Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 18:07, дипломная работа
Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және эксперименталды бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық жағдайының ғылыми-теориялық мәселелер бөлімі жинақталған.
Бірінші яғни теориялық бөлімінде балалар психологиясының қазіргі таңдағы дамуының психологиялық жағдайы берілген. Сонымен қатар, балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктері және балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі кеңінен талқыланады.
Кіріспе..................................................................................................................... 3
I БӨЛІМ. Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері.
Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері................................................................................................................9
Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін теориялық талдау.................................................................................................23
1.3 Балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі................................................................................................29
I бөлім бойынша тұжырымдамасы ..................................................................32
II БӨЛІМ. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің эксперименталды бөлімі.
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, әдістемелер кешені....................................................................................................................34
2.2 Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік қасиеттерінің түзету бағдарламасы............................................................................................47
2.3 Балалар үйінің қызметкерлері, ата-аналар, ересектер үшін практикалық-әдістемелік нұсқаулар.........................................................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................61
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................66
Әрине, Ұлыбританиядағы арнайы білім беру формасы мен деңгейі осы елдің жоғары даму деңгейімен анықталады. Басты міндет өте қарапайым түрде құрылады: эмоционалды немесе мінез-құлық аумағының ауытқуы бар бала үшін оның кезінде отбасы, мектепте алмаған дүниесін психодинамикалық көзқарасты қолдана отырып, қоғамға толыққанды денсаулығы мықты азаматты қайта оралту.
Әрі британ мамандарының пікірінше, тиісті барлық жағдайды қолдана отырып кез-келген мінез-құлық ауытқуын жөндеуге болады.
Шетелдегі «терапевтикалық қоғамдастыққа» психолог немесе педагог болып қызметке кіру үшін жоғары білімді, әрі білікті болып қана қоймай, міндетті түрде арнайы білім бойынша қосымша курсты оқып аяқтауы тиіс. Содан соң ол қызметкерді қиын да ауыр сыннан тұратын көп сатылы конкурс және міндетті түрдегі сынау мерзімі күтеді. [5, 59]Бұл айтылған шетелдік тәжірибеден біздер, жалпы бала тәрбиесінде аса ұқыптылық пен қырағылық, ең алдымен біліктілік қажет екенін мойындаймыз.
Балалар үйлеріндегі балалардың психикалық дамуының түрліше болуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар үйіне түсетін жандардың дамуы ата-анасы барлардың дамуынан ерекше болатыны хақ қарым-қатынасқа деген қажеттілік бала 1 айға толар-толмас шақта байқалады. Әрине, ондай қарым-қатынас жасайтын ансының жоқтығынан сыртқы ортадан алатын бала әсерлерінің ауқымы шектеулі болады. Мұндай сенсорлық оқшаулану, дамуды кешеуілдетеді. Атап айтқанда, қимыл-қозғалыстарының дамуы баяулайды, тілдері кеш шығады, кей жағдайда ақыл-ойының дамуы да тежеледі.
Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «Ата-ана-бала» қарым-қатынас жүйесіне түспеуі қатты әсер етеді. Мінездерінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты жағымсыз қасиеттер ерте көріне бастайды.
Бала толыққанды даму үшін ең алдымен оның махабатқа деген қажеттілігі қанағаттандырылуы қажет. Кейбіреулер оны туылғаннан пайда болатын қажеттілік десе, енді біреулер өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді.
Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы бала дамуының бұзылысына және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеліп соғады.
Депривация – психология мен медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы. Эмоциялық депривация балалар үйінде тәрбиеленетіндер де ерекше байқалады. Депривацияның келесі түрі – сенсорлық депривация – яғни заттық ортаның болмауы және сезім мүшелері қоздырғыштараның жетіспеуі. Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз.
Депривация сонымен қатар тек балалар үйінде емес, отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларда да байқалады. Отбасында анасы болмаған нмесе баласына эмоциялық көңіл бөлмеген жағдайда аналық депривация туындайды. Психикалық күймен сипатталады. Аталған психикалық жағдай мінез-құлықтың өзгеруінен байқалады. Депривация механизмі баланың сыртқы орта адамдарымен қарым-қатынасының шектелуімен, баланың негізгі психикалық қажеттіліктерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты. Сонда, психикалық депривация деген өмірлік жағдайлар нәтижесінде туындайтын нақты психикалық күй. Мұндай жағдай баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қолайлы мүмкінідіктері болмаған кезде туындайды.
Балалар үйінде тәрбиеленетіндер көп жағдайда нашар тұқым қуалаушылық қасиеттеріне ие: алкоголизм мен нашақорлық, туылғаннан пайда болатын психикалық және неврологиялық патологиялар маскүнем ата-аналардан туылған балаларда, жүктілікті тоқтату үшін түрлі шараларды қолданған аналардан туылған балаларда түрлі психикалық ауытқулар байқалады. балалар үйінде тәрбиеленетіндерде психопатологиялық белгілер: ақыл-ой кемістігі және шизофрения белгілері де кездеседі.
Нәрестелік, ерте сәбилік шақтағы аналық депривация жағдайындағы балалардың даму проблемасы жайлы, яғни олардың балалар үйінде, емханаларда, жабық орталықтарды даму мәселесі зерттеулер жазған атақты Отандық ғалымдарды Н.М. Аксарина, М.И. Лисина, Т.М. Землянухина, Ю.Ф. Полякова, Н.М. Щеловановаларды атап кетпеуге ешбір болмайды.
Балалар үйінде қазіргі таңда балалар тәрбиелентін ортаға және олармен туылғаннан бастап жүргізілетін жеке-дара жұмыстарға, қарым-қатынасқа үлкен мән берілуде. Негізгі ауыртпашылық логопед, психолог, тәрбиешілерге жүктелуде. Дамуында терең артта қалушылығы бар балалар үшін жан-жақты сенсорлық әсер алатындай “сенсорлық бөлмелер” деген қолданылады. Педагогтар ересек балалардың табиғат, саябақ, музей тағы басқа демалыс орындарына барып дамуына жағдайларды барынша жасайды.
Қазіргі таңның өзінде балалар үйлерінде депривацияның түрліше формаларының байқалуын көруге болады.
Бір жас пен 4 жасқа дейінге 462 баланың дамуына бақылау жүргізу арқылы мынандай нәтижелерге қол жеткіздік. Олардың жүйке-психикалық дамулары төменгі деңгейде.
Әсіресе екінші жастағы балалар аналық депривация жағдайында екеіндігі анықталды.
Үшінші жаста ғана сюжетті және рөлдік ойын белгілері қалыптасатындығы байқалады. Ал тіл дамуына келсек, тек сөзді айтуда емес, сөздік реакциялар яғни ойлаумен байланыста бола отырып кешеуілдеп дамыған.
Л.С. Выготский атап кеткен “сензитивті” кезең, яғни екінші жаста бұл балалар сенсорлы және тілдік дамуда өте артта қалушылық көрсетеді. [ 6, 19]
Балалар үйіндегі балалардың даму динамикасын бақылай отырып мынандай қорытынды жасауға болады: 4-5 айлық кезеңнің өзінде эмоция, көру, есту анализаторларының дамуында алғашқы ауытқуларды көруге болады. Ал 7-12 айлық кезеңінде тілдің дамуындағы дайындық кезеңдерінің терең артта қалушылығы көрінеді.
Алғаш туылғаннан анадан айрылу баланың қарым-қатынасқа тапшы, жұтаң болуына жеткізеді. Алғашқы бірінші жылы қалыптаспаған эмоционалды-іскерлік қарым-қатынас баланың тілінің дамуына кедергі болады, ал әрі қарай оның жеке басының қалыптасуына да өз зиянын тигізеді.Екі жастағы балаларда қозғалыс белсенділігі төмен болады, бұл бір жағы олардың сергектік күйлерін көп жағдайда «кедергі, барьер артында» өткізуімен де байланысты түсіндіріледі. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мінез-құлқының қалыптасуы да түрлі ауытқулармен көрінеді. Олардың көпшілігіне қатты қозғыштық тән: олар ұзақ уақытқа дейін ұйықтай алмайды, мазасыз ұйықтайды. Оларға ұйықтарда аналық жылылық, жылу сөздері, бесік жыры, ертегі айту жетіспейді. Ұйықтар алдында жалғыздан-жалғыз қалғндықтан, олардың көбісі саусақтарын сорады, тербеледі де ұйықтайды.
Балалар үйіндегі басты мән берілу керек нәрсе олардың әлеуметтендірілу мәселесі. Күнделікті қалыптасып кеткен стереотиптілік қатты әсер етеді. Мысалы, 1 жас 6 ай мен 3 жасқа дейінгі балалар тобында тәрбиеші серуеннен қайтарда бір күні күнделікті тәсілмен емес, ерекше түрде басқаша тәсілді ұсынғанда, олар қатты қарсылық көрсеткен мінез-құлықтың стереотиптілігі тілдің дамуына теріс әсер етеді.
Мысалы, тіпті ересек топтың өзінде баланы киіндіруге көмектескенде “рахмет” деуді бала “қайдағы рахмет? Оны анау кезде айту керек!”, - деп тамақ столын көрсетеді.
Жеке адамның дамып-қалыптасуы, өзін ұжымда ұстауы, өзіндің “мен” сезімінің байқалуы – балалар үйінде жүргізілетін басты жұмыстардың бірі.
Сүйікті болу, көзге түсу – осы балалардың басты құндылығы. Өзін-өзі бағалау мен өзгелердің бағасы тестісінің нәтижелері (“Саты”) балаларға ең алдымен ойыншық немесе тамақпен бөліскен бала ұнайтындығын көрсетті.
Ал, бірақ өз “сатыларын” балалар жиі жағдайда таба алмайды, себебі олар өздерін көптің ішінен ерекшелеп бөле алмайды және өздерін бағалай алмайды.Балалар үйіндегі балалардың көңіл-күйлері жиі ауыспалы, сезімдері тұрақсыз, бастан кешулер ауқымы шектеулі, ересектермен қарым-қатынаста қиындықтар, эмоционалды күйзелістерге толы болады.Балалар үйлерінің берген мәліметтеріне орай 90%-ға жуық балалар психофизикалық дамуда артта қалады.Барлық тәрбиеленушілердің барлығы дерлік психомоторлы және тілдік дамуда артта қалады. Себебі, олардың көбісі емханадан келіп балалар үйлеріне қабылданады. Емханада олар постгипоиялық энцефалопатия, ми қан айналымының бұзылуы, туа берілген аурулармен емделеді. Әрі қарай оларға ақыл-ой дамуы артта қалған немесе психикалық дамуы кеш дамыған деп диагноз қойылады.
Психикалық депривация күйіне орталық жүйке жүйесі зақымдалған балалар жиі ұшырайды.
Қазіргі уақыт мына жағдайды анықтады: балалар үйінде туылғаннан бастап тәрбиеленуші балалардың психофизикалық даму көрсеткіштері өте төменгі нәтижелерді құрайды, қолайсыз отбасы болса да кейін келген балаларға қарағанда. [7, 58]
Осылайша, балалар үйіне қарағанда, қандай да болса, яғни қолайсыз отбасының өзі жас нәресте, бала үшін жақсы орта болады.Дене және ақыл-ойы дамуының артта қалуы ол балалардың эмоционалды-еріктік және мінез-құлық кемістіктерімен толықтырылып, дамуын тағы да кешеуілдетеді. [8, 3]
Бұған осы балалардың мемлекеттік мекемелерде тәрбиелену жүйесінің барлығы, яғни бір балалар мекемесінен екіншісіне жиі ауысу көп әсер етеді. Бұл олар 3-4 жасқа келгенде орын алады, яғни сәбилер үйінен балалар үйлеріне және 7 жастарында мектеп-интернатқа ауысқанда болатын жағдай. Эмоциялық және сенсорлы депривация жағдайындағы балалардың психомоторлы дамуында да ауытқулар, артта қалушылықтар болады. Жалпы танымдық белсенділігінде баяулық байқалады. Бұл балалар материалды қиын меңгерді, олар әрдайым үлкедердің бағалауын күтіп жүреді. Ойлау процестерінің дамуында бірталай өзгерістер байқалады: олардың жалпылау және классификациялау қабілеттері синкретті сипатта болады.
Балалар үйіндегі балалар көбінде ұмытшақ болады, өзінің туған күні, жылы, айын ұмытып қалады. Есептеу аймағында түсініктер мен әрекеттердің бірқатары дұрыс қалыптаспаған, балалар есептеу барысында қатты қиналады, «аз», «көп» деген түсініктерді шатастырады.
Ал, қиялға қатысты айтатын болсақ, проективті материалдың стереотипті интерпретациясы мен репродуктивті позициясы байқалады. Бұл, яғни қиял дамуының төмендігін емес, жалпы баланың жеке басының дамуында шегіністер, артта қалушылықтар бар екендігі дәлелі. [9, 58 ]
Психика ең терең деген ақыл-ойдың кеш дамуында да дамиды. Психиканың дамуы – балалар жасының негізгі ерекшелігі. Баланың барлық функциялары мен шеберліктері икемді, ауыспалы, жетілгіштігімен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер онтогенез процесінде оқыту әсерінен пайда болады. Олар мидың пісіп-жетілуіне қарай спантанды пайдаболмайды. Бас миы қабығында сөйлеу орталықтары (Брак пен Вернике орталықтары) бар екендігі белгілі. Бірақ, бала ешқашанда оқытусыз жәй ғана осы орталықтың пісіп-жетілуінен сөйлеп кете қоймайды.
Шет елдік әдебиеттерде баланың жеке басының қасиеттерін гипоталамус, ретикулярляқ формация тағы басқаларының іс-әрекеттерімен байланыста қарайды.
Ұлы Отандық генетик, әрі биологтар А.Н. Северцов пен Н.П. Дубининдер адам психикасының қасиеттерін ерекше «әлеуметтік тұқым қуалау» яғни онтогенезде тәрбиелеу арқылы қалыптастыруға болады дейді. Олар бұны генетикалық мәліметтерге қарап, соның негізінде қорытындылайды. Сонда, бала адамзат тәжірибесін заттық іс-әрекеттерді, сөйлеу, рөлдік ойындар арқылы және оқыту процесінде игереді дейді.
Бұдан шығатын қорытынды: балалар үйіндегі балалар жаңа келіп түскенде жоғарыда айтқандарды тек қана оқыту мен тәрбие негізінде ала алады.Т.В. Егорова (1973), А.Н. Цымбалюк (1974) осы балалар үйіндегі балалардың танымдық іс-әрекет ерекшеліктері жайлы былай деп жазады: бұл балалар ізденісті белсенділіктен қашады, не ересектер, не өзінің алдына еш ойланатындай сұрақтар қоймайды; олар айналадағыларды өзінің жинақылықсыздығымен таңқалдырады; зейін қоймайды; олар берілген тапсырманы естерінде сақтап ала алмайды, алдағы іс-әрекетті болжай алмайды; оларда еріктік күш-жігерге дайындықтары жоқ; бұл балалар өз еңбектерінің нәтижелерін дұрыс бағалай алмайды.
Сабақ үстінде бұл балалардың жұмысқа қабілеттіліктері ереже бойынша, төмен, және интеллектігі көбірек ауырлық түссе, соғұрлым жұмысқа қабілеттілік төмендейді. Ал, механикалық, бірсыдырғы жұмыс оларды аз шаршатады. Бұндай ерекшеліктер жайлы кезінде П.П. Блонский жазған болатын. Психикасы бұзылған балалардың ойлауын жетілдіру мақсатында мына, яғни Л.С. Выготский ұсынған мақалдардың ауыспалы мағынасы мен метафараларды түсіну әдісін қолдануға болады.
Мысалы: «темірді ыстықтай соқ», «алтын басты адам», «темір қол», «тас жүрек», тағы басқалар. Бұл әдіс арқылы бейнелік ойлауды басшылыққа ала отырып, балалар ойларын жетілдіреді.
Ал В.М. Бехтерев, В.М. Осиповтар ассоциативті экспериментті ұсынған. Балалар сөздерді мысалға келтіре отырып, сол арқылы сөздік қорлары туралы, аурулары жөнінде мәліметтер алуға болады.
Классик ғалым ғалым Л.С. Выготский баланың ақыл-ойы дамуының екі деңгейі жайлы былай дейді: «Психолог – даму қалпын бағалауда пісіп-жетілген ғана емес, пісіп жетіліп келе жатқан функцияларды да ескеруі тиіс. Тек қана өзекті деңгейді емес, әрі жақын даму аумағын да ескергені абзал. Яғни, тек қана өзекті деңгейді оқып қоймай, бала дамуының мүмкіндіктерін зерттеу өте маңызды.
1.2 Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін теориялық талдау
Жанұядан тыс тәрбиеленген балалардың (балалар үйінде және интернатта тәрбиеленушілер) дамуы жайында көптеген манандар кейбір мүгедектің түрінің сапасы ретінде байланыстырып қарастырады. Баланың жанұялық ортасының атмосферасы жеке адамның өсіп-дамуы сапасын анықтайды. Сонымен интернатта немесе балалар үйінде тәрбиеленушілердің дамуы мен олардың мінез-құлық ерекшеліктеріне А.М.Прихожан және Н.Н.Толстой көп жылдық зерттеу жүргіз. Олардың зерттеуінің қорытындысы бойынша жетімдердің психологиялық ерекшелігі жай ғана жағдай емес. Психикалық дамудың тежелуін ғана авторлар талдап қана қоймай, сонымен бірге баланың мінез-құлық дамуының сапасын қарастырған. Осы тұрғыда қазіргі кездегі психология мен педагогика ғылымы баланың психикалық ерекшеліктерін, эмоциясын, ойлауын, сөздік қорын, мінез-құлық ерекшеліктерін, ересектермен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын сипаттайтын бүтіндей бейнені береді. Баланың жеке адам болып қалыптасып даму сатысы әр жас кезеңіне байланысты құрылады және де сол тұста оның психикасының сапасы көрінеді. Ал балалар үйінде тәрбиеленушілердің психикасының қалыптасуы жанұяда тәрбиеленген балаларға қарағанда психиканың басқа заңдылықтармен ерекшеленеді. Баланың психикасының дамуына, жеке адам болып қалыптасуына оның біріккен ортасы үлкен ықпал етеді. Сол сияқты балалар үйінде тәрбиеленушілер де ортақ бір өмір сүру ортасын құрайды. Демек, жанұяда тәрбиеленген балалар өз қоршаған ортасында туыстық бауырмашылық сезімін туындатып үлкендермен және кішілермен қарым-қатынасын орынды жұмсап отырады. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің үлкендермен қарым-қатынасы, өмірлік қабылдауы және мінез-құлқының қалыптасуы институционалды болып келеді, яғни сертті дәрежесінде түсіндірілген. Демек, балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық сипатының жалпы беталысы мынадай: олардың эмоцианалдық фоны тіпті кедей. Бұл мекемеде тәрбиеленушілер қоршаған орта талаптарына бейімделуі тиіс. Бұндай жетімхана секілді мекемелерінде балаларды тәрбиелеу және басқа да өмірлік тәжірибелерді баланың ерікті-эмоционалды дамымауына әкеп соқтырады. Осы тұрғыда И.А.Залысина, балалар үйінде тәрбиеленушілер мен жанұяда тәрбиеленуші балалардың уайымдау қажеттілігін салыстырмалы түрде зерттеген. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі балалардың қоршаған ортадағы адамдарға уайым сезімін тудыруға қабілетті емес екенін дәлелдеген. Көбінесе олар басқа адамның сезіміне жауап беруде туындайтын реактивті уайымдау олар үшін бөтенсу сезімін тудырады. Ал И.А. Залысиның эксперименталды зерттеуінде жанұядағы балалардың тек ересектердің сезімін іздеп қана емес, сонымен қатар олармен серіктес ретінде өз сезімдерін белсенді бөлісіп отырады. Уайымдау мен сезімді білдіруді дамытудың қажеттілігі балалық шақтан-ақ қалыптасып ересек кезеңде дамыған қалыпта болады. Осындай бала мен ересектердің өзара қарым-қатынасын қажеттендіру үшін баланы ересек адамның алдында еркін ұстай алатындай, ойын ашып айта алатындай, сезімін толық жеткізе алатындай жағдай туғызу қажет. Қорыта келе, И.А.Залысинның зерттеулерінде балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды аумағының дамуы жайлы сөз кеңінен қозғалған. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер өздерінің бағасын жеткізе алмайды, олардың өз пікірі болғанымен де ересектердің пікіріне сүйенеді. Сондықтан да бұндай балалардың сезімін ашу үшін оларға жылы мереймен қарау қажет.