Мемлекеттіңтүсінігі, мәніжәнеәлеуметтіктағайындалуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 07:44, реферат

Краткое описание

Мемлекеттің түсінігі және белгілері. Мемлекет–бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік–бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.

Содержание

Мемлекет нысаны
Мемлекет функциялары
Мемлекет механизмі (аппараты)
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Прикрепленные файлы: 1 файл

N_1201_rbaev__1240_libek_SRSP_M_1178_T.docx

— 32.25 Кб (Скачать документ)

Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік  органдар ондағы ережелерді бұза алмайды  және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға  бағытталған кепілдіктер жүйесімен  қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің  өкілдік органдардың алдындағы  жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі  лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады.

Жалпы қауымның мемлекеттік  құрылымдардың өз міндеттерін орындауды  бақылауының нысандары болып  референдумдар, депуттардың сайлаушылар  алдында есеп беруі және т.б. табылады.

Тұлғаның  мемлекет  алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасаллған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

 

 

 


Информация о работе Мемлекеттіңтүсінігі, мәніжәнеәлеуметтіктағайындалуы