Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 21:25, лекция

Краткое описание

1. Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екені
2. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері
3. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуы, ол дәлелденген ғылыми еңбек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

созжасам лекц.doc

— 671.50 Кб (Скачать документ)

1. Туынды сөз туралы түсінік

2. Туынды сөз және туынды түбір

3. Туынды сөздің түрлері

4. Біріккен сөз және оның түрлері

5. Қос сөз және оның түрлері

6. Тіркескен күрделі сөз және  оның түрлері

7. Қысқарған сөз және оның  өзіндік белгілері

Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
  3. Салқынбай А.  Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
  4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

 

№7 лекция. Тақырыбы: Сөзжасамдық талдау.

Жоспар

  1. Сөзжасамдық талдаудың негізгі нысаны сөзжасамдық бірліктер
  2. Сөзжасамдық бірліктердің сөз мағынасын жасаудағы қызметі
  3. Сөзжасамдық ұя

Синтетикалық сөзжасам қазақ тілінің  сездік қорын байытуда өте үлкен  қызмет атқарады. Сон-дықтан да тілдің сездік қорында негізгі түбір сөздерден туынды түбір сөздер әлдеқайда көп.

Тіліміздің сөздік қорынан туынды түбір сөздердің кең орын алатынын сөзжасамдық ұялар анық дәлелдейді. Өйткені әр сөзжасамдық ұя бір  негізгі түбір сөзден қанша туынды түбір сөз жасалғанын анық, ашық көрсетеді. Мысал бір ғанабудеген негізгі түбірден жасалған сөзжасамдық ұяда 44 туынды түбір бар.

Сол сияқты тілдегі әр сөзжасамдық  ұяға бір негізгі түбір сөз тірек болып, ал оның әрқайсысынан талай туынды түбірлер жасалғаны тілдегі туынды түбір сөздердің тілдің сөздік құрамынан басым орын алатынына толық дәлел бола алады.

Олай болса, тіліміздің сөздік қорын байытуда ерекше орын алатын туынды түбірлердің жасалуына қандай негізгі түбір сөздер өзек, тірек болғанын, негізгі түбір сөздердің туынды түбір сөз жасаудағы құнарлылығын анықтау, олардан туынды түбір сөздің өрбу жолын көрсету өте маңызды. Осы мәселенің ғылыми негізін анықтау-да сөзжасамдық ұяны зерттеу өте қажет. Сөзжа-самдық ұя бір сөздің негізінде туынды түбір сөздердің жасалуының барлық жолын, тетігін ашып береді.

Қазақ тіліндегі, сөзжасамдық ұя мәселесін  зерттеу 1989 жылғы жарияланған "Қазіргі  қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографиялық еңбектен басталады.

Сөзжасамдық ұяға берілген анықтама сөзжасамдық ұяның құрамы қандай сөздерден құралатынын да аңғартады. Ол әр сезжасамдық ұя құрамында бір негізгі түбір сөз және одан туған туынды түбірлер болатынын көрсетті. Олай болса, әр сөзжасамдық ұяның құрамында түп негіз сөз яғни негізгі түбір сөз біреу болады да, одан өрбіген туынды түбір сөздер-бірнешеу болады. Әр сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында түп негіз сөз үнемі қатысып отырады. Бір сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір сөз болса, соның бәрінің қүрамынан алғашқы түп негіз сөз міндетті түрде орын алады. Мысалы,ән, әндет, әндеткіз, әндеттір, әнқой, әнқойлык, әнсымақ, әнші, әншілік, әншіл, әншілдік деген ән негізгі түбірінен тараған сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында ән деген негізгі түбір бар. Бір сөзжасмдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрі бір негізгі түбір сөзден өрбігендіктен, олар түбірлес сөздер аталады. Бұдан түбірлес сөздер бір сөзжасамдық ұяның ғана құрамына қатысты екені анықталды. Олай болса, әр сөзжасамдық ұя әр түрлі түбірлес сөздерден тұрды. Мысалы, жұрт негізгі түбірінен жасалған сөзжасамдық ұяны алсақ, ол жұрттық, жұртша, жұртшылық деген 3 қана түбірлес сөзден тұрады, олардың да әрқайсысының құрамында негізгі түбір сөз бар, және осы ұядағы түбірлес сөздер алғашқы жел тубірінен тараған ұядағы түбірлес сөздерден мүлдем басқа. Бұл түбірлес туынды сөздер ұяға байлаулы екенін, әр ұяның өзінше түбірлес сөздері болатынын көрсетеді. Сөйтіп әр түп негіз сезден тараған туынды сөздер әр түрлі сөзжасамдық ұяға жататын, әр түрлі түбірлес сөздер болып табылады.

Сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің  бәрі бірінен-бірі тікелей жасалған туынды түбір болуы міндетті емес. Тек ұядағы сөзжасамдық тізбекте ғана бірінен-бірі тікелей жасалған, біріне-бірі негіз болатын сөздер болады. Ал бір сөзжасамдық ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола береді де, әр тізбек түп негіз сөзден өрбиді. Ал сөзжасамдық үядағы туынды сөз атаулының бәрі бірінен-бірі тікелей туындай бермейді. Сондық-тан сөзжасамдық ұяға ондай талап қойылмайды, мұнда бір ұядағы сөздердің бәрінің құрамында бір негізгі түбірдің болуы міндетті шарт болып саналады.

Мысалы, біл негізгі түбірінен жасалған түбірлес туынды түбір сезден түратын ұяда 26 туынды түбір сөз бар, олардың бәрі түбірлес сөздерге жатады. Осы түбірлес сөздердің бір-бірінен тікелей туындауы 13 сөзжасамдық тізбек ішіне ғана қатысты. Мүны анықтап көрсету үшін, осы сөзжасамдық ұядағы тізбектерді жеке-жеке тізіп көрсету қажет:

1. біл->білім->білімді->білімділік

2. біл->білім->білімсіз->білімсіздік

3. біл—»білім—>білімдар—>білімдарлық

4. біл—»білім—>білімдар—>білімдарсы

5. біл—>білім—>білімпаз—>білімпаздық

6. біл—>білім-»білімпаз->білімпаздан

7. біл-»білік->білікті->біліктілік

8. біл->білік->біліксіз->біліксіздік

9. біл->білгіш->білгіштік

10. біл->білгіш—>білгішсі

11. біл->білгір->білгірлік

12. біл—>білгір->білгірсі->білгірсін

13. біл—>білгі->білгілік->білгілікті

14. біл->білдір->біддірт

15. біл—=>білгіз—>білгіздір->білгіздірт

16. біл—»білік—>

17. біл—»біліс

Осы 17 сөзжасамдық тізбектің әрқайсысы тікелей біл түп негіз етістіктен туындаған. Ал әр сөзжасамдық тізбекте қанша туынды түбір болса, солар ғана іштей бір-бірінен тікелей жасалған. Ал осы сөзжасамдық ұядағы 33 туынды түбірдің бәрі бірінен-бірі туындаған сөздер емес екені көрініп тұр, бірақ олардың бәрі біл негізгі түбір салт етістіктен туындаған. Сондықтан осы ұядағы 33 туынды түбір сөздің бәрі біл түбірінен та-раған, туындаған түбірлес сөздер. Сөйтіп түбірлес сөздер деген ұғым жалпы, ғылымда белгілі. Ал әр түбірлес сөздер тобының белгілі бір түп негіз сөзден тараған сөзжасамдық ұяға қатысты екеніне мән беріле бермейді. Сөзжасамдық ұя бір түп негіз сөзден туындаған түбірлес сөздің құрамын толық ашып көрсетеді, өйткені әр сөзжасамдық ұя бір түп негізден тараған, туындаған түбірлес сөздер тобынан кұралады. Анығырақ айтсақ, бір сөзжасамдық ұяда бір түбірден тараған, өрбіген бір топ түбірлес сөздер ғана болады да, сөзжасам өшір-өшірт-өшірткіз. Бұл тізбекте 3 сөзжасамдық жұп бар: 1) өш-өшір, 2) өшір-өшірт, 3) өшірт-өшірткіз. Ал бу түп негізінен жасалған сөзжасамдық ұяның бір ғана тізбегін мысалға келтіріп көрейік: бу-була-булан-буландыр-буландырғыш. Осы сөзжасамдық тізбекте сөзжасамдық жұп бар. Олар: 1) бу-була, 2) була-булан, 3) булан-буландыр, 4) буландыр-буландырт, 5) буландырт-буландыр-тқыз.

Келтірілген мысалдар сөзжасамдық жұптардың тізбектегі саны түрлі болатынын анық көрсетті. Сонымен бірге сөзжасамдық жұптың орны, жалпы алғанда, сөзжасамдық ұяда болғанымен, тікелей нақты орны сөзжасамдық тізбекте. Оны мына мысалдардан керуге болады: тер түп негізден жасалған сөзжасамдық ұядағы тер-тер-ле-терлет-терлеттір-терлеттірт тізбегін алсак, онда 4 сөзжасамдық жұп бар, яғни тізбек 4 сөзжасамдық жұптан құралған, олар: 1) тер-терле, 2) терле-терлет, 3) терлет-терлеттір, 4) тер-леттір-терлеттірт. Бұл тек осы мысалға келтірілген тізбекке ғана қатысты емес, барлық сөзжасамдық тізбектер сөзжасамдық жұптардан құралады. Сондықтан ол — жалпы заңдылық. Оған кез келген ұядағы сөзжасамдық тізбекті келтіріп, одан осы құбылысты көруге болады. Мысалы, тың-тыңда-тыңдат-тыңдатқыз; тіл-тіле-тілек-тілектес-тілектестік; шаш-шаша-шашақ-шашақсыз сияқты тізбектерді алсақ, олардың бәрі де түрлі сөзжасамдық жұптардан тұратынын аңғару қиын емес: тың-тыңда, тыңда-тыңдат, тың-дат-тыңдатқыз; тіл-тіле, тіле-тілек, тілек-тілектес, тілектес-тілектестік; шаш-шаша, шаша-шашақ, шашақ-шашақсыз. Бұл сөзжасамдык тізбектердің әрқайсысы 3-4 сөзжасамдық жұптардан тұратыны көрінді. Қорыта келгенде, сөзжасамдық жұптардың сөзжасамдық ұядағы нақты орны сөзжасамдық тізбек екені анықталды. Сонымен сезжасамдық жұп туынды сөздің жасалуына негіз болатын сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын сөзжасамдық тізбектің ең кіші мүшесі.

 Сөзжасамдық тізбек

Сөзжасамдық ұяның мүшелерінің негізгілерінің бірі - сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық ұя орыс тіл біліміңде зерттеле бастағаннан бері оның құрамында сөзжасамдық тізбек те зерттеле бастады. Орыс тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесі 20-30 жылдан бері өнімді зерттеліп келеді. Онда сөзжасамдық тізбектің анықтамасы берілді, сөзжасамдық ұя, оның құрылымы мен мағынасы, сөзжасамдық ұяның мүшелері толық зерттеліп, теориялық негізі қаланды. Сөзжасамдық ұя бойынша үлкен сөздікте жарияланды.

Қазақ тіл білімінде сзжасамдық тізбек мәселесі тұңғыш рет ілгеріде аталған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографияда көтерілді, сөзжасамдық тізбек термині ғылыми айналымға алғаш сонда түсті. Бір түбірден тараған, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сезжасамдық тізбек деп аталады.

Сөзжасамдык тізбектің қайсысын алсақ та, оның құрамындағы туынды түбірлер бір түп негіз сөзден бастау алады. Олай болса, тізбек атаулы түп негіз сөзден өрбиді, яғни сөзжасамдық тізбектің құрамында міндетті түрде түп негіз сөз болуы шарт. Түп негіз сөзсіз сөзжасамдық тізбек болмайды, түп негіз сөз сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі.

Сөзжасамдық тізбектің келесі мүшесі - түп негіз сөзден жасалған туынды түбір сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де, бірнешеуде бола береді. Мысалы, жұп-жұптық; жыр-жырла-жырлас;зар-зарла-зарлат-зарлатқыз. Осы мысалдағы 1 -тізбекте бір ғана туынды сөз бар, 2-тізбекте екі туынды түбір, 3-тізбекте үш туынды түбір бар. Бұл туынды сөздердін санының тізбекте түрлі болатынын көрсетті. Сонда тізбектегі түп негіз сездің саны тұрақты болады да, туынды сөздің саны тұрақсыз болатыны анықталды. Бұл екеуі де - сезжасамдық тізбектің негізгі мүшелері.

Сөзжасамдық тізбектегі түп негіз сөз бір морфемалы сөзден болады. Ал туынды сөз екі морфемалы, я одан да көп морфемалы болып келе береді. Мысалы, ал-алым-алымды, бөл-бәлім-бөлімше-бөлімшелі деген екі тізбектің алғашқысының құрамындағы түп негіз -ал бір морфемадан тұрады, ал осы тізбектің туындылары алым -екі морфемалы, алымды - үш морфемалы сөз. Екінші тізбектегі түп негіз сөз - бәл - бір морфемалы сөз, ал осы тізбектегі бөлім - екі морфемалы, бөлімше - үш морфемалы, бөлімшелі - төрт морфемалы сөз.

Бұдан тізбектің бір мүшесі ғана бір морфемалы сөз болып, қалған мүшелері екі не одан да көп морфемалы сөз болатыны анық көрінді. Мүның себебі тізбектің құрамында бір ғана негізгі түбір сөз болады, қалғандары туынды түбір сөздер болады. Ал туынды түбір сөздер жұрнақтар арқылы жасалатындықтан, ол сөз құрамындағы морфеманың санын арттырады. Ал тізбекте бір туындыдан екінші туынды жасала беретіндіктен, ондай туындылардың морфемдік саны көбейе береді. Мысалы, ек-егін-егінші-егіншілік деген тізбектегі туындылардың морфемдік саны барған сайын артып отырғаны байқалып тұр. Ондағы егін- 2 морфемалы, егінші - 3 морфемалы, егіншілік - 4 морфемалы туынды сөз. Әр туынды сөзді жасаушы жұрнақ туынды сөздің морфемдік құрамын өсіріп отырады, сондықтан туынды сөздердің морфемдік құрамы негіз сөзден көп болады. Бір тізбекте бірнеше туынды сөз болған жағдайда тек негізгі түбір сөзден жасалған туынды түбір сөз ғана екі морфемалы туынды сөз болады да, қалған туындылар көп морфемалы туынды сөздерге жатады. Туынды сөздердің құрамындағы морфемалар да түрліше. Олар: негізгі морфема және көмекші морфемалар. Тізбектегі туынды түбірлердің құрамындағы негізгі морфема - түп негіз сөз, көмекші морфемалар - жұрнақтар. Анығырақ айтқанда, тізбектегі туынды сөздердің бәрінің құрамында тізбектің түп негіз сөзі үнемі орын алады да, оған түрлі жұрнақтар қосылып отырады. Мысалы, жи-жиын-жина-жинал-жи-налыс деген тізбекте 4 туынды сөз бар. Сол 4 туынды түбір сөздің құрамына да жи түп негіз сөзі қатысқан. Бұл зандылық барлық сөзжасамдық тізбекке ортақ. Ол осы туынды сөздердің бір түбір сөзден тарағандығын, жасалғандығын білдіреді. Мұндай бір түбір сөзден жасалған туынды түбірлер түбірлес сөздер болып саналады. Олай болса, сөзжасамдық тізбектің құрамындағы туынды сөздер бір түп негіз сөзден жасалғандықтан, олар түбірлес сөздер болып саналады. Сондықтан сөзжасамдық тізбек тек қана түбірлес сөздерден құралады. Бұл белгі сөзжасамдық тізбекке берілген анықтамалардың бәрінде дерлік ескерілген, өйткені бұл - сөзжасамдық тізбектің негізгі белгілерінің бірі.

Сөзжасамдық тізбек - сөзжасамдық  ұяның мүшесі, бір бөлігі. Ал сөзжасамдық ұяның құрамында тек қана түбірлес сөздер болады. Өйткені сөзжасамдық ұяда тек қана бір түп негізден жасалған туынды сөздер ғана болады. Олардың бәрі бір түп негіз сөзден жасалғандықтан, сөзжасамдық ұяда тек түбірлес туынды сездер ғана болатыны түсінікті. Олай болса, сөзжасамдық ұяның құрамындағы тізбектердің бәрі де түбірлес сөздер болатыны анық. Мысалға, жүн түп негіз сөзден жасалған сөзжасамдық ұяны келтірейік. Бұл ұяда мынадай түбірлес туынды сөздер бар: жүнде, жүндел, жүндет, жүндеткіз, жүндеттір, жүндеу, жүндеуші, жүндеусіз, жүндес, жүндестік, жүнді, жүнжіт, жүнсіз, жүнше. Бір ұядағы осы туынды түбір сөздердің бәрі бір түбірден өрбіген түбірлес сөздер, олардың бәрінің құрамында түп негіз -жүн деген сөз бар. Осы туынды сөздердің бәрі бір ғана жүн деген сөзден жасалғандықтан, олар түбірлес сөздерге жатады.

Бір сөзжасамдық ұядағы сөздер түбірлес сөздер болса, оның құрамындағы сөзжасамдық  тізбек те түбірлес сөздерден құралады. Тізбек бірінен-бірі туындайтын туындылар  болса, олардың түбірлес сөздер болмауы мүмкін емес. Сондай-ақ бір сөзжасамдық ұядағы тізбектердің бәрі де түбірлес сөздерден құралады, яғни бір сөзжасамдық ұядағы түрлі тізбектердің құрамындағы туынды түбірлердің бәрі түбірлес сөз болып та-былады, Сөзжасамдық тізбектің құрамында қанша сөз болса да, олардың бәрі бірімен-бірі мағыналық байланысы бар сөздер. Бұл – сөзжасамдық тізбектегі сөздердің бәріне қатысты заңдылық, сондықтан сөзжасамдық тізбектің құрамында мағыналық байланысы жоқ сөз болуы мүмкін емес. Ал оның өзіндік себебі бар,|сөзжасамдық тізбектің құрамындағы сөздердің бәрі бір түп негіз сөзден туындаған сөздер, яғни олар түбірлес сөздер. Түбірлес сөздердің бәрінің құрамында түп негіз сөз бар, оның мағынасы басқа туынды сездердің мағынасына арқау, өзек болған, сондықтан ол мағына өзгеріске түскенімен, оның мағынасы мүлдем жойылмайды. Мысалы, көр-көрім-көрімдік деген тізбекте көр етістігінен екі туынды зат есім жасалған. Осы туынды зат атаулары көру қимылының негізіндегі заттық ұғымды білдіред. Сондықтан тізбектегі үш сөздің мағынасы байланысты. Сөзжасамдық тізбек белгілі бір сөзжасамдық ұяның мүшесі, яғни белгілі бір сөзжасамдық ұяның құрамында оның орны бар. Ал сөзжасамдық ұяда тек түбірлес сөздер ғана орын алатындықтан, бір сөзжасамдық ұядағы тізбектердің бәрі бір-бірімен мағыналас болады. Өйткені сөзжасамдық ұяда тек қана мағыналас сөздер орналасады. Сондықтан бір сөзжасамдық ұяның құрамындағы тізбектер мағыналас болмауы мүмкін емес.

Ал сөзжасамдық тізбектер түрлі  сөзжасамдық ұяның мүшесі болса, олар бірімен-бірі мағыналас бола алмайды. Мысалы, кел-келіс-келісім-келісімді-келісімділік; бақ-бақша-бақшалы; бал-балгер-балгерлік. Бұл мысалда 3 сөзжасамдық тізбек берілді. Олар үш түрлі сөзжасамдық ұяға жатады, сондықтан олар бір-бірімен мағыналас емес. Ал тізбектердің бәрінің құрамында оны аяқтаушы сөз бар, олар туынды сөздер. Бірақ әр тізбекті аяқтаушы сөз әр түрлі, тізбекті аяқтаушы сөз тек бір тізбекке ғана қатысты. Мысалы, біл -> білім —> білімді —> білімділік; біл —>білгір -> білгірсі —> білгірсін; біл —> білім —> білімдар —> білімдарсы деген 4 сөзжасамдық тізбекті алайық. Бұлар - бір сөзжасамдық ұяның тізбектері. Сондықтан олардың түп негіз сөзі - біл осы тізбектердің бәріне ортақ. 4 тізбектің бәрі біл түп негіз сөзден басталған. Бірақ әр тізбекті аяқтайтын сөз әр түрлі. 1 - тізбек білімділік туынды сөзіне аяқталған, 2 - тізбек білгірсін сөзіне, 3 -тізбек білімпаздық сөзіне, 4 - тізбек білімдарсы сөзіне аяқталған. Бұл мысалдар бір сөзжасамдық ұяның тізбек-терінің түп негіз сөзі бір болғанда да, олардың аяқтаушы сөзі түрлі болатыны анық дәлелдеп тұр. Ол осы тізбектерге ғана емес, тізбек атаулыға тән заңдылық. Бұл заңдылық бір сөзжасамдық ұяның тізбектеріне де, түрлі сөзжасамдық ұяның тізбектеріне де ортақ заңдылық. Сөзжасамдық тізбектің құрамындағы туынды түбір сөздер бір сөз табына да, түрлі сөз табына да қатысты бола береді. Әрине, олардың түрлі сөз табына жататын туынды сөздер болуы жиі кездеседі. Мысалы, өн —> өнім - өнімпаз—> өнімпаздық деген тізбекте туынды зат ссімдер -өнім, өнімпаздық, туынды сын есім - өнімпаз. Бұл тізбекте туынды зат есім мен туынды сын есім жасалған. Ал піс —> пісір —> пісірт —> пісірткіз деген тізбекте тек туынды түбір етістіктер ғана жасалған.

Информация о работе Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы