Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 21:25, лекция

Краткое описание

1. Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екені
2. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері
3. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуы, ол дәлелденген ғылыми еңбек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

созжасам лекц.doc

— 671.50 Кб (Скачать документ)

     Лексика-семантикалык  тәсіл арқылы тілде ғылымның  әр саласында терминдер көп  жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау,  Үстеу (тіл білімі), қүн, нарық  (экономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үш бүрыш, көбейту, қосу, алу (математика) т.б.

     Лексика-семантикалык  тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға  көшуіне байланысты сөз бір  сөз табынан екінші сөз табына  ауысады, оны ғылымда конверсия  деп атайды. Конверсия жолымен  жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған төсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар:

1)  сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі,

2)   сөз жаңа мағына алса  да, сөз табын өзгертпей, өз  сөз табының құрамында қалуы.

      Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде баска мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар: 1) қорған, айтыс, жарыс-етістік, қимыл, бірге, біреу-сан есім, сандық ұғым, басқа-сын есім, өзгеше-есімдік.

     Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге  көшкен мағынасы, 2) біреу - есімдікке  көшкен мағынасы, 3) бірге, баска,  өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді.

     Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану - көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш жеті күн мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған.

    Үші, жетісі, қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған.    Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, босқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артта, әзірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асады. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына карай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет аткарған.

    Келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда біртұтас лексикалық мағына болғанымен, олар білдіретін ұғым күрделі. Осындағы алып кел, алып шық деген күрделі етістіктердің әрқайсысы күрделі қимылды білдіреді. Алып кел біртұтас лексикалық мағыналы сөз, бірақ ол-білдіретін қимыл әрі алу, әрі келу қимылын қамтитын күрделі қимыл атауы. Алып шық  та сол сияқты екі қимылдан тұратын күрделі кимылды білдіреді. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен кірігіп, біртұтас күрделі ұғымға көшкен, біртұтас күрделі кимыл атын жасаған. Сол сияқты күрделі сан есімдер, күрделі сын есімдер, күрделі зат есімдер де жалпы күрделі сөз атаулы күрделі ұғымды білдіреді. Күрделі сөздің мағынасы оның құрамындағы сыңарлардың мағыналарының қосындысынан жасалады. Ал күрделі сөздің жасалуы өмірде күрделі кұбылыстардың болуымен байланысты. Ол күрделі сөздерді туғызады.

Сөзжасамның негізгі теориялық  ұғымдарына сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық  парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен тип, сөзжасамдық  тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік мағына жатады.

Туынды сөздер деп сөзжасамдық  тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш, әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың бәрі туынды сөздерге жатады. Мұндағы толқын (толқы+н), білім (біл+ім), сұрақ (сұра+қ), бозар (боз+ар), көгер (көк+ер), білгіш (біл+гіш), әсемпаз (әсем+паз) деген туындылар негіз сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Ал алып кел, барып кайт, бүгін, биыл деген туындылар екі толық мағыналы сөздің бір мағьшаны білдіріп, бір сөзге айналуы арқылы жасалған.

    Туынды сөздер - тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі, өйткені туьінды сөздер-сөзжасам заңдылықтары бойынша, сөзжасам бірліктері арқылы өмірде пайда болған жаңа заттар мен жаңа кұбылыстарды атау үшін жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған сөздер.

    Туынды сөздер тілде  өте көп, өйткені олар әр  заманның кажетіне қарай тілге  үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондықтан туынды сөздер тілдегі ең көп сөздерге жатады.

Казақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада қодданылғанына түсінік беру қажет.

    Түбір сөз лексикалық  бірліктің грамматикалық тұлғаларға  түрленбей тұрғандағы сөздіктерде  берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы да - тілде белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғанына, құрамдарының түрлілігіңе карамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.

   Түбір сөз деп лексикалық  мағына беретін, сөздікте белгілі  орны бар, белгілі бір сөз  табына жататын сөздер аталады. Түбір сөздер екі үлкен топқа бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бір морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып лексикалық мағына береді. Мысалы, ол, ел, ата, ана т.б.

   Туынды сөздер ең кемі  екі морфемадан құралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер. Тілде сөзжасамдық тәсілдер түрлі болғандықтан, олардың нәтижесінде жасалған туынды сөздер де түрліше. Мысалы, қаламгер, сөзшең, өтірікші, білімпаз деген туындылар мен жолсерік, қолкесер, көмірқышқылы, ұзын, сонар деген туындылар бір емес. Сол сияқты АлМУ, екпін, тасымал, ҚР деген сөздерде де айырма бар, бірақ осы сөздердің бәрі туынды сөздерге жатады, өйткені олардың бәрі-сөзжасам үрдісінің нәтижесінде, түрлі сөзжасамдық бірліктер мен түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған сөздер. Сонда туынды сөздерге сөзжасам үрдісінің нәтижесінде жасалған сөздер ғана жататыны көрінді. Олай болса, туынды сөз тек сөзжасамға қатысты, сөзжасамнын мәселесінің бірі. Ал негізгі тубір сөздер сөзжасам нәтижесінде жасалмаған.

  Туынды сөздер - тіліміздегі  ең көп сөздер, өйткені олар  тілдің барлық кезеңіңде үздіксіз  жасалып, тілге қосылып, сөздік  қорды үнемі байытып отырған.

