Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:32, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың міндеттері:
1) Деректерді салыстыра отырып зерттеу
2) Осы тақырыпты кеңінен ашу.
3) Сол кездегі Қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын толық
ашып көрсету.
4) Тақырыптың өзектілігін көрсету.
5) Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу.

Содержание

Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.

Кіріспе .........................................................................................................3
І – тарау. Ы.Алтынсарин ағартушы....................................................5
1.1 Ы Алтынсариннің өмір жолы.....................................................................8
1.2 Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық
қызметі...........................................................................................................13
1.3 Орыс -қазақ мектептерінің кейінгі халі Алтынсарин қызметінің
маңызы...........................................................................................................16
ІІ – тарау. Ы. Алтынсаринның «Қазақ хрестоматиясы» ......................20
2.1 Ы.Алтынсарин мұғалімнің ролі туралы......................................................23
2.2 Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы.................................................26
Қорытынды ..............................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

ыбырайдын агартушылыккызмети.docx

— 62.49 Кб (Скачать документ)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы:  Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.

 

Мазмұны

 

Кіріспе .........................................................................................................3

І – тарау.  Ы.Алтынсарин  ағартушы....................................................5

1.1  Ы  Алтынсариннің  өмір  жолы.....................................................................8

1.2  Ы. Алтынсариннің педагогикалық  идеялары  мен  ағартушылық 

       қызметі...........................................................................................................13

1.3 Орыс -қазақ мектептерінің кейінгі  халі Алтынсарин қызметінің 

       маңызы...........................................................................................................16

ІІ – тарау.  Ы. Алтынсаринның  «Қазақ  хрестоматиясы» ......................20

2.1 Ы.Алтынсарин мұғалімнің ролі  туралы......................................................23

2.2 Алтынсариннің педагогикалық  көзқарасы.................................................26

 

Қорытынды ..............................................................................................29

Пайдаланылған  әдебиеттер .................................................................31

 

 

Кіріспе.

Жұмыстың өзектілігі:

Қазақ балаларының орыс тілін, орыс ғылымын жеңіл де  тез меңгеруіне мүмкіндік беретін орыс – қазақ мектептеріне де Ы.Алтынсарин зор маңыз берді.

Тақырыптың мақсаты: Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын қайраткерлерінің бірі, халқымыздың мақтанышы, демократиялық бағыттағы ағартушы, тұңғыш педагог, ақын – жазушы Ыбырай Алтынсарин орыс халқының кең арналы білім бұлағынан сусындады. Өзінің  алған білімін туған халқына тарту етіп, қазақ елі үшін оқу – ағарту саласында игі еңбек сіңірді. Ол ағартушылық алғашқы қадамынан-ақ қазақ халқының келешегі ұлы орыс халқының өмірімен, оның мәдениетімен тығыз байланысты екенін ашып айтты.

Тақырыптың міндеттері:

1) Деректерді  салыстыра отырып зерттеу 

2) Осы  тақырыпты кеңінен ашу.

3) Сол  кездегі Қазақ халқының саяси  әлеуметтік жағдайын толық 

               ашып көрсету.

4) Тақырыптың  өзектілігін көрсету.

5) Тақырыптың  тарихи маңыздылығын кеңінен  ашу.

Тарихнамасы:

Қазақ  халқының дарынды перзенті Ы.алтынсарин аса күрделі тарихи кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді.

Жұмыстың зерттелу дәрежесі:

Қазақ  халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.

Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы - демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қоскан үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.  Ыбырай жасаған окулық ең алдымен, орыстың қала берді Европа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз   оларды талғам-талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды  қазақ балаларының  түсінік -танымына  сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына косты. Сөйтіп, ұлы ағартушы-ұстаз халқымызды  білім бұлағынан  сусындатып,  өзге мәдениетті  елдердің  қатарына  қосуға бойыңдағы бар  күш-қуатын,  білімін сарқа жұмсады. Бұл бағьпта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауылшаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады.  Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан. Бұл қыздар мектебі Ырғыздағы қыздар мектеп-интернаты деп аталды. Ыбырай бұл істері нәтижесінде патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырайды.

 

Ы.Алтынсарин ағартушы

Қазақстан мен Орта Азия халықтарының басында болған деспотизмді, мейлінше артта қалғандықты, ілгері даму нышаны жоқтықты, діни фанатизмді Россиянин, бұл халықтарға не бере алатындығымен салыстыра келіп, XIX ғасырдың 50-жылдарында Ф. Энгельс: «...Россия өмірінің шындығы Шығыс халықтары үшін прогресшіл роль атқарды. Россияның мемлекеті Қара теңіз бен Каспий теңізі және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін цивилизацияландырушы роль ойнайды» — деп жазған болатын.

