Тәрбиенің әдістері, құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 06:00, лекция

Краткое описание

Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тәрбие әдістері.doc

— 117.50 Кб (Скачать документ)

- қатысушылар  құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);

- тұтас педагогикалық  процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);

- таным іс-әрекетінің  сыныпта және сыныптан тыс  уақыттағы байланысы (бірлесіп  жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс,  білімді тексеру, оқу жағдайындағы  кездесу т.б.)

- оқушылардың сыныптан  тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).

 Тұтас педагогикалық  процесті ұйымдастыру формалары  әдістер мен әдістемелік тәсілдер  арқылы жүзеге асады. Тәрбие  әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін  шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.

Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық  процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік  тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.

Педагогикалық процестің  қозғаушы механизімінің негізгі компоненттерінің өзара байланысы кесте түрінде 1 суретте.

Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің оқу кезінде  және оқудан тыс кезде қолдану  аясына қарай өзіндік ерекшеліктері  бар. Оқу процесінде негізгі әрекеттің  түрі таным болып табылады. Бірақ  іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет түрлері оқушының тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды. Оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын элементтерімен, өнер құралдарымен, қарым-қатынаспен сабақтасып жатады. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ғана емес, оқушының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы педагогикалық технология, ұжымдық танымдық іс-әрекет мысал бола алады.

Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.

Сабақ – оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар көңінен қолданылуда.

Оқушылардың сыныптан тыс  іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту  мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданьшуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардын ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.

 Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан  тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.

 

Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.

 Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.

 Құрал-жабдықтар  белгілі гигиеналық, эстетикалық,  экономикалық, инабаттылық, құқықтық  талаптарға сай болуы шарт.

 Педагог даралығына негізделген əдістер мен құрал-жабдықтар бірлігі тəрбиелік іс-əрекеттер формасына арқау болады.

 «Форма»  терминінің мəні: 1) тəрбие процесінің  сырттай көрінісі; 2) тəрбиелік жұмыстардың  сырттай көрінуін қамтамасыз  ететін ұйымдастыру тəсілдері  мен тəрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тəрбиеленушілердің ұжымдық жəне жеке-дара іс-əрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма – бұл тəрбиелік істер процесіндегі тəрбиеленушінің тəрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.

 Тəрбиелік  жұмыстар өз кезегінде төмендегі аталған тəрбиелік қызметтерді орындайды:

- ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тəрбиелік жұмысқа  қатысушылардың өзара ықпалды  əрекеттерінің қисынын (логикасын)  бейнелейді;

 

Тәрбие практикасында  тәрбие процесінің сыртқы тұлғасы қалыптасқан  тәрбие формасы деген ұғым жиі ұшырасады. Тәрбие процесінің  нәтижесі  көбіне  оның  ұйымдастыру формаларына  байланысты екені анықталады.

Тәрбие формасының  әртүрлі классификациясы бар. Оқушыларды ұстаған тәрбие процестерінің көлеміне қарай тәрбие формалары индивидуалды,  микрогруппаға арналған форма, ұжымдық  және көптік болып бөлінеді. Тәрбиеленушілер көбейген сайын тәрбиеленушілердің тәрбие сапасы өседі.

Берілген педагогикалық  тапсырмаларға  байланысты тәрбие жұмысы үш ке бөлінеді:

1) Оқу процесіндегі  басқару және өзін- өзі басқару формасы (жиналыс, митингі, апта жаңғырығы, куратор сағаты т.б);

2) Таным формалары ( экскурсия, саяхат, газеттершығару т.б.);

3) Көңіл көтеру формалары (кеш, КВН және т.б.);

Әрбір тәрбие формасы педагогика процесінің  бір ғана тәрбиелік  тапсырманы орындап қоймайды. Осылайша көңіл көтерумен тәрбие формалары  оқушылырдың  интелектуалдық,  рухани сай бола келе, оның денсаулығының нығаюына ықпал етуі керек. Бірақ бұл процесс өткізудің, ұйымдастырудың, дайындықтың жүйелі, дұрыс жасауында ғана жүзеге асады.

Негізгі тәрбие процесінің формасы ретінде басқа классификация:  сабақ ( лекция, семинар, практика, диспут, саяхат сабақтары); құжаттар (пәндік, техникалық шығармашылық, экономиялық және экономикалық білімдер, өзіндік шығармашылық);  қызығушылық тұтастықтары ( фото мен киностудия, интернет-клубтар,  мәдениет университеттері, стройотрядтары, спорттық секциялары т.б.).

Тәрбие жұмысындағы ең кең таралған формасы сынып сағаты болып табылады. Бұл тәрбие формасы оқушыны  адамгершілік , эстетикалық, құқықтық, әлде басқа тәрбие түрлерін үйрету қажеттілігінен туындаған. Сынып сағатының  басты компоненті болып  оқушының  алдын – ала жоспарланған тақырыбының оқушылырмен бөлісуі болып табылады. Сабақтан тыс қызығушылықтары, оқу процесіндегі  жүргізілген жұмыстар болып табылады.

Жиі қарастыратын тәрбие жұмысының бір формасы  – жиналыс. Жиналыс оқушының өзін-өзі  басқарудың  жоғарғы формасы түрінде  қарастырады. Жиналыс мәселесі  алдын-ала  анықталады және талқыланатын сұрақтар саны 1-3 тен аспауы керек. Әрбір сұраққа қатысты доклад оқылып, ол талқыланып, шешім қабылданады. Жиналысты  таңдаулы мүше немесе  оқушының  өзін — өзі  басқару ортасының  басшысы өткізеді. Талқыланған мәселелер тізбегі мен қабылданған шешім  жиналыс протоколына тіркеледі. 2. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама

 Тəрбие жұмыстары  формаларын түрліше топтастыру  мүмкіндіктері бар. Бір форманың  басқаларынан ерекшеленуі төмендегі  шарттарға тəуелді:

- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат,  минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);

- тəрбиеленушілер  қызметтерінің түрі: оқу, еңбек,  спорт, көркем өнер;

- педагогтың  ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама;

- нəтиже: ақпарат  алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық  мəнді өнім;

- қатысушылар  саны: жеке-дара (тəрбиеші –тəрбиеленуші), топтық (тəрбиеші –оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші –бірнеше топ) формалары.

 Қатысушылар  санымен ажыралған тəрбиелік  жұмыстардың кейбір формаларының  ерекшеліктерін қарастырып көрейік.

 Жеке-даралықты  тəрбие формалары: əңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жəрдем, проблема шешімін бірлікті іздестіру. Тəрбиеші міндеттірі: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.

 Ұжымдық  шығармашыл жұмыстар формалары:  дəстүрлі тапсырмаларды кезегімен  ауыстырып бару, сюжетті-ролдік ойындар,  ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.

 Топтық тəрбие  формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық  топтар, өзіндік басқару кешендері,  шағын үйірмелер. Тəрбиеші міндеттері: əр оқушының өзін танытуға жəрдемдесу, топ мүшелерінің бəріне бірдей мəнді нəтижеге жету жағдайларын жасау.

 Ұжымдық  тəрбие формалары: конкурстар, сахналық  қойылымдар, əн-күй кештері, үгіт  бригадалары, саяхат-шерулер, спорт  жарыстары.

 Тəрбиелік  іс-əрекет формаларының əрбіріндегі  тəрбиешінің ролі мен орны  əрқилы. Олар тəрбиеленушілердің  жас ерекшеліктеріне, тəрбие мақсаттарына  байланысты.

 Тəрбие жұмысының  формасы ұжымдық шығармашылық  түрінде болуы мүмкін. Мұндай  ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тəрбиеленушілер ересектермен бірлікте жəне олардың басшылығында жаңа тəжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды.

 Ұжымдық  шығармашылық жұмыстар əдістемесі  негізін қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу жəне бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды.

 Ұжымдық  шығармашыл жұмыстарды дайындау  жəне өткізу бірнеше кезеңнен  тұрады.

 Бірінші  кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.

 Екінші кезең  – басқарушы топ алдағы жұмыстардың  бағыттарын белгілейді, қатысушылар  өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар  талданады, ниетке алынған істердің  жалпы бағдарламасы пайда болады.

 Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының , құрал-жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады.

 Төртінші  кезең – тапсырмалар бөлістіріледі,  тəрбиеленушілердің баршасын түгелдей  қамтыған жеке-дара, топтық, ұжымдық  іс-шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.

 Бесінші  кезең – тəрбиеленушілердің бəрі  өз борышына алған шығармашыл  жұмыстарды дайындауға кіріседі.

 Алтыншы  кезең – дайындалған тəрбиелік  шығармашыл іс өткізіледі.

 Жетінші  кезең – тəрбиелік іс-шара  өткізілгеннен соң ынталы топ жəне ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.

 Аталған  жеті кезеңнің əрқайсысының орындайтын  өзіне тəн міндет, қызметі бар.  Атап айтсақ, бірінші кезеңде  - өзіндік басқару кешенін түзу  тəжірибесі қалыптастырылады, тəрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет-сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде –топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды; үшінші кезеңде –қызмет бабына, іскерлікке дағдыланады, табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - əлеуметтік тəжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастырушылық сапалары тұрақтанады; бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой-пікірлерін хаттау, іс-шараға сай безендіру əрекеттері нығайып, тəрбиеленушілердің өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде - əртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға араласа отырып, тəрбиеленуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз əрекеттері мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.

 Ұжымдық  шығармашыл іс-əрекеттерді ұйымдастырушының  төмендегі технологиялық ұстанымдарды  ескергені жөн:

- ұжым мүшелерінің  саны 7-9-дан 25-30 адамға дейін болуы  мүмкін. Қатысушылар саны шектен  тыс көбейіп кетсе, іс тиімділігі  күрт төмендейді;

Информация о работе Тәрбиенің әдістері, құралдары