Саяси ілімнің пайда болуы және қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 18:29, реферат

Краткое описание

Оның қайнар көздері неде? Қайдан шықты? Олардың авторлары кімдер? Олардың көзқарастары мен ойлары нені білдіреді? Және кімнің мүддесін қорғайды? Осы тәрізді сұрақтарға Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілім тарихын оқи бастағанда-ақ тап боламыз және оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетінін байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегі таптық мемлекеттердің пайда болуы мен өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................2
1.Саяси ілімнің пайда болуы және қалыптасуы..............................................3
1.1 Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.....................6
2. Ежелгi Үндiстандағы саяси көзқарастар.......................................................9
3.Ежелгі Қытайдағы саяси ой-сана және оның негізгі өкілдері.......................11
3.1 Даоцизм. Лао-цзы......................................................................................11
3.2 Конфуций..................................................................................................12
3.3 Легизм. Шан Ян........................................................................................14
Қорытынды.........................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ежелгі Шығыстағы саяси ілімдер.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда  адамдардың өздерін өздері қалай  ұстауын талдауға негізделеді.

Нормативтік әдіс (ХІХ  ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.   

Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде  ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып  есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті бір ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға және болмайды.

Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағжайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.

Ғылымның басқа салаларындағы  сияқты саясаттанудың да өзіндік  ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси  құбылыстар мен процестердің мәнін  білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеументтену», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «ішкі саясат», «сыртқы саясат» және т.б. Қоғамдық бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарда басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеументтану, фәлсафа, құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады.

Қай ғылым болмасын белгілі бір  қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен манымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік торалитпарлық  тәртіп саясат пән билік сырын  бүгін келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың  саясат пен саяси жетекшілердің  іс-әрекеттері жөнінде хабарлары  аз. Көбіміз саяси қайраткерлердің  сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не жатқанын байқамаймыз. Олардың білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.

Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.

Демократиялық мемлекеттерге саясаттану саяси әлеументтену міндетін атқарады. Ол азаматтық, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

Саясаттану реттеушілік, басқару қызметтін атқарады. Оның ерекшелігі-қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, cипаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алынады.

2. Ежелгi Үндiстандағы саяси көзқарастар

Ежелгi Үндiстандағы саяси және құқықтық iлiм мифтiк және дiни көзқарастар түрiнде қалыптасты. Бұның өзi ежелгi үндiс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтiк-саяси өмiрiнде үстем болған брахмандарға тiкелей байланысты болып келедi.

Брахманизм идеяларының алғашқы көрiнiстерi б.з.д. екi мыңыншы жылдықтағы «Beдa» ескерткiштерiнде кездеседi. «Beдa» - “бiлiм, кiрiспе” (Санскрит тiлiнде) деген ұғымды бiлдiредi Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлiнетiндiгi және олардың брахмандар – Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер - құдайдың қолынан, вайшийлер - құдайдың санынан, шудралар - құдайдың табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96- бабында «Тiрi нәрселердiң iшiндегi ең қасиеттiсi – жандылар, ал жандылардың iшiнде адам, ал адамдардың iшiнде брахмандар» деп айтылады.

Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелерi құдай  көрсетiп берген «дхармаға» - заңдарға, мiндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиiс. Дхармадағы ережелер бойынша  брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдiк жағдайда көрсетiледi. Оқу, бiлiм, дiн iлiмiн, құрбандық шалу, өзiне және өзгеге арнап садақа үлестiру, садақа алу iсiн құдай брахманға мiндеттеген.

Брахманизм идеялары брахман мектебiнiң әртүрлi өкiлдерi жасаған «дхармасутра» және «дхармашастра» сияқты әртүрлi құқықтық жинақтарда кездеседi. Брахманизм ежелгi үндi ойының ескерткiшi «Упанишадта» (б.э.д. IX-VI ғ.ғ.) одан әрi дамытылады және нақтылана түседi.

«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлiнуi және олардың қоғамдағы  орны мен әлеуметтiк теңсiздiгi қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегi жағдайы мен үстемдiгi, артықшылығы туралы айтылады. Тiптi патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестерi мен талаптарын орындауға, олардан «Beдa» iлiмiн оқып үйренуге тиiстi. Бұл заң бойынша патшаның басты мiндетi варна жүйесiн қорғау және оған қарсы келгендердi жазалау болып табылады.

«Ману заңдары» бойынша  патшаның өкiлдiгi шектеулi, ол брахмандардың  ақыл-кеңестерiн тыңдаумен қатар  кейбiр талаптарға да сәйкес болуы  керек. «Ману заңдарының» 3-бабында «ақылсыздықпен өз елiн азапқа салған патша уақыт күттiрместен өзiнiң ағайын-туыстарымен бiрге елден кетуi тиiс және ол өмiрден айрылады» деп айтылады. «Ману заңдарында» жазаға көп көңiл бөлiнген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелiгiнiң ұлы ретiнде жаза (данда) оның жердегi бейнесi «таяқ» деген ұғымды бiлдiредi. Яғни, жаза өзiнiң бұл ұғымында «басқару өнерi» (данданиттер) деген мағына бередi.

«Ману заңдарының» 7-тарауы бүтiндей жазаға арналған. Онда жазаның қуаттылығы мен күштiлiгi және қоғамға пайдасы туралы көп айтылады. “Жаза бүкiл адамды билейдi. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықтап жатқанда сергектiк танытады, данышпандар жазаны, данданы қорғаушы” деп жариялаған. Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздiксiз жүзеге асырып отырмаса, онда күштiлер әлсiздердi қармақтағы балықтай қуырған болар едi. Жаза дұрыс қолданылмаса бүкiл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкiл халық наразы болар едi» делiнедi.

Әртүрлi варна мүшелерiнiң  құқықтары мен мiндеттерiнiң тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әдiлетсiздiгiнен көрiнедi. Брахмандар заң алдында ерекше жеңiлдiктерге ие болған. «Әлемдегi бар нәрсенiң бәрi брахмандардың меншiгi болып табылуымен бiрге» (100-бап), оларға ешқашан тән жазасы қолданылмайтын едi. Олар үшiн ең ауыр жаза - шашын алу болып саналды. Қылмыс үшiн айып төлеуде варналардың қоғамдағы теңсiздiгiнiң сипаты анық көрiнедi. Мысалы, брахманды тiлдеген кшатрийге 100 пан айып салынады, вайший екi жарым есе артық төлейдi, ал шудра дене жарақатымен жазаланады (267-бап). Ал «брахман кшатрийдi тiлдесе 50 пан, вайшийдi тiлдесе, оған 12 пан айып салынады» (268-бап). Бұдан бiз жаза белгiлеуде қылмыстың ауыр немесе жеңiлдiгi емес, адамның қоғамдағы алатын орны назарға алынатынын байқаймыз.

Б.з.д. VI ғасырда Будда («данышпан» деген ұғымды бiлдiредi) деген атпен белгiлi болған Сиддхартха Гаутама «Веда» iлiмiн сынға алады, құдайдың адамдар өмiрiне араласуын, олардың билiгi мен заңдарын жоққа  шығарады. Оның айтуынша, адамзат iсi адамдардың өздерiнiң белсендi әрекеттерiне байланысты. Будда дiнi бойынша брахмандардың жоғары дәрежесi мен артықшылықтары жоққа шығарылады. Будда “ең бастысы – адамның атағы мен шыққан тегi емес, адамгершiлiгi” деп үйреттi. Буддистер үшiн брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесi емес, қарапайым адамдардың бiрi.

Будда iлiмiн жақтаушылар  дхарманы табиғи заңдылықты басқарушы  әлем ретiнде көредi. Саналы мiнез-құлық  үшiн танымның қажеттiлiгi, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылады. Адам өмiрiнiң мәнi байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейiрiмдiлiк пен қайырымдылыққа ұмтылуда екендiгi дәрiптеледi.

Дхарма түсiндiрмелерiнде  адамдардың бiр-бiрiне бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа жамандықпен емес, жақсылықпен  жауап беруi ғана бұл әлемде iзгiлiктi өмiрге қол жеткiзетiндiгi баяндалады. Буддизм iлiмi бойынша адамдардың барлығы тең дәрежеде. Олар қандай варнада немесе әлеуметтiк сатыда тұрса да, аурудан, қасiреттен және өлiмнен құтыла алмайды. Оған олардың лауазымдық шенi де, құдайға шалған құрбандығы да көмектесе алмайды.

Б.з.д. IV-III ғасырларда жазылған «Дхаммападе» жинағында брахманизмге қарағанда жазаның ролi мен көлемiнiң  азайғандығы байқалады. Мұнда кiнә дәлелденбей жаза қолданбау туралы арнайы атап көрсетiледi. Будда iлiмiнде сонымен бiрге өмiрдiң заңды жолына, заңдылықтың қатаң сақталуы мен орындалуына үлкен мән берiледi.

Б.з.д. III ғасырдан бастап буддизмнiң көптеген идеялары әлеуметтiк-саяси  маңызға ие болып, мемлекеттiк саясат пен заңдылыққа да ықпалын тигiзе бастады. Үндiстанды бiр орталыққа бiрiктiрген Ашока патшаның билiгi кезiнде (б.з.д.268-232 жж.) буддизм мемлекеттiк дiн болып жарияланды. Буддизмнiң ықпалы кейiннен Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон елдерiне де тарады.

Брахманизм идеологиясынан едәуiр ауытқу б.з.д. IV-III ғасырларда өмiр сүрген Каутильяның «Артхашастра» трактатында көрiнiс тапқан. Бұл шығармада философия логикалық дәлелдемелер арқылы Веда iлiмiнде - заңдылық пен заңсыздықты, шаруашылық iлiмiнде - пайда мен зиянды, мемлекеттiк басқару туралы iлiмде - дұрыс және қате саясатты зерттейтiндiгi туралы айтылады. Шығармада сонымен бiрге саясат пен заңдылық және билiк туралы айтылады. Онда билеушiнiң заңды бұзбай өз мүддесiн ойлауына құқық берiлген. Бiрақ оның ең басты мiндетi варна жүйесiн сақтау және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау болып табылады.

 

3.Ежелгі Қытайдағы  саяси ой-сана және оның негізгі  өкілдері

3.1 Даоцизм.  Лао-цзы.

Жалпы саяси-құқықтық ілімдерде діни-мифологиялық көзқарастар сақталып қана қоймай, ақыры ары қарай дамыды. Мысалы, Қытайда Аспан астындағы билеушінің болғандығы туралы айтылады. Египет – Ма-ат, Үндістанда – «рта», Қытайда дао, гректерде дике ұғымдары өмір сүрді. Бұл ұғымдар шындық пен мінез-құлық – Ка принципіне сәйкес болу керек. Қытайдағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы және оның ерекшеліктері  Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімнің негізін салушы болып б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегі “Дао және дэтуралы кітапта” (“Дао дэ цзн”) Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлі діни түсініктерден тәуелсіз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берілуінде. Яғни, даосизм ілімі “дао” ұғымына негізделеді, ал “дао” “алғашқы түп негіз” дегенді білдіреді.

Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық  жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.

Лао-цзы даоны аспан  және адам даосы деп екіге бөледі. Оның айтуынша, аспан даосы байлардың  артық дүниелерін алып, кедейлерге береді., ал жердегі дао кедейлердің керек затын алып, байларға береді.

Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылдығы мен белсенді әрекеттерден тартыну принципі көбірек орын алған. Лао-цзы сонымен бірге соғыстың барлық түрі мен армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүріп өткен жерде арам шөптер мен тікенектер ғана өседі, үлкен соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады.  

Прогрестік дамуды жақтырмаған  Лао-цзы өткен дәуірге қайта  оралуды және білім мен ғылымынан  бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға “дао” жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндеті – елдегі тәртіп пен  заңдылықты сақтау ғана.

     

3.2 Конфуций.

Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған  б.з.д. 551-479  жылдары  мір  сүрген Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкірттері құрастырған “Лунь юй” (“Әңгімелер мен пікірлер”) кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі мен қөзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едауір ықпал етті. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси істерде үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін мәнін жойған жоқ. Ол “даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол – санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу” деді.

Дәстүрлі көзқарастарға  сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды – патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет – үлкен жанұя. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, “қараңғы адамдар”, “төменгі адамдар”, “құрметті адамдар”, “жоғарғы шенді адамдар”, “лауазымды адамдар” ретінде көрсетіледі.

Әлеуметтік теңсіздікті  қалыпты жағдай ретінде қарастырған  Конфуций аристократиялық концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз  тәсілін жақтаған конфуций билеушіліерді өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі конфуцийден “Шөп жел соққан жаққа қисаяды” деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы  соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерінен алыс тұратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Информация о работе Саяси ілімнің пайда болуы және қалыптасуы