Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 21:57, реферат

Краткое описание

Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын әр оқытушы өз тәжірибесінде пайдалануда. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибеде жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ең алдымен «педагогикалық технология» терминінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр екенін аңғаруымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «жаңа педаго-гикалық технологиялар» ұғымдарының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.

Содержание

Қазіргі педагогикалық теория
«Оқыту технологиясы» термині, жіктелуі, топтастырылуы
Педагогикалық технология
Модульдік технология
Педагогикалық шеберлік
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 42.90 Кб (Скачать документ)

Дамыта оқыту технологиясы оқу іс-əрекеттері арасындағы аса  танымалы (Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов).

Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика адам дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу үрдісінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму үрдістерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: адам өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін басқа адамдар басшылығында не ақылдылау досжарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін адам дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.

Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен үйренуші дамуын жеделдетуге  болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.

Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу ұстанымына орай білім мазмұны  жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны  ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші  рөл теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, үйре-нушілердің практикалық  ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.

Дамыта оқыту технологиясы талаптарының бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу үрдісінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамыта оқыту технологиясы іске асыру сонымен бірге үйренушілердің ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б. Эльконин).

Дамыта оқыту технологиясы идеяларының қатарына сондай-ақ оқу  қызметінің əрқилы жағдайларында үйренушілердің қажет болғанды өзінше танып, содан  өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз адамның өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы. Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан, дамыта оқыту технологиясы шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.

Дамыта оқыту идеясы бұл  күнде еліміздің қазақ тілі мұғалімдері  арасында кең қолданымда. Үйренушілердің тілін дамыта оқытудың нәтижесінде үйренуші қазақ тілінің сөз байлығын толық игеруі, тілдің фонетикалық және сөзжасам жүйесін жақсы меңгеруі, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалану тиіс. Сонда ғана үйренуші тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар тілдің қатысымдағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтерін де түсініп қолдана алады. Сондықтан үйренушілердің тілдерін дамыту үшін, ең алдымен олардың сөздік қорларын байыту, екіншіден, әдеби тілдің нормасында сөй-лемдерді дұрыс құрауды үйрету, үшіншіден, ойларын ауызша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру қажет. Біздің зерттеу объектіміз басқа ұлт өкілдерін пікірлесім арқылы ауызша сөйлеуге үйрету болғандықтан, тіл дамыту жұмысының мазмұны деп үйренушінің қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана білуіне қажетті іскерлік пен дағдыны меңгертіп, диалог түрлерін өз тәжірибесінде қолдана білу икемділігі мен машығын қалыптастыру деп түсінеміз.

Әрбір үйренушінің сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Барлық жастағылар диалог арқылы сөйлеуге белсене араласады. Диалог – сөйлеудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Танысу да, әңгімелесу де осы сәлемдесуден басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен тыңдаушылармен диалогта болады. Диалогты тыңдату арқылы, диалогты оқыту арқылы үйренушілердің тілдерін жаттықтырып, қатесіз әрі жылдам сөйлеуге дағдыландырады. Оларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрастырылады.

Сонымен, әр мұғалім қазақ  тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол үйренушінің күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөзде-ріне қолдана білуіне жағдай жасайды. Демек, үйренушінің тілін дамыту жұмысы – ол тыңдаушының жалпы ойын дамыту деген сөз. Сондықтан қазақ тілі сабақтары үйренушілердің жалпы ойын дамытуға бағытталады, яғни үйренушілердің тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланысты.

Модульдік оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары  дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған  білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - үйренуші модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П. Юцявичене, Т.И. Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).

Модуль құрамы: əрекеттің  мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік  көрсетпелері.

Бұл технологияға орай оқу  мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат  оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу  деңгейін де көрсететін дидак-тикалық  мақсатқа сəйкес меңгеріледі.

Модульдік оқуда өзіндік  жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл үйренушіге оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.

Модульдік оқу дəстүрлі білім  игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің  қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.

Соңғы жылдары Қазақстанда  модульдік технологияның жалпы ұстаны-мдарына сүйене отырып, М.М. Жанпейіс-ованың модульдік технологиясы жасалы-нып, оқыту жүйесіне енгізілді. Бұл технологияның басты жетістігі – жеке үйренушінің білім сапасын анықтау.

М.М. Жанпейісованың модульдік  технологиясының ұтымдылығы:

 

1) жеңілден – қиынға  арттыру, тарау мазмұнына бірнеше  қайтара оралу;

 

2) сыныпта микротоптарға  бөлу арқылы ақтық үрдіс негізінен  үйренушілердің өзара қатынасы  арқылы іске асырылады;

 

3) оқу материалын әр  үйренушіге тыңдауға, жазып алуға,  көруге, қайталап айтуға мүмкіндік  береді;

 

4) сөйлеу білімі өзін-өзі  бағалау арқылы жүзеге асырылады  да ешбір үйренуші шет қалмайды.

 

М.М. Жанпейісованың модульдік  оқыту технологиясын көптеген қазақ  тілі ұстаздары өз іс-тәжірибесінде  пайдаланып жүр. Қазақ тілі сабақтарын модуль арқылы оқыту – күрделі  бір тақырыптың модулін жасау. Мұғалім  бағдарлама жасағанда әр модульге тақырыбын  анықтап, оның меңгерту жолдарын анықтайды. Сол кезде көптеген пікірлесім тақырыптарын әр модульге енгізуге болады. Мысалы модульдің  тақырыбы «Отбасы» болса, оның пікірлесім тақырыптары ретінде «Отбасы  мүшелері туралы», «Отбасының фотоальбомы», «Отбасым және мен» деген сұхбаттасуды ұсынуға болады.

Оқу модулі үш құрылымды  бөліктен: кіріспе, сұхбаттасу және қорытынды  бөлімінен тұратыны бәрімізге мәлім. Солардың ішіндегі сұхбаттасу бөлімінің негізгі мақсаты – қазақ тілінде ауызекі сөйлеуді меңгерту. Бұл жұмыс өз кезегінде диалог жүргізе білуді көздейді. Сұхбаттасу кезінде сынып шағын топтарға бөлініп, үйренушілер өзара әрекет, қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұл кезде пікірлесімнің түрлерін ұйымдастыру: пікірталас, топтық жұмысты қолдану – оқытудың міндетті шарты деп есептеуге болады. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне меңгертудің міндеті оларды сөйлету, сөздік қорларын қалыптастырып, байыту болса, модульдік технологиясының мүмкіндігі мол. Әсіресе сұхбаттасу бөлімінде пікірлесімнің белсенді түрлері арқылы көп нәтижеге қол жеткізуге болады. Сабақтың басында тілдік ортаға енгізу үшін сұрақ-жауап жаты-ғуларын жиі қолдана отырып, үйре-нушілердің ойлау, мәдениетті сөйлеу дағдыларын дамытуға болады. Ол үшін пікірлесім жаттығулар арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады. Мысалы, келесі жағдаяттың біреуіне диалог құрау: 1) Сіз кітап дүкеніне келдіңіз. Өзіңізге қажетті кітапты сұраңыз; 2) Көшеде бір бейтаныс адам сізден пошта бөліміне қалай бару керектігін сұрады. Жол сілтеп жібердіңіз; 3) Сіз Астанаға ұшаққа билет алайын деп әуежайға келдіңіз. Кассирден билет сұрадыңыз; 4) Сіз жазда Астанаға барып келдіңіз. Досыңызға көргеніңізді әңгімелеп айтып беріңіз, пікір алмасыңыз; 5) рөлдік жағдай - Өскемен-Астана бағытында келе жатқан автобустың ішіндегі жолаушылардың арасындағы әңгіме. Мұндай жағдаяттық тапсырмалар үйренушілердің қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға, болған уақиға жайлы ойын жеткізуге, еркін сөйлеуге және топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сұхбаттасудың мақсаты –  сөздерді қайталау, еркін де дұрыс  қолдануға үйрету, грамматикалық материалды, конструкцияны орынды қолдануға үйрету. Сұхбаттасу үйренушілердің дұрыс интонациямен сұрақ қоюға, сөйлеудің бір қалыптылығына дағдыландырады. Сұрақ қою арқылы сұхбат алып, мемлекеттік тілде дұрыс сөйлеуге тырысады.

Қорыта келгенде айтарымыз, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясын  қазақ тілі сабақтарында қолдану  – мемлекеттік тілді оқытуда  сабақтың білім сапасын көтерудің маңызды факторларының бірі болып, тиімділігі тәжірибе жүзінді дәлелденді.

Деңгейлік саралап оқыту  технологиясының мақсаты мен мақсаты мен мағынасы: әр үйренушіні оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, оқытуды үйренушілердің әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Әр топта үлгерімі орташа, жақсы, үздік үйренушілер болады, оларға деңгейлік тапсырмалар қолдану қажет: 1 – деңгей – мүмкіндік; 2 – деңгей – міндетті; 3 – деңгей – эвристикалық; 4 – шығармашылық.

Ж. Қараев және Б. Кобдикованың еңбектерінде деңгейлік оқыту әдістемесі туралы айтылған. Бүгінгі таңда Ж. Караевтің оқытуды дербестендіру  мен деңгейлік дифференциалдау  технологиясы пәнге деген қызығушылықты  арттыратын технология ретінде танылды.

Қазақ тілін өзге тілді  аудиторияда жаңашаландырып жаңғырта оқытудың деңгейлік әдістемесінің  негізін қалаған профессор Қ. Қадашеваның зерттеуінде де жаңалықтар өте көп берілген. Ғалым еңбегінде  тіл үйретудің ішкі деңгейлері мен "Фонетикалық тамшылар" әдісі – тиімділігімен тәжірибеде кең таралып кеткен тіл үйретудің оңтайлы жолы болып саналады.

Қазақ тілін мазмұнын өзгертіп, сапасын арттыру мақсатында бірқатар мемлекеттермен қабылтап отырған Тілдерді меңгертудің халықаралық стандарт-тарында (Страсбург, 2001) көрсетілген тілді меңгерту деңгейлерін басшылыққа ала отырып, пікірлесімнің келесі тапсырмаларын ұсынамыз:

1 деңгей – клише тілдік  бірліктер көмегімен, пікірлесімде  жиі қолданылатын сөздер мен  сөз тіркестермен «Кездесу», «Қоштасу»,  «Құттықтау», «Шақыру» тақырып  аясында сұхбаттасулар, тілдік  қарым–қатынаста тыңдаушылар өзі  туралы, отбасы туралы мәліметтерді, сұрақтарды түсіне отырып, монолог  және диалог түрінде жалпы  мазмұнын айтып бере алатын  тапсырмалар және т.с.с;

2 деңгей – көніл-күйін,  сезімін білдіре алу, елтану  бағытындағы тақырыптар бойынша  сұхбаттасу, телефон арқылы сөйлесу, қызық адамдармен кездесу, «Дүкенде», «Дәрігерде», «Көлікте», «Қалада» тақырып төңірегінде сөйлесу, сұрақ-жауап түрінде сауалнама өткізу тапсырмалар;

3 деңгей – бір жағдайды  сұрап анықтай ала білу, белгілі  актер, әншімен сұхбат, репортаж  жүргізу, интервью алу, өз бетінше  берілген тақырыптарға сұхбат  кұру тапсырмалары;

4 деңгей – өз пікірін,  ойын қорғай білу, біреудің ойын  толықтыра білу, сөйлесіп отырған  адамның ойын түзеп, қарсы сұрақ  қоя білуді жетелейтін пікірталас, пікірсайыстар. Осындай деңгейлік тапсырмалардың мақсаты – үйренушілерді жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.

Педагогикалық шеберлік

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп  отыруды қажет ететін балаларды  оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог –  өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым  мен өнердің тиісті салаларынан  хабардар, жалпы, әсіресе балалар  психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін  жетік игерген маман.

Педагогикалық шеберлік негізі неде?

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты  дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ  көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын  қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер  айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі  таңда тәуелсіз елімізге білікті  маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық  шеберліктің негізі неде?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсіз елге – білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің  негізі, өткен пікірімізде айтып  кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың  жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана  алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында  педагог-ғалымдар тарапынан сынға  алынғаны белгілі. Осы сыннан соң  бірте-бірте «педагогикалық технологияны»  оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Информация о работе Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі