Тіл қатынасы жөніндегі түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 10:59, курсовая работа

Краткое описание

Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және тәжірибелік мақсаты біреу – ол жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өміріне қажетті білім дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой бала тілін дамыту.doc

— 227.00 Кб (Скачать документ)

Халел Досмұхамедов: «Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін білмеген ел - ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт -жойылған жұрт», -деп айтқан.

Ал осыны кейде есінен шығаратын оқушылар, тіпті мұғалімдер де бар. «Қазақ литературасының программасы жоқ. Қайнаған су қойылмаған уборный жоқ. Мектептің физкультура площадкасы жоқ, іс планы жасалған, бірақ конкретный емес», - деп жазатын мұғалімдердің мұғалімі саналатын мектеп нұсқаушылары да ұшырасып қалады.

«Баланың маңайында  сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық сөзді естіп өскен бала өмір бойы былық-былапыт тілді болады»   (М. Жұмабаев).

Белгілі қоғам қайраткері Ілияс Омаров: «Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдени қоректендіре түседі... Дүниеде сөздің дертінен өткен ауыр дерт жоқ, сөздің шарапатынан дауалы шарапат жоқ, сөз тұрлаусыздыққа емес, баяндылыққа, өлімге емес, өмірге қызмет етеді», - деген еді. Осы айтылғандардың тиісті қорытынды шығарып, өздеріңіз сөйлеу мәдениетін, жоғары көтеріп, ана тілінің кәусарынан мол сусындап отыруды естен шығармауларының керек. [4]

Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуын, қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Адамдардың қарым-қатынас жасайтын, түсінісетін негізгі құралы — тіл. Дұрыс қарым-қатынас жасау үшін әр адамның сөйлесе білуі керек. Сөз, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыруы тиіс.

Енді адамдардың арасындағы қарым-қатынас деген ұғымды қалай түсінуге болады?

Қарым-қатынас — адамның отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрлерімен және мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Адамдардың әдептілік нормалары тұрғысынан бір-бірлерімен өзара араласуларын, ауыс-түйістерін, байланысын білдіреді.

Қарым-қатынас — адамдардың ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі (жұмыстағы) бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.

Адамдар арасында дұрыс  қарым-қатынастарды орнатуда өзара  қатынасу мәдениетінің маңызы үлкен. Оған адамдарды құрметтей білу, мейірімділік, шыдамдылық және т.б. мінез сипаттарынан басқа сыпайылық пен әдептілік сипаттарының дамуы да кіреді.[12]

Жақсы қарым-қатынас жасауды білу және солай әрекет ету — әрбір адамның міндеті. Жақсы қарым-қатынас дегеніміз — адамның бойындағы ең әдемі қасиеттердің өмірдегі көрінісі.

Жақсы қарым-қатынастар адам бойында өткінші болмайды. Ол адам бойында қалыптасып, бірге жасайды. Ал ол үшін кісінің әуелі әдептілік негіздерін бойына сіңіру шарт. Өйткені әдеп болмай, жақсы қарым-қатынас та болуы мүмкін емес. Әдеп — сөйлеудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі.

Бұдан түйетін қорытынды, жақсы қарым-қатынас жасау — әдептілікті, мәдениеттілікті, сөйлей білу, сөйлесе білу мәдениетін меңгерудің қажеттігін көрсетеді.

Жеке адам мәдениеті деген — адамның ойлау қабілеті, өзінің және айналасындағылардың әрекеттеріне, болмысына талдау жасай білу қабілеті.

Мәдениет — адамның рухани және материалдық білімдарлық (интеллектілік) пен сезімдік қасиеттері айқын аңғарылатын белгілерінің жиынтығы.

Ендеше, мәдениет сөзінің аясы кең, мағынасы сан тарау. Соның ең негізгісі — тіл мәдениеті. Тіл, сөз — егіз ұғым.

Мәдениеттің туы — тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып жатады. Әр ұлттың тілі сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Сондықтан да, өз тарихына, ұлттық дәстүріне, туған жеріне, туған тіліне қамқор көзбен карап, қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады.

Сөз мәдениеті — сөздерді мағынасына қарай дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды бір-бірімен қиюластырып, үндестіріп дұрыс айту, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойғы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану. [8]

 

 

 

 

 

 

2. БАЛА ТІЛІН  ДАМЫТУ

 

2.1 Бала тілін  дамытудың әдістер мен тәсілдері  

 

Мектепке дейінгі мекемелердің ең маңызды міндеті ол бала өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығы. Бала тілі ойын арқылы дамиды. Ойнау үшін бірімен-бірі өзара сөйлесіп, тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. Соның бірі баланың байланыстырып сөйлеу тілінің мәдениетіне аса мән беріледі. Қазіргі таңда тіл кемістігі бар балалар өте көп. Сондықтан оларға логопед мамандарының көмегі аса қажет. Олардың сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейде болуына бірден-бір ықпал етіп, көмек беретін де осы мамандар.

Педагогтар ұжымы жетекшілігімен «Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту тұжырымдамасын» және «Мектепалды  даярлау тұжырымдамасын», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандартын» басшылыққа алып, оқу-тәрбие процесінің ізгілендіру тұрғысындағы ұстанымдарды іске асырып: «Әр баланың дені сау, эмоционалды, жеке тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болатын, оқу-тәрбие ортасын құру» тақырыбын бекітіп, келесі мақсаттар мен міндеттерді белгіледі:

Міндеттері:

1.Балалардың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау. Балабақшада оңтайлы қимыл тәртібін ұйымдастыру арқылы дене шынықтыру - сауықтыру жұмысының тиімділігін көтеру.

2.Балалардың сөйлеу  тілін дамытуды, іс-әрекеттің барлық түріне байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру арқылы жалғастыру.

3.Шығармашылық іс-әрекетінің  барлық түрінің интеграцияның  негізінде қоршаған әлемді эстетикалық  түрде қабылдауын дамыту.

Жоспарланған міндеттерді  іске асыру барысында көптеген іс-шаралар жоспарлап іске асырып отыр. Соның бірі жоспар бойынша өткізілген педагогикалық кеңес.

Педагогикалық кеңес  тақырыбы: «Мектепке дейінгі мекемедегі байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының қазіргі заманға сай  әдістері мен тәсілдері».

Мақсаты: Мектепке дейінгі  балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жетілдіру.

Баяндама: «Балалардың  байланыстырып сөйлеу тілін дамыту».

Іскерлік ойыны: «Ойын  арқылы бала бойындағы адамгершілік тәрбиенің қалыптасуы, оның өнегелік қасиеті».

Шебер сынып: «Неткен  ғажап ертегілер»

Дөңгелек үстел: «Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті-баланың сөйлеу мәдениетінің дамуының негізі. Мәдени сөйлеу талабы.

Көрме: «Тіл дамыту сабағының  дидактикалық ойындары».

Қазақстан Республикасының  президенті - ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты  бағыты»

Көрме.

Баяндама: «Балалардың  байланыстырып сөйлеу тілін дамыту». Теория жүзінде педагогтарға кеңес беріледі.

Іскерлік ойын, шебер сынып, дөңгелек үстел тәрбиешілермен бірге жүргізіледі. Ол іс жүзінде өз бойынан өткізіп, балалармен қалай ойнау тәжірибесін алады. Мысалы:

Көрме: Әрбір педагог өздері қолданатын дидактикалық ойындарына сипаттама  беріп, олармен ойнау жолдарын түсіндіреді. Бір-бірімен пікір алмасып, тәжірибе алуына да болады.

Ойын «Соқыр теке» ойынының сөздерін алдын-ала жазып, таратып, бірлесіп ойнатады. Қойылған сұраққа әрбір педагог жауап беріп, өз ойын әріптестерімен бөліседі.

Шебер сынып: «Жеті лақ» ертегісін  қазіргі заманның ағымына қарай сюжетін, сөздерін ауыстырып қолдануға болады. Оны үстел үсті, көлеңке немесе рөлдерге бөліп беру арқылы ойнатады. Әрбір сөзді айтқан кезде тіл кемістігі бар балалармен   жақын болып, сөздеріне көңіл бөлінеді.

Сұрақтар: Ойынның, ертегінің балаларға қандай тәрбиелік мәні бар? Сөздік ойындар балаларға қалай әсер етеді? Ертегіден   жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді таңдап оған мінездеме беріңіз? (есте сақтау қаблетін арттырады, қызығушылығын тудырады, ой-өрісін дамытады, қимыл қозғалысын жетілдіреді т.б)

Дөңгелек үстел: «Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті-баланың сөйлеу мәдениетінің дамуының негізі. Мәдени сөйлеу талабы. Сөйлеу тілінің басқыншылығы. Речевая агрессия». Бұл тақырыпқа психолог мамандарының көмегі көп. Қазіргі кезде неліктен балалардың жүйкесі жұқа? Оларға қандай көмек бере аламыз? Ата-аналармен байланыстың қаншалықты көмегі бар? Жанұяда бір бала ғана болғандықтан ба? т.б сұрақтар төңерегінде педагогтар арасында пікір талас. [10]

Тіл - қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы. Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «...ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов: ...өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек... Өз алдына ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» дейді. [8]

Баланың мектепке дейінгі кезеңі - оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын кезеңі, сондықтанда бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата-аналар да ерте бастан көңіл бөлгені жөн. Баланың жағымды мінез-құлық әрекеттері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дамуы 3-4 жасқа дейін-ақ қалыптасып, тұрақтала бастайды. Баланың түрлі қимыл-әрекеті күрделеніп, күнделікті өмірде өзіне қажетті заттарды білуге деген ынтасы артады. Баланың сөз қорының молайып жетілуі, оның физиологиялық, психологиялық (ой қызметі, сезім, қабылдау, зейін, қиял, еліктеу т.б.) дамуына әсер етеді.

1,5-2 жастағы бала естіген-білген сөзді сол күйінде қайталап айтуға талаптанады. Өз ойын сөзбен жеткізудің алғашқы қадамы басталады. Өйткені, күнделікті ойын, тамақтану, киіну-шешіну, қимыл-әрекеттері кезінде ол да қажетті жайттарды сөзбен ұғындыруға мәжбүр болады.

Ұйымдастырылған    оқу    іс-әрекетін    жоспарлау барысында балалардың білім деңгейі, сөйлеу дәрежесі ескеріледі.Тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесс жүріп, олардың білім деңгейін анықтайды, аты-жөнін, әке-шешесінің атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелесе отырып, бағдарлама мазмұны негізінде күнтізбелік жоспар жасайды.

Үш жастағы балаларға сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлем мүшелерін жетілдіру, сөзді, сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс естіп тыңдай білуге үйрету, «Сөз», «Дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын әрі қарай дамыту балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсат қарастырылады.

1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік  қорын дамыту.

а) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.

ә) Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ) т.б. сөздерді үйрету.

б) Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.

в) Заттың іс-әрекетін білдіретін (жүрді, жүгірді, келді, қияды, екті, септі т.б.) сөздерді әрі карай меңгерту

г) Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, асты, астында, жоғарыда, төменде, т.б.) қосып айтуға үйрету.

2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату

3. Грамматикалық категорияларды  меңгерту. Зат есімге іс-әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше (менің досым, біздін ойыншықтарымыз) айтуға үйрету.

4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген-түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету. (сызбаның түрлері беріледі).

Мектеп жасына дейінгі  баланың тілін дамыту әдістері: баламен әңгімелесу; күнделікті өміргс қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу; көрген-білгені туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; әңгімелесуден соң, балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату; түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен  үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:

1. Затты бақылауға дағдыландыру;

2. Балалардың түсінігін байқау, сұраққа ұүрыс жауап беруін қадағалау;

3. Бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру. Мысалы, бала үй жануарларын бақылағанда (қозылы қой, бұзаулы сиыр) олардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы (қозы, қой, сиыр) ұқсас жақтары туралы салыстыра айта білуі тиіс. Сондай-ақ, балаларға мақал-мәтел айтып, жұмбақтың шешуін сұрап, сөз мәнісін, түсінігін айтуға, жануарларды суреттен танып көрсетуге, мүсіндеуге үйретіп, жануарлар айтысы т.б. ойындар арқылы оқу іс-әрекетін одан әрі жалғастыру.

Сөйлеу тілі мен сөздік қорының жетілуіне байланысты бұл жастағы балалар төңіректегі өмір құбылыстарына назар аударып, оны танып білуге әрекеттене    бастайды.    Ата-анасымен    серуенге шықса, дүкенге не киноға барса, көзі шалған заттың бәрін сұрап, «ол не, бұл не?» деп тақылдайды. Бала табиғатына тән осы ерекшеліктер туралы ұлы ақын Абай былай дейді: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары... Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып көріп, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тура жүгіріп, біреу күлсе де, біреу жыласа да тура жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйретеді?», «бұл неге үйретеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегендік».

Информация о работе Тіл қатынасы жөніндегі түсінік