    Туынды сөздер қүрамына  қарай дара және күрделі болып,  екі үлкен топқа бөлінеді. Дара және күрделі туынды сөздердің осылай бөлінуі олардың синтетикалық және аналитикалық тәсілмен жасалуына байланысты. Синтетикалык тәсілмен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге жатады. Мысалы, зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден түрады.

   Дара туынды сөздерге  негізінен туынды түбір сөздер  жатады. Мысалы, кәсіпкер, аялдама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақта, сөйлесім, жалақор, тілші т.б.

    Дара туынды сөзге  лексика-семантикалық тәсіл арқылы  жасалған туынды сөздердің дара  түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал,  құн, нарық, қүқық, баға т.б.  Бүл сөздердің күнделік өмірде қолданылатын бейтарап мағынасы бар, солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге қарағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер қүрайды.

Туынды түбір

    Туынды. түбір деп құрамы  негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады, Мысалы, үгітші, каламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б.

Туынды түбірге сөзжасамның  синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бүл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі колданылатынына қарамастан, олардың әркайсысын өз мәнінде қолдану керек.

   Туынды түбір туынды сөздердің  ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі  сөзжасамдық жұрнақтар арқылы  туынды түбір сөздер жасап,  тілді байытып отырады. Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген.

Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымен  байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы керек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін. Мысалы, дәрігер, тәлімгер, зейнеткер дегендердің бәрі түрлі кәсіпті маманданған адамдарды білдіреді. Бұлардағы дәрі, тәлім, зейнет деген жансыз заттық үғым атауларынан маманданған адам атауы жасалды. Олар сөз табын сақтағанымен, мағыналарында үлкен өзгеріс болды.

Ал жақсылық, жамандық, үлкендік деген  туынды түбірлерде негіз сөздің сындық, белгі мағынасы туынды түбірде заттық, ұғымға ауысты. Бірақ олардың мағынасында үлкен айырмашылық бар деу қиын.

Таулы, ақылды, өнерлі сиякгы туынды түбірлерде сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Мысалға келтірілген туынды түбірлердің бәрінде негіз сөздің мағынасында өзгеріс болған, ол мағыналық өзгеріс әр топта әр түрлі. Бүдан шығатын қорытынды негіз сөзбен салыстырғанда, туынды түбірдің мағынасында қандай болса да, белгілі бір өзгеріс, мағыналық түрлену болады. Сондықтан да негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы бірдей бола алмайды. Олай болса, туынды түбірдің мағынасында өзгеріс болу туынды түбірдің белгілерінің бірі болып саналады, өйткені туынды түбірде мағыналық өзгеріс болу міндетті.

   Туынды түбір құрамы жағынан  алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема - туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.

   Туынды түбірлер тілдің қазіргі даму сатысына сай танылады. Сондықтан туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұрады. Мысалы, кедейлік<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те, намысқор<намыс+қор, тапқыр<тап+қыр, тотық<тот+ық, тігін<тік+ін, ұшкыш<ұш+қыш, ұшақ<ұш+ақ. Келтірілген туынды түбірлердің бәрінде олардың қүрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұр.

Осы туынды түбірлердің құрамындағы  жұрнақтың әрқайсысы тілде бірнеше  басқа туынды түбірлер жасаған. Олармен  бұл туынды түбірлерді салыстыру арқылы жұрнақтың тілдің сөзжасам жүйесінде бары аныкталады.

Бұл жағдай тарихи түрғыдағы туынды түбірлерге қатысты емес. Тарихи тұрғыдағы  туынды түбірлердің құрамындағы  морфемалардың жігі жойылған. Сондықтан  олар қазіргі тілдің даму сатысында  туынды түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар жой-жоқ, той-тоқ, кел-кет сөздерін көне заманда туынды түбір болған сөздер деп дәлелдеген. Қазіргі тілдің даму сатысында бұл сөздер туынды түбірлер ретінде танылмайды, олар қазір негізгі түбірлер саналады. Міне, сондықтан да туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі сақталуы да олардың белгілеріне жатады.

    Туынды түбірлер белгілі  сөз таптарының құрамында болады. Мысалы, қолөнерші, жазушы, күресші,  дорбашық, буыншақ, түйін, болжам  деген туыңды түбірлер зат  есімге жатады. Өркениетті, білікті, әуесқой, өнерпаз, дүниеқор, бағалы, киімшең деген туынды түбірлер сын есімге жатады. Ал тазала, әңгімеле, қолда, жолық, ағар, қыскар, бағала деген туынды түбірлер етістік екені белгілі.

    Туынды түбірлердің сөз  таптарына қатысты болатын себебі әр сөз табының өзіне тән сөзжасамдық жұрнактары бар. Туынды түбір қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының туынды түбірі саналады. Әр сөз табының жұрнағы туынды түбірге өзі тәуелді сөз табының мағынасын косып, сол сөз табының сөзін жасайды. Сондықган туынды түбір сөздің бәрі де белгілі бір сөз табының сөзі болып саналады. Осымен байланысты әр сөз табының сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнің сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы т.б.

Қорыта келгенде туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:

1)   туынды түбір екі морфемалы  сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық  жұрнақ;

2) туынды түбірдің мағынасы оның  құрамындағы негіз сөз бен  сөзжасамдық жүрнактың мағынасынан  жасалады;

3)  туынды түбірдің құрамындағы  негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы байланысты болады;

  1. туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Бұл белгілерге сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.

Информация о работе Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы