Тарбие куралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 22:48, реферат

Краткое описание

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін, жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық - тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

peed.docx

— 25.89 Кб (Скачать документ)

7. Тәрбие процесінде мұғалім,  мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш - қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.

Тәрбие әдістері, құралдары, ұстанымдары бір - бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады.

Қорыта келе, барлық нәрсенің өлшемі – адам, оның жан – жақты  тәрбиесі қайта құру процесінің бұлжымас заңына айналып отырған қазіргі  кезеңде тәрбие әдісі теориясын  және практикасын одан әрі жетілдіру  актуалды мәселе екені айқын.

Қазіргі кездегі тәрбие әдісінің негізгі мәні – жеке адамды жан  – жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын тәрбиенің әдістерін  жетілдіру.


Информация о работе Тарбие куралдары