- Суггестивтік / ықпалды таңдаусыз қабылдау/ - оқушыларға эмоционалдық тұрғыдан әсер ету мүмкіндігі.
- Ғылыми міндеттері - таңдап алынған сала бойына білімді толық меңгеруі.
Н.В.Кузьмина мұғалімнің қабілеттерін
6 түрге бөледі.
1. Коммуникативтік:
2. Перцептивтік;
3. Мұғалімнің өзгеріп
отыруын баскаларға ыкпал ете сендіре
білуі;
4. Эмоционалдык ұстамдык;
5. Болжай білу:
6. Шығармашылык қабілеті;
Оқушылармен қарым
– қатынаста ерекше атап өтілетін
қасиет – педагогикалық такт. Такт дегеніміз
ақылдың, тәрбиешінің жалпы мәдениетінің
жиынтық көрсеткіші. Педагогикалық такттің
көмегімен педагог оқушыны сыйлайды, керек
жағдайда оқушыға тиімді әсер ету жолын
іздеп табады.
Мұғалімдер "адам
жанының хирургі" деп бекер
айтпаса керек. Сондықтан ең алдымен
мұғалімнің жеке тұлғасы мен
оның кәсіптік мәдениетіне айрықша
көңіл аудару қажет. Біріншіден,
қай қоғамда болмасын мұғалім
сол қоғамның белсенді мүшесі,
белгілі бір әлеуметтік топ
болып саналады. Сондықтан қоғамда
болып жатқан әлеуметтік, саяси -
экономикалық, рухани өзгерістер
мен жаңалықтардан тыс қала
алмайды. Сол қоғам қажеттілігі
мен сұранысына, мемлекет жүргізіп
отырған саясатқа тәуелді болатыны
сөзсіз. осыған орай, оқыту мен оның
формалары да жаңғырып, заман талабына
сай өзгеріске түсіп отырады. Сол себептен
де, мұғалімдерді даярлау және міндеті
басты мәселе болып табылады.
1. Мұғалімнің шығармашылық
еңбек етуіне қолайлы жағдай
жасау.
2. Әлеуметтік жағдайына
назар аударып, басқа жағдаяттар
мен өзін ұжымды еркін сезініп,
талапты еңбек етуі мен іс
- әрекетіне жауапкершілік туғызу.
3. Мұғалімдердің білім
жетілдіру институттары мен ғылыми
орталықтардың арасындағы байланысты
тұрақты жүйені арттыру.
4. Заман талабына, қоғам
сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес әлемдегі
және бүгінгі өзық іс - тәжірибе, жаңа технологиялар
инновациялық әдістермен ұдайы қаруландырып
отыру.
5. Шығармашылық ізденісі
мен еңбегіне толық еркіндік
бере отырып, оқытуды ізгілендіру
мақсатындағы талап пен тілектеріне,
өзіндік іс - тәжірибесіне тартуға
мүмкіндік туғызу.
6. Мұғалімнің зерттеушілік
мәдениетінің қалыптасуы мен
дамуы үшін қажетті бағыт - бағдар
беру, кәсіптік шеберлігін арттырып
отыруға бағытталған түрлі курстар
мен семинарлар, конференциялар
өткізіп тұру.
7. Мұғалімнің қоғамдағы
белсенділігін арттыру үшін кәсіптік
мәртебесі және әлеуметтік беделіне
үнемі көңіл бөлініп отыру. Алдымен
мұғалім электронды ақпараттық
құралдармен жабдықталуы қажет.
8. Әлеуметтік қорғалуына,
мұғалім мәртебесінің өсуіне
әлеуметтік жеңілдіктер мен ынталандыру
жолдарын қарастыру керек.
- Мұғалiм-зиялы тұлға. Оның сыртқы келбетi ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады. Ол педагогикалық жағынан әдептi, түсiне бiледi. Прогрессивтi алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы. Оның сыни ойлау деңгейi жоғары бiрақ өзгенiң ойын құрметтей бiледi, ұстамды. Өз бiлiмiн тұрақты көтерiп отырумен жүйелi айналысады. Ол өз жұмысына терең талдау рефлексия жасай бiлуге қабiлеттi. Эрудициясы, жалпы мәдениетi жоғары. Эстетикалық талғам және көркемдiк мәдениет жинаған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегi барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретiнде ол өз бойына адамзат мәдениетiндегi ең жақсы үлгiлердi жинақтайды және шығармашылықпен өзiн-өзi дамытуға үздiксiз талпынып отырады.
- Мұғалiм-рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы ең алдымен балаға деген махаббатында, жоғары адамгершiлiгi және ұяттылығында байқалады. Ол өз оқушыларының ғана емес әрiптестерiнiң де пiкiрлерiмен санасып отырады. Өмiрдiң мәнiн және мақсатын түсiнуге, өзiнiң кәсiби орнын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрiнедi. Ол әлемдегi және адами қарым-қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезiнедi. Онда эмпатия және рефлексия жоғары дамыған. Ол өсiп келе жатқан баланың, оқушының iшкi жан дүниесiнiң байлығын түсiнуге тырысқандықтан өзiнде планетарлық ойлауды дамытады.
- Мұғалiм-шығармашыл тұлға. Ол рутина мен бiртүрлiлiктi қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтерi жоғары. Ойлап табу, тудыру, жасап көру-оның күнделiктi кәсiби жағдайы.
- Мұғалiм-еркiн тұлға. Оның еркiндiгi өмiрдегi, кәсiби әрекеттегi мәдени әлемдегi өз орнын анықтай алу қабiлетiнде жатыр. Онда ойлау, пайымдау және әрекеттену еркiндiгi жеке кәсiби жауапкершiлiктi сезiнумен сәттi байланысады. Ол жоғары адамгершiлiк, арлылық сезiмiнiң иесi, бiрақ оны менмендiкке айналдырмайды. Рухани және материалдық құндылықтар әлемiнде еркiн бағдарлай алады, педагогикалық, пендешiлiк догмалардан еркiн. Ол жауапты, кейде тiптi тәуекелдi талап ететiн шешiмдердi өз мойнына алады. Өзiнiң өмiрлiк позициясы, ұстанымы бар.
- Мұғалiм-iзгiлiктi тұлға. Оның iзгiлiктiлiгi қайрымдылығы, барлық тiршiлiк иелерiне ең алдымен балаларға деген сүйiспеншiлiктен байқалады. Ол кез-келген уақытта өз оқушыларына, балаларға көмекке келуге әзiр. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейдi,
өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың
қалыптан тыс ойларын түсiнуге деген төзiмдiлiгi
шексiз. Әртүрлi ұлт, дiн, мәдениет өкiлдерiне
бiрдей сыйластықпен қарайды. Оның тек
оқушыларымен ғана емес, ата-аналармен,
әрiптестерiмен ынтымақтаса алу қабiлетi
зор.
- Мұғалiм-азаматтық белсендi
тұлға. Ол айналасында (ауылында, қаласында, елiнде) болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамайды, үнемi өзiнiң қатысын бiлдiрiп отырады. Оқушыларын да өмiрдегi өзгерiстерге сын көзбен қарап, объективтi бағасын беруге кемшiлiктерге төзiмсiз болып, түзету үшiн үлестерiн қосуға тәрбиелейдi.
- Мұғалiм-бәсекеге төтеп беретiн
тұлға. Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта мұғалiм өзiнiң шеберлiгiн үнемi арттырып отыруы тиiс, өзiнiң жетiстiктерi мен кемшiлiктерi жайлы бiлуi керек. Әлсiз тұстарын жетiлдiру үшiн озық тәжiрибенi шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар көшiнен қалмауы тиiс. Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы өз iсiнiң нәтижесiн көруге талпынғаны дұрыс.
- Мұғалiм-мәдениет адамы. Ол белгiлi әлеуметтiк мәдени ортада өмiр сүрiп, еңбек етiп жатқандықтан сол ортаның өнерiн, тұрмыс-салтын, мәдениетiн бойына сiңiрумен қатар оны құрметтеп басшылыққа алуы тиiс. Өзiнiң жалпы мәдениетiн көтеру оның айнымас өмiрлiк қағидаларының бiрi болуы қажет.
Сонымен жан-жақты қабілетті
педагог қандай қасиеттерге ие болуы керек
деген сауалға төмендегі кестеден жауап
алуға болады:
Өзін-өзі бақылауға
арналған сұрақтар.
- Әрекетке қажетті сипаттамаларды
атап шығыныз және түсіктеме беріңіз?
- «Педагогикалық әрекет» ұғымына
анықтама беріңіз
- Педагогикалық әрекет түрлерін
атап шығыңыз? Олардың қайсысы негізі
және неліктен?
- Педагогикалық әрекет қандай
функцияларды іске асырады?
- Педагогикалық әрекеттің әр
функциясына қысқаша сипаттама беріңіз?
- В.А.Сластенин топтаған мұғалімдердің
кәсіби қабілеттеріне сипаттама беріңіз?
- Жан- жақты қабілетті педагог
қандай қасиеттерге ие болу керек?