Педагогикалык пэндердi окытуда инновациялык технологияларды пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 18:55, автореферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

abtikalykov.doc

— 403.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Біздің зерттеу жұмысымызда  болашақ мұғалімдердің инновациялық құзіреттілігін қалыптастыру қажеттілігін атап өткенбіз.  Сондықтан аталмыш міндетті шешу мақсатында студенттерге арналған «Болашақ мұғалімнің инновациялық құзыреттілігін қалыптастыру» атты арнайы курс ұйымдастырдық. Арнайы курс мазмұны 6-кестеде берілген. 

6- кесте «Болашақ мұғалімнің инновациялық құзыреттілігін қалыптастыру» атты арнайы курс мазмұны

 

 

р/с

 

Тақырыбы

өткізу формасы

 

Барлығы

лекция

прак

СӨЖ

СОӨЖ

1

Болашақ мұғалімнің инновациялық құзыреттілігі ұғымына сипаттама

1

1

2

2

6

2

Мұғалімнің инновациялық құзырлығы құрамы

1

2

3

3

9

3

Инновациялық құзыреттіліктің  деңгейлері

2

1

3

3

9

4

Іс-әрекеттік, мәдени, жүйелілік, жеке тұлғаға бағытталған құзыреттілік

1

1

2

2

6

5

Оқытудың белсенді түрлері  мен инновациялық технологиялар

1

2

3

3

9

6

Инновациялық білімді  жетілдіру

1

1

2

2

6

 

Барлығы

7

8

15

15

45


 

Тәжірибелік-эксперимент  жұмысының соңғы кезеңінде қайта жүргізілген сауалнама нәтижесінде жоғары болашақ педагогтардың инновациялық технологияларды меңгеру деңгейі анықталды.

Ол үшін экспреиментіміздің бақылаушы кезеңіне арнап тапсырмалар кешенін дайындап, жүзеге асырдық. Алынған нәтижелерді талдау барысында студенттердің 37%  инновациялық технологияларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын; 53%)  инновациялық технологнияларды пайдалану іскерлігіне ие екенін көрсеткен. Осы іскерліктің қалыптасуы болашақ мұғалімдердің басты қиындығы ретінде көрсетілген. 59% респондент ақпаратты беру іскерлігі бар екенін белгілеген. Респонденттердің 79% жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға  инновациялық технологиялар өте қажет деп есептеген. Зерттеу нәтижесі бойынша, инновациялық құзыреттілікті студенттердің 46% өз бойында толық қалыптасқан деп есептейді.

Тапсырмалар кешенін  орындау кезінде студенттердің  инновациялық құзырлығының қалыптасуына практикалық сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ, зертханалық  сабақтар,  педагогикалық практика сияқты оқу формалары ықпал еткені белгілі болды. Оларды жеткілікті әсер етеді деп бағалаған көрсеткіштер 91%, 81%, 73%, 61% болды.

Студенттердің 51% өздерін  инновациялық құзыреттілікке қажетті  психофизиологиялық сипатқа иеміз  деп санайды.

Студенттердің 79% өздерінің  инновациялық технологияларды жүзеге асыруына баға бере алады.

Педагогикалық  экспериментті  жүргізу арқылы:

І. Жоғары оқу орнындағы  оқу үдерісіне студенттердің  инновациялық технологияларды жүзеге асыру деңгейі арта түскені байқалды.

2.Құрастырылған модельді  қолдану барысында студенттердің студенттердің инновациялық технологиялардыжүзеге асыруға дайындау моделінің динамикасын қамтамасыз ететін дидактикалық шарттар жүзеге асты.

Қалыптастырушы эксперимент  кезінде бақылау, әңгімелесу мен  интервью, эксперимент нәтижелерін  статистикалық өңдеу, студенттердің оқу, кәсіптік қызметтерін талдау әдістері қолданылды.

Қолданылған әдістердің растығы, дәлдігі статистикалық  нәтижелерді өңдеу арқылы, құрастырылған  модельді практикаға енгізу нәтижелерін  талдау арқылы анықталды.

Осы кезеңде бақылау  және эксперименттік топ деректері салыстырылып, эксперименттік топтың көрсеткіштері жоғарылағаны анықталды.

