Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 10:03, курсовая работа
XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді.
Кіріспе............................................................................................................2-12
І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері....................................................13-25
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері............................................................................................................13-19
1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттары........................................................19-25
ІІ-тарау. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі................25-
2.1. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары...................................................25-37
2.2. Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманның моделі мен ........37-42
2.3. Жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандарды дайындаудың тәжірибелік жұмысы.................................................................
Қорытынды..............................................................
Әдебиеттер тізімі................................
Психологиялық емес мамандарға қолданбалы психологиялық пәндер оқытылмайды: “Басқару психологиясы”, “Қарым-қатынас психологиясы”, “Заң психологиясы», “Кәсіби іс-әрекет психологиясы”, “Жетістік психологиясы” және т.б. Қазіргі жағдайда оқытудың психологиялық аспектілерін күшейту проблемасы өзекті болатындығы сондықтан да. Осы проблемалар қандай болады екен?
1-ден, педагогика және психология пәндерін ажырату қажеттілігі бар;
2-ден, оқу бағдарламаларында психологиялық пәндердің тізімін кеңейту қажеттілігі бар;
3-ден, сабақтарға қолдау көрсету негізінде психологиялық әдістемелік әдебиеттері мен құралдары керек. Психологиялық-педагогикалық тәжірибеде ойлау процесінде логикалық операцияларының бар жиынтығы пайдаланылмайды: салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, жалпылау. Сабақтарға қызығушылық тудыратын тәсілдері қолданылмайды: нақты есте қаларлық мысалдар мен фактілер, цифрлар мен бағдарлар; оқу қиншылықтарын құру; студенттердің таным іс-әрекеті белсенділігін қалыптастыратын оқытушының оқу іс-әрекеті тәсілдерінің көптүрлілігін пайдалану және т.б. Қызығушылықтың пайда болуының мәнді факторы ретінде оқу материалының эмоциялық жағы қарастырылады, осы мәселелер шешімінің болашақ іс-әрекетпен байланыстылығын көрсету маңызды. Сабақтарға психологиялық қолдау көрсетудің белгілері табалдырықтық түйсіктері нормаларын сақтаумен байланысты: дыбыс жиілілігі – 40-80дб, фонынан жоғары болу – 6 дб; сөздер арасындағы интервалдарды сақтау - 40 мкс, сөйлеудің темпі – 1 минутта 120 сөз, сөйлеу қарқыны - 20-80 бит секундасына, сөйлемнің ұзындығы – 13 сөзден аспайды.
4-ден, жоғары оқу
орындарында психологиялық
Жауаптардың барысы бойынша тағы да бір анықталғаны, ғылым ретінде психология пәні және психолог мамандығы туралы пікірлері жеткілікті дамымаған. Психологтың кәсіби іс-әрекеті олармен түсініктіліктік және кеңесберушілік ретінде қаралады. Психология туралы тұрмыстық пікірлері 21 пайызды құрайды. Осыған орай психологтың іс-әрекеті туралы ғылыми зерттеу жұмысы ретінде көзқарасы қалыптаспаған. Психолог жұмысының қиындығы мен көптүрлілігін ұқпаған. Яғни психологтың жұмысы туралы пікірлері «аңыздар» негізінде қалыптасқан. Студенттердің 16 пайызы өз мамандығын түсер алдында бір жыл бұрын таңдағанын айтады. Олардың кейбіреулері өз болашағына қатысты нақты мақсаттарын белгілеген. Сонымен, бірінші курс студенттерінде 020400 мамандығы бойынша әлі де психология пәні мазмұны туралы және психологтың кәсіби іс-әрекеті туралы, психолог мамандығы туралы көзқарастары ғылыми тұрғыдан қалыптасып, дамымаған. Бұл дегеніміз абитуриенттер арасында болашақ мамандығы ерекшеліктері туралы насихаттап, үйрету қажеттілігін көрсетеді. Психологиялық қызмет басынан жалпы даму деңгейіне қарай оларды іріктеп анықтауға мүмкіндік берер еді.
Жоғары эмоционалдық
тітіркену, стресс жағдайларын айзайтуды көздейді
Қазіргі жағдайда студенттік кезінен бастап жоғары дәрежелі маманды дайындау 1-ші орында оқу пәндерінің мазмұнына, оқытудың тәсілдері мен әдістеріне кәсіби білім берудің бүкіл жүйесінің белсенді қосылуын талап етеді. Оқу бағдарламалары бір ғылымның ғылыми білімдерінің бейнесі ретінде абстрактылы сипатта болатын және шындық өмірден, яғни болашақ кәсіби іс-әрекеттен алшақ болатын пәнді оқыту деп түсіндіріледі. Осындай білім беру мазмұнына көзқарас энциклопедизм идеясы мен тұлғаның жан-жақты даму тұжырымдамасынан туындайды, бірақ әлеуметтік тәжірибені меңгеру негізінде жатқан психологиялық механизмдерді есепке алмайды.
Оқыту барысында оқушылар қоршаған дүние және өзі туралы түрлі мағлұмат алады. Бірақ осы мағлұматтар егер де тұлға үшін маңызды болмаса өзбетінше ешқандай рөл атқармайды. Барлымызға мәлім, бір оқиғалар есімізде ұзақ қалады, ал басқалары өте тез ұмытылады. Осыған орай, басқа бір мәліметті мүлдем байқамауымызда мүмкін. 1-ші ретте тұлға үшін оқу пәндері мазмұнының маңыздылығы анықталып, көптеген зерттеушілері айтып жүр, мысалы, А.А. Вербицкийдің (1991) пікірі бойынша, мәтінді механикалық түрде есте сақтауда меңгерілген білім тұлғаның жетістігі болмауы мүмкін, яғни ол үшін әрекетке бағыттайтын оның әлемге, қоғамға, басқа адамдарға және өзіне қатынасын білдіретін білімнің болмағандығы.
Е.Б. Тесля болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылығының қалыптасу жағдайларын қарастырып, іс-әрекет мағынасының ұғымына көңіл аударды. Тұлғалық маңызы бар оқытудың методологиялық аспектілері Н.Ф.Добрынинаның, С.Л.Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің, А.А.Вербицкийдің, Г.Олпорттың, К.Роджерстің және т.б. еңбектерінде қаралады. Сонымен бірге осы идеяның практикалық іске асуы кең дамуын таппады. Оқытудың теориясы мен технологиясы арасында, оларда оқу пәндерінің белсенді және әлеуметтік мазмұнының тұлға үшін маңыздылығына тоқталады, бұл жерде А.А. Вербицкийдің теориясы мен контексті оқыту технологиясын айтуға болады. Контекстік көзқарас негізінде кешенді зерттеу өткізілді, оның мақсаты – студенттердің оқу процесі және оқу сабақтары мазмұны маңыздылығы мен оларды кәсіби дайындықта іске асыру болып табылады.
Педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын көтеру қажеттілігіне орай 2003 жылдың қазан айында Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіне Ұлттық педагогикалық университеті деген мәртебесі берілген. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы мен жоғары білікті мамандарды қоғамның қажет етумен байланысты модернизациялау, үздіксіз білім беруге өту процестері классикалық университеттік білім беру жүйесінде кадрларды дайындауға жаңа көзқарастарды талап етеді. Қазақ Ұлттық педагогикалық университетте болашақ маманның кәсіби дайындауда психологиялық-педагогикалық диапозоны кеңейе түсті. Бакалавриат деңгейінде барлық факульттеттердің студенттері педагогика тарихын, педагогиканың жалпы негіздерін, тәрбие теориясын, оқыту теориясын, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, этнопедагогиканы оқиды. Ал, психологиялық дайындық барысында жалпы психологияны, әлеуметтік, жас шамасы ерекшелігі және балалар психологиясын, психология тарихын оқиды. Осы жоғарыда айтылған пәндермен қатар жетекші психологиялық-педагогикалық бағыттары бойынша арнайы курстарды өткізу тәжірибесі бар: тұтас педагогикалық үрдіс теориясы бойынша, тұлғаның құндылықтық бағдарлану теориясы бойынша, халықтық педагогикасы бойынша, саяси мәдениетті қалыптастыру теориясы бойынша. Арнайы дайындықтар бакалавриаттың 1-ші деңгейінің 3, 4 курстарында – арнайы және кәсіби бағдарламаларды меңгеру арқылы. С.С. Құнанбаеваның пікірінше, университетте маманның кәсіби дайындығының негізгі бағдары ретінде жоғары дамыған шығармашылық потенциалы бар және аналитикалық ойлауымен, іргелі кәсіби дайындығымен, еңбектің динамикалы түрде өзгермелі жағдайларға және маманның кәсіби деңгейінің талаптарына назар аудару қабілеттілігімен, дүниетанымдық мәдениетімен, қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен үйлесімді тұлғаны қалыптастыру болуы тиіс [30, 3].
Көрсетілген маманның сапалық сипаттамалары және олармен анықталған және университет алдында тұрған білім берушілік міндеттер бүгінгі университетте маманның кәсіби дайындығы жүйесінің негізгі ұстанымдарының сипатын анықтайды. Олар ұстанымдардың бір қатарын айқындайды. С.И. Гессен университтеттік білім берудің негізгі ұстанымдарын анықтайды, олар:
Өз мәнісінде университет,
С.И.Гессеннің көзқарасы
Осы ұстанымдар
кезкелген университетке
Әлемдік және отандық тәжірибеде жоғары білім берудің жүйесі дамуын бағалау үшін сәйкестілік дәрежелерінің бір қатар параметрлері қолданылады:
Сонымен, адаммен мәдени құндылықтарды меңгеру және жаңғырту, дамыту процесі классикалық университеттік білім беруді адамзаттың жетістіктерінің шындарына жеткізеді екен. Өйткені университеттік білім берудің мазмұны барлық елдер мен халықтардың үздіксіз мәнеди мұрасынан, адамның өмірі мен тәжірибесінен, ғылымның салаларынан толықтырылады. Сондықтан да жоғары білім беру бөлек салалардың (экономиканың, саясаттың, мәдениеттің, ғылымның) және бүкіл қоғамның дамуының маңызды және қажетті факторы ретінде анықтаймыз. Осы тұжырымға сүйене отырып өз кезегінде жоғары білім беру мазмұнының педагогикалық ұйымдастырылуы жағынан және психологиялық қолдау тұрғысынан болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттарын келесі тарауда қарастырамыз.
1.2. Жоғары оқу орындарында
Ғылымның және технологияның қазіргі жағдайын бейнелейтін іргелі білім беру болашақ мамандардың тек тәжірибені белсенді қабылдауды ғана емес, сонымен бірге интеллектуалдық шығармашылық қабілеттілігін анықтайды. Білім берудің осындай түріне қазіргі жоғары оқу орындары бағытталған. Болашақ мамандардың, яғни студенттердің зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігі, бір жағынан, Мемлекеттік стандарттың талаптарымен айқындалады, онда бітірушің осы кәсіби аспектісі нақты анықталған; екінші жағынан, қазіргі мамандардың кәсіби іс-әрекетімен айқындалады. Мысалы, педагогтардан болашақ мамандарды дайындауда іс-әрекеттің шығармашылық табиғатына сәйкес соның ішінде оны ұйымдастырудың мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға білім беру үрдісін зерттеу білігін талап етеді. Сондықтан да жоғары оқу орындарының студенттерін зерттеу жұмысы процедурасымен таныстыру керек, оны өткізудің дағдыларын қалыптастыру маңызды. Мысалға, оқыту барысында зерттеушілік білігін қалыптастыру. Ол кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына студенттің қатысуы барысында қалыптасады. Соңғысына студенттерді бағыттары мен кафедра педагогтарының ғылыми жұмысы ерекшеліктері тақырыпшасымен кеңінен таныстыру ықпал етеді, оларды проблемалық топтарға қатыстыру, табысты зерттеу жұмысын жүргізетін оқытушыларға 1-ші курстан бастап «бекіту» ретінде анықтаймыз.
Информация о работе Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі