Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 10:03, курсовая работа

Краткое описание

XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2-12
І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері....................................................13-25
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері............................................................................................................13-19
1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттары........................................................19-25
ІІ-тарау. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі................25-
2.1. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары...................................................25-37
2.2. Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманның моделі мен ........37-42
2.3. Жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандарды дайындаудың тәжірибелік жұмысы.................................................................
Қорытынды..............................................................
Әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Болашақ-маманның-өзін-өзі-дамытудың-психологиялық-педагогикалық-негіздері.doc

— 296.00 Кб (Скачать документ)

Зерттеудің  мақсаты: Болашақ маманның  өзін-өзі дамуын анықтайтын тиімді жолдарын, жағдайлары мен тәсілдерін анықтап, олардың теориялық негіздемесін жасау.

Зерттеудің  объектісі: болашақ маманның  өзін-өзі дамытудың үрдісі.

Зерттеу пәні: жоғары оқу орындарында болашақ маманның білім беру ортасында өзін-өзі  дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық-психологиялық шарттары.

Зерттеудің  болжамы: жоғары оқу орындарының білім берушілік ортасы егер маманды дайындаудың бүкіл жүйесі болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда бір пәннің білім мазмұнымен шектелмей, оның маман ретіндегі қасиеттерін дамытуды көздеп, гуманистік, тұлғалық-әрекеттік, мотивациялық-құндылық бағыттарына сүйеніп жасалса, болашақ маманның өзін-өзі дамыту бағытында тиімді әсер ету мүмкіншілігін анықтауға болар еді. Және тұлғалық кәсіби өзін-өзі дамытуға бағытталған білімберу үдерісі  мазмұнының, ұйымдастырушылық формалары мен технологияларының тиімді әсерін қамтамасыз ететін жағдайлары жасалып, студенттердің өзбетінше жұмысы мен аудиториядан тыс іс-әрекеті олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту үдерісі өзін-өзі дамытудың, таным мотивациясы мен кәсіби іс-әрекетінің ұстанымдарына сүйенген жағдайларда болады.

Зерттеу мақсаты  мен болжамына сәйкес  келесі міндеттер айқындалады:

- психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан «өзін-өзі дамытудың» феноменін талдау негізінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін   анықтау;

  • болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін жасау;
  • тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби қалыптасуын анықтайтын факторлар жүйесін жасау;
  • болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау.  

Зерттеудің  методологиялық негізі:

        • жоғары мектеп дидактикасы, білім беру теориясы, жүйелілік көзқарасы теориясы, тұлғаға бағытталған көзқарас теориясы, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы, экзистенционализмнің философиялық аспектілері, ҚР білімберу және тәрбие саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар;
    • өзін-өзі дамыту үдерісінің тұжырымдамалық бағыттары, оларға жалпы ғылыми категорияларды «тұлға», «тұлғалық өсу», «өзін- өзі дамыту» талдау жатады;
    • дамыту педагогикасының идеялары, іс-әрекет теориясының негізгі ережелері (Л.С. Выготский[22], С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев), тұлғаның жалпы психологиялық теориясы (А.В. Петровский[57]), тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамасы (А.Г. Ковалев[39]), басқару теориясы (П.Я.Гальперин), білімберудің гуманистік идеялары (В.А. Сластенин[66], Е.И. Шиянов[76] және т.б.);
    • білім беру философиясы, таным теориясы, тұлға қалыптасуының теориясы ( Л.С. Выготский[22], М.С. Каган, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
    • іс-әрекет тұжырымдамасының негіздемесі (Б.Г. Ананьев[10], Л.С. Выготский[22],  А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн  және т.б.);
    • жоғары кәсіби білім беру аймағындағы жалпы дидактикалық зерттеулері (В.Д. Шадриков,   В.М. Филиппов, Ковалев С.В., В.В. Краевский және т.б.).

Психологиялық-педагогикалық  зерттеудің пәні мен логикасына сәйкес, келесі педагогикалық-психологиялық  әдістері қолданылады (анализ, синтез, классификациялау, жобалау және т.б.); эмпирикалық (педагогикалық-психологиялық бақылау, ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, сауалнамалар, педагогикалық-психологиялық эксперимент, педагогикалық-психологиялық диагностика); математикалық (алынған мәліметтерді тіркеу, шкаласын жасау, ранжирование).  Осы әдістерді экспериментальдық жұмыстың негізі болып, қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің тұтастығы қамтамасыз етіледі.

1-ші тарауда философиялық, психологиялық және педагогикалық  тұрғысынан болашақ маманды дайындау  үдерісі мәнінің теориялық талдау негізіне ғылыми-методологиялық ережелері анықталған.

Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз  практикалық және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге жылдам жауап беру қабілеттілігі  болып табылады.  Егер жоғары оқу орны өз түліктерін кәсіби іс-әрекеттің кіріктірілген (пәнаралық) негіздері аумағындағы  білім мен біліктермен қамтамасыз етсе, оларды маман етіп дайындаса, әр пәннің «аппаратын» (методологиясын, негізгі ұғымдары мен ережелерін) таным және кәсіби іс-әрекет міндеттерін шешудің тәсілі пайда алынатын етіп шығарса бұл мүмкін болар еді. Болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың методологиялық алғышарттары ретінде жоғары кәсіби білім берудегі жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым қарастырылады. «Жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым» екі мағынаны біріктіреді: «жүйелі көзқарас» пен «іс-әрекеттік көзқарас».

Жүйелі көзқарас негізінде  біржақты аналитикалық, зерттеудің себептік әдістерінен бас тартады да, объектінің кіріктірілген қасиеттері тұтастығына  сүйенеді, олардың пайда болуына, сондықтан да қоршаған ортамен объектінің өзіндегі байланыстар мен өзара әрекеттестігін анықтауға назар аударылады. Жүйелілік көзқарасы – жинақталған термин. Онымен түрлі нақты ғылымдардан және өз объектілерін зерттеудің біртұтас тенденциясымен біріктірілген   бағыттарды белгілейді. Жүйеллілік көзқарасы – жүйелі талдау позициясы тұрғысынан біртұтас ретіндегі құбылысты дамытудың мәнді заңдылықтарын кешенді зерттеу болып табылады. Сонымен, Жоғары оқу орындарында жүйелілік көзқарасы кәсіби дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыруға, толығынан талдауға мүмкіндіктерді ашады.

Жүйе сипаттамаларының минимальды жиынтығына жататындар: әр элементтің құрамы (оған кіретін элементтердің  жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) мен әр элементтің қызметтері, оның рөлі мен жүйдегі мағынасы. Жүйенің элементі, өз кезегінде, жүйе бола алады, анағұрлым кең жүйеге  оның бөлігі немесе шағын жүйесі болып кіреді.

Жүйелі талдау, зерттеу  әдістері жүйесі туралы оқу, іс-әрекет   негізінде күрделі жүйе болып  табылады. Ол педагогикалық –психологиялық мәселелер шешімінің негіздемесі мен іске асуына бағытталған. Талдау барысында, зерттелініп отырған проблемасы тұрғысынан, іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері қаралады: қажеттіліктері (мотивтері), мақсат орындаушылық, өзін-өзі басқару, басқару. Іс-әрекет философиялық тұрғыдан қоршаған ортаға белсенді қатынасының арнайы адами формасы болып табылады, мазмұнын мақсатты түрдегі және қайта құрылудың өзгерісін қамтиды. Кәсіби педагогикада іс-әрекеттік көзқарас – практикалық өмірдің түрлі аймақтарындағы іс-әрекеттің қанағаттануының және тиімділігі үшін қажетті, білімдер мен біліктердің бірінші меңгеруін қамтамасыз ететін, ұстанымдар, формалар мен әдістердің жүйесі. Іс-әрекеттік көз-қарастың мәні Б.Г. Ананьевтің, Л.П. Буеваның, Л.С.Выготскийдің, М.С. Каганның, А.Н. Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің  және т.б. еңбектерінде ашылады. Әлеуметтік және психологиялық іс-әрекет түрлі әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралатын нақты үрдіс ретінде анықталады (А.Н.Леонтьев); қоршаған ортамен субъектінің әрекеттестігі ретінде (Л.С.Рубинштейн); адамның өмір сүру тәсілі ретінде (М.С.Каган); әр адамның нақты өміріне қажетті белгілі бір формалардың жиынтығы ретінде (ойын, оқу, еңбек) және онтогенезде жетекші рөлді атқаратын (Б.Г.Ананьев) болып табылады.

        Зерттеу барысында келесі зерттеу  әдістемелері қолданылды:

А) теориялық зерттеу  проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау;

Б) эмпирикалық педагогикалық  бақылау, сұхбаттасу өткізу, сауалнама  алу, тестілеу, психологиялық-педагогикалық эксперимент, математикалық өңдеу әдістері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  1. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттердің теориялық және салыстырмалық талдауы жасалынады;
  2. болашақ маманның өзін-өзі дамыту үшін оқыту процесінің жетілдіру механизмдерін анықтап қарастырылады (студенттердің өмірлік тәжірибесімен психологиялық-педагогикалық теориясының мазмұны мен іс-әрекеттік механизмдерін анықтайтын ішкі тұлғалық ұстанымдарға сыртқы әсерлердің ауысуы);
  3. студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар кешені жасалынады (арнайы және кәсіби дайындығының  бірігуі мен кіріктіруі негізінде кәсіби дайындықтың тәсілдері мен жолдарын, мазмұнын талдау өз еркімен өзбетінше әрекетін қамтамасыз етеді; тиімді кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ететін өзбетінше шығармашылық іс-әрекеті үшін білім беру кеңістігін құру);
  4. болашақ маманның тұлға ретіндегі өзін-өзі дамытудың нәтижелілігін  және кәсіби қалыптасуының   өлшемдерін  жасалады (мотивациялық, мазмұндық, операционалдық және рефлексивті).

Теориялық  маңыздылығы: болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуы барысындағы өзін-өзі дамыту мәнінің теориялық негіздемесі жасалады.        

Практикалық маңыздылығы: болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамыту үшін оқыту процесін жақсартудың педагогикалық-психологиялық шарттары қарастырылады.

Зерттеу жұмысы келесі кезеңдерден тұрады:

І-ші кезеңі зерттеу мәселесі бойынша арнайы әдебиеттерді зерттеу  мен олардың теориялық-методологиялық талдауын жасау; болашақ мамандарды дайындаудың оң тәжірибесін зерттеу мен жалпылау; ғылыми аппараты мен болжауын жасау, тәжірибе-экспериментальдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау мен  тәжирибелік материалдар жинақтау. ІІ-кезеңі – болашақ маманның тұлғалық-кәсіби моделін жасау. ІІ – тәжирибелік жұмыстың алынған нәтижелерін талдау мен жалпылау, алынған теориялық және тәжірибелік қорытындыларды нақтылау, зерттеудің теориялық және тәжирибелік бөлімдерін жүйелеу, диплом жұмысын әзірлеу.

Ғылыми нәтижелер, осы зерттеудің негізгі ережелері  мен қорытындылары тұжырымдамалық көзқарастарының методологиялық негіздемесімен; олардың теориялық талдауымен; тәжирибелік жұмыс барысында зерттеудің оң нәтижелерімен; зерттеудің ғылыми аппаратына сәйкес әдістер мен әдістемелерді пайдаланумен; алынған нәтижелерді тексеру мен таладаумен қамтамасызданады.

Қорғауға келесі ережелер ұсынылады:

