Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 10:59, курсовая работа
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және тәжірибелік мақсаты біреу – ол жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өміріне қажетті білім дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды.
Алалияны түзету кезіндегі қолданылатын артикуляциялық жаттығулар мен массаж (уқалау) түлері.
Көлденең жасалатын массаж түрлері:
Тілді тістеп, алға-артқа қозғау: тіс қозғалысының жылдамдығын қолдың саусағымен ашып-жабу арқылы көрсету; тілді тіске алға-артқа және көлденең қозғалыс жасай отырып қосу массажы (қосымша А) берілген.
«Сөйлейтін тіл». Күшік үрді, оған басқа күшіктер қосылды. Мұны «Күрекше» және «Ине» жаттығулары арқылы көрсетеміз.
«Күрекше» (тіл көршілерімен сөйлескісі келді) - жалпақтанған тілді астыңғы ерін үстіне қоямыз. Езуді астыңғы-үстіңгі тістер көрінгенше тартамыз, қолдарымыздың алақаны төмен қарап бір-біріне жақындайды. Ауызды ашып-жабамыз, тілді тістейміз, ла-ла-ла буындар қатарын қайталаймыз.
«Ине» (тіл көршілерін келеке етеді) - тілді аша [А] дыбысын айта созамыз, қолымыздың алақандарын беттестіреміз.
Бүйірлеме (боковой) массаж (уқалау). Жалпақтанған тілді бүйір (жақ) тістерге қою. Тілдің бүйірін [Э] дыбысын айта отырып шайнау. Қолдарды айқастырып, білек тұсына саусақпен ұрғылап, шайнаудың қимылын көрсетеміз.
«Мысықты тамақтандыр» - Мысық табағындағы сүтті жалай бастады.
«Табақша», «Түтікше» жаттығуларын жасаймыз.
«Табақша» - езуді тартып, ауызды кең ашып [Э] дыбысын айта отырып, тілдің орта тұсын ойықтаймыз.
«Түтікше» - ерінді [О] дыбысын айтқандай дөңгелектеп, тілді бүктеп, ерін арасынан шығарамыз. Алақанымызды жоғары ұстап шұңқырлаймыз.
«Төбені сырлау» Тамақтанған мысық есінеп, аузын сүртті. Тілді тістен бастап, таңдайға дейін қозғау. Қолымызды желпуішке (веер) ұқсатып ұстаймыз.
«Серіппе» (күшік тісінің үлкен, тілінің қайратты екенін көрсетті). Тілді жоғарғы тіске тіреп, ауызды ашып-жабу, тілді қозғамаймыз. Жақты ашып-жапқанда оң қолдың алақанын сол қолдың саусағына тіреу.
«Маймыл» Балпаңдап маймыл келеді. Тілді астыңғы-үстіңгі ерін арасында қозғау.Тілдің қозғалысына қарай бір қолымыздың саусағын екінші қолдың саусағымен жабу.
«Доп» Одан кейін балалар доп алып келді. Тілмен оңға-солға шеңбер жасай қозғау. Оң қолдың сұқ саусағын сағат тілімен қозғау, сол қолмен сағат тіліне қарсы қозғалыс.
«Футбол» Балалар футбол ойнап, қақпаға доп кіргізе бастады. Сұқ саусақпен ұртқа; тілмен ұртты тіреу.
«Аттар» Тілмен таңдайды қағу. Қолды алға созамыз, саусақ жұмулы.
«Атты тоқтату» қолды өзіне жұлқа тартып, босаңсыған ерінмен «тпру» - деу.
«Үндік» тіл ұшымен жоғарғы ерінді жанай бл-бл-бл деп айту. Қолменен тілдің қозғалысын көрсетеміз. [13]
ҚОРЫТЫНДЫ
Мектепке дейінгі
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды.
Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір аранаға түсу балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.
«Тамырға еніп, қанға құйылған сөз» демекші, Абайдың ғұмыр бойы сөзді ұғатын «есті құлақты», «көкірегі кезді», жан іздегені белгілі. Абай сөздің құнын білген адам өмір мен дүниенің де құнын біледі деп ұққан. Ол «көңілсіз құлақ ойға олақ» деп бағалаған.
Дүниенің сыры мен қыры тек сөз арқылы ұғылатынына қатты ден қойған Абай, сол дүниенің кілтін ашар «көкірегі сезімді», «көңілінің көзі ашық» жан іздеп шарқ ұрған.
Ата-бабаларымыздың өткен тарихын, ғасыр ғұламаларын балғындардың жүрегіне ұялатып, болашақта олардың ел қамын ойлайтын отансүйгіш азамат болып өсуіне басты назар аударылады.
Абай сөз ұққан адамда алдымен мінез болу керек деген. Білім мен сөздің сауыты мінез деп білген. Сондықтан да ол «сыпыра жылмаң жел буаз» адам сөз ұға алмайды, сөзді ұғу үшін «бойда қайрат», «ойда көз» болу керек деп түсінген. Абай, тіпті сөзді ақылмен де емес, жүрекпен сезіну керек дейді ғой. Мүмкін, ол мұны айтқанда, сөзді жүрекпен сезінбей, жан толқынысы, ой тебіренісі болмайды деп ойласа керек.
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
Байқап отырсыз ба, Абай құдіретімен сөз дегеніңіз жүрек арқылы тамырыңызға еніп, қаныңызға құйылып, сіздің тіршілігіңіздің, болмысыңыздың қажетті бір құрамына айналып кеткен жоқ па?!
Абай Құнанбаев өзінің 7-ші қара сөзінде:
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Осы тұрғыда Абайдың сөзіне жүгінсек біздің балаларымыз, бүлдіршіндеріміз - елдің болашағы, елдің ертеңі. Осы бүлдіршіндердің ертеңгі жетер жетістіктері де, кездесер кемістіктері де отбасынан, мектепке дейінгі тәрбие яғни бізге де тікелей байланысты. Өйткені бала болашағының іргетасы осы кезеңде қаланады.
Мектеп жасына дейінгі мекемеде тәрбиеленетін бүлдіршіндер мектепке толық дайындықпен келеді. Айталық, бала санауды біледі, сурет бойынша сөйлем құрай алады, сурет салады, тақпақ жаттап, өлең айтады, би билейді ертегі айта біледі.
"Бала тәрбиесі – баршаның ісі". Ендеше бала тәрбиесіне, оның болашағына немқұрайлы қарау кешірілмес күнә. Халқымыздың "балалы үй базар, баласыз үй мазар" деген аталы сөзі текке айтылмаған. Балғындардың риясыз күлкісі, әсем қылығынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бала десе жүрегіміз езіліп, көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні де сондықтан болар.