Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:28, дипломная работа
Берілген дипломдық жоба облыстық әдістемелік комиссия мүшелері мәліметтер қорын жобалауға бағытталды.
Жобалау процессінде келесі көрсеткіштер көрсетілді:
Колледждер және ақпаратты сақтайтын функционалды кестелер жасалды. Әр бір кестеде сәйкес атрибуттар анықталды. Әр кестенің атрибуттарына сәйкес берілгендер типі анықталып, осы жолда орналасқан ақпаратқа сәйкес өлшемдер көрсетілді.
Мәліметтер қорының логикалық жүйесі кілтті және кілтті емес бағандардың индексін анықтайды, сұраныстардың жұмысын қамтамасыз ететін кестелер арасындағы байланыстарды анықтайды. Соңында аяқталған, бірнеше көлемді кестелерден тұратын, арасында ерекше байланыстармен қатынасқан күрделі логикалық мәліметтер қор жүйесі жасалды
Microsoft Access – те мәліметтер қорын құрудың үш тәсілі бар:
Конструктор режимінде жаңа кестені құруға немесе қосуға, өшіруге немесе жолдарды баптауға болады.
Сурет 2.1.1. Конструктор режимінде кестені құру
Конструктор көмегімен мәліметтер қор кестелерінің жобасын жасаймыз, берілгендер типі мен жолдар қасиетін, индекстерді анықтаймыз. Кестені құру барысында міндетті түрде мыналарды көрсету керек:
- Жол атауы – кестедегі әр бағанның тақырыбын анықтайды. Егер кестеге қосымша берілгендерді енгізу керек болса, сәйкес жолды енгізіңіз. Егер тақырып түсініксіз болса, баған атауын өзгертуге болады;
- Берілгендер типі – берілгендер типін баптау мәндер типін анықтайды.
- Баған өлшемі – кестені толтыру барысындағы таңбалар санының максималды болуы;
- Кілтті баған – кестедегі әр ақпараттың бір бірінен айырмашылығы болу үшін уникальный маркер қолданылады, біріншілік кілт деп аталады.
Сонымен бағдарламаның жұмыс істеуі үшін барлық керекті байланыстарды құру қажет. Ол үшін Сервис → Берілгендер сызбасы командасын орындаймыз. Ашылған терезеде тышқанның оң жақ батырмасын басып «Добавить таблицу» командасын орындаймыз. Бізге кестелер тізімі бар терезе ашылады, соның ішінен қажет кестелерді таңдап «Добавить» батырмасын басамыз. Экранда кестелерді көреміз.
Сурет 2.1.2. Берілгендер сызбасы (Схема данных)
Енді бұл кестелердің
өзара байланыстарын
Сурет 2.1.3. Кестелер арасындағы байланыс
Microsoft Access-те мәліметтер базасын құрғаннан кейін оны Delphi-мен байланыстыру керек, ол үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
Формаға ADOConnection1 компонентін орналастырып, Object Inspector-де Connection String қасиетіне басамыз. Пайда болған терезеден «Build» таңдаймыз:
Сурет 2.2.1. Мәліметтер базасын Delphi-мен байланыстыру
«Свойства связи
с данными» терезесінде
Сурет 2.2.2. Провайдер таңдау
Пайда болған терезенің «Подключение» бөлімшесінде Access-те құрылған мәліметтер базасының орналасқан жолын көрсетеміз.
Сурет 2.2.3. –Access мәліметтеріне қосылу деректерін көрсету.
Кестелерді МБ-мен байланыстыру үшін келесі компоненттерді қолданамыз:
ADOTable1 - Connection қасиетінде ADOConnection1 таңдау, TableName қасиетінде байланыстырғалы отырған кестені көрсетіп, оның Active қасиетін True-ға өзгерту. DataSource1- DataSet қасиетінде ADOTable1 көрсету. DBGrid1 - DataSource қасиетінде DataSource1 таңдау. Осылайша барлық кестелерді байланыстырамыз.
Кез келген бағдарламаның маңызды параметрі – енгізілген ақпаратты қадағалау болып табылады. Бағдарламалаушы бағдарламалық өнімнің әрбір кезеңін ұйымдастыруы тиіс және де шығарылатын ақпараттың айғындығын тексеріп отыру қажет.
Қолданушы ақпаратты енгізетін болса, енгізілген ақпарат тексеріліп отырылуы маңызды. Берілгендер қате енгізілетін жағдайда қате жайында хабарлама шығарылуы тиіс. Барлық ақпараттар форматтары бойынша енгізілуі керек. Міндетті түрде енгізілетін ақпарат бос болған жағдайда оның толтырылуы керек деген хабарлама шыққаны қажет.
Кез келген мәліметтер қорының мақсаты қолданушының керекті уақытында ақпаратқа жылдам қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады. Және де қолданушыда жаңа мәліметтерді енгізу, мәліметтер қорында орналасқан ақпаратты өзгерту, жою мүмкіндіктері болуы тиіс.
