Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 18:29, реферат
Оның қайнар көздері неде? Қайдан шықты? Олардың авторлары кімдер? Олардың көзқарастары мен ойлары нені білдіреді? Және кімнің мүддесін қорғайды? Осы тәрізді сұрақтарға Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілім тарихын оқи бастағанда-ақ тап боламыз және оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетінін байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегі таптық мемлекеттердің пайда болуы мен өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді.
Кіріспе.....................................................................................................................2
1.Саяси ілімнің пайда болуы және қалыптасуы..............................................3
1.1 Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.....................6
2. Ежелгi Үндiстандағы саяси көзқарастар.......................................................9
3.Ежелгі Қытайдағы саяси ой-сана және оның негізгі өкілдері.......................11
3.1 Даоцизм. Лао-цзы......................................................................................11
3.2 Конфуций..................................................................................................12
3.3 Легизм. Шан Ян........................................................................................14
Қорытынды.........................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................16
Жоспар
Кіріспе.......................
1.Саяси ілімнің пайда болуы және қалыптасуы....................
1.1 Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері
мен қызметтері....................
3.Ежелгі Қытайдағы
саяси ой-сана және оның
3.1 Даоцизм. Лао-цзы..............
3.2 Конфуций......................
3.3 Легизм. Шан Ян............................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Саяси
және құқықтық ілімдер қалай
пайда болды? Оның қайнар
Саяси-құқықтық
ілімдер алғашқы кезеңде
Саясаттану сөзі («политология») гректің «политика» және «логос» деген сөзінен шыққан, саяси тұралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайын келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агриссиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы боларыда белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет ететін, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифы бойынша билік құдайдың құдірітімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ең алғашқы билік жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс.
Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістік, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттік тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда Ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
Біздің заманымыздан бұрын бірінші мыңжылдықтың ортасында саясатты діни мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер – Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат мүддесіне сай келуге, адамгершіліке негіздеуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғылым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясат негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін этика, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Орта ғасыр саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікке құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықты, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.
Саясатты кәзіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашылды.
Феодализмнің ыдырап,
капиталистік қатынастардың қалыптасуы
қоғамды демократияландырып, жалпыға
бірдей сайлау құқығын кіргізуге, көпшілік
саяси партиялар мен
Саясаттану ХІХ ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдалана бастауы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880-жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872-жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.
ХХ ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор роль атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факултеттерінде міндетті түрде оқытылады, әлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланды.
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдан артық дәуренін құра алмаған да болар еді.
Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып,зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмге әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.
Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардың екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануы на, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989-жылдан жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті «Саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университеті бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.
Саясаттану пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғылымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастырылатын мәсе-лелершеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғылымдар оған қоғамда билікке жүргізетін немесе оған әсерететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саясит іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағанасында қараған болып шығады. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тікелткен.
Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, кай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т. с. с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ «еркіндік», «теңдік», «әділеттік», «егемендік», «демократия» және т.б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Саясаттануды зерттейтін ғылымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтып біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөнінде Ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясатта-нушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғылымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден түрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар ( олардың пайдалану, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақты және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттары салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5)халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зертейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері,саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.
Сайып келгенде,саясаттану дегеніміз саясат туралы,саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым.
Саясаттану саяси құбылыстар
мен өзгерістердің мән-
Салыстырмалы әдіс әр
түрлі елдердегі саяси құбылыст
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және тағы басқа жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси
құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті,
Информация о работе Саяси ілімнің пайда болуы және қалыптасуы