Эксперименттік топтарда диссертацияда ұсынылған педагогикалық  пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды  қолданудың дидактикалық жүйесі жүзеге асырылды. Салыстыра талдау үшін ізденуші эксперимент нәтижелеріне қарай дайындық деңгейлері ұқсас келетін бақылау топтары алынды, ондағы оқыту дәстүрлі тәсілмен жүргізілді.

Қалыптастырушы экспериментті  жүргізу барысында зерттеудің бірқатар қағидалары сынақтан өткізіліп, нақтыланды:

- оқу тапсырмалар мазмұнының, оларды шешу әдістемесінің инновациялық  технологияларды пайдалану міндетіне  сәйкес студенттердің оқу-кәсіптік  әрекеті құрылымына оқу-педагогикалық  тапсырмаларды, инновациялық дидактикалық  кешенді енгізу тәсілдерінің адекваттығы;

-зерттеуде ұсынылған  инновациялық технологияларды пайдалану  студенттердің инновациялық құзырлығын  қалыптастыру динамикасын арттыруға  мүмкіндік берді.

Арнайы курс соңында  қорытынды диагностикалық жұмыс  пен сауалнама нәтижелеріне қарай  студенттер инновациялық технологияларды қолданудың креативтік (жоғары) деңгейіне ауысты, яғни инновациялық технологияларды қолдануды шығармашылық тұрғыда іске асыра бастады (жеткілікті деңгейде дербестігін көрсетіп, инновациялық технологияларды бастамашылықпен қолдана бастады, берілген мақсат пен міндетке орай перспектива құрастыра біліп, оларды аяғына дейін орындап, нәтижелерді бағалай бастады).

Студенттерге тән сипаттамаларды атап көрсетсек:

-өзінің кәсіби қызметіне  байланысты инновациялық технологияларды  қолдануға деген мотивациясының тұрақты болуы;

-өз бетімен білім  алуда және оқу үдерісінде  жүйелі түрде ізденіп, шығармашылық  қабілетінің болуы;

-инновациялық технологиялар  әлемін еркін бағдарлай алуға  және оларды тиімді қолдануға  мүмкіндік беретін кәсіби білім жүйесінің тұтас, саналы әрі берік болуы;

Сонымен, педагогикалық  пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды  қолдану жүйесін іске асыру студенттердің  іс-әрекеттің бұл түріне дайындығын қалыптастыруға ықпал еткенін байқап отырмыз.

Қорытынды эксперименттің нәтижелері эксперимент тобындағы студенттердің инновациялық құзыреттілік бойынша қажетті білім, іскерлік пен дағдылардың қалыптасқандығын көрсетті (7 кесте).

 

Кесте - 7 Студенттердің  білім, іскерлік пен дағды  деңгейлерінің  өзгеруі (%)

 

Деңгейі

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Экспериментке дейін

Экспери-менттен  кейін

Экспериментке дейін

Экспери-менттен  кейін

Төмен репродуктивті

50,2%

4,0

50,9%

20,8

Орташа эвристикалық

33%

44,8

32,5%

59,2

Жоғары креативті

16,8%

51,2

16,6%

20,0


 

7-кестеде келтірілген нәтижелер бойынша жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолданудың біз ұсынған дидактикалық шарттары тиімді болғанын көріп отырмыз.

Педагогикалық эксперимент  нәтижелерінің қорытынды динамикасын  диаграмма түрінде 1- диаграммадан көреміз.

 

 

 

1- диаграмма.  Эксперименттік  және бақылау топ студенттерінің  жаңа инновациялық технологиялар  жағдайында ұйымдастырылған болашақ  педагогтардың білім деңгейінің  қорытынды динамикасы

 

Қорыта айтқанда, жүргізілген  педагогикалық эксперименттің нәтижесінде қойылған міндеттер шешілді және тиісті қорытындылар жасалды. Тәжірибе барысында арнайы курс бағдарламалары бойынша өткізілген пәндік сабақтар мен курстық жаттығулар жоғары оқу орындарындағы студенттердің терең білім алып, кәсіби-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытып, жоспарланған жұмыстарды қызығушылықпен орындап, меңгеріп шығуына және кәсіби біліктілігін толықтыруына септігін тигізетіні анықталды, сонымен қатар теориядан алған білімдерді практика жүзінде жүзеге асыруына көмектескендігін қалыптастыру эксперименті растады.  

Қоғамның барлық салаларында инновациялық технологиялардың тереңінен енгізудің қолданыс аймағы уақыт өткен сайын артып, оларды жоғары мектеп жүйесінің білім беру үдерісінде пайдалану,   сөйтіп жоғары кәсіби мамандарды сапалы даярлаудың маңыздылығын күн өткен сайын артып отыр. Осындай шарттардың барлығы жоғары оқу орындарында оқыту мазмұнына сапа және деңгей бойынша қойылатын талаптарға ықпалын тигізді.

Сонымен, зерттеу барысында  қол жеткізген нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

1. Тақырып бойынша  зерттеу нәтижелерінің дәлдігі  мен негізділігі талапқа сай  теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу тақырыбына сәйкес әдістерді  қолданумен, тәжірибелік-педагогикалық  зерттеу бағдарламаларының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен, жоғары оқу орны оқу тәрбие процесіне ендірілуімен қамтамасыз етілді. 

2. Диссертациялық жұмыста  Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелері жан-жақты қарастырылып, оларды педагогикалық сабақтарда пайдалану жолдары айқындалды.

3. Заманауи инновациялық  технологиялардың жіктемесін жасалып,  олардың жоғары мектеп жүйесіндегі ролі айқындалды.

4. Жоғары оқу орындарында  педагогикалық пәндерді оқытуда  инновациялық технологияларды тиімді  қолдану әдістемесі жасалды. 

5. Егер жоғары оқу  орындарында педагогикалық пәндерді  оқыту барысында инновациялық  технологияны қолданудың әдістемелік жүйесі анықталса, онда белгілі, бірізді жүйеге қарама-қайшы, жеке шығармашыл, ізденімпаздықпен жұмыс істей алатын білім алушының тұлғасын қалыптастыруға болады ғылыми болжам тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелденді және жүргізілген зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтижелер алынды.

6. Зерттеу барысында  алынған нәтижелер болашақ мамандарды  кәсіби даярлау жүйесінде, сонымен  қатар білімі мен біліктілігін  арттыруға жасалған жүйе мен  қолданылған әдістердің оңтайлығын дәлелдеді.    

7. Жоғары мектептегі студенттердің инновациялық технологияларды меңгеру деңгейлері мен олардың білім сапасының негізгі көрсеткіштері анықталды.

8. Студенттердің бойына инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілет қалыптасты, инновациялық іс-әрекетке қатысып, жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге деген ынтасы артты.

Дегенмен, жүргізілген зерттеу өте күрделі де, көп салалы мәселе болғандықтан, оның барлық бағыттарын бір зерттеудің аясында жеткілікті дәрежеде қамтып шығу мүмкін емес. Біздің жүргізген жұмысымыз осы аса күрделі процестің бір қырын ғана ашып көрсетеді.

Жоғары мектептегі білім беру үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екендігін айту орынды.

Қарастырылған «Жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық  технологияларды пайдалану» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары келешекте қоғам талабын, теориялық-практикалық жаңашылдықтарды есепке ала отыра, пән мазмұндарының интеграциясында жалғасын табуы мүмкін.  

Ғылыми еңбектер тізімі

1. Әбдіхалықов Н.Б.  Ақпараттық технологияларды қолдану  негізінде болашақ мұғалімдердің  өнімді – шығармашылық іс - әрекетін  ұйымдастыру.// «Зерттеулер. Ойлар.  Көзқарастар. Тәжірибелер» атты  облыстық ғылыми – теориялық конференция материалдарының жинағы (2010 жыл),- Қызылорда: Қазақ - Қытай институты, 2010, 90-95 б.

2. Әбдіхалықов Н.Б.  Кәсіби іс - әрекетте  мұғалімнің  шығармашылық әлеуетінің даму  заңдылықтары // «Қазіргі кезеңде  жаңа формация педагогтарын даярлау:  жағдайы, тәжірибесі, перспективалары» атты Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының құреметті мүшесі, халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының  корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.І.Асановтың 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми  тәжірибелік конференция материалдары (2011 жыл, 27 мамыр),- Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 2011, 36-39 б.

Информация о работе Педагогикалык пэндердi окытуда инновациялык технологияларды пайдалану