Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 21:57, реферат

Краткое описание

Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын әр оқытушы өз тәжірибесінде пайдалануда. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибеде жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ең алдымен «педагогикалық технология» терминінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр екенін аңғаруымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «жаңа педаго-гикалық технологиялар» ұғымдарының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.

Содержание

Қазіргі педагогикалық теория
«Оқыту технологиясы» термині, жіктелуі, топтастырылуы
Педагогикалық технология
Модульдік технология
Педагогикалық шеберлік
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 42.90 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  ғылым және білім министрлігі.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.

 

 

Кафедра: Кәсіптік оқыту

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Педагогикалық  техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі

 

 

 

 

 

                                                            Орындаған: гр ОПИ-11-1

                                                                                    Рахметолла М.Қ.                                                                         

                                                                         Тексерген: Мұхамеджанова А.О.

                                                                                                

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013

 

Жоспар:

  1. Қазіргі педагогикалық теория
  2. «Оқыту технологиясы» термині, жіктелуі, топтастырылуы
  3. Педагогикалық технология
  4. Модульдік технология
  5. Педагогикалық шеберлік
  6. Қорытыңды
  7. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі

Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар  пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын әр оқытушы өз тәжірибесінде пайдалануда. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибеде жиірек қолданылып, практикаға енуде.

Ең алдымен «педагогикалық технология» терминінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр екенін аңғаруымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «жаңа педаго-гикалық технологиялар» ұғымдарының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.

«Техника» терминінің екі  мағынасы бар екені айқын:

- біріншісі - өндіріс құралдарының  жиынтығы;

- екіншісі – бір істі  орындағанда қолданылатын тәсілдер  жинағы.

«Технология» термині  түсіндірмелік сөздікте «қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы», сондықтан «технология» термині сол тәсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді», - деп Қ. Әбдіғалиев өз еңбегінде түсінік береді. Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Шынына келсек, білім беру саласындағы технологиялық идеяларды осыдан 500 жыл бұрын Я.А. Коменский айтқан болатын. Ұлы педагог–ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестірген.

Я.А. Коменский еңбектеріне  үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина деп аталатын оқыту механизмін жасау. Ол дұрыс құрастырылған жағдайда және дұрыс пайдаланғанда күтілген нәтижені береді. Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) қатал қойылған мақсат; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтар; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табу».

Сонымен Я.А. Коменскийдің пікі-рінше: «Мақсат – құрал – оны қолдану  ережелері – нәтиже» - бұл білім  саласында кез келген технологияның  ядросы болып табылады.

Я.А. Коменский заманынан  бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының  талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқыту технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я. Гальперин, А. Талызина, Ю.К. Бабанский жəне т.б.). Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. «Бұл кезде – оқыту техно-логиясының функциясын адамдар тәжі-рибесі атқарған», - дейді А. Талызина. Екінші кезеңде – кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидак-тикалық материалдар көмекке келді. Үшінші кезең – қазіргі кезең, оқыту технологиясына әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техника-лық құралдары жәрдемге келді.

«Оқыту технологиясы»  деген термин алғаш рет АКШ-та пайда болған. Кейіннен көптеген зерттеушілердің (Ф. Янушкевич, У. Куписевич, М.В. Кларин, Г.К. Селевко тағы басқа) еңбектерінің нәтижесінде бұл ұғым эволюцияға ұшырады. Польшаның белгілі дидакторы  Ф. Янушкевич, У. Куписевич оқыту  технологиясына жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы  жолын анықтайтын терең түсіну керектігін қолдады. «Біздің – дейді олар, - оқыту технологиясын жалпы дидак-тикамен  немесе оқытудың техникалық құралдармен  теңестіру ойымызда жоқ, өйт-кені, бірінші  жағдайда өте кең жалпылай салу, ал екіншісінде тым бір жақты  пікір болар еді».

Оқыту технологиясы дидактиканың жетістіктерін педагогикалық практикаға кеңінен енгізіп, тарады. Дидактикада оқыту технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

 

- қолдану деңгейі: жалпы  педа-гогикалық, пəн əдістемелік,  бөлімдік (модульдік);

- философиялық негізі: ғылыми  жəне діни, гуманистік жəне əміршіл  - əкімшіл (авторитарлы);

- тəжірибе меңгерудің  ғылыми тұжырымдамасы (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы), іс-əрекетті (бихевиористік), іштей  ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

- тұлғалық құрылымға бағдарлануы:  ақпараттық (білім, ептілік жəне  дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік  (оперативті- ақыл-ой əрекеттері  əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристика-лы- дарын қабілеттерін  дамыту), қолдан-балы (тұрмыс-тəжірибелік  əрекеттер қа-лыптастыру);

- дəстүрлі оқу жүйесін  жаңалау бағыты (модернизация): оқушы  іс-əрекетінің белсенділігін көтеру  жəне жеделдету технологиясы; мұғалім  жəне оқушы арасындағы қатынастарды  Адам-иластыру мен демократияландыру  негі-зінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық  қайта түзуге негізделген технология  жəне т.б.

 

Оқыту технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қол-данылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.

Оқыту технологиясын оқыту  əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу үрдісінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты ше-шілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі.

Сонымен бірге, əдістеме технологиялық  деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.

Оқыту технологиясы педагогикалық  шеберлікпен өзара байланысты. Оқыту  технологиясын жете білудің өзі  – шеберлік. Бір технологияны əрбір  оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық  ерекшеліктерден мұғалімнің оқу  шеберлігі көрінеді.

Оқыту технологиясын формальды  жағынан алғанда, оқу ақпаратын  қалып-тастыру, өңдеу, тарату, қабылдау, жете түсіну, есе сақтау және қайталап айтып беру (жаңғырту) сияқты мақсатты динамикалық үрдіс есебінде түсіну керек. Бұл технологиялық үрдіс – білімсіздіктен білімдікке, шорқақтықтан іскерлікке апаратын тура жол. Оқыту технологиясында оқыту және оқу қызметтері, оқыту әдістері мен тәсілдері оқытудың формасы мен техникалық құралдары арқылы байланысып жатады және бірігіп, тоғысып кетеді.

«Оқыту мен оқудың бірлігінің»  заңдарын осылайша қарапайым түсіну, оқыту технологиясын қолданбалы ғылым деп айтуға мүмкіндік береді. Оқыту технологиясы – қолданбалы дидактика. Ол педагогикалық практиканың нақты жағдайларында оқытудың ең маңызды үрдісін іс жүзінде асырады, оқыту мен оқудың нақты қызметін бейнелейді.

Осы заманғы дидактикада  əрқилы оқыту технологиялары көрініс  беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық үрдіске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіруімен байланысты.

Оқытудың технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. ХХ ғасыр-дың 60-жылдарында шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» (В. Беспалько).

Педагогикалық технология мынадай  төрт негізгі шартты қанағаттандырады (В. Беспалько):

- педагогикалық технология  оқытудағы педагогикалық экспромттарды  жою қажет;

- оқушының танымдық қызметінің  құрылымы мен мазмұнын анықтайтын  оқу-тәрбие үрдісінің жобасына  негізделуі қажет;

- оқу мақсатын диагностикалық  түрде анықтап, оның меңгерілу  сапасын дәл тексеріп, бағалау  қажет;

- іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

 

Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. Оны В.М. Монахов, М.В Кларин, Н.Ф. Талызина сияқты ғалымдар осылай түсінеді. «Педагогикалық технология – педаго-гикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп В. Кларин түсінік береді. Педагог–ғалым В.М. Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - деген анықтама береді. Ал Н.Ф. Талызинаның анықтамасында: «Педагогикалық технология – оқытудың, тәрбие құралдарының арнайы жиынын, әдісін, тәсілін, айласын анықтайтын, психологиялық-педагогикалық нұсқаулар бірлестігі, ол педаго-гикалық үрдісті ұйымдастырудың әдістемелік құралы», - делінген. Яғни, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Аталған технология әртүрлі әдістерді, тәсілдерді, тілді оқыту жолдарын, оны оқыту түрлерін, тәрбиелеу көздерін анықтайтын психологиялық–педагогикалық үрдістердің жиынтығы.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту техно-логиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқыту технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Сондықтан да, педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, біріккен педагогикалық қызметтің жоспарлау үлгісі.

Сонымен қазіргі педагогика ғылымында «педагогикалық технология»  ұғымына бірдей көзқарас жоқ, оны  біреулер білімді техникаландыру десе, енді біреулер оқытудың техникалық құралдармен қамтамасыз етіп, компьютерлендіру дейді, ал келесі бір көзқарас бойынша дидактикалық жобалар мен педагогикалық жүйесі, оны практикада қолданудың дәрежесін көтеру болып табылады. Біздің пікірімізше, «педагогикалық технология» - кешенді, бірігімді үрдіс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдық-тарды, сонымен бірге жоспарлау, бағалау, білім меңгеру жəне тәрбиелеудің барша қырлары жөніндегі мәселелер шешімін басқаруды қамтитын дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі.

Қазіргі кезде 50–ден артық  педагогикалық технологиялар бар.

Педагогикалық технологиялар  көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық  негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге асуы (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов жəне т.б.).

Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар  сипатын айқындаушы көптеген терминдер  ұшырасады, мысалы: «жаңа техноло-гиялар», «білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар», «бағдарламаластырылған жəне проблемалық  оқыту технологияласы», «сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «авторлық  технология» жəне т.б.

Педагогикалық технологиялар  оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы. Бүгінгі таңда Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.М. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Қазақстанда профессор Ж.А. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік саралап оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Ә. Жүнісбектің үндесе оқыту әдістемесі, Ф.Ш. Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі, Ш. Бектұровтың, Қ. Қадашеваның, Қ. Сариеваның т.б. ғалымдардың әдістемелері белсенді түрде қолдануда. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологиялардың арасында күнделікті сабақ үрдісінде пікірлесім түрлерінің тиімділігін көрсететін технологиялар - дамыта оқыту, модульдік, деңгейлеп оқыту және проблемалық оқыту технологиялары. Осы техно-логияларға тоқталып, сипаттама берейік.

Информация о работе Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі