Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 22:48, реферат
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін, жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық - тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады», - дейді.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін, жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық - тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық
Тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада
– бұл аға буын жинақтаған
тәжірибені жас ұрпақ
- педагогикалық мағынада
– бұл тәрбиеленушіге ықпал
жасау үшін ұйымдастырылған
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.
Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж.): «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында «... қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын
және жетілдіретін үйлесімді
процесс" - деп Коменский тәрбие
мақсатын төмендегі-дей
• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
• тән саулығы - "дене тәрбиесі".
Тәрбие процессі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді - өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын, оның рухани жан - дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні - адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды:
1. Педагогикалық
жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің
нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын
реттеу. Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің
деңгейін анықтауды, оның
2. Тәрбие процесінің
жобасын құру және жүзеге
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ыкпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жагдайларда тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс айшықтауды және тәсілдерді қайта құруды т. б. талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны алғашқы берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс - әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің
мақсатына, мазмұнына балалардың жас
және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік
деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер
тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды
қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге,
адамдармен қарым-қатынас жасауға,
олардың жақсы тәжірибесін
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс - әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі - бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін
жіктеудің 11-ден астам түрлері
бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина
жәнеВ.С.Сластенин жасаған
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс - әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс - әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез - құлық пен іс - әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне - өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие әдістерін қолдануда педагогикалық және психологиялық талаптар ескеріледі:
- сөздің өте күшті сенім қаруы екенін түсіну;
- оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіру, жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлдеқандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін қолдану;
- жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын рөлін айқындау;
- оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез – құлық қасиеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау;
- мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата – ананың әңгімесіне, түсініктемесіне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру;
- әр баланың көңіл – күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне қысылатындай, өзін - өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау;
- сендіру әдісінің барлық салаларының бірлікте, жүйелі түрде, үздіксіз қолданғанда және балалардың сана – сезімі, тәжірибесі, білімі көзқарасы мен жас өзгешеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі нәтижелі болады;
- үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.
Тәрбие тәсілі – жалпы әдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке әрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тәсіл – тәрбиешінің өз шәкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тәсілмен басқа да тәрбиешілер пайдалана бастаса, тәсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - әдістерге айналады. Әдістер мен тәсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын,
міндеттерін, оларға жетудің
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс - қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс - қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтауға үйретеді.
Бағдарлау – іс - қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс - қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс -қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық қимыл - әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс - қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді.
Тәрбие құралдары дегеніміз
- оқушының адамдық қасиеттерін
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;
2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым – қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
4. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш - қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Принцип дегеніміз - адамның іс - әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс - тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар:
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
2. Жас ұрпақты іс-әрекет
пен қарым-қатынас арқылы
3. Тәрбие барысында
жеке тұлғаға қойылатын талап
пен көрсетілетін құрметтің
Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген болатын.
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.
Тәрбие тәжірибесі балаларға
қойылатын талап пен
5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл - ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б.
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.