандық»

П3 – С «Көтеріңкі жабырқаулық» 

П4 – С «Өзіне сенімділік сезімі – көмексіздіктің сезімі

П5 –  С суммалық (4 шкала  сезімі  бойынша) көңіл-күйінің бағасы: И5+ И1 +И2 +И4 – И1 И2 И3 И4 – сәйкес келетін шкаласының индивидуалды  мағынасы.

Барлық шкаласы  бойынша  белгілеу тізімі.

«Сабырлық –қорқыныш»

 

10.  Тіптен сабырлы.  Өзіне тым қатты сенімді.

9.Өңкей байсалдылық.Өзіме  жиі сенімдімін және қобалжымаймын.   

8.  Толық амандылықты  сезінемін. 

7.Толығымен сенімдімін  және уайымнан  боспын. Өзімді  сенімдірек  сезінемін. 

6. Мені ештеңе қобалжытпайды.  Өзімді сенімдірек сезінемін. 

5. Аздап уайымдаймын, өзімді қысыңқырап сезінемін.

4.Кейбір уайымға берілемін,  қорқыныш қобалжу немесе неврозды, тітіркенемін.

3. Сенімсіздік, белгісіздермен  толық зақымдалу, қорқыныш.

2. Үлкен үрей, уайым.  Қорқынышпен жүру.

1.Қорқыныштан естен  адасқан. Пайымдауды жоғалтқан. Рұқсат емес қиындықтармен үрейленген. 

Информация о работе Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері