Саяси ілімнің пайда болуы және қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 18:29, реферат

Краткое описание

Оның қайнар көздері неде? Қайдан шықты? Олардың авторлары кімдер? Олардың көзқарастары мен ойлары нені білдіреді? Және кімнің мүддесін қорғайды? Осы тәрізді сұрақтарға Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілім тарихын оқи бастағанда-ақ тап боламыз және оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетінін байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегі таптық мемлекеттердің пайда болуы мен өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................2
1.Саяси ілімнің пайда болуы және қалыптасуы..............................................3
1.1 Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.....................6
2. Ежелгi Үндiстандағы саяси көзқарастар.......................................................9
3.Ежелгі Қытайдағы саяси ой-сана және оның негізгі өкілдері.......................11
3.1 Даоцизм. Лао-цзы......................................................................................11
3.2 Конфуций..................................................................................................12
3.3 Легизм. Шан Ян........................................................................................14
Қорытынды.........................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ежелгі Шығыстағы саяси ілімдер.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

Конфуций барлық нәрсе  үнемі өзгерісте болады, уақыт  тоқтамайды, әрбір нәрсенің басталуы мен аяқталуы болады дейді. “Адамның ісі де солай, бас-аяғынсыз бірде-бір іс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуы анық түсінген адам ақиқатқа жақын тұрады”.

Конфуцийдың этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен  принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері, ата-аналар мен үлкендерге құрмет, адамдық қасиет, адамдар қамқорлығы, билеушіге адамдық, парыз және т.б. жатады.  

Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы “әлем  өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді”, сондықтан да оны тірлішілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет деп ой түйеді. Яғни адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты.             

Сянь-цзының пікірінше  адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, ашкөз болып келеді. Сондықтан да адамдардың мінезін жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыпынан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін бетке басып айтуы тиіс. Бұл туралы ол былай дейді: “Менің қателігімді дұрыс қөрсеткен адам  - менің ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі – менің досым, ал маған жағынып, жарамсақтанушылар – менің жауым”.

Конфуцизм ілімі, сонымен  бірге, ел билеушілері мен әкімдерге  де қол астындағыларға туған баласындай қарауға кеңес берілді. Конфуций бойынша “ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табандылықпен, ең алдымен өзі үлге-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді”. Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін ролін атқара бастады.

 

3.3 Легизм. Шан  Ян.

Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген “Шан цзюн шу” (“Шан облысы билеушісінің кітабы”) трактатында баяндалған. Бұл трактаттың негізгі бөлімдерін Шан Ян деген атпен белгілі болған Гунсунь Янь жазды.     

Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкеен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елді тәртіп орната алды деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттуге болатындығын айтты. Бұл “кімді кімнің жеңетіндігі” туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтынша, “халық өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса,  армия күшті, әрі қуатты болады”.

Легистер қайырымдылық пен адамгершілік қылмысқа апаратын тура жол, нағыз қайырымдылық пен  сүйіспеншілік өзінің бастауын жазалаудан алады деп дәріптеді. Яғни олар мейірімділіктен бұрын қорқынышты алдынғы орынға қояды. Олардың пікірінше елде жаппай тәпртіпсіздік болмас үшін, мейірімділіктен гөрі жазалау басым болуы керек.    

Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей мен қорқыныш  тудыру керек. Олардың бұл қағидасы үрей мен қорқыныш қана елде тәртіп пен заңдылық орната алады дегенді білдіреді.

Шан Янның басқару  туралы концепциясы адамдарға дұшпандық  көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқалы қалған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға  сәйкес келеді. Легистер ілімін Шан Яннан басқа да Цзын Чань, Шэн Бу-хай, Ханфей және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілім тарихын және оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетінін байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегі таптық мемлекеттердің пайда болуы мен өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді.

Адамдардың қоғам мен  табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс және Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде, қытайларда, римдектерде және т.б.  халықтардың мифтік аңыздарда көрініс табады.  

Тәртіп туралы мифтік көзқарастар мен адамдардың қоғамдық өмірді мифтік тұрғыдан ұйымдастыру тәжірибесі саяси-құқықтық ойдың дамуына зор ықпал етті, саясат, мемлекет және құқық туралы алғашқы ғылыми концепциялардың пайда болуының алғы шарттарын дайындады және саяси -құқықтық ілімінің одан кейінгі кезеңдердегі дамуына серпін берді.

Сайып келгенде, ежелгі дүниедегі  саяси идеялар жалпы әлеуметтік-саяси  ілімдерде маңызды орындардың бірін иемденген көрнекті ойшылдар адамзат өркениеті өмір сүруінің алғашқы кезінде-ақ мемлекеттің мәні мен мәнісін ойлаған, оны қоғамдамуының басты құралы ретінде көрген. Ежелгі дүниенің адыңғы қатарлы ақылдарының саяси көзқарастары бүгінгі күнге дейін құнды. Оларға біздің замандастарымыз саяси теорияларды жасағанда, қазіргі саяси жағдайға талдау жасағанда жүгінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. М.  Мұхамедов,  Б.  Сатершинов,  Б.  Сырымбетұлы.  Құқықтық- саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы, «Заң əдебиеті». 2002 ж.  18. 
  2. Əбдіғалиев  Б.Б.,  Жамалов  Қ.Ж.,  Сатершинов  Б.М.  Саяси  ой  тарихы. –Алматы: Үш-қиян, 2003.
  3. Хрестоматия по Истории политических и правовых учений под  ред. Лейста О.Э. М.2001.
  4. Азаркин  Н.Н.,  Левченко  В.Н.,  Мартышин  О.В.  История  политических учений. Под общей ред. О.В. Мартышкина. М., 1994 (к темам  1-3,5-8).
  5. Әбсаттаров Р. Саясаттану негіздері І том. Оқу құралы. Алматы. Қарасай   баспасы, 2012.
  6. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы. Өлке баспасы, 2005
  7. Сыдықов Ұ. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы. ҚазҰТУ, 2006

 


Информация о работе Саяси ілімнің пайда болуы және қалыптасуы