Бұл мәліметтер қоры келесі ақпараттардан тұрады:
- Ақпаратты кестелер;
- Іздеу формалары;
- Microsoft Excel бағдарламасындағы есептеулер;
- Жаңа мәліметтерді енгізу;
- Сақталған мәліметтерді жою;
- Сақталған мәліметтерді өзгерту;
- Кестелерден ақпараттарды көшіру;
- Мәліметтерді сақтау;
- Программа жайында – бұл формада бағдарламаны құрастырушы жайында мағлұмат көрсетілген;
- Көмек (бағдарламамен қолдану инструкциялары);
Бағдарламаны орнату үшін Setup.exe қосымшасын іске қосу керек. Іске қосылғаннан кейін төмендегідей терезе пайда болады.
Сурет 2.7 – Бағдарламаны орнату
Бағдарламаны толығымен орнату үшін берілген иструкцияларды орындау қажет.
Бағдарлама орнатылғаннан кейін “Project.exe” файлын ашу керек. Оны ашқаннан кейін бағдарламаның басты терезесі шығады, ол терезеде басты меню орналасқан.
Сурет 2.8 – Бағдарламаның басты терезесі
Басты терезеде немесе менюде “Первокурсники” бастырмасын басқанда бірінші курс оқушылары жайлы мағлұмат сақталатын терезе пайда болады.
Сурет 2.9 – “Первокурсники” терезесі
Бұл формада берілген кесте ішінен іздестіру ұйымдастырылған. Мәліметтерді бір немесе бірнеше баған арқылы іздеуге болады. Ол үшін керекті мәліметтерді енгізіп “Поиск” батырмасын басу қажет.
“Экспорт в главную таблицу” батырмасы кестедегі барлық ақпараттарды басты мәліметтер қорына, яғни “Учащиеся” кестесіне көшіреді.
Басты менюде “Учащиеся” батырмасын басқан жағдайда мәліметтер қорының басты кестесі пайда болады.
Сурет 2.10 – “Учащиеся” терезесі
Берілген кестеде бірнеше бағандар арқылы іздестіру қарастырылған.
“Добавить” батырмасын басқан жағдайда кестеге жаңа жазбаны қосу формасы пайда болады. Бұл формада жаңа оқушының мәліметтерін енгізіп “Сохранить” батырмасын басу керек.
Сурет 2.11 – Жаңа жазбаны қосу
“Учащиеся” кестесінде “Редактировать” батырмасын басқанда жоғарыдағы форма ашылып, жазбаны өзгертуге мүмкіндік туады. “Удалить” батырмасы арқылы жазбаны жоюға болады.
Формадағы “Экспорт в Excel” батырмасы кестедегі мәліметтерді Excel бағдарламасына жібереді.
Сурет 2.12 – Excel бағдарламасына экспорттау
Басты менюде “Справочники” батырмасын басқанда бірнеше кесте орналасқан форма ашылады.
Сурет 2.13 – “Справочники” формасы
Әрбір кестеде жаңа жазбаларды қосу, редактрлеу, жою мүмкіндіктері бар.
Сурет 2.13 – “Специальности” кестесіне жаңа жазбаны қосу
Басты формадағы жоғарғы менюден “Зачетные книги” батырмасын басқанда арнайы форма ашылады. Бұл формада қолданушы оқушыларды үлгерім кітапшасының нөмірлерін енгізіп шығуы тиіс. Формада кесте арқылы ісдестіру қарастырылған. Мәліметтер енгізілгеннен кейін “Сохранение” батырмасын басу қажет.
Сурет 2.18 - “Зачетные книги” терезесі
Басты формада “Построить отчет” батырмасын басқанда “Отчеты.xls” MS Excel файлы ашылады. Сол файлға мәліметтер қорында жүргізілетін статистикалық есептемелер жазылады.
Сурет 2.19 – “Отчеты.xls” файлы
Басты форманың менюінде “Архивация” ® “Архивировать данные” батырмасын басқанда мәліметтер қорының резервті копиясы жасалынып, архивке сақталады. Ал егер “Архивация” ® “Разархивировать данные” батырмасы басылса мәліметтер қорының резервті копиясы архивтен шығарылады.
Басты формада “О программе” батырмасы басылатын болса арнайы форма ашылады.
Сурет 2.20 – “О программе” терезесі
Басты формада “Справка” батырмасы басылатын болса Microsoft FrontPage бағдарламасында жасалған справка пайда болады. Справкада бағдарламамен қолдануға нұсқаулық жазылған.
Сурет 2.21 – FrontPage бағдарламасында жасалған справка
- «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Cанитариялық қағидалар) компьютерлерді (дербес компьютерлерді, планшетті дербес компьютерлерді, ноутбуктерді) және бейнетерминалдарды (компьютерлер мен бейнетерминалдар) орналастыру мен пайдалануды қамтитын физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ микроклиматқа, жарықтандыруға және компьютерлер мен бейнетерминалдардың физикалық факторлары әсері кезіндегі жұмыс жағдайларына қойылатын талаптарды регламенттейді.
- Осы Санитариялық қағидалар тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, телевизиялық ойын қондырғыларына, борттық және портативті компьютерлерге қолданылмайды. Компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктер) және бейнетерминалдар арқылы халыққа қызмет көрсететін объектілерді пайдалануға беруге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы болғанда жол беріледі.
- Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: