Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июля 2014 в 13:02, доклад
Мектеп түлегінің негізгі құзырылылығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, комуникативтік ақпарттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.
Тұлға құзырылылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі.
І. Кіріспе......................................................................................................................2
ІІ. Негізгі бөлімі
1. Технологиялық карта мектепалды дейінгі
балаларды оқытуда атқаратын рөлі..........................................................................4
2. Технологиялық карта – мектепке дейінгі ұйым педагогының құзыреттілігін қалыптастыруда негізгі құрал ретінде......................................................................6
3. Технологиялық карта бойынша жұмыс жасау ережесі.....................................10
ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................13
ІҮ. Қосымша...............................................................................................................14
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................23
Мазмұны
І. Кіріспе.......................
ІІ. Негізгі бөлімі
1. Технологиялық карта мектепалды дейінгі
балаларды оқытуда атқаратын
рөлі..........................
2. Технологиялық карта – мектепке
дейінгі ұйым педагогының құзыреттілігін
қалыптастыруда негізгі құрал ретінде.......................
3. Технологиялық карта
бойынша жұмыс жасау ережесі.......................
ІІІ. Қорытынды.....................
ІҮ. Қосымша.......................
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Қазақстан халқына арналған
дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне
жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің
тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан
бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына
бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың
халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз
жеткізер едік.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша
Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ
табыстардың негізі екені баса айтылды.
Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін,
ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік
ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік
ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай
дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін
тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған
30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін
беретіні сөзсіз.
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Қазіргі кезеңдегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктері мен түсіндіріледі», - делінген. Білім, білік, дағдыларды меңгертуден құзыреттіліктерді қалыптастыруда, құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім беру нәтижелерін, білім сапасына бақылау жасаудың тәртібі қарастырылады. Білімнен құзыреттілік қағидасына негізделген жаңаша оқыту техналогиясы оқыту технологиясы оқушылардың танымдық қызметінің заңдылықтарына оқудағы құндылық бағдарға, яғни, оқушының зерттеушілік, шығармашылық және рухани адамгершілік қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс. Жаңа технологияны оқу тәрбие үрдісінде қолдануды инновация дейді. «Инновация» деген сөз латынның «novos» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан. Ал оның қазақша аудармасы «жаңару», «жаңалық енгізу» деген мағынаны білдіреді.
Мектеп түлегінің негізгі құзырылылығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, комуникативтік ақпарттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.
Тұлға құзырылылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі.
Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлық сынып балаларының жас ерекшелігіне орай қолданылатын оқу-тәрбие әдістерінің түрлері өте көп. Осы әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғарғы бала да болады, онымен жұмыс жасап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру-әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті.
ІІ. Негізгі бөлім
Технологиялық карта мектеп жасына дейінгі
балалармен жұмыс жасау ерекшелігі.
Технологиялық карта – бұл оқу және тәрбие үрдісінде нәтижеге қол жеткізуге ықпал етуші тәрбиешінің басқарушылық іс әрекеттері мен балалардың қызметтік кезеңдерінің жүзеге асыруылының жоғары деңгейіне ие ұйымдастырылған оқу қызметі алгоритімі болып табылады. Ол педагог –тәрбиеші деңгейі мен бала деңгейіндегі қызмет бойынша оқу қызметін ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық шешімдердің кешенінен тұрады. Қандай да бір басқарушылық шешімдер мен бала қызметінің ерекшелігі оқу қызметінің кезеңдеріне негізделген.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, технологиялық карта құралын қолдану арқылы оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде балалардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады
Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Технологиялық карта құралын қолдану арқылы оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді. Осыған орай сабақ беретін топта оқушылардың шығармашылық, танымдық, денсаулық, әлеуметтік , қарым –қатынас құзіреттілігін дамыту бағытында әр түрлі дидактикалық , интерактивті ойындарды қолдану. Ең алдымен қоғамдағы басты міндет балалардың денсаулығы. Әр баланың денсаулық құзіреттілігін арттыру жолында түрлі қимыл – қозғалысты нығайту, есте сақтау, зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығу ойындарын қолдану, сайыстар өткізу, күнделікті ұйымдастырылған іс – әркеттіің үрдісі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік білім беретін кеңістікке кіруге бағытталған білім берудің жаңа ұлттық жүйесі қалыптасты. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында осы салада басқаруды орталықтандыру, білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді қамтамасыз етеді. Осы заңмен мектепке дейінгі білім берудің басты мақсаты анықталды, ол – мемлекетпен ұлттық және әлемдік мәдениет, жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдайларды жасау. Баланың жеке тұлға болып толықтай дамуы педагогтардың кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты.
Технологиялық картада тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Ø Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
Ø Топтасып іс – әрекет етуге , үйренуге жағдай жасау;
Ø Өздерін — өздеріне бағалату;
Ø Іс — әрекет барысында білім алу;
Бала өз ойын еркін айту үшін тәрбиеші мына тәсілдерді
қолдануы тиімді.
Ø Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру;
Ø Ешқашан “жауабыңыз дұрыс емес” демеңіз, ондай жағдайда
тек топтан келісесіздер ме деп сұрау;
Ø Зейінсіз енжар баланы анықтау, мүмкін оларда ой не ғажайып пікір болуы.
«Тәрбиеші балаға түрлі әсерді құлық көзімен салыстырып, үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, адамгершілік туралы белгілі бір ұғымға ие болады. Ол уақытта алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын болады», - деп атап көрсеткен М.Жұмабаев. Бұдан балаларды адамгерішілікке тәрбиелеу мәселесі қай заманның болса да ғалымдарын терең ойландырғаны байқалады.
2. Технологиялық карта – мектепке дейінгі ұйым педагогының құзыреттілігін қалыптастыруда негізгі құрал ретінде.
Шын мәнінде технологиялық карталардың сипаттамасы мұғалім мен оқушылардың (мақсатқа жету, ұйымдастыру, бақылау және реттеу іс-әрекеті) іс-әрекеттерін суреттей келе технологиялық жобалау мен құрастыру деңгейінде білім беру үрдісін елестету болып табылады. Технологиялық карта оқу іс-әрекетін басқарудың негізі болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерді зерттеп қарағанда, қазіргі заманғы оқыту үрдісінде басқару мақсатының, олардың жетістікке жету әдістері мен тәсілдерінің бір-бірімен байланыстылығы жеткіліксіз жасалынған. Атап айтсақ, мысалы, 1 кестеде (В.С.Кукушинаның классификациясы бойынша) таңдау жетістіктерін анықтайтын, олардың 16 түрлі себебін ескеруді қажет ететін, мұғалім тарапынан берілетін оптималды оқытудың әдіс-тәсілдерін жоспарлау үрдісі көрсетілген.
- 1. В.С.Кукушина бойынша оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін себептер тізімі.
№ |
Себептер |
Себепке әсер етеін коэфф. |
Орын |
1 |
Оқыту мақсаты. Қажетті жетістікке жетудің оқыту деңгейі |
0,90 |
1 |
2 |
Оқытудың ынталандыру деңгейі |
0,86 |
2 |
3 |
Оқытудың заңдылық ұстанымдарын жүзеге асыру |
0,84 |
3 |
4 |
Жүзеге асырлатын талаптар мен мазмұндар көлемі |
0,80 |
4 |
5 |
Оқу материалының күрделілігі мен мен қажетті өлшем шегі |
0,78 |
5 |
6 |
Оқушылардың дайындық деңгейі |
0,65 |
6 |
7 |
Оқушылардың белсенділіктері, қызығушылықтары |
0,65 |
7 |
8 |
Оқушылардың жасы, оқу жұмысына жарамдылықтары |
0,62 |
8 |
9 |
Оқыту дағдыларының қалыптылығы. Оқытудағы жаттығушылық пен шыдамдылығы |
0,60 |
9 |
10 |
Оқыту уақыты |
0,55 |
10 |
12 |
Өткен алдыңғы сабақтағы әдіс-тәсілдерді қолдану |
0,40 |
12 |
13 |
Сабақтың типі мен құрылымы |
0,38 |
13 |
14 |
Оқу еңбегі үрдісінде қалыптасатын (бірге жұмыс жасайтын және билік жүргізуде) мұғалім мен оқушы арасындағы бір-бірімен қарым-қатынасы |
0,37 |
14 |
15 |
Сыныптағы оқушылар саны |
0,36 |
15 |
Осы кестенің талдауы, оқыту әдістерінің оптималды таңдалуына көрсетілген себептерінің сәйкес келуі негізінде жатқаны көрсетілген. В.С.Кукушинаның ойы бойынша – осы кестенің авторы – қазіргі таңдағы оқытудың көптеген жағдайларда теоретикалы – көп ықпал ету әдістеріне сүйене отырып, олардың қолдануға болатын мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, автор ескертеді: шын мәнінде үнемі алдын-ала болжанбаған кездейсоқтық әсер етеді. Одан басқа да, біздің ойымызша, әсерлілік себептері 3 кестеде көрсетілген. Оқытудың сапасын төмендететін объективті себеп-салдары болып табылатыны алдын-ала болжанбаған салдарлармен кездейсоқтықтардың санының өсу дәрежес, өз коэффициенттерінің шегімен азаюын көрсетеді. Нақты айтқанда, мұғалімге – оптималды әдістерді ешбір сәтті нәтижелі кепілдіксіз таңдауды міндеттеме жүктеледі. Бұл мәселелер тудырып, қарама-қайшылықтарды, бір жағынан оқытудың талап ететін сапасын алуды, екінші жағынан тұрақты нәтижені алудың әсерлі тәсілдерінің жоқтығын көрсетеді. «БжС» технологиясында осы аталған мәселелердің барлығы да технологиялық карталар арқылы шешіледі. Онда №1 кестеде көрсетілген сабаққа қойылатын процессуалды талаптардың барлығы да қоса қамтылған мәселелерді шеше алады. Сонымен, үнемі жаңғыртылған және тұрақты нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің сабаққа деген минималды уақытпен дайындалған, кез келген сабақты аса жоғары сапамен өткізуге мүмкіндік беретін барлығы 11 технологиялық карта құрылған.
Технологиялық карта үш кезеңнене тұрады:
Технологиялық карта (толтыру үлгісі)
Білім бері саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Ауыл жұмысшыларының еңбегі туралы әңгімелесу»
Мақсаты: көкөністер мен жеміс жидектер өсіруші ауыл жұмысшыларының еңбегі туралы білу.
Міндеттері
Кіші жастағы шағын топ:
Ересек жастағы шағын топ: