Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 15:11, реферат
Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді (бұдан әрі - ШЖМ) дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................................
3
1.
Шағын жинақты мектептердің жай-күйі мен негізгі проблемалары..................
3
1.1
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.......................................................................
4
1.2
Кадрлық қамтамасыз ету.........................................................................................
5
1.3
Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау.....................
5
1.4
Материалдық-техникалық жағдай.........................................................................
5
2.
Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері....................................................
6
3.
Шағын жинақты мектепті дамытудың әдіснамалық негіздері...........................
6
4.
Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері
7
5.
Шағын жинақты мектептерді дамытудың басым бағыттары және оларды іске асырудың тетігі................................................................................................
8
5.1
Білім беру процесінің мазмұны мен технологизациясы......................................
8
5.2
Білім беру процесін ұйымдастыру.........................................................................
9
5.3
Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру...................................................................
10
5.4
Шағын жинақты мектепті дамытудың нормативтік-құқықтық негіздері..........
10
5.5
Кадрлармен қамтамасыз ету...................................................................................
11
5.6
Білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қолдау.................................................
12
5.7
Қаржылық қамтамасыз ету.....................................................................................
12
6.
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері мен күтілетін нәтижелер......................
13
6.1
Дайындық кезеңі (2010-2011 ж.ж.)........................................................................
13
6.1.2
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету................................................................
13
6.1.3
Кадрмен қамтамасыз ету.........................................................................................
13
6.1.4
Ұйымдастыру шарттары.........................................................................................
14
6.1.5
Қаржылық-материалдық шарттар..........................................................................
14
6.2
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі (2012-2020 ж.ж.)..........................................
14
Глоссарий..................................................................................................................
16
Қазіргі шағын жинақты
мектептерді дамытудың
Қалыптастыру ортасы мен жеке тұлғаны әлеуметтендіруді педагогтендіру — әлеуметтік әріптестік негізінде жергілікті ортаны оқушыларды тәрбиелеу, дамыту, оқыту процесіне тарту.
Қашықтықтан оқыту – білім беру ұйымынан шалғай жерлердегі тұлғалардың оқу танымдық әрекеті мен дамуын электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы ұйымдастыру арқылы оқытудың бір түрі.
Мектеп-кешен – 3-6 жастағы балалар тобының толық білім алу күнін ұйымдастыру. Күннің алғашқы жартысында жоспар және кесте бойынша сабақ өткізіледі. Ал екінші жартысында сабаққа дайындық, оқушыны табысты әлеуметтендіруге бағыттайтын шығармашылық жұмыстармен айналысу жұмыстары жүргізіледі. Олардың құрылуы ШЖМ-де білім беруді сабақтастыру, ізгілендіру принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Ауылшаруашылық бағдарды кәсіби деңгейде таңдай білуге жетелейді.
Оқу-ақпараттық қор – оқытушының оқушы сұранысын қанағаттандыра алуына мүмкіндік жасайтын компьютерлік-әдістемелік база. Электронды ақпарат көздері: виртуалды кітапхана, зертханалар, деректер базасы, кеңес беру қызметі, электронды оқулықтар, оқу көмекші құралдары т.б.
Педагог-тьютор – оқушының өз бетімен оқу-танымдық жұмысын ұйымдастыру жүйесінің жобасын оның жеке білім беру бағдарламаларымен сәйкестендіріп жасайтын кәсіби іскер маман.
Сынып комплектілері – аралас құрамды жұптармен жұмысты, жоғары сынып оқушыларының өзіндік жұмысын қамтамасыз етуге және көп көңіл бөлуді қажет ететін төменгі сынып оқушыларына сабақ өткізуге мүмкіндік беретін әртүрлі жастағы балалары бар сыныптарды ұйымдастыру.
Аралас жастағы топтарға (сынып комплектілеріне) біріктіру кезінде әр оқушыны жекелеп оқыту және оның даму динамикасын қадағалап отыру үшін психодиогностикалық талдаудың қорытындысы есепке алынады.
Сынып-сабақтық оқыту емес мектеп - әртүрлі жастағылар тобында оқитындарға жеке білім беру бағдарламалары бойынша ұжымдық сабақ жүргізу формасын ұйымдастыратын мектеп.
Тәрбиелік орта - баланың жеке тұлғасын дамытуда педагогтың әдейі ұйымдастыруымен баламен бірлесе отырып, «ортадан орта» құру (Л.И Новикова). Тәрбиелік орта тәрбиеленушінің микробейімделуінің сапалық мінездемесі, қолайсыз жағдайларда, әлеуметте оның жәбірленуіне жол бермеуі, қоршаған әлеуметті ортадағы қолайсыз жағдайларды түзету мүмкіндігі арқылы қарастырылады.
Технологиялық карта – жеке мақсат, міндет, формаларды және оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің әдістерін, оқушының әр кезеңдегі оқу материалын меңгеру деңгейін көрсететін, алынған нәтижені мөлшерлеп отыратын оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) – құрамына магниттік мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, кәсіптік лицейлер, сауықтыру-спорттық кешендер, мәдени-бос уақыт өткізу орталықтары, ауылшаруашылық зертханалары мен шеберханалары енгізілетін кадрлық, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік ресурстар оқушылардың білім алу сапасын арттыру мен дамытуды қамтамасыз ететін тұтастай мақсаттары мен тапсырмалары бар білім беру жүйесі.
Ұйымдастыру құрылымы – белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылған әр текті әлеуметтік топтардың түрлі бағытта бірдей деңгейде ықпалдасуы.
Үйлестіруші – оқушылардың пәндік оқыту бағдарламасын әзірлейтін маман.
Шағын жинақты мектеп – білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.
Шағын жинақты мектептің үлгілік оқу жоспары – ШЖМ ерекшелігін көрсететін үлгілік оқу жоспары: пәнаралық және пән ішіндегі біріктірулер, оқушының жеке білім беру бағдарламасын, вариативті және оқу компоненттерінің сағаттарын өсіру қажеттілігін көрсетіп отыратын аралас сынып-комплектідегі әр түрлі жастағыларды оқыту.
Эдвайзер – базалық білім беру мақсатын, оның критерийлері мен көрсеткіштерін, білім нәтижесін қадағалау үшін бақылау-бағалау рәсімдерінің пакетін жасап, жеке оқытудың негізгі тәсілдері мен құралдарын, білім нәтижелерін анықтап отыратын маман.
Қазақстан Республикасында
шағын жинақты мектептерді
2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын
әзірлеуші авторлар
Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті, химия ғылымдарының кандидаты;
Әділғазинов Ғайнелғазы Зайноллаұлы
– С.Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік
Қонтаев Сәбит Сейітұлы – Қарағанды облыстық мемлекеттік қызметшілер мен білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
Солтанбекова Орынбасар Туяковна – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығының директоры;
Белошниченко Елена
Лахтина Тамара Леонтьевна – Солтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директорының орынбасары;
Сеременко Надежда Порфирьевна – Павлодар облыстық білім басқармасы басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының инновациялық процестердің әдіснамасы және оны дамыту кабинетінің меңгерушісі;
Бучина Ирина Сергеевна - Қарағанды облыстық мемлекеттік қызметшілер мен білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының педагогикалық менеджмент кафедрасының меңгерушісі.