Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 10:59, курсовая работа
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және тәжірибелік мақсаты біреу – ол жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өміріне қажетті білім дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды.
Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту. Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз иық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз. Сондықтан да ең алдымен сымбаттылық әліппесіне көңіл бөліңіз:
«Дененді тік ұста» - тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын жеңіл сезіну үшін дене қалпын дұрыс ұстай білуі қажет.
Орнымыздан тұрамыз, жауырын, иық бұлшықеттерін босаңсытамыз. Енді өз денемізді (иық, кеуде) көтеріп, оны артқа итереміз. Жауырынымыз мықты, тік, ал қолымыз, мойынымыз бен иығымызды жеңіл, бос жібереміз.
«Ағаш шабушы» (бұлшықет қысымын жою). Бастапқы қалып: аяқтарынды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Екі қолдарыңмен «балтаны» ұстап, оны бастан асыра жоғары көтеріп, бірмезетте жеңіл және терең дем алып, алға қарай тез иіліп, қолды төмен түсіріңдер де (балтамен ұру), ауыз арқылы қысқа толық дем шығарыңдар. Қолымызды көтеріп (тыныс аламыз), түзу тұрамыз және қайтадан ағашты балтамен ұрамыз (шабамыз).
«Шаршасақ, дем алайық» - бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолымызды қатар көтеріп - тыныс аламыз. Босаңсыған денемізді төмен бос жібереміз де, түзуленбей-ақ, үш рет: «ох-ох-ох» деп қалған ауаны шығарамыз. Дене босаңсиды және төмен түсе береді.
«Арашылар» - Біз қазір бөрене ағашты (бір, екі, бір, екі - 2 рет қайталанады) арамен кесеміз. Қыстық отын дайындаймыз. (Отындық ағашты арамен қалай кесетінімізді қол қимылымен көрсетеміз. Алға сәл еңкейіп тұрамыз).
«Ұшақ» - қолымызды екі жанымызға созып, ұшақтарды ұшырамыз. Оң қанатпен алға, сол қанатпен алға. Бір, екі, үш - ұшағымыз ұш. (Б.қ.-аяқты алшақ қою, қолдарын екі жанына созу, 1-оңға бұрылу, 2-б.қ., 3-солға бұрылу, 4-б.қ. және т.б.)
Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі: сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.
Тыныс алу жаттығуларына тоқталайық.
«Гүлдерді иіскейік». Балалар, біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.
«Ғарышкерлер». Тәрбиеші: Сендер өздеріңді ұүшқыш ғарышкерлерміз деп есептеңдер. Зымыран әуе кемесін ұшыруға аз калды. 10-нан 1-ге дейін санап үлгеруге жетерлік тыныстап дем жинаймыз, қаттырақ, әрі анық «Жібер» деген сөзді айтамыз да, дем шығарамыз.
Егер кімде-кімге ауа жетпесе, ол өз орнына отырады. Сонымен, мұрын арқылы ауа жинаймыз не жұтамыз ..... Уақытты санауды бастаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Жібер! Жаттығу 3-4 рет орындалады.
«Көбелекті ұшырамыз». Тәрбиеші алдын-ала түрлі-түсті қағаздан кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.
Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.
«Ыстық сүт» (шәй). Біз сүтті өте ыстық болғандықтан бірден іше алмаймыз. Сондықтан оны тез суыту үшін көпіршіктерін (бетіндегі қаймағын) итере үрлеп ішеміз. Кәне, ыстық сүтті үрлейік. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.
«Қолымызды жылытайық». Балалар, біз қыс мезгілінде далаға ойнағанды жақсы көреміз. Бірақ қолғап кимесек қолымыз тоңып қалады. Міне, міне, қолымыз тоңып қалды, ендеше қолымызды өз демімізбен жылытайық. Қане, қане, қолың тоңса, деміңмен жылыт! Бұл жаттығу 4-5 рет қайталанады.
Егер тыныс алу жаттығулары ойын элементінен тұратын болса (яғни, жеңімпаз анықталса), онда жаттығу жүргізушінің (тәрбиеші ғана емес, жаттығудың орындалуын дұрыс түсінген бала да жүргізуші болады) белгісімен орындалады. Тәрбиеші балалармен бірге жаттығуды бір мезетте бастауы үшін қолданылатын белгілерді (жаттығудың басталуы-жүрісі- аяқталуы) алдын-ала келісіп алады.
Тыныс алу жаттығуларын жақсылап желдетілген бөлмеде және де сабақтың бастапқы сәтінде орындаған жөн.
Артикуляциялық жаттығулар. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс. Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.
Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар:
«Тәтті тосап». Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты. Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады.
«Көңілді тіл».
а) Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі - ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына карайды.
ә) Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады. Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға - солға, солға - оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.
«Қазы - қарта тураймыз». Ауызымызды ашып, бір-бірімізге немесе айнаға қарайық. Ауызды ашсақ әдемі тістер көрінеді. Тісіміз өткір, пышақ секілді. Осы тістердің көмегімен біз ауызға түскен тамақты тістеп, кесіп, бөлшектеп жейміз. Ал тіліміз қазы-қарта секілді ет екен. Ендеше қазы-қарта турайық.
Тілді біртіндеп баяу шығарып, тіспен тістейміз. Туралған қазы-қартаны ауызға саламыз. Осылайша тіл кері ауызға қайтарылады. 3-4 рет қайталайды.
«Саңырауқұлақ». Саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді таңдайымызға тигізіп, тақылдатпай тіреп тұрайық. Жаттығу 3-4 рет орындалады.
«Мысық сүт ішеді». Мысықтың сүтті тілімен жалап ішетінін көрсетіңдер. Бастапқы қалып.
«Ұртыңа қара». Ұрттарыңа тілмен «ине салыңдар». Бастапқы қалып. 3-4 рет қайталанады.
Ерін бұлшықетіне арналған жаттығулар (әр жаттығу 4-6 рет орындалады).
«Әдемі күлімде». Әдемі баланың күлкісі де әдемі. Қатты дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі, жымиып қана күлейік. Ерінімізбен жымиып езу тартамыз, сосын бастапқы қалыпқа келеміз.
«Балапанның тұмсығы». Ерінімізді жұмылдырып, алға сүйірлеп шығарамыз, бастапқы қалып.
«Бірден тез күліңдер». Еріндеріңді сүйірлеп алыңдар да, соңынан тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліндер.
«Қақпа». Ерінімізді кеңінен ашып, жұмылған тісті (тісті - тіске тигізу) көрсетеміз. Содан соң бастапқы қалыпқа келеміз.
«Атты тоқтатыңдар». Атты тоқтатыңдар: «Дырр-р-р».
«Томпиған ұрт». Екі ұртты да томпитып алыңдар да, бұдан соң алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар, бастапқы қалып.
Фонетикалық жаттығуды
орындау барысындағы басты
«Әженің әлдиі». Әжеміз кішкентай бөбекті ұйықтатарда «Ә...ә...э...әлди-әлди ақ бөпем...» деп әндетеді. Кәне, бізде әндетейік.
«Аюдың ақыруы. Аюдың тісі ауырды. Ол «А-А-А» деп аңырап жүр. Кәне, аю қалай дыбыстады?
«Шалқан». Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды.
«Жыланның ысылы». Жылан қалай дыбыстайды? Ыс-с-ыс-сссс...
«Кім қалай дыбыстайды? » - А, аа, аа, а, а, аааааа..... (қуанышты, аянышты, таң қалған дауыспен). Балаға түрліше тембрлік құбылыста 1 минут айтқызып жеке жұмыс жасаңыз. Екінші баламен (и), үшінші баламен (о) дыбысымен жұмыс істеуге болады.
Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай-ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет. Көбінесе жаңылтпаштарды қолдану тиімдірек болады.
Барлық жаттығу түрін бір мезетте өткізу міндетті емес және де қажет емес. Олардың біреуін не екеуін қолданса да жетіп жатыр. Жаттығуларды өткізу уақыты 3-5 минут. Барлық жаттығулар топпен, кейін таңдаулы түрде жеке орындалады. Бұл жаттығулар оқу-тәрбиелеу үрдісінде (тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында, серуен кезінде), логопед, психолог жұмысында, тіптен отбасында да қолдануға өте ыңғайлы.
Сөйлеу техникасына арналған жаттығулар тәрбиешілер шығармашылығына үлес қосады. Сондай-ақ, «Ұлттық нақыштағы сергіту жаттығуларын» ұсынылуда. (қосымша А) [11]
2.5 Алалияны түзету (коррекция) жұмысындағы жүйелілік.
Соңғы кездерде балалардың тіл кемісі арасында «Алалия» тым жиілеп барады. Алалияны түзету жұмыстарының әдіс-тәсілдерін Н.И. Кузьмина, В.И. Рождественская, Т.В. Пятница, Т.В. Башинскаялар жақсы ашып көрсеткен. Өзімнің іс-тәжірибелерімде осы авторларды басшылыққа ала отыра жақсы нәтижелерге қол жеткіздім.
Алалия - дегеніміз гректің «а»-жоқ, «logos»-сөйлеу ұғымын білдіріп, ол бас-ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы органикалық зақымдану салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуынан туындаған тіл дамуындағы ақауды білдіреді. Алалияға шалдыққан балалардың есту қабілеті, ой-өрісі қалыпты бола тұра сөйлеуі 3-5 жасқа дейін, кейде оданда әріге созылады.
Ми қыртысы бөліктерінің әрқилы зақымдануына байланысты, ақау да әр түрлі болады. Мысалға, қозғаушы (моторлы) бөлік зақымданғанда, өзгенің сөзін түсінгенмен өз ойын жеткізе алмайды. Ми қыртысының есту бөлігі зақымданғанда ең басты ақау дыбысты, сөзді қабылдау бұзылады. Осыған байланысты көптеген зерттеушілер алалияның негізгі басты екі формасын, яғни моторлы (экспрессивті) және сенсорлы (импрессивті) түрлерін ашып көрсеткен. Ми қыртысының түйдектелген, яғни моторлы, сенсорлы бөлігінің зақымдануынан (сөйлеуі де, түсініп қабылдауы да ) бұзылады. Бұл ақауды сенсомоторлы алалия деп атайды. Моторлы (экспрессивті) алалия кезіндегі қиындық; баланың сөйлеу тілі дамымаған, ойын айтып жеткізе алмайды. Моторлы және сенсорлы алалияның дифференциялды айыру белгілерінің кестесі (қосымша А) берілген. [14]
Моторлы (экспрессивті) алалия кезіндегі түзету (коррекция) жұмыстарының бағыттары; дәрі-дәрмек (ми қыртысының жетілуіне және жүйке жұмыстарын қалыптастыруға бағытталады);
Жалпы және ұсақ моторикасын дамыту жұмыстары.
Жалпы моторикасын дамыту бағытында: түрлі қимылды ойындар, ырғақты билер, жаттығулар, би, қол ұстасып (хоровод) ән салу. Ұсақ моториканы дамыту үшін: өздігінен жуыну, тісін тазалау, шашын тарау, түймесін қадау, бәтеңкесінің бауын байлау.
Ішкі сезімін (психика) дамыту; кеңістікті бағдарлау және көру қабілетін дамыту; мұнара құрау, ойыншықты қалыпқа орналастыру, заттарды түсіне, пішініне қарай топтау және ажырату жұмыстары; ойын барысында баланың түйсік, зейін, ой-өрісін дамытуға арналған тапсырмаларды орындау.
Тіл бұзылуына қарай кешенді әсер ету жұмыстары: дыбыс қою, сөздік қорын дамыту, сөздің дыбыстық, буындық құрылымдарын жетілдіру; грамматикалық жүйені қалыптастыру; байланыстырыл сөйлеуді қалыптастыру.
Сенсорлы (импрессивті) алалия кезінде орталық жүйесінің есту анализаторларының органикалық бұзылуы немесе жетілмеуі себеп болады. Бала естіген дыбысты және қоршаған ортадағы шуларды да ажырата алмайды. Есту назары күрт түскен, естіп қабылдауға деген ынтасы толығынан жойылған. Соның салдарынан бала жан-жағындағы адамдардың сөзін түсіне бермейді. Сенсорлы алалия кезіндегі түзету (коррекция) жұмыстарының бағыттары; есту қабілетін дамыту. Ол үшін баланың назарын бір іс-әрекетке аудару керек. Мысалы, сурет, бояма, трафаретпен жұмыс, мүсіндеу, құрастыру. Баланы отыруға, назар аударуға ишарамен үйрету.
Біртіндеп бала назарын қоршаған ортаға аударамыз; алдымен есту қабілетін анықтау мақсатында дыбыс шығарушы заттарды пайдаланамыз. Ол үшін дыбыстаушы ойыншықтар: сырнай, дауылпаз, ысқырықты қолданамыз. Одан кейін дыбыстың қайдан шығып жатқанына назар аударамыз. (алдынан, артынан, жанынан). Кешірек жануарлардың дыбысын анықтауға көшеміз. Мысалы. мысық «мяу-мяу». Сиыр - «му-му-му». Содан соң былдыр сөздерге көшеміз. Ол былдырлардың құбылысқа немесе бұйымға сай айтылуын қадағалаймыз. Мысалы, сағат - «тық-тық», жауын - «тырс-тырс». Сөздерді түсіну мақсатында күнделікті өмірдегі ауыз-екі сөздерді қолданамыз. Алғашында ишара-ым арқылы дамытамыз. Мысалы, кітапты әпер, есікті жап, Одан әрі баланың баяу және белсенді сөздік қорын дамытуға көшеміз. Баланың сөзді дұрыс түсінуін анықтау үшін үлгі-суреттерді пайдаланамыз. Мысалға, суретте қыз бала үй қоянына сәбіз беріп отыр.
- Үй қоянын кім тамақтандырып отыр? (Бала қызды көрсетеді).
- Қыз нені тамақтандырды? (Бала үй қоянын нұсқайды).
- Қыз үй қоянына не берді?
- Сәбіз.
Бала еліктеу тәсілімен жеке сездерді айта бастағанда оны дұрыс қолдануын ата-аналардан талап етеміз. Мысалға, ұйқыға жат, серуенге шығамыз, қолыңды жу т.б. [13]