Тәрбиедегі мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 09:36, реферат

Краткое описание

Тәрбиенің жүйелілігі, комплекстілігі, бірізділігі, үздіксіздігі «тәрбие ісі» деген түсінік береді. Бүны соңғы кезде теоретиктер мен практиктер көп қолданып жүр. Тәрбие ісі — тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір түрі (формасы).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеке тұлғаның тәрбиесі.docx

— 42.35 Кб (Скачать документ)

Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

3. Акселерация оның әлеуметтік  және педагогикалық мәні. Адамның  өсіп жетілуінде белгілі заңдылық  болады. Ал, бұл заңдылық әр балада  әр қалай болады. Баланы дұрыс  тәрбиелеу үшін олардың жас  және дара ерекшеліктерін білу  қажет.

Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке  жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке  жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы  жылдары айқындалған күрделі  өзгерістердің бірі - ағзаның жедел  дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің  жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация  құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі  жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары  қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары  ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына  төзімсіз келуі анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай  тез өсетін ағзада жүрек тамыр  жүйесінің дамуы бірнеше есе  қалыс қалады да, өз міндеттерін  атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады. (соңдықтан  ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы  өзінің борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы  мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп  отыруы қажет.

Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен  бірге радио толқындардық және географиялық-климаттық  жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине  акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені  бұл әлі де зерттеуді қажет  етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің  үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара  байланысты бірнеше факторлардың ыңпалымен  жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып  табылады.

4. Белсенділік, оның түрлері  және тұлға дамуындағы рөлі. Адам  белсенділігінің табиғатын тани  білу, еңбек және моральдық белсенділік  дәрежесі бойынша адамның қоғам  мен ұжым үшін жарамдылығын  жете анықтау мұғалімнің басты  міндеті.

Белсенділік - адамның іс-әрекеті  үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның  қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

Бала белсенділігінің ең алғашқы  формасының бірі - қарым-қатынас жасау  белсенділігі. Бұл адамның бүкіл  өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа  адамдар мен қарым-қатынас жасау  белсенділігінің мазмұны өзгеріп  отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар  ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле  қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін  ырықтм немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің  әрекеттеріне және олармен өзара  қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару барысында байқалады. Ойын барысында  балалардың құрдастарымен өзара  қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды  атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс  қатынастарының мазмұнын түсінеді.

Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін  дамытады.

Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік  туғызады. Баланың даму барысында  таным белсенділігі артады.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу  ісін жетілдіру үшін олардың жас  және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында  сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс  істей білуге үйрету - мұғалімнің басты  міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт  ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен  ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі  тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар  беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы: сынып старостасы, тазалық  комиссиясының төрағасы болу, т.б. Осындай  тапсырмаларды сапалы дер кезінде  орындап отыруға балаларды үнемі  жаттықтыру мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың  жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі  дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық  білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан мұғалім  әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші қиыншылықты сезісімен-ак; қоғамдық тапсырманы орындаудан бас  тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек  бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап  ете білу керек. Сонда ғана ба-ланың  ісінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудық қажет екенін сезінеді.

Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста  көрсетсен белсенділігіне қарап  оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.

5. Бала туралы синтездік, комплекстік  ғылым болып табылатын педогогия  ғылымының басты "айыбы"- балалар  мәселелері мен әр типті мектептердегі  шәкірттердің жан жүйесін өрттеуде  сауалнама мен тест әдістерін  шамадан тыс пайдалануы, сондай-ақ  осы ғылымның "Бала ой-өрісінің  дамуы түрліше болып, әлеуметтік  ортасына қарай олардың ойы,  зердесінің деңгейі біреуде жоғары, біреуде төмен болады," - деген  тұжы-рымдарды жалған деп есептелуі.

Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогиясы, физология, психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы жан-жақты  мағлұмат беретін синтездік ғылым  болып табылады. Х.Досмүхамедұлының педогогия саласында жүргізген  іс-әрекетіне де ғылыми әділеттілік  тұрғысынан қарасаң, оның пікірінше, қазақ  баласының шыр етіп жерге түскеннен  бастап кәмелетке толғанға дейінгі  тыныс-тіршілігі ән-жырдық құшағында  өтеді, әдетте оның бірінші еститін  үні - анасы айтқан бесік жырының  әуені. Қазақ баласын тәрбиелеуде  дыбыстың ырғақтардың басты орынға шығуына қазақтардың өмірін кез  келген жағдайында өлең шығарып, ән ай-туы  себеп болған.

Сондай қысылтаяқ кезеңде қазақ  педогогиясының бірнеше жыл басы-қасында  жүрген Х.Досмүхамедұлы осы саладағы еңбектерін қорытындылап үлгермеді.

Ғұлама ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының қалыптасу жолдарын, қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді. Сол кездегі  көрнекті кеңес психологтары П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер де өз зерттеулерінде педогогиялық тұжырымдарға жүгініп  отырған.

6. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі. Белгілі  бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық  және психологиялық ерекшеліктерді  әдетте жас ерекшеліктері деп  атайды. Сондықтан педагогика және  психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі  шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған  ортамен жасайтын қарым-қатынастар  жүйесіне тәуелді болатынын атап  көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің  бір сатысынан екіншісіне көшуі  кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге  тән психологиялық ерекшеліктердің  үштасуын жиі байқауға болады.

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының  дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне  байланысты. Баланың жасы өскен сайын  бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін  есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі  негізгі принциптердің бірі. Қоғамда  атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар  адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің  нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын  қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың  қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ  жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан  тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ  әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.

Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің  дамуындағы биологиялың фактордық  рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға  баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл  қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын  алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау  балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік  береді. Осының негізінде мектеп жасындағы  балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

1) төменгі сынып шағындағы кезең  (7 жастан 11 жасқа дейін);

2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік  кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);

3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік  кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған  жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік  шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:

1. Жаңа туған бала (туған сәттен  бір-екі айға дейін)

2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан  бір жылға дейін);

3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан  үш жасқа дейін);

4. Мектепке дейінгі балалық шақ  (төрт жастан 7 жасқа дейін);

5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);

6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);

7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).

Тәрбие мен оқыту осы жас  сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас  сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас шағы психикалық дамудық  ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі  жеке басының өзіндік құрылымының  жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен  сипатталады. Осыған байланысты әрбір  педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі  шарт.

Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы  болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне  хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым  қозғалыс үстінде жетіле дамыған  балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.

4-5 жасар балалардың салыстырмалы  ойлай алатын қабілеттері ерекшелене  түседі. Санамақтарды әжептәуір  игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін  айыра алатын халге жетеді. Бұл  жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері  мазмұнға айналып, белгілі бір  мақсаттарды орындауға ұмтылыс  жасайды. Бұл жастағы балалар  топ-топ болып, өзара бірігіп  ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының  өмірге қанат қақтырар жеткіншектері  — 6 жастан өтіп 7-ге толған  балалар екені әркімге де аян.  Баланың мектепке 7 жасында баруы  - негізінен биологиялық және  физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа  алудан деп түсінген жөн. Дендері  сау боп дүниеге келген балалар,  қашан да алғыр да зерек  үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар  айналасындағы құбылыстарды тез  байқап қабылдауға да бейімді.  Жете түсінген құбылыстарын өмір  бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.

Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі

Бастауыш мектеп жасындағы баланың  психологиялық ерекшіліктері баланың  бұрынғы дамуында жинақталып, оны  өз кезегімен дамудық келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан  ерекшеліктерден бөлек алып қарай  алмайды.

Мектептегі оқыту оның бүкіл  өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ  аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің  жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан  белгілі бір жауапкершілікпен еңбек  етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы  жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың  қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл  өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп  оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің  түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын  молайып, оқуға, жазуға  , санауға  үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында  олардың өмірлік тәжірибелері молая  түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын  шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері  мен нормаларын игеру балалар  арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі  саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау  әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың  ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды  сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.

Информация о работе Тәрбиедегі мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру жолдары