Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 18:07, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және эксперименталды бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық жағдайының ғылыми-теориялық мәселелер бөлімі жинақталған.
Бірінші яғни теориялық бөлімінде балалар психологиясының қазіргі таңдағы дамуының психологиялық жағдайы берілген. Сонымен қатар, балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктері және балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі кеңінен талқыланады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3
I БӨЛІМ. Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері.
Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері................................................................................................................9
Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін теориялық талдау.................................................................................................23
1.3 Балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі................................................................................................29
I бөлім бойынша тұжырымдамасы ..................................................................32
II БӨЛІМ. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің эксперименталды бөлімі.
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, әдістемелер кешені....................................................................................................................34
2.2 Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік қасиеттерінің түзету бағдарламасы............................................................................................47
2.3 Балалар үйінің қызметкерлері, ата-аналар, ересектер үшін практикалық-әдістемелік нұсқаулар.........................................................................................56

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................61
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балалар-үйіндегі-тәрбиеленушілердің-эмоционалды-ерікті-аумағының-психологиялық-ерекшеліктері.doc

— 515.50 Кб (Скачать документ)

      5. Эмоционалды көңіл-күйді өзіндік бағалау әдісі. (Ағылшын психологтары   А.Е Уэссман және Д.Рикс бойынша өңделген)

  1. Эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін дамытуға бағытталған түзету тренингтері.

7.  Эмоцияны басқару мен ерікті жұмсауға арналған ойындар,тесттер,  тренингтер.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы: балалар үйіндегі балалардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктеріне  арналған қазақ тіліндегі теориялық материал толықтырылды.

Практикалық құндылығы: балалар үйіндегі балалардың эмоциясы мен ерік аумағын дамытудың жолдары, шараларын анықтау арқылы, қоршаған орта мен қарым-қатынасы мен осы орындардағы оқу-тәрбие процесін жақсартуға қол жеткізуге болады. Эмоционалды-еріктік әрекетін қалыпқа келтіруді көздейтін түзету-дамыту жұмыстарының кешені оқытушы-тәрбиешілердің бірден-бір негізгі құралдарының бірі болмақ.

Дипломдық зерттеу жұмысының  құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен,  қосымшадан тұрады.Дипломдық зерттеу жұмысының жалпы көлемі   65 бет.

Дипломдық зерттеу  жұмысының базасы: Облыстық жасөспірімдер үйі.

 

I БӨЛІМ   Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері

1.1. Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері

     Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер дәуіріміздің IU ғасырынан (335 жыл, Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезі Еуропада CUII ғасырдың тұсы болып саналады. 1760 жылы испан елінің бір дін қызметкері “жетімханада бала көңілсіз күй кешеді және көбі қайғы-мұңнан өледі” деп жазған. Алайда жабық типтегі балалар мекемелерінде өмір сүрудің салдары ғылыми мәселе ретінде тек ХХ ғасырда ғана қарастырыла бастады.

     Балалар үйі, интернаттар жағдайындағы «жабық» орта сенсорлық «аштық» тудыра отырып кез-келген жастағы адам баласына зиянды болып есептелінеді. Әсіресе, жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда. Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік  қамқорлықты күшейту,  олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау.

     Осы мәселелерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан,  балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе, екінші жағынан, қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес,  барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан. Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын жерлері бар сияқты. [ 1, 53 ]              

     Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белесене араласып жатқандары бар екені белгілі.  Дегенмен, қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей  жетім балалар емес.  Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары тастап кеткен  балалар, ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы сотталып кеткендердің балалары,  жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді. Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды.

     А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых зерттеулері бойынша мынадай мәліметтерді білуге қол жеткіздік.

     Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда  өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдарының әлеуметтік беку жағдайлары жиі жағдайда жоқ болады, бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады,  ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады.Мазасыздану дегеніміз,  бұл болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы. [2, 23].

     Жалпы жетімдер үйінде, мектеп-интернаттарда оқыту процесімен қатар мазмұны бойынша түрліше тәрбие бағдарламасы жүзеге асады. бҰл тәрбие бағдарламасының негізгі міндеті – дене жағынан және адамгершілікке қабілетті, қазіргі таңдағы өмірге дербес түрде өмір сүре алатын адамды даярлау болып табылады.

     Бұл міндеттің практикалық шешілуі өте ұзақ және ұзақ мерзімді процесс.

     Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе – ата-аналар қамқорлығы мен махабатынан айырылғандар. Олардың көбісі «жанұя», «үй», «мама», «папа» деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым-сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады.

     Жетімдер үйі, мектеп-интернаттарда жүргізілетін түзету тәрбиелік жұмыстардағы ең басты фактор баланың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыруға көмектесетін гуманды, яғни адамгершілік ортасын құру факторы болып табылады.

     Балалық  әлемін жақсы біліп, түсінетін  адам ғана нағыз тәрбиеші екендігі баршаға аян, ал оның педагогикалық тактісі тек қана педагогикалық біліммен ғана шектеліп қоймайды, әрі интуицияның болуымен,  әрбір баланың жүрегіне шеберлікпен жол табуда ерекше  әдістерді меңгеріп қолданумен де анықталады.

    Баланың әділдігі,  адамгершілігі, сыйластығы –  дұрыс   тәрбиенің негізгі шарттары  осылар, әсіресе жетім-балаларда  осы жеке және әлеуметтік қорғанссыздығы  жас қосқан сайын өткір   бола түседі.

     Интернаттар  мен балалар үйлері білім беру  жүйесінде қажеттігі мен пайдалылығына орай, ондағы тәрбиеленушілерге бірқатар ерекшелік – сипаттарды дарытады.  Ең бастысы,  интернат,  балалар үйі дегеніміз олар үшін – ұжымдық мекеме, онда балалар үшін «менің үйім», «менің бөлмем», «менің бұрышым», «менің ойыншықтарым», «менің ата-аналарым» тағы басқа осы сияқты ұғымдар жоқ.  Үй болмай,  үлкен ұжым үшін мекеме бола отырып, ереже бойынша бұл балалар үйлері балалардың бойындағы жеке-дара сұраныстар мен қажеттіліктерді қалыптастыра қоймайды және мұнда «мен» сезімі өз дәрежесінде дами қоймайды.  Осыған орай, әрине жанұялық типтегі балалар үйлерінің жүйесі жеткілікті кемелденген болады. Жанұялық типтегі балалар үйлерінде педагогтар ата-аналар функциясын атқарады, ал 6-10 бала – соларға бала,  қыз,  бір-біріне апа,  сіңлі,  аға,  іні рөлдерін атқарады.

     Жанұялық  үйлер, әрине,  жетімдік проблемасын  шешудің тиімді жолы, бірақ өкінішке  орай, бұл экономикалық тұрғыдан  қымбат мекеме, сондықтан да әлі  де ұзақ ууақыт бойына дәстүрлі  интернаттық типтегі балалар  үйлері сақтала бермек.Ол мекемелердегі тәрбиелік процесс ұжымдық өмір принциптеріне негізделген регламенттік сипатта болады.

     Дегенмен бұл жағдайларда да балалардың өмірін едәуір дәрежеде жанұялық үй үлгісіне жақындатуға болады.

     Қазіргі таңда көптеген интернат,  балалар үйлері мекемелерінің басшылары соңғы  жылдары балалар топтарын жүйелеп-топтастыруда басқаша әдіс-тәсілдерді қолдануда.  Яғни,  олар топты құрауда түрлі жастағы балаларды бір топқа біріктіруді қолға алған. Бұл топтарда ересек балалар,  кіші балаларға көмектеседі, әрі әрбір топта өз қолданыстарында бірнеше бөлмелердің болатындығы маңызды.  Ол бөлмелер:  жатын бөлме, ойын бөлмесі,  демалыс және сабақ бөлмелері,  санитарлы-гигиеналық блок,  асхана – буфет. Демалыс күндері бұл асхана-буфетте балалар өздеріне ұнайтын асты, өздері даярлауға, қажет кезде шәй ішуге, мереке және туған күндерге қонақтар-достарын шақыруға мүмкіндік алады.

     Бұл жоғарыда  аталған үлгілер балалар үйлері,  интернаттардағы сақталған дәстүрлі  өмір салтын бұзуға,  автономды  тұрмыс салтын құруға көмектеседі. Мұндай автономды дербес тұрмыс салты психологиялық комфортты сезінуге көмектеседі және балалардың бойында қажетті дәрежеде тұрмыстық дағды-іскерліктердің қалыптасуына себепші болады.

     Түрлі жастағы  балалар топтарында ересек және кіші тәрбиеленушілер арасында өзара қарым-қатынастар жеңіл әрі оңай қалыптасады, яғни ересектер кішілерге қамқор болу арқылы және жатақхананың түрлі жағдайларында тәрбиеші көмек бере отырып, әрі өмір сүрудің кейбір автономдығына орай, балалар үйлерінің барлық топтары өмірдің жалпы ритмін ұстау, сақтау арқылы бірігулері тиіс.  Онда күн бойына оқу іс-әрекетімен қатар басқаша да түрлі  жұмыс түрлері қолдану қажет.  Ол жұмыс түрлері: спорт, үйірмелік, шығармашылық жұмыс тағы басқалар.

     Соңғы жылдардағы  экономикалық қиындықтар сөзсіз,  білім беру мекемелерінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен көрінуде. Дегенмен, балалар үйлері мемлекет, қайырымдылық қорлары, демеушілер тарапынан назардан тыс қалып тұрған жоқ.

     Балалар  үйлерінің кейбір жетекшілері жоғары материалдық шараларға қол жеткізе отырып, оларды саналы жұмсай алмайды, яғни орасан көп жиһаз,  кілемдер, қымбат теледидар, музыкалық аспаптарды, компьютер тағы басқаларды үйіп алып,  ақыр соңында дүние тәрбиелік емес декоративті функция атқаратын болады.

     Нәтижесінде,  жанұядағы сияқты қолайлылықтың  негізгі критерийі ретінде материалды  жетістік бірінші жоспарға шығады  да, балалар өмірге икемсіз,  әрі  суық,  қайырымсыз болып өсетін  болады.

     Әрине,  кедейлік үйлесімді адамның қалыптасуына  көмектесе қоймайды, сондықтан да жанұялық, әсіресе балалар үйінің материалды камтамасыздығы ерекше маңызды жағдай,  ол бірақ ең алдымен балалардың бойында өмір сүруге аса қажетті қадір-қасиет, сапаларды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

     Тұрмысты ұйымдастыру ең алдымен гигиеналық,  эстетикалық талаптарға жауап бергені жөн, және тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай бола отырып, олардың бойында материалды ұмтылыс-қажеттіліктерге шама-шарық сезім білдіруге ұмтылуы тиіс.

     Бұл нәрселерге өмір салтын ойластырып құрумен қол жеткізуге болады,  яғни мұндайда заттар мен бұйымдар тек қана қолданылып, сақталынбайды,  әрі тәрбиеленушілердің өз қолдарымен сақталады, жөнделеді, жаңаланады.  Тәрбиелік іс-шаралар жүйесіне жанұядағы сияқты түрлі жұмыс түрлері енуі тиіс, олар:  киім, жиһаз, тұрмыс заттарын жөндеу тағы басқалар.

     Ал, Қазақстандағы балалар үйінің хал-жағдайлары туралы жазар болсақ, жетімдікпен күрес мәселесі тек қана мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге көптеген бейтарап ұйымдардың да басты мәселесіне айналды.

     Егер де 1991 жылы біздің республикамызда 42 балалар үйлері болса, 2004-ші жылы 614 интернаттық мекемелер саны белгілі болып есептелінді, онда 13000 жетім-балалар саны мемлекеттің шығынын арттырады.

     Бұл мекемелердегі бір баланы жыл бойы ұстап-тәрбиелеу үшін шамамен 3600 АҚШ доллары жұмсалады. Негізгі шығын ол мекемелердегі қызметкерлер еңбегін төлеуге,  әлеуметтік салық пен балалар тамағына жұмсалады.Әрі, мемлекеттік құрылымдар қоғаммен бірлесе отырып, қолдарындағы мемлекеттік құрал-жабдықтарды иемдене отырып, жетімдік проблемасының қайнар көздерін, яғни ішімдікпен, нашақорлықпен, қажетсіз жүкітілікпен тағы басқаларды жоюға орай үлкен жұмыстар атқаруда және бұл құрылымдар психологиялық, әлеуметтік қызметтерді  ұйымдастыруда, көп балалы жанұяларға әлеуметтік көмек беруде елеулі еңбек етуде.

     Жетімдер үйлерінен шыққан көптеген адамдар кәдімгі өмір салтын да сақтауда. Ал, кейбірі өздерінің өтініш-тілектерін де білдіруде.  Ол тілектер мыналар:

  • жетімдер үйлерінен кейін олардың дербес өмір сүрулері барысында жеңілдіктерін алып тастауы;
  • жоғары оқу орындарына түсе алмайтындықтары;
  • 5 б – статьясын алып тастау,  яғни ол дегеніміз психикалық және тілдік дамудың артта қалуы. Осы статьяға орай, жұмысқа орналасу көп қиындық келтіреді;
  • Немесе біздерге зейнетақы төлейтіндей мүгедектіктің құжаттарын жасап берсін тағы басқалар.

Міне, осы сынды өтініш тілектер айтады.  Әрине, мұның барлығы  ащы шындық.

     Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары,  яғни соңғы он жыл ішінде 24 жаңа балалар үйі пайда болған.

     16000  балалар үйінде тәрбиеленушілердің 2000-ы толық жетімдер, ал қалғандары – “тастандылар және бас тартқандардың балалары”. Міне, осы балалар үйлерінен де олар “тастанды және бас тартқандар” болып өмірге де қосылады.  Бұрын олардан ата-аналары бас тартса,  кейін онымен мемлекет айналысады.

     Жалпы алғанда, жетімдік мәселесі үнемі де көпшілік бұқараны алаңдататын, мемлекет назарын үнемі өзіне аударатын үлкен ауқымды мәселе.

     Депутаттар алқасы да “жетімдік” мәселесі,  оларды шетелдік ағайындардың сатып-алып кету жәйларын да үнемі қарастырады.

     Ал Ресейде балалар үйінің даму жайы мына фактіге байланысты 1905-ші жылғы Декабрь қарулы көтерілісінен кейін атақты орыс психиатры, қоғам қайраткері В.П. Кащенко жаралы революционерлерге көмек беруіне байланысты мемлекеттік қызметтен қуылғаннан соң, кемістігі бар және қиын, әрі  жүйкесі ауыратын балаларға арналған емдік-педагогикалық мекеме ашпақ ойға келеді. 1908-ші жылы ол шетелге осы мақсатта тәжірибе алмасу үшін жол жүреді.  Ресейге оралған соң, Кащенко “санаторий-мектеп” ашады.  Бұл сияқты “санаторий-мектеп” бұл кезеңде ресей түгілі, шетелде де болмаған.

     Ал кеңестік одақ кезеңінде білім беру жүйесінде балалар үшін тек қана екі түрлі оқу мекемесі болды. Олар: ақыл-ой кеміс және жасы жетпеген қылмыс бұзушыларға арналған. [ 3, 105 ]

     Балалар қорының мәліметтеріне орай, әлеуметтік жетімдік саны 1995-1996 ж. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе өскен.

     Қазіргі уақытта Ресейде балалар үйлерінде 20,5 мың балалар тәрбиеленеді, оның үштен бір бөлігі бір жастағы дамуында түрлі ауытқулары бар балалар құрайды.

     Ал енді шетелде,  әсіресе Ұлыбританиядағы арнай білім беру жүйесі үш нгізгі балалар тобына бөлінеді.  Олар:

  1. дене кемістігі бар балалар тобы;
  2. оқытуда қиындық туғызатын балалар тобы;
  3. эмоционалды және мінез-құлықтық аумақта проблемасы бар балалар тобы.

     Ең соңғысы әсіресе саны жағынан өте көп.

     Дамуында ауытқуы бар кейбір нұсқалар балаларды оқыту мен әлеуметтендіруде түзету жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа бір тиімді формаларын іздеуді қажет етеді.

Ұлыбританияда мұндай форма ретінде мынаны айтуға болады, яғни олар  «терапевтикалық қоғамдастық» деп аталады.

     Ағылшын психотерапевті Мелвин Роуз былай деп жазады: «Арнайы мектеп пен терапевтикалық қоғамдастық арасындағы негізгі айырмашылық эмоционалды ауытқу мен тұрақсыз мінез-құлық себептерін түсінуде болып табылады. Терапевтикалық көзқарас ең бірінші жоспарға балалар мен жасөспірімдердің санадан тыс ұмтылыстарын анықтау міндетін қояды. Ал, арнайы мектеп тәрбиеленушілердің әлеуметтік мінез-құлқын зорлықпен жақсарту жолымен өзгерті жасауға тырысады». [4, 102 ]

Информация о работе Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері