Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:32, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың міндеттері:
1) Деректерді салыстыра отырып зерттеу
2) Осы тақырыпты кеңінен ашу.
3) Сол кездегі Қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын толық
ашып көрсету.
4) Тақырыптың өзектілігін көрсету.
5) Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу.

Содержание

Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.

Кіріспе .........................................................................................................3
І – тарау. Ы.Алтынсарин ағартушы....................................................5
1.1 Ы Алтынсариннің өмір жолы.....................................................................8
1.2 Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық
қызметі...........................................................................................................13
1.3 Орыс -қазақ мектептерінің кейінгі халі Алтынсарин қызметінің
маңызы...........................................................................................................16
ІІ – тарау. Ы. Алтынсаринның «Қазақ хрестоматиясы» ......................20
2.1 Ы.Алтынсарин мұғалімнің ролі туралы......................................................23
2.2 Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы.................................................26
Қорытынды ..............................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

ыбырайдын агартушылыккызмети.docx

— 62.49 Кб (Скачать документ)

Бүкіл оқу кезеңінде Алтынсарин тек қана «үздік» деген бағалармен оқиды, сол үшін оған әлден алғыс та жарияланады. 1853 жылы мамырдың 31 жұлдызында жазылған «Сынақ актісінде»—үздік үлгерімі мен көргенділігі үшін барлық оқушылар Алтынсаринге алғыс жарияланады. Сол жылғы мамырдың 31-жұлдызындағы «Бітірушінің сынақ актісінде былай делінген: «Сынаққа қатысушылардың қорытындысы бойынша, үздік үлгерім мен көргенділігі үшін мақтау қағазымен III кластан Құлыбеков, Қоспақов, Мұңсызбаев, Алтынсарин және Көшербаев, II клас Саматов наградталады». Мектепті алғаш бітіруші оқушы болса, оның 8-і келесі жылға қалдырылады.

Мектепті тәмамдаған соң Ы. Алтынсарин пәндері мен олардан алған бағалары қойылған, Орынбор шекаралық комиссиясының председателі мен мектеп қамқоршысы әрі бақылаушысының тиісті қолдары қойылып, Орынбор шекаралық комиссиясы мен мектеп қоршысының мөрлерімен бекітілген куәлікті алады. Қуәлікпен бірге 1857 жылы тамыздың 31 де куәлікті алғаны жөнінде Мұхамеджан Жантөринге Алтынсариннің өз қолымен жазған колхаты жетіп отыр.

Мектеп бітірушілерді шығарып салудың ресми салтанатында сұлтан-правительдерге олардың қандай қызметке пайдаланылатыны жөніндегі бұйрық тапсырылып, салтанаттың аяғы тойға ұласады. Туған ауылдарында олар арнайы үлгімен тігілген киімдермен оралалады6.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы. Алтынсариннің педагогикалық  идеялары  мен

ағартушылық  қызметі.

 

Ы. Алтынсарин мектепті тәмамдағаннан соң үш жылға таяу  (957 -  1859 жыл аралығында) Орынбор шекаралық комиссиясы тағайындаған қыпшақтардың ұзын әскери старшыны атасы Балғожа Жаңбыршыұлына тілмаштық қызмет атқарады. Кейіннен, 1859 жылғы тамыздың І-ші жұлдызынан бастап Орынбор облыстық басқармасында кіші тілмаш қызметінде болады. І960 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай қаласында) қазақ балаларын оқытатын бастауыш мектеп ашуды жүктейді әрі өзі сол мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып тағайындалады.

Шалғай жатқан қалашықта мектеп ашу ісі оқайға түспейді: қаражат, мектеп үйі, оқулық дегендер атымен жоқ еді. Бұл маңызды іске облыстық басқарма да, жергілікті орындар да салғырт қарайды. Алайда бұл кедергілер Алтынсаринге тосқауыл бола алмайды. Ағарту ісіне жан-тәнімен құлшына кіріскен ол ауыл-ауылды аралап халыққа білім берудін, маңызын түсіндіреді. Әрі қолдау да табады. Жергілікті халықтан қаржы жинап алған соң мектеп үйін салуға шұғыл кірісіп, көп ұзамай салынып бітеді. Бұл ғимарат күні бүгінге дейін сақталған. Құрылыс ісі жүріп жатқан кезде бекініс комендан-тына тілмаштық қызмет атқара жүріп, Ыбырай ауылдан 4 бала алдырып өз үйінде оқыта  бастайды. 1864 жылы каңтардың 8-ші жұлдызында көп халық жиналып салтанатты түрде мектеп ашылады. Ақындар айтысып, той жасалған бұл мерекеде 14 бала мектепке жазылады. Біраз уақыт өткен соң тағы да екі бала қосылады. Халықтан жиналған қаржы есебінен мектеп жанынан балаларға интернат ашылады7.

1864 жылы  наурыздың 16-шы жұлдызында Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Балаларды оқыту ісіне мен құлшына кірістім, мені ерекше таңдандырған нәрсе — бұл балалар не бары үш айдың ішінде оқуды тіпті орысша, татарша жазуды да үйреніп алды».

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылык қызметі осылайша басталған еді. Ы. Алтынсарин дүниетанымының қалыптасуы помещиктердің езгісіне қарсы өрістей түскен шаруалар көтерілісінен сескенген патша өкіметінің крепостниктік тәртіпті жоюға мәжбүр болып отырған кезеңіне тұспа-тұс келеді. Россиядағы крепостниктік правоның жойылуы капиталистік өндірістіқ жылдам дамуына, революциялық демократиялық қозғалыстың күшеюіне әкеліп соқты. Н.Г. Чернышевский, И.А. Добролюбов,                  А.И.Герцен және басқа да Россияның түрлі демократиялық интеллигенциясы орыс халқын самодержавиеге қарсы күреске үндеді; экономикалық демократиялық мәдеииет пен өнердің даму жолдарын нұсқады.  Белинскийдің, «Гогольге хаттары», Чернышевскийдің «Не істеу керек» романы, Некрасовтың «Орыс әйелдері» поэмасы алдыңғы қатарлы интеллигенция арасында кеңінен танылып зор беделге ие болды.

Санкт-Петербург университетінің оқытушы, татар оқымыстысы Құсайын Фаизхановтың Н. И. Ильминскийге жазған екі хаты бізге белгілі. Алғашқысында, қазанның 4-де жазған  хатында  ол, сол  жылы  жазда  Орынборда болған кезінде Орынбор шекаралық комиссия тілмашы Ыбырай Алтынсарин мен танысқанын айта келіп, Ильминскийден Алтынсаринге жазған хатын табыстауын өтінеді. Н. И. Ильминскийге жазған хатында  келесі бір (1862, қаңтар) Қ. Фаизханов өзінің қазақ досы Ыбырай Алтынсарин жайында аса жылы лебіз білдіреді. Ы.Алтынсарин мен Фаизхановтың танысуы Уалихановтың Петербургте болған кезеңімен тұспа-тұс келеді екен. Ол осы Ильминскийге жазған екінші Петербургте Ш. Уәлихановпен болған кездесуі жайында жазады. Уәлиханов туралы жылы лебіз білдіре отырып, Қазан гимназиясындағы оқитын оның кіші інісіне қамкор болуын өтінеді. Бұл деректерден Ш. Уәлиханов,  Ы. Алтынсарин бір-бірін сөзсіз білді деген қорытынды  жасауға болады8.

Сондай-ақ Ы. Алтынсарин мен А. Құнанбаевтың таныстығы да күдік тудырмайды. Олардың творчестволық толысу кезеңдері хронологиялық жағынан тұспа - тұс келеді. Бұл қазақ  ағартушыларының екеуі де қазақ жерінің түкпір-түкпірінде танымал болатын. Ы. Алтынсарин болса Торғай облысы мсктептерінің инспекторы  сынды аса жауапты кызметте болды, оның «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға  орыс   тілін үйретудің бастапкы құралы» тәрізді кітаптары бүкіл каз ақ жеріндегі орыс-қазақ мектептеріндегі оқу құралына айналған. Бұл екі жайттың Абай назарына ілікпеуі мүмкін емес.  Сондай-ақ Қарқаралыға көршілес Торғай уезінде өмір сүріп, қызмет еткен Ыбырай да Абай сынды атақты ақын әрі «төбебиді» білмеуі мүмкін емес. Оның үстіне олардың поэзиялық шығармалары сюжеттік әрі стильдік жағынан көп жағдайда ұксас болып келеді. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Ол кезде облыс Елек, Ырғыз, Торғай және Николаев (Қостанай) болып 4 уезге бөлінетін. Торғай облысы қазіргі Қостанай және Торғай облыстарының едәуір бөлігін, Ақтөбе облысын және РСФСР құрамындағы Орынбор облысының тсрриторияларын қамтитын.  Алтынсарин ол кезде Орынбор губерниясынын, құрамына енген Троицк қаласындағы халық ағарту ісін де тікелей өзі басқаратын еді.


Ы. Алтынсариннің тікелей өз инициативасымен қазақ жерінде жұртшылыққа арналған бүтін бір мектептер жүйесін құруы — оның тендесі жоқ тарихи қызметі болып табылады. 

Орыс-қазақ  мектептерінің кейінгі халі.

Ы. Алтынсарин қызметінің маңызы

 

1897 жылғы санақ бойынша шығыс аймақтардағы орыстан басқа ұлттардың арасындағы сауаттылық бар болғаны 1—2 процент еді. Егерде сол кезде болған орыс-қазақ мектептерінің жалпы санын алатын болсақ, онда қазақ халқы бар әрбір әкімшілік болысқа бір мектептен де келмейді.

Бірақ, осындай жағдай бола тұрса да, патшалық оқу әкімшілігі қазақтардың мәдени тілектеріне «бұратаналар» деп менсінбей қарауын тоқтатқан емес. Облыстардың губернаторлары өздерінің есеп берулерінде мектептердің жоқтығын қазақ халқының білім алудың қажет екендігін ұғынбағандығынан деп түсіндірген, осы есеп берулерінде халықтың өздері ашқан «жазғы мектептердегі» оқушы балалардың саны туралы болыстық старшындардан жиналған (өте асырып айтылса да) цифрлы мәліметтер келтірген.

Губернаторлардың есеп беру мәлімдемелері бойынша, Торғай уезінің бір өзінде 887 оқушысы бар 76 мектеп, Қостанай уезінде 85, Ақтөбе уезінде 73 мектеп көрсетілген. Ырғыз уезінде бұл мектептерге 659 бала тартылған.

Фальборк пен Чернолусский жинаған ресми мәліметтері бойынша 1896 жылы:

Ақмола  облысында    14 мектеп  607 оқушы

Семей           „              16        „        1164        „

Жетісу          „            316        „      6952          „

Орал             „            206       „        4926         „    болды.

Бірінші орыс революциясы кезінде шет аймақтарды қамтыған ұлт-азаттық қозғалысы халықтың басты мүддесінің бірі — мектеп мәселелерін қозғамай тұра алмады.

Қазақ ауылдарында жаңа методты мектептер (әсіресе жазғы уақытта) ашыла бастады. Бұл мектептерде оқу ана тілінде өткізілді, сауаттылыққа үйрету, жаңа (дыбыс) методпен жүргізілді, жалпы білім беретін пәндер жөнінде кейбір мәліметтер беріліп отырды. Осындай 100 шақты стационар типтес мектептер ашылды (қалаларда мектеп оқушыларының құрамында қазақ, татар балалары аралас болды); бұл мектептер иесінің атымен аталды. Мысалы, Семей облысындағы Қарқаралыда «Якубия» мектебі, Қатонқарағай болысында Ережеповтар мектебі (мұнда Торайғыров мұғалім болған), Жетісуда — Қапалдағы Мамановтар мектебі.

Қазақтардан шыққан мұғалім кадрларының аздығына және оқулықтардың жоқтығына байланысты жұртшылық татар мұғалімдерін шақыратын (олар Троицкідегі — Расулие, Орынбордағы — Хұсаиние, Уфадағы — Ғалие медреселерінің оқушылары). Оқу кітаптары ретінде жаңа методты мектептер татар тіліндегі құралдарды пайдаланатын. Бұл жаңа методты мектептер молдалардың оқытуымен салыстырғанда бірталай алға басқандық еді.

Көбінесе татар тілінде оқытатын жаңа методты мектептер әлі халық тілегіне сай ана тілі типтес мектеп бола қойған жоқ еді.

Сонымен халықтың мектеп құрылысына деген ынтасы орасан зор бола тұрса да, халық тарапынан молдалар ұстауға және жаңа методты мектептер мен орыс-қазақ мектептеріне көп қаражат жұмсалғанына қарамастан, қазақ балалары олардан болмашы ғана білім алды, оның өзінде де ана тілінде емес.

Реакцияның күшеюі салдарынан, орыс-қазақ мектептері бұрынғы оқу жоспарлары мен программаларын едәуір өзгертті; мектепте ана тілі іс жүзінде біржола оқытылмады, Алтынсарин уақытындағы мектепте тіл мәселесін шешуде пайда болған біраз жарық сәуле тағы да сөнді. Алтынсариннің қазақ хрестоматиясы қайта басылып шықпады, ал оның жоғары кластарға арнап құрастырған хрестоматиясының екінші бөлімі Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін баспадан мүлдем алынып тасталды.

Ильминскийдің миссионерлік системасын енгізу және нығайту үшін патша үкіметі қазақ мектептері үшін қазақ тілі құралы ретінде діни-мистикалық мазмұнды черносотеншіл кітапшаларды басып шығарып отыруға дем беріп отырды. 1905 жылғы революциялық қозғалыстың ықпалымен шыққан «шығыс және оңтүстік-шығыс Россияда тұратын «бұратаналарға» арналған бастауыш училищелер туралы Ереже» (1906 жыл) өте аз уақыт өмір сүрді.

Егер орыс-қазақ мектептері Торғай облысында кең тарады десек, Қазақстанның басқа облыстарында жағдай тіпті нашар болды. Қазақстанның басқа облыстарында (Семей, Ақмола, Жетісу, Орал) бір кезде Алтынсарин ұнатпаған істі былай бастады: Ақмола, Семей облыстарының генерал-губернаторы мектептің ең арзан түрі ретінде қарапайымдалған ауыл мектебін лайықты деп танты, негізінен бүл мектептің басты мақсаты — балаларды орысша хат тану элементтеріне үйрету болды, бұл мектептің жалпы білім беру маңызын жойды. Семей және Ақмола облыстарындағы қазақ мектептерін басқару үшін 1902 жылдың   1   январынан бастап халық училищелерінің директоры деген қызмет белгіленді, ал 1903 жылдың 1 декабрінде Семейде оқытушылар семинариясы ашылды. 1902 жылы оқу ведомствосы (мекемесі) отыз шақты жаңа училищелер аша алды.

Орыс — жергілікті ұлт мектептерінің, әсіресе Қазақстанның ауыл мектептерінің, қандай аянышты халде болғанын халық училищелері директорлары мен инспекторларының 1912 жылы Уфа қаласында өткізілген съезд материалдары анықтайды. Орал облысы мектептерінің инспекторы Миронов, қараңғы және лас жер үйлерде орналасқан ауыл мектептерінің аянышты халін суреттеп берді. Ауыл мектептерінің мұғалімдерінің бәрі дерлік қазақ қоғамдарынан қаржы алып тұрды. Көбінесе, 2 кластық орыс-қазақ училищелерінің курсын бітірген, кейде тіпті тек бір кластық училищелерде ғана оқыған адамдар мұғалім болып тағайындалатын. Соның салдарынан ауыл мектептері жергілікті халықтың алдында беделін жоғалтты.

Торғай облысы инспекторының хабары бойынша (сол съезде) осы облыстағы екі кластық училищелер мен болыстық мектептер орыс-бұратана білім орнының негізін қалаған түрі деп есептелді (біріншісінде алты жылдық, екіншісінде төрт жылдық оқу қурсы болды). Бұл мектептер орыс селоларына немесе олардын, маңайында орналасып, орыс жұртшылығына да, қазақ жұртшылығына да қызмет ететін. Мектептер жанында қазақ оқушыларына арналған интернаттар болды. Бірақ, ауыл мектептері Торғай облысында да өте ауыр жағдайда болды.

Патша әкімшілігі ауыл мектептерінде оқу жұмысын жақсарту үшін ешқандай шара қолданбады. Ауыл мектептерінің маңызын біраз көтеріп, оларға қазақ балаларын, әсіресе ауқатты адамдардың балаларын тарту үшін мынадай талап қойылды: бұл талапқа сәйкес, болыс, би, ауылнай тағы сондайлардың қызметін атқаратындардың орыс-қазақ училищелерін бітірген куәліктері болуы міндетті еді.

 

                           Ы. Алтынсаринның  «Қазақ  хрестоматиясы».

Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің шәкірттеріне арналған екі оқу құралын жазуды аса кажет деп біледі.  Оқулықтарды құрастыру ісіне ол Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалмастан бұрын кіріседі. Бұл оқулықтарды құрастыруды ол 1879 жылы тәмамдайды да сол жылы облыстық ннспекторлық қызметті атқара жүріп «Қазақ хрестоматиясы» қазақтарға орыс тілін үйретудің бастапқы құралы, кітаптарды жарыққа шығарады.

Бұл екі кітапты басып шығару үлкен енбек етеді. Өйткені ол кезде Орынборда қалыптасқан графиялық база жоқ еді, оның үстіне Алтынсарин енгізген орыс графикасына негізделген жаңа қазақ  алфавитімен қазақ кітабын басып шығару оңай болмайтын.

Орыс графикасына негізделген қазақ алфавитін жасауға Торғай және Ырғыз бекіністеріндегі далалық ағарту мектептерінің мұғалімдері мен жоғары класс оқушыларын тарта отырып, Алтынсарин бұл іске уақытын жұмсады9.

Корректор болмаған себепті   Алтынсарин басылымын өзі қадағалап, кітап жарыққа корректурасына дейін өзі оқуына тура келді.

  «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға үйретудің бастауыш құралы» екі мың  дана жарық көрді де, Қазақстанның түкпір-түкпіріне тарап кеткенді.

«Қазақ хрестоматиясы» К. Д. Ушинскийдің «Балалар  әлемі» және басқа да орыс классикалық педагогтарының үлгісінде жасалды. Ол мынадай бөлімдерден  тұрады.

1. Тақпақтар, балаларға арналған  әңгімелер, оқушылардың туысқандарына хат жазу  үлгілері;

 2. Үлкендерге арналған әнгімелер;

3.  Ауыз әдебиетінің үлгілері;

4.  Мақал-мәтелдер.

«Қазақ хрестоматиясының» кіріспе мақаласында Алтынсарин: «Бұл тұрғыда жазылып отырған еңбек ретінде хрестоматияның бәлкім кейбір кемшілік  жақтары бар шығар, алайда бұл кітап ізсіз  қалмас, алғашқы оқу кітабы ретінде өзінің міндетін орындайды деген үміттемін» деп жазады. Автордың бұл кітаптың нендей мақсатта жазылғаны айқын  аңғарылады. [6]

Информация о работе Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.