Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:32, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың міндеттері:
1) Деректерді салыстыра отырып зерттеу
2) Осы тақырыпты кеңінен ашу.
3) Сол кездегі Қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын толық
ашып көрсету.
4) Тақырыптың өзектілігін көрсету.
5) Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу.

Содержание

Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.

Кіріспе .........................................................................................................3
І – тарау. Ы.Алтынсарин ағартушы....................................................5
1.1 Ы Алтынсариннің өмір жолы.....................................................................8
1.2 Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық
қызметі...........................................................................................................13
1.3 Орыс -қазақ мектептерінің кейінгі халі Алтынсарин қызметінің
маңызы...........................................................................................................16
ІІ – тарау. Ы. Алтынсаринның «Қазақ хрестоматиясы» ......................20
2.1 Ы.Алтынсарин мұғалімнің ролі туралы......................................................23
2.2 Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы.................................................26
Қорытынды ..............................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

ыбырайдын агартушылыккызмети.docx

— 62.49 Кб (Скачать документ)

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, оларды жүйелеп, жариялауға да Алтынсарин аз еңбек сіңірген жоқ. 60-шы  жылдары  Торғай қаласында   мұғалімдік қызметті  атқарып жүргенде ол ауыл-ауылды жиі аралап көп  уақытын халық арасында  өткізер  еді,  қариялармен  әңгімелесіп олардың аузынан халық аңыздарын, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді жиі жазып алатын. Сәл кейінірек, 1879 жылы ол өзі жинаған материалдарының бір бөлігін «Қазақ хрестоматиясына» енгізеді.

Бұл жинақта біз халық аңыз ертегілері негіз болған шығармаларын жарияламақпыз. Оларға жататындар: «Сәтемір хан», «Ізбасты», «Жәнібек батыр», «Жиренше шешен» және т.б. Айта кету керек, кейін Ы.Алтынсарин дүние салған соң, қолжазбаларының бір бөлігі Торғай облысы мектептерінің жаңа инспекторы А. В. Васильевтің қолына тиеді, ол «Қазақ хрестоматиясының» (1906) 2-ші басылымына қолжазбадағы дайын тұрған («Қара қылыш», «Тазша бала», «Алтын тұлым») халық ауыз әдебиеті сюжеті негізінде жасалған шығар.маларын енгізеді.

Ы. Алтынсарин қазақ халқының тарихына қатысты материалдарды да жинайды. Ол «Қазақ хрестоматиясының» тарих, география және техникалық пәндерге арналған екінші бөлімін даярлайды. Бірақ автордың дүние салуына байланысты жарыққа шықпайды да, оның бұл ізденістері аяқсыз қалады.

Қазақ даласында ғылым мен білімді таратуды және оны насихаттауды ғана іс жүзіне асырып қойған жоқ сонымен бірге Алтынсарин ақын ретінде де ғылым мен ойдың мән-маңызын өзінің өлеңдерінде үгіт-насихат етіп таратады. Ол қыздар мен жігіттерді білімді игеруге шақыра отырып, оған тек мектептен оқу арқылы ғана қол жететінін көрсетеді.

«Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

 Іздемей-ақ табылар.

Бір құдайға сыйынып,

Кел, балалар, окылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық...»

Тек өлеңдерінде ғана емес, сондай-ақ прозалық туындыларында да Алтынсарин надандықтың зияның ғылымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл, әсіресе, «Талаптың пайдасы», «Қалай баюдың жолдары» және т. б. әңгімелерінде анық көрінеді.

Ы. Алтынсариннің ақындық таланты оның табиғат лирикасында бар күшімен көрініс тапкан. Мәселен, «Жаз», «Өзен» өлеңдері өзінің нәзік лиризмімен ерекшеленеді.

Ақын бұл жерде табиғат көрінісін жалаң қызықтаумен шектелмейді,   адам өмірімен,   қоршаған   ортамен тығыз   байланыста  жырлайды.  Реалист-ақын  шеберлік шыңы да осы түста көрінеді.

Сондай-ақ Алтынсарин қаламынан шыққан балаларға арналған бірқатар өсиет әңгімелер де бар.  Бұл  істе  үлгі болған белгілі орыс педагогтары мен жазушылары еді.   Бұл   кітапқа    енбей   калған   үздік  И.А. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалы еді. «Мұңсыз адам»,   «Силинші деген   ханым», «Әділ қазы» әңгімелерінің аңыздық сюжетін Толстойдың оқу кітабынан алады. Мұнымен қоса Толстойдың   «Жақсылыққа    жамандық»   атты әңгімесін  қазақ тіліне аударады. [8]

«Үндіс», «Сауысқан мен қарға» әңгімелері тік негізін аса көрнекті орыс педагогы Қ. Д. Ушинскийдің оқулық кітаптарынан алады.

Белгілі орыс тәсілші-педагогы, «Учитель» журналының редакторы әрі шығарушысы И. И. Паульсонның (1825—1898) кітабынан ондаған әңгіме сюжетін алып пайдаланады. Бұл жинаққа Алтынсариннің аударма әңгімелері енбей қалып отыр. Олардың қатарында «Ешкі мен түлкі»           (К. Д. Ушинскийдің аударылған), «Қайрымды ұл мен қыз», «Асыл  шөп» «Ұлы Петр қазы алдында» (И. И. Паульсонннан кітабынан аударылған) әңгімелерін атауға болады. Алтынсариннің аударуымен «Қазақ хрестоматиясында жарияланды. [9]

Ы. Алтынсарин қазақ жазба әдеби және әдеби тілінің негізін салушылардың бірі болып табылады. Оның шығармалары қазақ әдебиетін мазмұн жағынан байытты. «Қазақ хрестоматиясы» қазақ халқының жазба әдеби және әдеби тілінде жазылған айрықша ескерткіш — мұра. Алтынсариннің өлеңдері мен әнгімелері жалпы халыққа түсінікті қарапайым тілмен жазылған.

 

Ы. Алтынсарин мұғалімнің ролі туралы

Біздiң үлесімізге ең ауыр, ең жауапты кезең тап келіп отыр — деп жазды ол,— барлығын жаңадан құру керек, барлық жаңалыктарды енгізу арқылы күш-жігеріміз жеткенше қараңғы қауымды ағартуымыз керек. Міне, бүкіл даланы шарлап жұртшылықтан облыстық, уездік әкімшіліктерден қаржы сұрап жалынып жүрмін» [4]

Инспекторлық қызметке тағайындалысымен Ы. Алтынсарин бірден жаңа мектептерді ашу ісіне кіріседі. Ең алдымен облыстағы барлық уездік қалаларда бір-бірден орталық училищелер ашуды ұйғарады. Осы мақсатпен ол ауыл-ауылды аралап қаржы жинайды да артынша Елек, Николаев, Торғай және Ырғыз уездерінде екі кластық орыс-қазақ училищелерін ашып, оларды окушылармен және ұстаздармен қамтамасыз етеді. Жазған хаттары мен қызмет құжаттарынан училищелерді жабдықтау ісіне ерекше көңіл бөлгендігі байқалады. Қазақ балаларына тәрбие беруге кедергі келтірерлік былғаныш, сыз, орынның тарлығы, иіс тию, аштық, суық, окулықтардың жетімсіздігі, сауатсыз мұғалімдер сынды көптеген халық мектептеріне тән жағдайларды болдырмайтындай етіп училищені оңды әрі ұқыпты етіп жабдықтау керек.

Әр мектептің өзінін кітапханасының болуын қоғамдық маңызды іс деп қарап, оған тікелей қамқорлық жасап отырады. «Торғай облысындағы училищелерде оқушылар және оқытушылар кітапханаларын ұйымдастырмақ ниетпен қазірдің өзінде 700 сом қойдым»— деп жазады.  Бұл кітапханалардан тек оқушылар мен оқытушылар ғана емес, курсты тәмамдағандар (шәкірттер), жалпы сауатты адамдар  білімдерін өздігінен одан әрі дамыту үшін пайдалы  кітаптар ала алатын жер далада да болсын деген мақсатпен аштық» (сонда, 375-бет).

Қазақстанның экономикалық жағынан дамуы үшін аса қажет болып табылатын тұрғылыкты халық өкілдерінен мамандар даярлау ісіне ерекше мән бере отырып Ы. Алтынсарин қаржыны кәсіптік және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға жұмсайды. Тек қана халықтан  жиналған қаржы ұстап тұрған кәсіптік училищені Торғай қаласында ашудың сәті түседі.   Қайтыс болар алдында ол Қостанай қаласында ашылмақ ауыл шаруашылығы училищесіне өзіне тиесілі  жерлерді мұраға қалдырады.

Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл ол патша үкіметі тарапынан кедергілерге ұшырайды. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп  хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ интернаттың табысты боларына   губернатордың  күдігі  бар... ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашанда ештеме  де болмайды ғой. Ал бұл істің Ырғызда оңғ;а  басатынына мен   қазірдің өзінде  кәміл сенемін...»  (Сонда  430 бет).

Көп ұзамай бұл арманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы  мектеп ашылады. Шындығында бұл қазақ халкының өмірінде  болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастамасының сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол  патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінеді. Өтініш  бергеннен соң  барып  қана итернаты  бар  қыздар училищелерін 1891 жылы Торғай 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақ поселкасында және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұксат етілді. Алтынсариннің талап етуі бойынша ашылған  бұл дар училищелерінде 1896 жылдың қарсаңында оқыған 211 "қыздың 70-сі казақ 149-і қоныс аударушы орыс қыздары еді.

Алайда Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту ісінің алғашқы қадамдары деп біледі. Ол халық ағарту жүйесін барынша кеңейтуге ниет етеді, осы мақсатпен әрбір болыста бастауыш мектеп ашу жөнінде арнайы хат дайындайды. Онымен қоса бұл мектептер қазақтардың тұрмысына бейімделген яғни көшпелі болу керек деп есептейді: жазда қазақ ауылдарымен бірге жайлауға шықса, қыстыгүні қыстауда болады.

Қазақтарды жаппай сауаттандыру ісіне бастауыш болыстық мектептерді ашу арқылы ғана негіз салуға болады деген тұжырымға келеді Алтынсарин. 1886 жылғы арнайы жазылған «Болыстық қазақ мектептері жайындағы хатында» мұндай типтегі халықтық бастауыш мектептердің аса қажет екенін және оларды барлық жерде салудың мүмкіндігі бар екенің теория жүзінде негіздейді.

Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы

 

Ы. Алтынсарин уезд бастықтарының қызмет бабын пайдаланып жасаған қиянаттарын былай деп сипаттайды. Троицкі уездінің бастығы «әділетсіздіктің шегінен шығып» жалға алынған мектеп үйін тартып алып, мектепті лажсыз жағдайда» қалдырып отыр. (Сонда, 347-бет).

Мұндай кедергілерге қарамастан Ы. Алтынсариннің жалынды ағартушылық жұмысын тоқтатпауы Торғай соғыс губернаторының наразылығын тудырды. Алтынсариннің жеке бастамасымен барлық жерлерде халық мектептерін ашып, артық қаржы жұмсалғаны үшін облыс генералы Проценко оны тіпті сот алдында жауапқа тартпақ болады. Осыған байланысты Катаринскийге жазған бір хатында ол былай дейді: «Қазіргі кезеңде жан-дүнием құлазып өте көңілсіз күйде жүрмін, қолдау мен көмек күткен үкімет орындарын қайта заңды да заңсыз жолдармен үздіксіз қудалауға салып отыр. Бұдан соң қандай әділеттілік қүтуге болады? Осының бәрі ашық сот аркылы анықталса екен деген тілек көкейімнен шықпайды.

Проценконың қызметінен түсіп қалуына байланысты Алтынсарин соттық қудалауынан аман қалады. 1886 жылы болыстық мектептер ашу жөніндегі өтініштерін облыс басқармасының алдына тағы да талап етіп қояды.  Рұқсат алысымен ол мектеп ашу ісіне шұғыл кірісіп, халықтан жылу жинай бастайды. «Сізге шын жүректен хатыңыз үшін де, мендегі мектеп жұмысының алға басқанына білдірген қуанышыңыз үшін де алғыс айтамын»—деп жазады ол Катаринскийге Қостанайдан. Айналасы бір жылдан сәл-ақ артық уақыт ішінде ол уезде 5 болыстық мектеп ашады: Торғайда (Қараторғай), Ырғызда (Қарабұтақ), Николаевта (Обаған және Жетіқара), Електе (Бұртын). Сондай-ақ ол орыс балалары үшін Қостанай және Ақтөбе қалаларында мектептер ашады.

Осылайша оған өзінін көзі тірісінде төрт орталық екі кластық орыс-қазақ училищесін, бір кәсіптік, бір қыздар училищесін, бес болыстық мектеп және орыс қоныстанушылары үшін екі училище ашудың  сәті түседі, сондай-ақ Красноуфимск реалдық училищесінде және гимназиялар мен университеттерде оқып жаткан балалар үшін халықтан жылу жинайды.

Алтынсарин халық ағарту мектептерін ашып қана қоймайды, балаларды оқыту мен тәрбиелеу үлгі-өнегелерінің негіздерін жасайды, методикалық және оқыту құралдарын құрастырады, жыл сайын мектептерді аралап инспекторлық бақылауды жүйелі түрде жүргізіп  отырады. Алтынсариннін, педагогикалық көзқарасы классикалық орыс педагогикасының прогресшіл өкілдері тәрізді Россияның өткен ғасырдағы алдыңғы қатарлы қоғамдық ой-пікірлері негізінде қалыптасты әрі дамыды. Орыстын, аса көрнекті демократ педагогы Бунаковтық патшалық айдауда жүрген кезінде жазған естеліктерінде Россиядағы реформа кезінде Белинский мен Чернышевскийдін революциялық демократиялық идеяларының  әсеріне ұшырамаған бірде-бір  педагог болған жоқ деп  атап көрсетеді. Оқыту  ісінде Алтынсарин жатарылыстану,  орыс  және  қазақ  тілдерінде  айрықша  мән  береді. Ал  орыс  тілін айрықша  мән  беріп,  қазақ  тілімен тең дәрежеде жүргізу жөнінде мұғалімдерге ұдайы кенес беріп отыратын...

Осыған байланысты  бастауыш  мектептердегі басқа пәндердің   окытылуы   орыс   тілі мен   грамматикасын  толық меңгеруге байланысты болып келетін.

Мұның барлығы Алтынсариннің өткен ғасырдағы көрнекті орыс педагогтары (Ушинский, Бунаков және т. б.) негіздеген білім беру теориясын меңгере отырып, оны Далалық аймақтың ерекшеліктеріне бейімдеп орыс-қазақ мектептерінде балаларды оқытудың айрықша үлгісін жасағандығын көрсетеді. Сондай-ақ ол мектептерде «Қөшпенді өмірден енді-енді отырықшылыққа бейімделе бастаған жергілікті халықтық қажетсінулеріне» орай кәсіпке үйретуді енгізеді. Балалар балташы, шебер, темір ұстасы, тағы басқа да кәсіптерге, ал оқушы қазақ қыздарын іш киім, көйлек пішіп, тігуге, бөкебай, түбіт орамалдар тоқуға, аттың қылынан белбеу есіп, шекпен тоқуға, қысқасы — қазақтарда әрқашан жеткілікті болатын шикізат негізінде жұмыс істеуге үйрететін.

Орыс-қазақ мектептерінің окытушыларына көмекші-құрал ретінде Алтынсарин орыс жазушылары мен педагогтарының еңбектерін ұсынатын: Ушинскийдің «Балалар әлемі», Бунаковтын, «Әліппе және мектеп пен үйдегі оқу кітабы», Крыловтың «Мысалдары», Кирпнчниковтың «Грамматикасы», Тихомировтың «Грамматиканың бастапқы курсы. Дұрыс жазу емлесі», Л. Толстойдың «Әліппе және оқу кітабы», Водовозовтың «Оқу кітабы», Лубенцтің «Арифметикасы», Евтушевскийдің «Арифметикасы», Пуцыксовичтің «Географнясы», Острогорскийдің «Орыстардың қысқаша тарихы», Беллярминовтың «Жалпы тарихы», Гуревичтің «Тарихи хрестоматиясы», Фармаковскийдің «Орыс тарихы», Сент-Илердің «Зоологиясы», Гердттің «Минералогиялық қысқаша курсы», Оливердің «Ботаникасы», Крюгердің «Элементарлық физикасы», т. б. [5]

Мектептен тыс оқылатын окулық ретінде мына педагогтардың құралдары пайдаланылатын: Филье «Манызды жаңалықтар мен өнертабыстар», Зубов «Табиғат жайлы әнгіме», Константинович «Химиялык әңгімелер. »

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Ы. Алтынсарин қазақ халқын ілгері дамыту жолындағы жалынды күрескер еді. Ол аймақта бастауыш мектептер мен кәсіптік училищелерін ашу арқылы жалпы және кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады.

 Сондай-ақ ол Қазақстандағы  педагогикалық  білім беру ісінің  де негізін қалаушы. Болашақ ұрпақты  адамгершілікке және Отанды сүюге  тәрбиелеуге маңызды мәселе деп  қарайтын. «Қолдан келгенше Отанға  ету — әр қайсымыздың басты  борышымыз» деп дәлелдейтін еді ол, Алтынсарин жастар мен бүкіл қазақ халқының сүйіктісіне айналғанды.

«Бүкіл Шығыс бөліктің жастары менімен бірге, жабырқауға жол жоқ,  олар мені сүйеді» деп жазды.

Ы. Алтынсарин өз заманының ақыл-ойшылы, ірі қоғам қайраткері. Оның жарқын бейнесі мен іс-әрекетінен қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксегенін біртуар асыл азаматты көреміз. Ыбырайдың бұл арманы Қазан, кейіннен қазақ топырағында толық іске асып, салтанат құрып отыр. Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мұғалімдер ролінің айрықша зор екендігін ескертті. Ол өзінің бір хатында: «Халық - ағарту жұмысы бұл арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміздің де, қазақ мекгептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін...».  «Халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды»,— деп мұғалімдердің беделін жоғары көтерді. Оның ауылдың мұғалімдерге арнаған нұсқау хаттары, сірә, жайдан-жай жазылмаса керек. Озық ойлы ұстаз өзі ашқан мектептерде алғашқы сабақты өзі өткізіп, жас мұғалімдерге үлгі көрсетіп, оларға тәлім-тәрбие беріп отыруы да, мектептердің көпшілігінде жылдық қорытынды емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң талап қоя білу де оның асыл қасиеті екенін көреміз. Алтынсарин мектептерде орыс тілімен қатар қазақтың ана тілін де жеке пән ретінде қарап, оған баса назар аударды. Сөйтіп, ол Қазақстанда ұлы орыс халқының озат мәдениетін таратып, мектептерді ұлттың кадрлар даярлайтын ортаға айналдырды. Ыбырай Алтынсарин өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында істейтін мамандар даярлап шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, маңызы зор игілікті істің негізін салуды арман етті. Бұл арманына ол жете білді. Кейін Торғай қаласында кәсіптік училище ашып, Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастыруға ұйтқы болды. ЬІбырай қазақ балаларын оқулықтармен қамтамасыз етуге де көп еңбек сіңірді. Ол орыстың ұлы педагогы  К. Д. Ушинскийдің «Балалар әлемі» деген кітабын пайдаланды. Сол кітаптың бағытында өзі де қазақ тілінде, бірақ араб әрпімен емес, орыс әрпін тұңғыш қолданып, қазақ мектептеріне тұңғыш оқу құралдарын жазды. Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесінен К.Д. Ушинскийдің,                        Л. Н. Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін қорыта отырып, Ыбырай «Қазақ хрестоматиясы»  және  «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» деген екі кітабын жазды. Ыбырайдың бұл еңбектері қазақ халқы мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға, зор ғылыми табыс ретінде жарыққа шықты.

Информация о работе Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.