Патшалық құрылыстың отарлау саясатындағы басып алушылық, тонаушылық сипаттарға қарамастан, Қазақстанның Россияға қосылуының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мәдени тұрғыдан объективті түрде прогресшіл мәні болды.

Елді отарлауға байланысты жүргізіле бастаған жұмыстар үстінде қазақ даласына орыс интеллигенциясының келуіне жағдай жасалды. Бұл жаққа келген алғашқы орыс ғалымдары, прогресшіл бағыттағы қайраткерлер қазақ халқын қараңғылық пен надандықтан құтқаруға, оның сана-сезімін оятып, мәдениетке, жаңа өмірге аяқ басуына қызу жәрдемдесу тілегінде болды1.

Орыстың прогресшіл педагогикасында тәрбие мен білім беру мәселесін елдің жалпы өмірімен байланыстыру қажеттігі туралы принциптік позиция нығайды. Россиядағы орыс емес барлық халықтың балаларын өздерінің ана тілінде оқытуды талап етудің өзі шын мәнісіндегі халық ағарту ісін дамытуға мұрындық болды.

ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін Қазақстанда білім беру ісінің формасы діни мектептер мен медреселер болды. Олар балаларға керекті пайдалы білім де, дағды да бере алған жоқ. Алайда балаларды азды-көпті сауаттылыққа үйрету, пайдаға асатындай білім беру міндеті мектептерге жүктелуге тиісті екендігін халық бұқарасы сол кездің өзінде-ақ сезген болатын. Оқу-білім мәселесіне қызыға қарап, құрмет тұтушылық сол   өткен заманның көптеген ақын, әншілерінің, шешендерінің сөздерінен кең орын алған.

Мектептен сабақ алсаңыз,

Алуан, шекер, балмен тең.

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді,—

деген, халық шын мәнісіндегі білім беретін жаңа типті мектептердің қажеттігін айқын аңғарды. Бұл тұрғыда орыстың өнер, біліміне деген халықтың сол заманда қалыптасқан көзқарасы мейлінше тамаша.

«Орысша ғылым білмесе,

Еш пайдаға аспайды

Мұсылманша молданың.» (Әубәкір).

деп мойындады.

Өмір, тіршілік шындығын бейнелейтін кітаптарды қазақ тілінде басып шығару жұмыстары XIX ғасырдың басында-ақ кездесті2. Олар Москваның, Петербургтың, Қазанның баспаханаларында басылды, кейінірек, XIX ғасырдың екінші жартысында, қазақ тілінде газеттер, сауат ашуға керекті жетекші оқу құралдары, сөздіктер, жеке жинақтар, этнография жөніндегі шығармалар жарық көрді; Ы. Алтынсариннің оқулығынан басқа балаларға арналған қолтума, аударма кітапшалар дүниеге келді. Осының бәрі қазақ тілін, оның жазуын дамытуға орыс мәдениетінің игі әсері тигенін дәлелдейді3.

Отар аймақтардағы, соның ішінде Қазақстандағы, халық ағарту ісіне патша өкіметі діни-адамгершілікті уағыздау мақсаты тұрғысынан ғана қарады. «Россияны мекендеген бұратана халықтардың білім алуы туралы шаралар» (1870) атты патша бекіткен документте мынадай түсініктер берілген: әрбір тайпалар мен топтардағы халық ағарту ісі сол тайпаның немесе топтың өзіне тән ішкі сапа-қасиеттеріне — дініне және оқи алу дәрежесіне сай жүргізілуге тиіс делінді. Сонымен қатар мектептің типі, оқыту тәртібі, өтілетін сабақ курсының ұзақтығы тағы басқа мәселелерді анықтау ең жақын жердегі жергілікті училищенің басшыларына тапсырылатын болды. Осы сияқты ағартудың орнына қараңғылыққа бастайтын саясат ұзақ жылдар бойы өмір сүрді. Патша өкіметі қазақ даласында да халық мүддесіне жат мұсылмандық діни оқу формасын мәңгі сақтап қалу мақсатын көздеді. Бірақ ондай мектептерді халық жұмсалған қаржының құнына тұрмайтын және артқан үмітті ақтамайтын мектеп деп қарады, Ы. Алтынсарин ондай діни мектептерге мүлде теріс қарады: «Қа-зақтардың қазіргі материалдық жағдайында түтін басынан тіпті бір сомнан жинаудың өзі де оларға ауыртпалық болып табылмайды, бірақ соны осынау қабілетті де ақыл-ойы алғыр халықты қоғамдық дамудың дұрыс жолымен ілгері апара алатын анағұрлым жетілдірілген мектептерге жұмсаған орынды болар еді»

 

 

 

 

 

 

Ы. Алтынсариннің  өмір  жолы.

   Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы  қазанның 20-шы жұлдызында (қарашаның 1-ші жұлдызы) Орта жүздің қыпшақ  руында дүниеге келген (Қостанай  облысының Затобол ауданы). Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы  кезінде қаза табады да жас  Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді4.

1844 жылы  патша өкіметі Орынбор Шекаралық  комиссиясының жанынан қазақ  балаларын оқытып песірлер мен тілмаштар дайындайтын арнаулы мектеп ашу туралы шешім қабылдайды.

1846 жылы наурыздың 5-ші жұлдызында  Балғожа Жаңбыршыұлы ашылмақ мектепке немересі Ыбырайды кандидат етіп қабылдау жөнінде Орынбор Шекаралық комимсияның председателі генерал - майор              М.В. Ладыженскийге өтініш жасайды. Орынбор шекаралық комиссиясының сол жылғы наурыздың 5-ші жұлдызындағы журналдағы қарары бойынша Ыбырай Алтынсарыұлы жаңадан ашылмақ мектепке кандидат болып қабылданады. [1]

1850 жылдың көкектің 19 жұлдызында  генерал - майор М.В.Ладыженский сұлтан - правительдерге бұйрық хаттарын жібереді, онда қазақ балаларына арналған мектептің ашылар уақыты таянғанын, сондықтан да мектептің ашылу күніне дейін оның болашақ шәкірттеріне қажетті киім мен аяқ киім тігіліп дайын болуы үшін оларды алдын ала жеткізу қажет делінген. Сұлтан - правительдер мектепке түсетін кандидаттар комиссияға шілденің І-ші жұлдызына дейін келуі керек деп хабарлайды. Кейін бұл мерзім тамыздың 1-ші жұлдызына дейін шегеріледі.

Мектепке 8—12 жас аралығындағы балалар қабылданатын Ыбырай 9 жаста еді. Атасы Балғожа Шығыс бөліктің сұлтан - правителі арқылы Шекаралық комиссиядан жол шығының өтейтін қаржы алдырады. 1850 жылы шілденің 21—23 жұлдызы аралығында көп халықты жыйнап той жасап, сүйікті немересі әрі мұрагері Ыбырайға батасын беріп, өзінің сенімді көмекшісі Жетібай Өтемісұлымен (Кенесары шапқыны кезінде ол бесікте жатқан Ыбырайды өлімнен арашалап қалған) бірге Орынборға аттандырады.  Бұлармен бірге аттанған 10 баланың ішінде Жанбайұлы Жұмағұл, Байлымын, Амангелдіұлы Жақып, Айтоқаұлы Еділ ұлы Жолмұқанбет, Мұңсызбайұлы Нұрым, Сегізбай, Қаржасұлы Кұлжан, Көпбергенұлі Көшербайұлы Шамұрат бар еді.

Оқуға түсушілер Орынборға белгіленген жетіп, алдын ала дайындалған жеке меншік пәтерге жайғасады. Мектеп ісінің қамқоршысы, колледж ассесоры  Плотниковтың қатысуымен 1850 жылы тамыздың 1-ші жұлдызында медициналық тексеруден өткізген шекаралық комиссияның дәрігері Майдел оларды оқуға жарамды деп табады.

Мектептің ашылу салтанатына үш бөлікті шалғай жатқан адайлардың да ру басылары да келеді. Ашылу салтанатының программасына сай тамыздың 20 жұлдызы күні күндізгі сағат 12-де генератор   бастаған әскери   және   азаматтық   мекемелердің шенеуніктері мектеп үйін аралап, сол жерде Спас-Преображен шіркеуінің дін   қызметкерлерімен  бірге дұға оқиды. Бұдан соң олар мектептің ішін жатақхана, асхана, аурухананы (изолятор) аралайды. Ал тамыздың 22-ші жұлдызында салтанатқа келген генералдар, штаб офицерлері, азаматтық шенеуніктер көпестер және «азиялықтар» мектепті тағы да Орынбор күмбезді   мешітінің ахуны   Мұсаұл  бастаған «азиялықтар» намаз оқып, артына,  бақылаушысы кеңесші Қукляшев орыс және татар (татар тілінде ахун) тілдерінде оқушылар  мен туыс-туғандарын   мектептің ашылуымен құттықтайды. Бұдан соң унтер-офицер мен мектеп бақылаушысының қадағалауымен екі-екіден сапқа тұрған оқушылар мектеп асханасына барып  мерекелік дастарқаннан  түстік ішеді, ал көпшілік жатақхана үйінде дайындалған дастарқанға шақырылады.   Сөз сөйленіп,   оркестр  гимн  ойнайды5.

Ертеңінде қала сыртындағы татар слобо, алыстан келген қазақтарға арнайы мереке ұйымдастырылып, түрлі ұлттық ойындар мен рәсімдерге жалғасқан  үлкен қонакасы беріледі.

        Орынбор өлкесінің отаршыл әкімшілігі  мен қазақтың салт-дәстүрлері мен рәсімдерін сақтау үшін барлық жағдайды жасайды. Осыған байланыс оқушыларды көшпенді тұрмыстан «аулақтатуға қайта дала өмірінің қатаң жағдайында оларды шынықтыруға бейімделді. Осыдан келіп оқу процесі де қазақ) 2—аулының көшпенді тұрмысына мейлінше жақындатылады.

Осы мақсатпен Орынбор шекаралық комиссиясы мектеп ашылар жылдың (1850 ж.) жазында оқушыларға арнап ішінде керек-жарақтың бәрі бар, ұлттық киім-кешек, көйлек-дамбал, аяқ киім, кітапханасы, денені шынықтырумен   айналысатын кұралдары, мал дәрігерлік құралдары бар 4 ак киізден жасалған 1 коңыр үй (ас үй) және де бұларға арнап бір үйір сауын биелері мен керемет ер-тұрманы бар мініс аттарын сатып алды, бұл оларды салт атқа мінуге үйрететін әрі қымызбен қамтамасыз ету үшіп керек болды.

  Екі ай бойы олар Орынбор маңындағы далалы жерлерде (көшпелі тұрмыс жағдайында) оқитын; ал мектепте оқыған кездерінде оларға қазақтың ұлттық тағамдарын беруге барынша назар аударылатын.

Ыбырай мектепке қабылданған соң оның жанына еріп еріп келген қамқоршысы Жетібай Өтемісұлының аулына қайтуына рұқсат етіледі. Алайда Ыбырай Шекаралық комиссияның төрағасынан оның қала тұруын аса өтінеді. Оның бұл тілегі қанағаттандырылады. (Орынбор шекаралық комиссиясының мәжіліс журнәлы 1850 жыл, тамыздың 9-шы жұлдызы).

Орынбор әкімшілігінің Өтемісұлын үйіне қайтаруға жасаған кезекті әрекеттеріне қарамастан Алтынсарин үсті-үстіне асқан табандылықпен оны қайтармауын өтінумен болды, нәтижесінде әкімшілік Өтемісұлын әуелінде бір жылға, кейін оқу аяқталғанша, Шекаралық комиссиясының мәжіліс журналында жазылғандай, тұрмыс ақысын төлеп қалдыруға мәжбүр болады.

Мектеп  оқушыларына (басқа пәндермен қатар) орыс, араб, татар және парсы тілдерін оқытатын. Бұл мектепті тәмамдаған қазақ баласы тәртіп бойынша аталмыш тілдермен қатар мұсылман дінінің кағидаларын да біліп шығатын. Мектеп бақылаушысының жылдық есебіндегі оқушылар бүкіл оқу кезеңінде грамматикалық ережелерді қатаң сақтай отырып ауызша айтылғандарды жатқа жазумен айналысатын. Олар шығыстың яғни, татар, араб, парсы тілдерінде көркем жазу үлгісі бойынша жазатын. Мұсылман дінінің шариғаттарын Орынбор мешітінің ахуны Ғұсман Мұсаұлы үйрететін де, ал араб, парсы, татар тілдерін белгілі шығыстанушы Мірсалық Бекшораұлы оқытатын. Шәкірттер мұсылман дінінің иман-шарт пен сүреге енген барлық қағидалар мен заңдарын өтетін. «Құранды бүкіл оқылу ережелерін сақтай отырып жатқа оқитын»— делінген есептердің бірінде «...олар (шәкірттер — Б. С.) қасиетті кітап Мұқтасарға дейін оқитын және құранның сүрелерін түсіндіре алатын...»—деп көрсетілген тағы бір есепте.

Информация о работе Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.