Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 21:25, лекция

Краткое описание

1. Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екені
2. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері
3. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуы, ол дәлелденген ғылыми еңбек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

созжасам лекц.doc

— 671.50 Кб (Скачать документ)

1) -шық, -шік жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, ол заттың атауына кішірйту мәнін қосады. Олар: үйшік> қалашық, төбешік, көлшік, кіршік, адыршық, қапшық, қылшық, ойыншық, тығыншық, дорбашық, талшық, түйіршік, боташық, шиыршық т.б. заттың атын жасаған ірімшік, ойыншық сөздеріндегі -шық, -шік жұрнағының да түп негізі осы жұрнақпен бір болуы мүмкін.

Кішірейту мәніндегі -шық, -шік жұрнағының тілдегі колданысы аз емес, бірсыпыра. Мысалы, Бүлдырап, бүлт ішінен беріп  елес, Адыршық арал сынды белес-белес (А.Тоқмағамбетов).Өзім өсірген текешігім өз басыма секірді (мәтел).

2) -шақ, -шек жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, оларға кішілік мән қосады: інішек, құлыншақ, жұтқыншақ, тоқтышақ,  бөктеріншек, салпыншақ т.б. Мысалы, Танакөз қанжығасына қаранып, бөктеріншегін түгелдей береді (Ғ.Мүстафин), - Інішек, жол көрсетіп жіберші (С.Мүқанов).

Келіншек, шынашақ сөздерінің құрамындағы —шақ, -шек жұрнағы осы кішірейту мәндегі жұрнақпен төркіндес деуге болады.

3)           -ша, -ше жұрнағы жансыз зат атауларына  жалғанып, оларға кішілік мән қосады. Кейде жекелеген жанды зат атауларына жалғанып, оларға да кішілік мән қосуы кездеседі. Олардан кітапша, сандықша, көрпеше, қобдиша, өзенше, тұмсықша, өгізше сөздерін атауға болады.

Сын есімдердегі ұзынша, сұрша, бозша, көкше сөздердегі — ша, -ше жұрнағы мен зат есім жұрнағының арасында байланыс бары байқалады. Олардың мағынасы жақын. Сын есімдегі —ша, -ше жұрнағы да түстің бәсендігін, солғындығын яғни аздығын білдіреді. Сондықтан олар төркіндес болуы ықтимал.

Кішірейту мәндегі өнімсіз  жұрнақтар

1) -пан жұрнағы зат есімге қосылып, оған кішілік мән береді. Ол кіші мәнді бала сөзіне жалғанып, кұстың баласының атын жасаған. Ол - балапан. Бұл өнімсіз жұрнақ.

2)   -ес жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оған кішірейту мән береді. Өнімсіз жұрнақ. Белес, дөңес сөздерінде ғана кездеседі. 3) -қа жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жүрнақ.

4)-анақ жұрнағы зат атауына жалғанып, оған кішірейту мәнін береді. 5)  -паң жұрнағы да кішірейту мағынасын береді, өте өнімсіз. 6)  -пат жұрнағы кішірейту мән береді. Ол -пат жұрнағымен мағыналас. Мысалы, Олар ойпатта жылтыраған көп отты көрді (І.Есенберлин). Қазанкөл - тау үстіндегі ойпат, кәдімгі қазанға ұқсаған шұқыр (Б.Нүржекеев).

7)  -қалаң жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жұрнақ. Мысалы, Еркіндігі көп пе, әуре-сарсаң өкініші көп пе, оны болжар жай жоқ, әйтеуір бір шатқалаңы көп жолға түскендей, жүрегім орныға алмайды (Ғ.Мүсірепов). Таудың шатқалаңына кезіктік (С.Мұқанов).

8) -қал жұрнағы да кішілік мәндегі өнімсіз жұрнақтарға жатады. Мысалы, Қысаң шатқалдан бұлқына шыққан асау өзен ұрымтал жерге жете бергенде, солтүстік батысқа қарай тартты (С.Омаров). Жиырма шақты адам шатқал ішімен жылжып келеміз (З.Иманбаев).

Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар көбіне жалғыз-жарым сөзде сақталған, қолданылу аясы өте тар.

Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақгар

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын  туынды түбір атауларға етістік  те негіз сөз болады, ондай туынды түбір атаулар етістік негізді  туынды түбір деп аталады. Тілімізде  етістік негізді туынды түбір  атаулар көп. Зат есім сөзжасамының бұл өнімді жолы болып саналады, өйткені тілде етістіктен зат атауларын жасайтын жұрнақтар көп және олар түрлі мағыналы зат атауларын жасайды. Олардың негізгілері төмендегідей:

1. Тамаққа қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар

-мал: саумал

-ма. -ме: жарма, салма, кеспе, сүзбе

-дақ: қуырдақ

-маш, -меш: қуырмаш, көмбеш

-м: жем

-іс: жеміс

-іт: іркіт

-мақ кұймақ

-қы: ашытқы, ұйытқы, іріткі

-мық: быламық

-пақ: қойыртпақ

2. Құрал-сайман атауын жасайтын жұрнақтар

-ғы, -гі: бұрғы, шапқы, шалғы, сүргі

-ақ, -ық, -ік: орақ, қармақ, қайрақ, күрек

-у: көсеу, қашау

-ма,-ме: шалма

-кіш: кескіш

-нда: бұранда

-уыш, -уіш: керуіш, тырнауыш

-уік: тістеуік

-кыш, қаш: қысқыш, түтқыш

-уыр: шымшуыр

3. Табиғат, мезгілге байланысты атау жасайтын жұрнақтар

-й: қурай

-а: жыра

-шы, -ші: тамшы

-н: боран, толқын, ағын, құйын, жауын

-сын, -сін: күресін, борасын

-па: оппа, ықтырма

-қақ: қатқақ

-гі: тебінгі

-ыс: батыс, шығыс, жаратылыс, өріс

-мық: қыламық

-у: қылау.

-ашақ, -ешек: болашақ, келешек

4. Дене мүшелері атауын жасайтын жұрнақтар

-шақ, -шек: емшек, құйымшақ -ін: пішін

-пір: кеспір.

-ақ, -ек: тырнақ, білек, жүрек

5. Нақты зат атауын жасайтын жұрнақтар

-дақ: қидақ. Мысалы, Матаның ұсақ қидақтарынан көрпеше жасайды (Диалект).

-ым, -ім: киім, өнім, тізім, соғым,  күзем

-н: қорған

-л: қамал

-уіш: желпуіш, түйреуіш, өлшеуіш

-у: тұсау, тіреу, құрсау, қадау

-ма, -ме: түйме, қаптырма, кездеме, керме, тартпа, қойма

-мақ, -мек: сырмақ, шақпақ, суыртпақ, піспек

-кек, -гек: ескек, кескек.

-қы, -кі: сыпыртқы, бөктергі, кергі,  қондырғы

-к, -қ: төсек, ұлтарақ, таяқ, тамызық

-ынды, інді: жуынды, шайынды, үйінді

-ғыш, -гіш: отырғыш, қыздырғыш, өшіргіш, кескіш, ескерткіш, басқыш, желдеткіш, тыңайтқыш

6. Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар

-дық, -дік: кажығандық, түңілгендік, еріккендік, алжығандык, білместік, зорлық

-малық, -палық: ауырмалық, ауыртпалық

-мшы: алдамшы, жолдамшы

-ық, -ік: қызық, бұзық, пысық, білік,  бұйрық

-ыш, -іш: қуаныш, күйініш, сүйініш,  сағыныш, аяныш, алданыш

-ыс, -іс: қарғыс, алғыс, таныс, өзгеріс,  ілініс

-мақ, -мек: қыспақ, салмақ, жұмбақ

-мыс: тұрмыс, болмыс, жазмыш

-ман: алдарман, өлермен. 

-жал: болжал

-мал: жорамал

-асы, -есі: шығасы, кіресі, аласы,  бересі, тиесі

-ын, -ін: мақтан, шығын, жасырын

7. Ауру атауларын жасайтын  жұрнақтар

-ма, -ме: шойрылма (радикулит), баспа (ангина) -кақ: тырысқақ.

8. Өнерге қатысты атауларды  жасайтын жұрнақтар

-ме: терме, қайырма, желдірме -ер: серпер

9. Ұлттық ойынға қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар

-пақ: аударыспақ

-ыс, -іс: сайыс, күрес, айқас, жарыс

-ушы: жаттықтырушы

10. Етістіктен зат атауларын жасайтын жүрнақтардың термин сөздер жасауы

Жоғарыда келтіріген жүрнақтардың біразы түрлі ғылым саласында  термин сөздер жасаған.

Тіл білімінің терминдерін жасаған жұрнақтар

-уыш, -уіш: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, еліктеуіш

-ша: қосымша

-у: жалғау

-нды: құранды (жұрнақ), туынды

-тік: көптік, септік, жалғаулық,  септеулік, демеулік

-ік: ілік

-ыс: барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес (септік), тіркес, құрмалас, салалас

-ын: буын

-м: сөйлем

-ма: қыстырма, қосарлама (қос сөз), қайталама

-мал: тасымал

-ды, -ді: өнімді, асырмалы, күшейтпелі, салыстырмалы

-сіз: өнімсіз т.б.

    Күрделі зат атауының жасалуы

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған заттық атаулар күрделі атаулар  деп аталады. Көне замандардан қазірге дейін қолданылып келе жатқан аналитикалық тәсіл тілдің сөздік қорының күрделі атаулары арқылы баюына орасан қызмет еткен. Сондықтан тілімізде күрделі атаулар құрамы, мағынасы жағынан алуан түрлі. Құрамына қарай күрделі зат есім сөздерді 4-ке бөлу қалыптасқан: біріккен, кіріккен сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер. Мағынасы жағынан олардың әрқайсысы іштей бірнеше топ құрайды.

Біріккен, кіріккен атаулар. Бұл сөздердің көне түрі-кіріккен заттық атаулар. Кіріккен атаулар деп өзінің құрамындағы сыңарлардың дыбыстық өзгеріске түсіп, бір-бірімен жымдасып, ықшамдалып кірігуінен жасалған түрі аталады. Мысалы, білезік -білек жүзік, қарлығаш - кара ала кұс, белбеу - бел бау, ағайын - аға іні, қолғанат - қол қанат, сәресі - сахар асы. Кейде кіріккен сөздердін құрамын ажырату қиынға түседі. Мысалы, Е.Жанпейісов атан, қоян, құлан, қабан, қыран, торлан, сазан, жылан сөздерінің -ан/-аң сөзіне бітуі кездейсоқ емес деп, олардың құрамында алғаш аң сыңары болған деген жорамал айтады .

Ал бір сыңары ғана дыбыстық өзгеріске түскен кіріккен зат есім сөздердің сыңарларын ажырату онша қиын емес. Мысалы, көгал, қолғап, құлагер, жарғанат, бегзат, жегжат, қайната т.б.

    А.Ысқаков кіріккен  сөздерге мынадай анықтама берген: "Кіріккен сөз деп компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелі өз мағыналарынан айрылып (делексикаланып), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және, сонымен бірге, сол компоненттеріне фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әр килы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз". Осы кіріккен сөзге берілген жалпы анықтама кіріккен зат есім сөздерге тікелей қатысты.

Біріккен атаулар деп сыңарлары  дыбыстық жағынан өзгеріссіз қалыпта тұрып, мағына тұтастығына көшкен сөздер аталады. Мысалы, азатжол, айбалта, айнакөз, әнтаспа, балабақша, балқаймақ, бозкөде, жемазық, жолбасшы, қарасөз, мүшелтой, өткел, пікірталас, шұбаршөп т.б.

Мағына жағынан біріккен атаулар  әртүрлі:

1) Өсімдік атаулары: абжауқын, адамтамыр,  адамшөп, айбалдырған, айгүл, ақбасшөп, бозшалғын, боркөз, даратүйнек т.б. Қасым Балқия Қасымқызының "Күрделі зат есімдер сөздігінде" 1400 біріккен өсімдік атаулары берілген.

2)Жан-жануар, жөндік атаулары: абжылан, ағашжегі, айбалық, айырқұйрық, айырмүйіз, ақалтеке, ақбалық, ақбауыр, ақбөкен, ақкекіре, ақкөз, аққаптал, аққарқара, аққоян, ақкұйрық, ақкұлақ, ақмарал т.б. Мұндай күрделі атаулар аталған сөздікте үш жүздей.

3)    Көне атаулар: арайна, алдаспан, алтыбасар, арқармүйіз, асатаяқ, аттеріс, атшабар, ашамай, әбілхаят, безаяқ, бетқағаз, бауыркөппе, бойтұмар т.б. Көне, этнографиялық атаулар сөздікте жүз елу шамалы.

4) туыстық атаулар: ағайын, ақсақал, жамағайын, қайнаға, қайны, қайынбике, қайынене, қайынжұрт, қайынсіңлі, шөпшек т.б.

5) ауру атаулары: айкезбе, айырбақай, ақауыз, ақбайпақ, ақбас, аққаптал, аққатпа, аққұрт, ақтаңдақ, ақтопалаң,  ақшелек, ақшешек, алабауыр, алагүлік, ашбаспақ, бақайқұрт т.б.

6)   ойын атаулары: айгөлек,  ақсүйек, алакүшік, алтыбақан, алтыбасар, алтынсақа, көжекжарыс, қазандоп, қарабие, карақұлақ, қаралақ, қолтұзақ, күжтеке т.б.

Тіркескен күрделі  зат атаулары. Тіркескен күрделі зат атаулары деп екі не одан да көп сыңарлардан құралып, бір лексикалық мағына беретін, бір лексема қызметін атқаратын сөздер аталады. Біріккен сөздер бірге жазылса, тіркесті күрделі зат атауларының ішкі сыңарлары бөлек жазылады. Мысалы, азу тіс, ақ түйіршік, бас бармақ, жақ сүйек, желке тамыр, кәрі жілік, мүшел жас т.б.

    Тіркескен күрделі зат атаулары көне кезеңдерден бастап қолданылып, қазір де сөздік қорды толықтырып келе жатыр. Аға буын, ай мүйіз, ақ бата, ақ жол, ақ тұйғын, бесік бау, ер бала, жабағы жүн, жеті қазына, жеті нан, күшік күйеу, кіндік бала сияқты тіркесті күрделі зат атаулары тілде қашаннан қолданылып келе жатса, сәулет өнері, шағын несие, азат жол, ақ түйіршік (термин), баж салығы, ғарыш айлағы (космодром), жат жазу, жол қағаз (путевка), қабылдау бөлмесі, оқу бөлімі, іс қағазы, іс бөлме сияқты тіркес-күрделі зат атаулары кейін қосылған сөздер.

Тілімізде тіркескен күрделі зат атаулары да үлкен орын алады.

Қосарланған күрделі атаулар. Күрделі зат атауларының қомақты тобы - қос сөздер. Күрделі сөзжасамының бір түріне жататын қосақтау тәсілі арқылы жасалған күрделі зат атауларының бір түрі қос сөздер деп аталады. Олар тілден кең орын алады. Олар -тілден көне замандардан бастау алған өте белсенді сөздер. Қос сөздерге жататын күрделі атаулар тілдің сөздік қорын үнемі толықтырып келеді. Аға-жеңге, ағайын-туған, ағайын-жекжат, ата-тек, әке-шеше, әке-баба, жетім-жесір, аға-іні сияқты туыстық атаулар; ас-дәм, ас-су, дәм-түз, қазы-қарта, құрт-май, өкпе-бауыр сияқты тамақ атаулары; ақыл-ес, ақыл-ой, ақыл-сана, арман-үміт, ар-үждан, ар-үят, атақ-даңк, ашу-кек, ашу-зіл сияқты дерексіз зат атаулары, т.б. толып жатқан өмірдегі түрлі заттық ұғымдарды, қос сөздер білдіре береді. Қосақтау тәсілі арқылы соңғы кезде де бірсыпыра жаңа ұғымдарға атаулар жасалды: косметолог-дәрігер, мектеп-гимназия, мектеп-лицей, модельер-пішуші, суретші-модельер, эксперт-кеңесші, эксперт-маман, эксперт-сарапшы, экспресс-ақпарат т.б.

Қысқарған атаулар. Қысқарған аталымдардың тілде белгілі орны бар. Қысқарған аталымдар қазақ тілінде үлкен екі топқа бөлінеді:

1)      кісі аттарының  қысқартылуы

2)        мекеме, ұйым т.б. атауларының қысқартылуы

  Кісі аттарын қысқарту қазақ тілінде ертеден қолданылып келе жатыр. Ол сөйлеу тілінен бастау алып, жазба тілде де орнықты. Көркем шығармада ол жиі қолданылады. Мысалы, Рақмет Әбдеке (Әбдуәли) үйі жағынан келіп кет деген хат алып еді, сізбен бірге тез жүріп кетсе, жолы болады (Х.Есенжанов). Мұндай қысқартуды кез келген шығармадан кездестіруге болады.

Информация о работе Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы