Шағын жинақталған мектеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 15:11, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді (бұдан әрі - ШЖМ) дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................
3
1.
Шағын жинақты мектептердің жай-күйі мен негізгі проблемалары..................
3
1.1
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.......................................................................
4
1.2
Кадрлық қамтамасыз ету.........................................................................................
5
1.3
Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау.....................
5
1.4
Материалдық-техникалық жағдай.........................................................................
5
2.
Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері....................................................
6
3.
Шағын жинақты мектепті дамытудың әдіснамалық негіздері...........................
6
4.
Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері
7
5.
Шағын жинақты мектептерді дамытудың басым бағыттары және оларды іске асырудың тетігі................................................................................................

8
5.1
Білім беру процесінің мазмұны мен технологизациясы......................................
8
5.2
Білім беру процесін ұйымдастыру.........................................................................
9
5.3
Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру...................................................................
10
5.4
Шағын жинақты мектепті дамытудың нормативтік-құқықтық негіздері..........
10
5.5
Кадрлармен қамтамасыз ету...................................................................................
11
5.6
Білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қолдау.................................................
12
5.7
Қаржылық қамтамасыз ету.....................................................................................
12
6.
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері мен күтілетін нәтижелер......................
13
6.1
Дайындық кезеңі (2010-2011 ж.ж.)........................................................................
13
6.1.2
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету................................................................
13
6.1.3
Кадрмен қамтамасыз ету.........................................................................................
13
6.1.4
Ұйымдастыру шарттары.........................................................................................
14
6.1.5
Қаржылық-материалдық шарттар..........................................................................
14
6.2
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі (2012-2020 ж.ж.)..........................................
14

Глоссарий..................................................................................................................
16

Прикрепленные файлы: 1 файл

SHa_yn_zhina_ty_mektept___t_zhyrymdamasy__zhoba_ (2).doc

— 150.00 Кб (Скачать документ)

- бірыңғай ақпараттық-әдістемелік  банк құру;

- тәжірибе алмасу бойынша ғылыми-әдістемелік  конференциялар, сессиялар, семинарлар  өткізу;

- қашықтықтан білім беру бағдарламаларын  іске асыру.

Осылайша, ШЖМ-ның педагог кадрларын  даярлау және олардың біліктілігін арттыру сияқты мәселелер нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру сипатындағы кешенді  шараларды қабылдауды талап етеді.

5.6 Білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қолдау

ШЖМ-да білім беруді жүзеге асыру  ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді және оның ерекшеліктерін ескеретін оқу-әдістемелік  кешенді әзірлеуді қажет етеді. ШЖМ-ны дамытуды ғылыми-әдістемелік  қолдау сапасын арттыру мақсатында            Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының (бұдан әрі – Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА) жанынан Шағын жинақты мектептерді дамытудың республикалық орталығы құрылады.

ШЖМ-да оқытудың ақпараттық құралдарын (ОАҚ) тиімді пайдалану, кең жолақты Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып біртұтас ақпараттық желі құру білім беру процесінің сапасын арттырудың ең маңызды факторларының бірі болып табылады. ШЖМ қызметін сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ақпараттық қор құрған жөн, оның құрамына: электрондық кітапхана, оқыту, диагностикалық бағдарламалар, компьютерлік ойындар, конструкторлар және басқа да оқу-әдістемелік құралдары бар медиатека кіреді.

Өңірдің, республиканың ШЖМ педагогтары  мен оқушыларының өзара желілі іс-әрекеті  үшін, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінің мәселерін шешу үшін Республикалық Интернет-білім беру орталығы құрылады. Мұндай орталықтың қызмет етуі ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және әртүрлі мақсаттағы топтарға: оқушыларға, педагогтарға, басшыларға, ата-аналарға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу телевидениесі, кең жолақты интернет, қашықтықтан оқыту білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.

Білім алушының жеке оқу жоспары  мазмұн таңдау мүмкіндігін, оқыту міндеттерінің күрделілігін, оқу материалдарын меңгеру қарқынын және мұғалімге икемді нұсқаларды жобалауға мүмкіндік береді, оның ішінде әр оқушының қажеттілігін, қызығушылығын және мүмкіндігін ескере отырып, бейіндік және бейіналды, инклюзивтік оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырады.

5.7 Қаржылық қамтамасыз  ету

Тұжырымдаманы іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергілікті бюджеттен, мектептің шаруашылық қызметі мен әлеуметтік серіктестердің қайырымдылық көмегінен қаражат  бөлуді көздейді.

Тұжырымдаманы қаржылық қамтамасыз ету 2010-2012 жылдарға арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде іске асырылады:

Жергілікті бюджет есебінен:

  • «мектеп-балабақша», «мектеп-мектепке дейінгі білім берудің шағын орталығы», «мектеп-мектеп жанындағы интернат» білім беру кешендерін дамыту мүмкіндігін ескере отырып, ШЖМ-ны дамытудың өңірлік орталықтарын және тірек мектептерін құру және жергілікті жағдайды ескере отырып, оқу-өндірістік кешендер құру (ресурстық орталықтардың, мектеп-интернаттардың ғимараттарын, «100 мектеп» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған және т.б. ғимараттарды пайдалана отырып);
  • ШЖМ-ны, мектептер-ресурстық орталықтарды мектеп автобустарымен қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, ШЖМ-ға білікті кадрларды бекіту мақсатында педагогтерді материалдық ынталандыру жүйесін құру;

Республикалық бюджет есебінен:

  • АКТ-ны Интернет-байланыстың құралдарымен және қазіргі заманғы түрлерімен (спутниктік және кең жолақты) кезең-кезеңімен Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  қамтамасыз ету;
  • оқу-әдістемелік кешенді 025 «Білім беру жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету және білім беру қызметтерінің сапасын талдау» республикалық бюджеттік бағдарламасының шеңберінде әзірлеу;
  • нормативтік-құқықтық құжаттарға, тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) қызметін ұйымдастыруға өзгерістер енгізу арқылы оқушылардың оқу сабақтарын ұйымдастыру және ШЖМ педагогтеріне (оның ішінде эдвайзердің, тьютордың және т.б. функцияларын жүзеге асыратын мұғалімдердің) еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау.

Мектептің шаруашылық қызметі мен  әлеуметтік серіктестердің қайырымдылық көмегі есебінен:

          - ШЖМ-ны  дамытуға бағытталған білім беру  жобаларын қаржыландыру;

- ШЖМ-ны, тірек мектептерін (ресурстық  орталықтарды) жабдықтармен және жинақтармен жарақтандыру;

- ШЖМ мен тірек мектептерінің  кітапханаларын әдебиеттермен, электронды  құралдармен және т.б. толықтыру.

ШЖМ-ның одан әрі дамуы (2013-2020 ж.ж.) ШЖМ инфрақұрылымын дамытуға арналған қосымша қаржылық ресурстар бөлуді талап етеді.

    ШЖМ-ны қаржыландыруды  жақсарту қолданыстағы заңнамаға  ШЖМ-ға атаулы қайырымдылық көмек  көрсететін субъектілерге салық  жеңілдіктерін қарастыратын нормалар  енгізу арқылы қамтамасыз етілуі  мүмкін.

Тұжырымдаманы іске асыруды қаржыландыру көлемі жыл сайын республикалық және жергілікті бюджетті жоспарлау кезінде нақтыланады.

6. Тұжырымдаманы іске  асырудың кезеңдері мен күтілетін  нәтижелері

6.1. Дайындық кезеңі (2010-2011 ж.ж.)

Кезеңнің міндеті –  ШЖМ-ны дамытудың нормативтік-құқықтык және ұйымдастыру-экономикалық негіздерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

6.1.2 Нормативтік-құқықтық  қамтамасыз ету

- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының   Заңына ШЖМ-да білім алушылардың  сандық контингентіне; ШЖМ-да  оқу процесін ұйымдастырудың  вариативтік үлгілеріне; тьютор-мұғалімнің, эдвайзер-мұғалімнің мәртебесі мен функционалдық міндеттеріне; ШЖМ-ның педагог кадрларының біліктілігін арттырудың және аттестаттаудың ерекшеліктеріне, тетігіне қатысты толықтырулар енгізілді.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген ШЖМ-ның үлгілік оқу жоспары әзірленді.

ШЖМ қызметінің мәселелері бойынша  білім беру ұйымдары туралы үлгілік  ережеге толықтыру енгізілді.

Білім беру кешендерінің: тірек мектебі-ресурстық  орталық, мектеп-балабақша, мектеп-мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық, мектеп-мектеп жанындағы интернат, мектеп-әлеуметтік мәдени орталық, сыныптық-сабақтық емес үлгідегі мектеп қызметі туралы ереже қабылданды;

Тьютор, эдвайзер қызметін орындап  жүрген, сондай-ақ аралас пәндерден  сабақ беретін мұғалімдердің біліктілік  санаттарын арттырудың тетігі туралы «Педагогикалық кадрларды аттестаттау ережесіне» өзгерістер енгізілді.

Жалпы білім беретін мектептердегі  психологиялық қызмет туралы ереже  әзірленді.

6.1.3 Кадрмен қамтамасыз  ету

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ШЖМ мұғалімінің педагогикалық қызметінің көп пәнділігін ескеретін әрбір білім беру мамандықтарының кіріктірілген білім беру  бағдарламасын енгізу бойынша өзгерістер енгізілді.

ШЖМ үшін жоғары білімді мұғалімдер даярлау бойынша екі дипломды білім беру бағдарламасы әзірленді.

ШЖМ-ның ерекшелігін ескере отырып біліктілікті арттыру жүйесінде  педагогтерді даярлау мен қайта  даярлаудың оқу бағдарламасы әзірленді.

Қашықтықтан оқыту арқылы педагогтердің  қызметін ақпараттық-әдістемелік қолдау және олардың біліктілін арттыру  жүйесі құрылды.

6.1.4. Ұйымдастыру шарттары

Қазақстан Республикасында білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасына ШЖМ туралы толықтыру енгізілді.

ШЖМ-ның материалдық-техникалық базасын  нығайту мәселелерін қамтитын ШЖМ-ны дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленді: тірек мектептерін (ресурстық  орталықтар), «мектеп-балабақша», «мектеп-мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық», «мектеп-мектеп жанындағы интернат» құру; ШЖМ-ны және мектептер-ресурстық орталықтарды мектептік автобустармен қамтамасыз ету.  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім  беру академиясы жанынан ШЖМ-ны дамытудың  республикалық орталығы құрылды.

Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы  деңгейінде ШЖМ-ның қызметін ұйымдастырудың өңірлік тәжірибесі жинақталды, жүйеге келтірілді.

Әдістемелік семинарлар; облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық ғылыми-әдістемелік  конференциялар өткізілді.

6.1.5. Қаржылық-материалдық  шарттар

Тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) желісін құру арқылы ШЖМ проблемаларын  шешу бойынша республикалық эксперимент жүргізу үшін қаржы  бөлінді.

Эксперимент қорытындылары бойынша  тірек мектептерінің (ресурстық  орталықтардың) қызметін қаржыландырудың  оңтайлы көлемі нақтыланды. Тірек  мектептерінің (ресурстық орталықтардың) желісін кезең-кезеңмен кеңейту шығыстары өңірлердің қажеттіліктеріне сәйкес 2012-2020 жылдары Тұжырымдаманы іске асырудың келесі кезеңіңде республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде нақтыланады.

6.1.6. Білім беру процесін  ғылыми-әдістемелік қолдау

Құрылған 20 тірек мектебінің (ресурстық орталықтардың) базасында эксперимент режимінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың және ғылыми-әдістемелік қолдаудың 4 баламалы үлгісі сынақтан өткізілді.

6.2. Тұжырымдаманы   іске асыру кезеңі (2012-2020 ж.ж.)

Кезеңнің міндеті –  Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттерін практикалық тұрғыда іске асыру.

Күтілетін нәтижелер:

6.2.1 ШЖМ-ның басқару, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-коммуникациялық ресурстарын дамытудың пәрменді тетіктері әзірленді.

6.2.2. Өңірлердің қажеттіліктеріне сәйкес білім беру кешендері құрылды: «тірек мектебі-ресурстық орталық», «мектеп-балабақша», «мектеп-мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық», «мектеп-мектеп жанындағы интернат».

6.2.3. Заман талабына сай ШЖМ инфрақұрылымы жаңғыртылды. ШЖМ балаларды оқитын жеріне жеткізу үшін автобустармен толығымен қамтамасыз етілді.

6.2.4. ШЖМ білікті кадрлармен қамтамасыз етілді. ШЖМ педагог кадрларының біліктілігін арттыру және аттестаттау мәселелері шешілді.

6.2.5. Оқушының жеке оқу жоспарын есепке ала отырып, қазіргі шағын жинақты мектептерге арналған ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік кешен әзірленді.

6.2.6. Кең жолақты Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалану негізінде құрылған біртұтас ақпараттық жүйе, электрондық кітапхана, медиатекадан тұратын Интернет-білім беру мен оқу телевидениесінің республикалық оқу бағдарламасы, Интернет-білім берудің республикалық орталығы ШЖМ қажеттіліктеріне байланысты жұмыс істейді.

6.2.7. ШЖМ оқушылары сапалы білім алу және табысты әлеуметтену үшін қол жетімділік пен тең мүмкіндіктің мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарий

 

Ақпараттық-білім беру порталы – ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің жүйелі ұйымдастырылған өзара байланысты жиынтығы. Ол қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін басшылық-академиялық, оқу-әдістемелік ақпараттардан тұрады.

Әлеуметтік әріптестік - барлық қатысушыларға тиімділік әкелетін түрлі әлеуметтік топтардың біріккен ұжымдық-бөліністі іс-әрекеті.

Білім беру кеңістігі – білім алушылардың өз мақсаттарына жету үшін меңгеретін қоршаған ортасы. Оқушының білім алу процесінде қабылдайтын, әсерін тигізетін, қарым-қатынас жасайтын ортасы.

Білім беру процесін технологияландыру  – педагогикалық мақсатты, мазмұнды және процессуалды даму көзқарастарын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушы арасындағы реттелген әдістерден тұратын кешенді жүйе.

Білім сапасын басқару – бағдарланған нәтиже сапасын қарқынды дамытуды қамтамасыз ететін, мемлекет пен қоғам талабына жауап бере алатын, оқушының білім алудағы сұранысын қанағаттандыра алатын мақсатты, барлық ресурстармен қамтамасыз етілген басқару мен басқарылушылар жүйесі аясындағылардың    бірлесе жобалаған білім беру процесі.

Ерекше білім алуды  қажет ететін оқушылар – дарынды балалар және мүмкіндігі шектеулі балалар.

Жеке оқыту - әдіс-тәсілдері, оқыту қарқыны баланың жеке мүмкіндігіне, қабілетінің даму деңгейіне байланысты жүргізілетін оқыту түрі.

Жеке оқу жоспары  (ЖОЖ) – оқушының меңгеруі үшін таңдап алынған, базистік оқу жоспары негізінде құрылатын оқу пәндерінің жиынтығы. Жеке оқу жоспарын құру кезінде бірнеше білім беру ұйымдарының пәнін (курсын)  пайдалануға болады.

Жеке тұлғаны әлеуметтендіру - жеке тұлғаның әлеуметтік ортаға ену процесі. Оның теориялық және тәжірибелік қызметтегі білім мен біліктілік дағдыларын қазіргі жағдайға байланысты қайта құру. Әлеуметтендіру жағдайында тұлғаның қоғамдық өмір мен қоғамдық қатынастағы тәжірибесін іс жүзінде жүзеге асыру процесі жүреді.

Информация о работе Шағын жинақталған мектеп