Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 22:48, реферат
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін, жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық - тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.