Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 21:57, реферат
Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын әр оқытушы өз тәжірибесінде пайдалануда. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибеде жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ең алдымен «педагогикалық технология» терминінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр екенін аңғаруымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «жаңа педаго-гикалық технологиялар» ұғымдарының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
Қазіргі педагогикалық теория
«Оқыту технологиясы» термині, жіктелуі, топтастырылуы
Педагогикалық технология
Модульдік технология
Педагогикалық шеберлік
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.
Адам қажырлы еңбегімен
«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» – деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық
талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский:
«Педагогика теориясын қаншама
жетік білгенмен, педагогикалық
әдептің қыр – сырын
Педагогикалық
шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы,
жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы
ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе
білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық
шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы,
оның идеялық нанымды, моральды бойына
сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік
білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың
бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық
нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту
мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген,
білгенін қызықты да, тартымды өткізе
алатын, педагогикалық әдеп пен талантын
ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық
техника деп аталатын мәселеге мән беріледі.
Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы
тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы,
отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай
дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберліктің негізі
– балалардың өз еркімен дамуына
жол ашу, оқу – тәрбие процесінде
оқушылармен педагогикалық
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа
өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы
педагогикалық шеберлік негіздерін
білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші
ғалымдардың пікірінше
- педагогикалық іс – әрекеттегі
гуманистік бағыттылығы;
- педагогикалық кәсіби
- педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;
- педагогикалық техникасы.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми – зерттеу пайымдаулар мыналар:
- пеадагогикалық мақсаттылық,
- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
- іс – әрекет мазмұнының
Сонымен қатар әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі;
2. Педагогикалық кәсіпке
3. Ситуацияларды меңгеру;
4. Балалардың психологиялық
Қорыта келгенде, орыс тілді аудиторияда деңгейлеп оқытудың негізгі мақсаты – күнделікті өмірде пікірлесім түрлеріне еркін араласып, сөйлеу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл тазалығын сақтау, үйренушінің өз бетімен білім алуы, ізденуі болып табылады.
Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуетті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Проблемалық оқытудың үшінші, төртінші деңгейі кейде екінші зерттеумен байланысты болады, яғни оқытудың мұндай түрі стандартта емес тапсырмаларды шешуге үйрету. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді.
Проблемалық оқыту технологиясы
мұғалім басшылығында өтетін үйренуші-лердің
оқу міндеттерін шешуге орай-ластырылған
өзіндік ізденіс іс-
Жалпы түрінде проблемалық оқыту технологиясы сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, үйренушілер алдына міндет (мәселе) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал үйренушілер мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгі-лейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəти-желерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемалық технологияның
қазақ тілін оқытудағы
Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық ситуацияны туғызу. Пробле-малық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол үйренушілердің ойлауына, ізденуіне, өздерінше қорытынды жасауға да жетелейді. Проблемалық ситуацияны пікірлесім түрлері, пікірлесім тақырыптары арқылы салыстыру, жетелеу сұрақтары арқылы шешуге болады. Мысалы, Отан туралы сабақта сыныпты төрт топқа бөліп, келесі проблемалық сұрақтарды дайындауға болады: Біздің Отан қандай? Отанымызда қандай ұлттар тұрады? Олар қай тілді сөйлеу керек? Мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай? Мұндай сұрақтарды сабақтың басында, қорытынды семинар сабақтарда қолдануға болады. Мысалы, «Тәуелсіз Қазақстан» атты нәтиже сабақта үйренушілер топтарына «Сіздердің туған жерлеріңіз сіздер үшін неге қымбат? Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Қазақстанға оралмандар неге қайтып келіп жатыр?» деген проблемалық сұрақтар өткен материалды қайта жаңғыртып, үйренушілерді іздендіріп, әрі айтыс да тудыратын сұрақтар, әрі топтың ойлау белсенділігін арттыру да ерекшелігін көрсетеді, үйренушілердің білік пен дағдыларын және білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндіктерін тудырады.
Проблемалық оқытуда үйренушілерді топтарға бөліп, пікірлесімнің топтық жұмыстарының тиімділігі зор, өйткені үйренушілер өздеріне берілген проблемалық сұрақтар төңірегінде топ болып пікірлесіп, өз тобын қорғауға әзірленеді. Мысалы, «Өскемен қаласы» атты тақырыпты меңгерту барысында қаладағы экологиялық мәселе бойынша пікірталас ұйымдастыруға болады. Үйренушілерді төрт топқа бөліп, біріншіден, проблемалық жағдаят туғызып, екіншіден, проблемалық сұрақтар арқылы рөлдік ойын ойластыруға болады. Бірінші топ – қала тұрғындары. Екінші – экологтар. Үшінші - «Қала тазалығы» орталығының қызметкерлері. Төртінші – дәрігерлер. Қала тұрғындары басқа топтарға келесі жетелеу сұрақтарын қояды: экологтарға – Өскемен қаласы дүние жүзіндегі ең ластаған қалаларының бірі деген пікір бар, сіздер осы пікірмен келісесіздер ме?; орталық қызметкерлеріне – Қалада қоқыстар жатады, олар қала ауасына, қала тұрғындарына зиян келтіреді, Сіздердің орталықтарыңызда осы мәселені шешуге қандай шаралар қолданып жатыр?; дәрігерлерге – Біздің қаламыздағы экологиялық жағдай төмен екені бәрімізге мәлім, экологиямызға байланысты көптеген аурулар пайда болды, ал сонда неге медициналық қызметтің бағасы күннен күнге өсіп келеді? Мемлекеттік тарапынан бұл мәселеге көзқарас қандай?
Осындай сұрақтар үйренушілердің ойлауына, ізденуіне ғана әсер етпейді, оларды болжам жасауға, өздерінше қорытынды жасауға жетектейді.
Сонымен, проблемалық оқыту технологиясының қазақ тілі сабағындағы тиімділігі: пікірлесім арқылы үйрену-шілерге тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады,
Жоғарыда көрсетілген
педагогикалық технологиялардың түрлерін
қазіргі жағдайда қазақ тілін
оқыту үрдісінде қолдану
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Әбдіғалиев Қ. Осы
заманғы педагогикалық
2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии. - М., 1995.
3. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1999.
4. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы. Алматы, 2002№
5. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. – М.: Знание, 1989. – 80 с.
6. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. соч. в 2-х томах. -М.:Педагогика, 1982.
7. Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Советская педагогика. – 1990. – № 7. – С. 17-23.
8. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. - Алматы.: РБК, 1995.-252 6.
Информация о работе Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі