Шағын жинақталған мектеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 15:11, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді (бұдан әрі - ШЖМ) дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................
3
1.
Шағын жинақты мектептердің жай-күйі мен негізгі проблемалары..................
3
1.1
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.......................................................................
4
1.2
Кадрлық қамтамасыз ету.........................................................................................
5
1.3
Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау.....................
5
1.4
Материалдық-техникалық жағдай.........................................................................
5
2.
Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері....................................................
6
3.
Шағын жинақты мектепті дамытудың әдіснамалық негіздері...........................
6
4.
Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері
7
5.
Шағын жинақты мектептерді дамытудың басым бағыттары және оларды іске асырудың тетігі................................................................................................

8
5.1
Білім беру процесінің мазмұны мен технологизациясы......................................
8
5.2
Білім беру процесін ұйымдастыру.........................................................................
9
5.3
Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру...................................................................
10
5.4
Шағын жинақты мектепті дамытудың нормативтік-құқықтық негіздері..........
10
5.5
Кадрлармен қамтамасыз ету...................................................................................
11
5.6
Білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қолдау.................................................
12
5.7
Қаржылық қамтамасыз ету.....................................................................................
12
6.
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері мен күтілетін нәтижелер......................
13
6.1
Дайындық кезеңі (2010-2011 ж.ж.)........................................................................
13
6.1.2
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету................................................................
13
6.1.3
Кадрмен қамтамасыз ету.........................................................................................
13
6.1.4
Ұйымдастыру шарттары.........................................................................................
14
6.1.5
Қаржылық-материалдық шарттар..........................................................................
14
6.2
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі (2012-2020 ж.ж.)..........................................
14

Глоссарий..................................................................................................................
16

Прикрепленные файлы: 1 файл

SHa_yn_zhina_ty_mektept___t_zhyrymdamasy__zhoba_ (2).doc

— 150.00 Кб (Скачать документ)

- мұғалімді озық гуманистік  даярлауды: педагогикалық гуманизммен,  эмпатиямен меңгеру; оны оқушылармен  диалогқа, ынтымақтастыққа даярлау;  шығармашылық өзін-өзі тану қажеттілігіне  қалыптастыру арқылы іске асырылады.

ШЖМ-ны дамытудың тұжырымдамалық жағдайы  табиғи және мәдени сәйкестік принциптеріне  қатысты, ол жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтар  бағытына, өңірлік және тұлғалық компоненттерді есепке алуға негізделеді. Синергетикалық тәсілдерге сәйкес ШЖМ қызметінің теориясы қауыммен, ауылдың мәдени орталығының функциясын орындаушы ұйымдармен, өндірістік құрылымдармен, халықпен әлеуметтік әріптестік үшін ашық кіші жүйе ретінде қарастырылады.

Тұжырымдамалық идеялардың бірі ШЖМ  мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуы туралы жағдай болып табылады.

ШЖМ проблемалары  бүтіндей  басқару  ұстанымында, тәсілдердің кешенділігінде көрсетілген жағдайда олар тұтас  маңыздылыққа ие болады. Аталған проблемаларды  шешу мақсатқа бағытталған қызметті ұйымдастыру, мектеп ортасы үшін білім беру процесінің сыртқы және ішкі субъектілеріне әсерін келісу тұрғысынан қарастыру қажет.

Осылайша, ШЖМ-да білім беру процесін ұйымдастыру тұлға тұжырымдамасы  қызметінің басымдығы негізінде  құрылады.

                              

4. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері

Мақсаты: әрбір білім алушының өмір бойы табысты әлеуметтенуіне, кәсіби тұрғыда өзін-өзі тануына, өзін-өзі қалыптастыруына, өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін  қазіргі заманғы сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасау.

Міндеттері:

- өмірлік маңызды құзыреттілікті  қалыптастыру;

- білімнің даралық және жіктелген  кең спектрін қамтамасыз ету;

- білім беру процесінің құнды  бағдарлығы мен дамушы әлеуетін  арттыру;

- педагогикалық процесті жүйелі  қызметтік тәсіл, технологияландыру, оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін оңтайлы үйлестіру негізінде жобалау;

- ішкі және сыртқы ресурстарды  пайдалану есебінен ШЖМ-ның ақпараттық  білім беру ортасын ұйымдастыру;

- әлеуметтік әріптестікті іске  асыру арқылы білім алушының тұлғасын қалыптастыру және әлеуметтендіру ортасын жасау.

ШЖМ қызметін ұйымдастыру  принциптері:

- әрбір оқушы, оның ішінде  ерекше қажеттілікті талап ететін  балалар үшін сапалы білім  алуға қол жетімділікті қамтамасыз  ететін демократияландыру, білім беру процесі субъектілерінің ынтымақтастығы;

- білім беру процесі мен социум  субъектілерінің өзара белсенді  іс-әрекетін қамтамасыз ететін  әлеуметтік әріптестік;

- білім алушының тұлғалық өсуіне  қажеттілікті қанағаттандыруға  ықпал ететін білім берудің дамытушылық және шығармашалық сипаты;

- білім берудің жеке-тұлғалық  және жалпымәдени аспектілерінің  бірлігін  қамтамасыз ететін жан-жақтылық;

- топтық үлгі бойынша білім  беру деңгейінің үздіксіздігі  мен сабақтастығы;

- білім беру процесінің мазмұны  мен технологияларының икемділігі, вариативтілігі;

- өзгеретін әлеуметтік  жағдайларда өзін-өзі жетілдіру  қабілетінің дамуын қамтамасыз  ететін бейімделгіштік;

- ШЖМ-дағы әлемдік  практиканың қазіргі заманғы  педагогикалық жетістіктерін енгізуге  мүмкіндік беретін жаңашылдық.

 

3. Шағын жинақты мектептерді  дамытудың басым бағыттары және  оларды  іске асырудың тетігі

ШЖМ-ны дамытудың басым бағыттарына  білім беру мазмұнының тұлғалық бағдары, білім беру процесінің технологиязациясы, әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін пайдалану, нормативтік және қаржылық қамтамасыз ету және т.б. жатады.

5.1. Білім беру процесінің  мазмұны мен технологизациясы

Білім беру мазмұны білім берудің  жалпыға міндетті мемлекеттік білім  беру стандартымен анықталады. ШЖМ-ның  үлгілік оқу жоспарының ерекшелігі жас ерекшеліктері әртүрлі жастағыларды біріктірілген сынып-кешендерде оқыту негізінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігін айқындау болып табылады, яғни вариативтік және оқушылық компонент сағаттарының көбейтілуін анықтайды. 

Оқу жоспарының вариативтік бөлігі бейіналды даярлық пен бейінді оқытуды көрсетеді, білім алушылардың оқу зертханалары мен шеберханаларындағы оқу-танымдық және зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы таңдау бойынша курстардың практикалық бағыттылығын күшейтеді.

Материалдық-техникалық базаның нашар жарақтандырылуы, ШЖМ жағдайындағы кадрлардың жеткіліксіздігі  білім алушылардың кәсіби бағдарын ескере отырып, оларды таңдау бойынша  бейінді пәндермен және курстармен  қамтамасыз етуге толық мүмкіндік  бермейді. Аталған проблеманы шешу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды шоғырландырған орынды. Сыртқы ресурстарды тартудың бір нұсқасы ретінде жеке білім беру траекториясы негізінде білім алушылардың өзіндік жұмысының үлес салмағын арттыруды қарастыратын оқытудың желілік нысанын қарастыруға болады.

Құнды-әрекетті білім  беруді іске асыру педагог пен  оқушының қойылған мақсатқа жету жолындағы  өзара қатынас тәсілдерін реттеуді қарастыратын жеке тұлғалық бағыт пен  оқыту процесінің технологизациясы арқылы жүзеге асады. ШЖМ жағдайында деңгейлеп жіктеудің педагогикалық технологиясын, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды, сын тұрғысынан ойлауды, оқытудың ұжымдық тәсілдерін, топтық-үдемелі, модульдік, жобалық оқытуды, ақпараттық-коммуникациялық оқытуды және оқытудың басқа да технологияларын пайдаланған орынды. Технологияландыру арқылы білім беру процесінің компоненттері нәтижелердің толықтығына, кешенділігіне, болжамдылығына ие болады. 

5.2. Білім беру процесін  ұйымдастыру

ШЖМ-дағы білім сапасы көбінесе сыныптардың  дұрыс жинақталуымен анықталады.

Екі сыныпты бір сынып-комплектіге  жинақтағанда оқушылар саны 15 адамнан  аспау керек. Бірінші сынып оқушыларын, сондай-ақ  мектепалды даярлық сыныптарын сынып-комплект құрамына қоспаған жөн. Бұл кезеңде баланың психофизикалық денсаулығына және мінез-құлқына ықпалын тигізетін, психикалық қобалжуын күшейтетін жаңа жағдайға бейімделуі жүріп жатады. Егер бірінші сынып оқушыларының саны 3 адам болса, сабақ жеке режимде жүргізіледі.

Контингенттің жетіспеушілігіне қарамастан 9-сынып оқушыларын бітірушілер ретінде басқа сыныптармен қосуға болмайды, себебі бұл оқушылар санатының соңғы емтихандарға дайындалуы үшін ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.

Жоғары сыныптарды (10-11) біріктіруге жол берілмейді, яғни қорытынды аттестаттауға және бейінді оқыту кезінде білім беру мазмұнының вариативтілігіне байланысты негізделген.

Қазіргі заманғы технологиялар  дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйемен  қатар білім беру процесінің баламалы нысандары мен әдістерін қолдануға  мүмкіндік береді. Білім алушылардың  оқу-танымдық іс-әрекеті оқу материалын өтудің және алынған нәтижелерді өлшеудің жеке білім беру бағдарламалары мен технологиялық карталары арқылы басқарылатын арнайы ұйымдастырылған өзін-өзі оқытуды қарастырылады. ШЖМ-нің білім беру процесін ұйымдастыруда республиканың барлық мектебін кең жолақты Интернетке қосуды талап ететін қашықтықтан және теле-оқыту мүмкіндіктерін пайдаланған орынды.

Мұндай жағдайда мұғалімнің рөлі өзгереді (педагог-эдвайзер, педагог-тьютор және т.б.), мұғалімнің іс-әрекеті мәліметтерді өндіруге емес, оқушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге және оны оқу-танымдық процесте алып жүруге бағытталады. Оқу материалдарын өз бетінше меңгеру қабілеті мен дағдыларына ие болған оқушылар да мұғалім-тьюторлардың көмекшісі бола алады. Бұл ретте деңгейлеп жіктеу іске асады, оқушыларда танымдық іс-әрекет тәсілдері қалыптасады, оқушының жеке тұлғалық өсуін объективті бағалау қамтамасыз етіледі.

Білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету үшін әрбір  мұғалімнің және оқушының сұранысын  қанағаттандыратын, соның ішінде ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқу-ақпараттық ресурстар құрылады. ШЖМ жағдайында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру назар аударуды талап етеді.

Бейіналды даярлық  және бейіндік оқыту жағдайында тірек  мектебі-ресурстық орталықтың мәні арта түседі, оның базасында шағын жинақты мектептердің ақпараттық, кадрлық, оқу-әдістемелік ресурстарын интеграциялау жүзеге асырылады. Арнайы ұйымдастырылған білім беру процесі оқытудың сессиялық және сессияаралық түрін қарастырады. Сессияаралық кезеңде оқу-танымдық процесс технологиялық карталарды қолдана отырып және ақпараттық-коммуникациялық қатынас жасай отырып, жеке оқыту негізінде жүзеге асады. Шығармашылық зертханаларда және шеберханаларда, соның ішінде жобалық-зерттеу жұмысын пайдалана отырып оқыту есебінен сессиялар практикалық бағытталуды күшейтеді.

Педагогикалық процесті ұйымдастырудың вариативті түрлері мынадай үлгідегі білім беру кешендерінде табысты  іске асады: мектеп-балабақша, мектеп-мектепке дейінгі білім беретін шағын  орталық, мектеп-мектеп жанындағы интернат, мектеп-әлеуметтік мәдени орталық, сыныптық-сабақтан тыс үлгідегі мектеп және т.б. Ауылдағы ШЖМ таңдап алынған білім беру кешеніне қарамастан ұзартылған күн режимінде жұмыс істеуі тиіс.

5.3 Әлеуметтік әріптестікті  ұйымдастыру

Мектептің, отбасының және әлеуметтік ортаның өзара сабақтастығы шағын  жинақты мектептің дамуының міндетті шарты болып табылады. Мектеп  отбасы, өзге де білім беру, денсаулық  сақтау ұйымдары, мәдени-сауықтыру  орталықтары, шаруашылық субъектілері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар және т.с.с. әртүрлі институттармен әлеуметтік әріптестіктің белсенді қатысушысы және бастаушысы ретінде шығады.

Әріптестік қатынастар негізінде  оқушыларды тек оқыту мен тәрбиелеу  мәселелері ғана емес, сонымен бірге жергілікті деңгейде ересек тұрғындарға білім беру, мәдени және әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері де қаралады.

Әріптестік қатынас негізінде  қалыптасқан қарым-қатынас:

- ауылдық жерде өзекті болып  саналатын, қоғамдастықтың инфрақұрылымын жергілікті деңгейде дамытудың алғышарттарын жасауға;

- жергілікті қоғамдастық мүшелерінің  білім беру процесін ұйымдастырудағы,  жоспарлаудағы және ШЖМ-ның жұмысын  басқарудағы азаматтық ынтасын  дамытуға;

- мектепке материалдық қолдау  көрсету үшін қосымша бюджеттен тыс қаражаттар мен басқа да ресурстарды (қайырымдылық көмек) тартуға;

- қоршаған ортаның мәдени дамуына  мектеп ұжымының кәсіби мүмкіндіктерін  пайдалануға;

- жергілікті тұрғындардың мәдени-демалу  және спорттық-сауықтыру шараларын   ұйымдастыру үшін мектеп қорын (жабдықтар, ғимарат, аумақ) тиімді пайдалануға  мүмкіндік береді.

5.4 Шағын жинақты мектепті  дамытудың нормативтік-құқықтық  негіздері

Шағын жинақты мектептің дамуы  үшін:

- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына білім алушылардың сандық контингенті туралы тиісті толықтырулар енгізу;

- ШЖМ қызметінің ерекшеліктері  ескерілетін Білім беру ұйымдары  туралы үлгілік ережеге негізгі,  бастауыш және орта шағын жинақты  мектептердің толымдылығы туралы  толықтырулар енгізу;

- білім беру кешендерін ұйымдастыру жөнінде ережелер қабылдау: тірек мектебі-ресурстық орталық, мектеп-балабақша, мектеп-мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық, мектеп-мектеп жанындағы интернат, мектеп-әлеуметтік мәдени орталық, сыныптық-сабақтық емес үлгідегі мектеп;

- жоғары оқу орындарында білім  беру мамандықтарында «мұғалім-тьютор»,  «мұғалім-эдвайзер» атты арнайы  білім беру бағдарламалары бойынша  даярлауды қарастыру;

- педагогикалық қызметкерлердің  лауазымдық тізіліміне «мұғалім-тьютор»,  «мұғалім-эдвайзер» лауазымдарын енгізу;

- «Педагогикалық кадрларды аттестаттау  ережесіне» мұғалім-тьюторға, мұғалім-эдвайзерге, аралас пәндерді жүргізетін мұғалімдерге  біліктілік санаттарын беру тәртібі  жөнінде өзгерістер енгізу;

- жалпы білім беретін мектептердегі  психологиялық қызмет туралы ереже қабылдау.

5.5 Кадрлармен қамтамасыз  ету

ШЖМ-ны дамыту жағдайында педагогикалық  кадрларды даярлау және олардың  кәсіби құзыреттілігін арттыру өте  маңызды. ШЖМ-ның ерекше жағдайында жұмыс істейтін мұғалім бірқатар қосымша кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы қажет:

- сынып-комплект жағдайында оқытудың  тиімді тәсілдерін іріктеу, бейімдеу  және құрастыру;

- жас ерекшеліктері әртүрлі  оқушылар ұжымын басқару;

- бір пәндік және бір тақырыптық  сабақтар өткізу барысында сынып-комплект  оқушыларының іс-әрекетін басқару;

- оқушылардың жеке білім алу  траекториясының дамуын жобалау;

- оқушылардың жеке дамуының  мониторингі үшін бақылау-бағалау  рәсімдерінің пакетін әзірлеу;

- оқушыларды жергілікті қауымдастықтағы  әлеуметтік-мәдени және экономикалық  процестерге қатыстыру.

Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беруде ШЖМ-ның педагогикалық  қызметінің көп пәнділігін ескеретін  міндетті кіріктірілген білім беру бағдарламалары бойынша педагогикалық  кадрларды  даярлауды қарастыру.

Жоғары оқу орындарында екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық кадрларды даярлауды қарастыру.

ШЖМ-ның педагогикалық кадрларына қосымша білім беру мен біліктілігін арттыру білім саласы қызметкерлерінің біліктілікті арттыру және қайта  даярлау институттарында және өңірлік орталықтарында жүзеге асады.

Өзара жүйелік қатынас шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру үшін төмендегідей ұйымдастыру түрлерін қолдануға  болады:

- ШЖМ-ның даму орталығын құру (біліктілікті арттыру институттарының, білім беруді дамытудың өңірлік орталықтарының, педагогикалық жоғары оқу орындарының және университеттердің базасында);

Информация о работе Шағын жинақталған мектеп