  • кәсіби өзбетінше қалыптасу – тұлғаның өзін-өзі дамуының көпаспектілі және көп факторлы үрдісі болып табылады. Ол болашақ маманның тұлғалық гуманистік, іс-әрекеттік, мотивациялық-құндылық кезеңдері мен мотивациялық-қажеттілік, когнитивті, тұлғалық-іс-әрекеттік, рефлексивті сфераларынан құрылады;
  • болашақ маманның кәсіби өзін-өзі қалыптасуының педагогикалық-психологиялық қамтамасыздануы білім беру үдерісі мәнінің ауысумен түсіндіріледі; ол өз кезегінде студенттің кәсіби өсуіне бағытталған ішкі ұмтылыстарына, тұлғасының өзін-өзі дамуына, өзбетінше оқу-танымдық іс-әрекеті мотивациясы дамуына, өзінің өзін-өзі дамуының кәсіби қалыптасуына бағытталып, болашақ маманның мақсатты түрдегі өзін-өзі құрудың және әр-қайсысының шығармашылық өздігінен іс-әрекетінінің рационалды жағдайларын жасайды;
  • жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі анықталуына, өзін-өзі іске асыруына, өзін-өзі көрсете білуіне бағытталған субъектілердің өзара әректетінен тұратын педагогикалық процесінің кәсіби бағыттылығының түрлі шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі қалыптасуын қаматамасыз ететін, білім беру үдерісінде арнайы білімдер мен тәжирибелік дайындықтың кіріктіруі ретінде, педагогикалық жағдайлардың жиынтығын сақтау барысында болашақ маманның тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамуының нәтижелілігіне жетеміз.

Зерттеудің  құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындысынан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері

1.1. Болашақ маманды дайындаудың  психологиялық-педагогикалық аспектілері

 

Басқа ғылымдар арасында психология ғылымының маңыздылығы  туралы айтатын болсақ, басқарушылық қызметтегі адамдармен қарым-қатынас 80 пайызды құрайды, “адам-машина” жүйесіндегі апаттардың 70 пайызы операторлардың кінәсінен болады. Бүгін ел нарықтық қатынастарға ауысып, психология ғылымының жаңа бағыттары пайда болып, даму үстінде: нарық психологиясы, бизнес психологиясы, ақша психологиясы, жарнама психологиясы, кәсіпкерлік психологиясы және т.б. Психологиялық білімдер саясаткерлерге, менеджерлерге, дәрігерлерге, заңгерлерге, педагогтарға, инженерлерге қажет.

Қазіргі күні кадрлық  менеджменттегі психодиагностиканы қолдану маңыздылығына тоқталып кеткеніміз дұрыс болады, мысалы, коммуникативтік қабілеттер менеджер іс-әрекетінде үлкен маңыздылыққа ие.

Д.Голланд, тұлғаның белгілі  бір мамандыққа сәйкес келуін анықтау  әдістемесінің авторы болады, оның пікірінше вербальды белсенділіктің жоғары деңгейі кәсіпкер типіндегі тұлғаның  маңызды қасиеті болып табылады (J.Holland, 1973). Сондықтан да коммуникативтік қабілеттерді диагностикалаудың кадрлық менеджментте маңызы зор.

Психикалық құбылыстармен  барлық мамандар кездеседі (психикалық бейнелер және ұғымдар, түйсіктер мен қабылдаулар, есте сақтау және ойлау қабілеттері, зейін мен ерік, эмоция мен түс көру, тұлғаның қасиеттері мен күйлері). Психология адам белсенділігінің заңдылықтарын ашады: оның мінез-құлығының, қарым-қатынасының, іс-әрекетінің. Психология басқа адамның мінез-құлығына әсер етудің жолдарын анықтап, өзін-өзі басқаруы бойынша нұсқаулар жасайды. Ол адам интеллектісі мен қабілеттерін, индивид қасиеттері мен топтарын анықтаудағы әдістерін береді.

Адам, өз “Менін” және қоршаған ортаны бейнелей отыра, өз белсенділігін реттей отырып, үнемі психикалық құбылыстарға енеді, бірақ оны ол саналы түрде ұқпайды. Психология пәні көптеген өмірлік ұғымдарды  бітірушінің сөздік қорына енгізеді. Университеттік білімі бар адам үшін бүгінгі күні “психика”, “қабылдау”, “мотив”, “қарым-қатынас” деген сөздерді білмеуге болмайды. Сондықтан да,  ХХІ ғасырда психология ғылым ретінде өзекті болады. Қазіргі кезде жоғары оқу бағдарламаларына “Психология және педагогика” пәндері кіріктірілген. Бірақ, көп жағдайда, осы пәнге 18 сағат бөлінеді екен. Сонымен бірге, осы курс жалпы психология және педагогика пәндері ретінде оқытылады.

Информация о работе Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі