5) отандық және әлемдік
мәдениеттің жетістіктеріне баулу;
қазақ халқы мен республиканың
басқа да халықтарының тарихын,
әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;
мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін
меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің
әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз
ету;
7) білім беру ұйымдарының
еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім
беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың
қажеттеріне жауап беретін білім
беру сапасын бағалаудың ұлттық
жүйесінің жұмыс істеуі;
9) оқытудың жаңа технологияларын,
оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының
қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын
қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін
кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс
орны бойынша оқытудың және
еңбек нарығының қажеттері арасындағы
өзара байланысты қамтамасыз
ететін және әркімге өзінің
білімге негізделген жеке әлеуетін
қоғамда барынша пайдалануға
көмектесетін оқыту жүйесін өмір
бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның және өндірістің
интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік
бағдарлануын қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа
да әлеуметтік әріптестермен белсенді
өзара іс-қимыл арқылы техникалық және
кәсіптік білім берудің озық қарқынмен
дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.
1991-2000жж арасындағы
ҚР білім беру саласына
қатысты 10-нан астам бағдарлама
қабылданды.
«Дарын» мемлекеттік
бағдарламасы. Оның мақсаты дарынды
балаларға қолдау көрсетіп, шығармашылық
қабілетін дамыту;
Шетелде тұратын отандастарымызды
қолдау мемлекеттік бағдарламасы
бойынша тарихи отанына
қайта оралған отандастарымызды
оқыту және қайта оқыту жұмысы
ұйымдастыруға арналған бағдарлама;
1997ж орта оқу жүйесін ақпараттандыру бағдарламасыы қабылданды. Ол бағдарламаның мақсаты:
мектептерде мультимедиялық, компъютерлік
сыныптармен қамтамасыз ету;
Жалпы білім беретін
мектептерге арналған оқулықтар
мен оқу - әдістемелік кешендерді
дайындау мен мақсатты бағдарламасы.
Оның мақсаты: білім беретін мектер
үшін жаңа буын оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендер
дайындау;
Экологиялық білім беру бағдарламасы. Ол
білім беру ұйымдары мен
Республиканың басқа да мекемелерінің
үздіксіз экологиялық білім
беруге бағытталған қызметін
қолдау .
1991 ж
бері орта білім жүйесінде
жүргізілген реформалауды мынадай
кезеңдерге бөлуге болады;
ҚР білім берудің заңды негіздерінің орнығып қалыптасуы ( 1991-1993) Бұл кезеңдегі негізгі міндеттер оқу – тәрбие ісін жетілдіру, әрбір азаматтың білім алуға деген кепілдігін бекіту, білім беруді экономикалық жағынан жаңа тұрғыдан қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін жасау.
Білім беру саласын тұжырымдамалық
– бағдарламалық модернизациялау. (1993-1996)
Білім саласындағы қайта құрудың
жолдары мен бағыттары қабылданған
заңдылық негізінде нақтылана түсті.
Білім беру саласын басқару
мен қаржыландыруды орталықсыздандыру
(1996-1997) Бұл екі жылда білім мазмұнына
кезекті өзгерістер жасалды,
жүйені қаржыланды мен басқаруға
жаңалықтар енгізілді, жаңа
нормативтік, құқытық база қалыптасты.
Білім беру жүйесін дамытудың
стратегиялық бағдарын анықтау
кезеңі ( 1998-2000) Жалпы орта білім
жүйесін дамытудың негізгі басым
бағыттары анықталды, оның тұжырымдамалық,
заңдылық негіздері дайындалды,
білім беру жүйесін дүниежүзілік
білім кеңістігі мен интеграциялауға
қажетті жағжайлар жаласды. Жаңа буын оқулықтары
жарыққа шыға бастады.
Өзін-өзі бақылауға
арналған сұрақтар.
- Алғашқы мектептер қашан және
қай уақытта пайда болды? Оның пайда
болуына не себеп болды?
- Ежелгі Шығыс елдерінде алғашқы мұғалімдер кімдер болды? Оларды
қалай дайындады?
- Ежелгі Римде мұғалімнің әлеуметтік
статусы қандай болды?
- Мұғалімдерді жүйелі даярлауды
іске асыру алғаш қайда және қашан басталды?
- Қазақстан алғаш мұғалімдік
кадрлады даярлайтын оқу мекемесі
қашан және қай жерде ашылғанын атаңыз?
- Қандай айрықша функциямен
педагогикалық еңбек ерекше сипатталады
және қандай компоненттерден ол құралады?
- Қазіргі жағдайларды педагогикалық
кадрларды дайындауда қандай өзгерістер
болып жатыр?
Лекция №2. Педагогтың
кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы
Жоспар
1. Әрекет ұғымына жалпы
түсінік және оның түрлері.
2.Педагогикалық әрекеттің
мәні, құрылымы және түрлері
3. Педагогикалық әрекеттің
функциялары
4. Педагогтың жеке тұлғасы:
негізгі кәсіби маңызды қабілеттері.
1. Адам қоғам өмiрiнiң дамуына
байланысты үнемi қозғалыста, әрекетте
болады. Ол әлеуметтiк тұрғыдан
неғұрлым жоғары көтерiлген сайын
оның жеке тұлға ретiнде құндылығы
өсе түседi. Жеке тұлғаның негiзгi
белгiсi — оның белсендi, белгiлi бiр
мақсатты көздеген әрекетi болып
табылады. Бұл әрекет қоғамды
және сол адамның өзiн өзгертуге
және жақсартуға бағытталады. Адам
әрекетi әрдайым философтардың, психологтардың,
педагогтардың, тағы басқа жеке
тұлға қырларын зерттейтiн ғалымдардың
назарында болған. 70-шi жылдардың
басында философ-ғалымдар “әрекет”
деген ұғымды терең түсiну үшiн
теориялық тұрғыдан оның құрамды
бөлiктерiн және олардың арасындағы
байланысты қарастыру қажет деген
тұжырымға келдi. К.А.Әбішев , Ж.М.Абдильдин
, Б.Т.Григорьян , А.Н.Нысанбаев , М.В.Демин
әрекетті зерттеуде басты назарды
субъектінің танымдық үрдісіне,
оның белсенділігіне аударды. К.А.Әбішев
“Әрекет – адамның белсенді
субъект ретінде өзін-өзі туғызуы,
өзін-өзі жасауы, қалыптастыруы”
деп есептейді . М.С.Каган
, М.С.Кветной , И.С.Кон , Л.П.Буева , Е.А.Ануфриева
сияқты ғалымдар өздерiнiң еңбектерiнде
адам әрекетiн тек жүйелi түрде
қарастыру арқылы ғана көптеген
өзектi мәселелердi шешуге болады
деген қорытынды жасады. Кейбiр
авторлардың көзқарасын келтiре
кетсек, М.С.Каган ғылым алдында
адам әрекетi жүйесiнiң теориялық моделiн
жасау, яғни құрамындағы қай бөлiктерiнiң
оның пайда болуы, қалыптасуы және өмiр
сүруi үшiн қажеттiлiгi мен жеткiлiктiлiгiн
айқындау мiндетi тұрғанын жазды.
Философиялық сөздiкте әрекеттiң қырларын
аша отырып, философиялық және психологиялық
тұрғыдан сипатталған анықтама берiлген.
Философиялық мағынада “әрекет — қоршаған
ортамен қарым-қатынастың” адамдық тәсiлiн
бiлдiредi. Бұл үрдiс нәтижесiнде адам табиғатты
субъект ретiнде өзгертiп отырады, ал табиғи
құбылыстар оның әрекетiнiң объектiсiне
айналады .Сонымен, философиялық тұрғыдан
алғанда әрекеттiң негiзгi мәнi адамның
өзiн-өзi және қоршаған ортаны тануға бағытталғандығында
деп барып, оның қыр-сыры зерттелген. Осындай
зерттеулерден алынған нәтижелер әрекеттiң
психологиялық тұрғыдан қаралуына арқау
болғандығы мәлiм.
Алайда психологияда әрекеттiң адамның
жеке өз басындағы психологиялық функцияларын,
сонымен қоса оның қоршаған ортамен қарым-қатынасынан
туындайтын функцияларын зерттеумен шектелмеген.
Сондықтан психологияда әрекеттiң түрлерi,
қасиеттерi, өзгешелiктерi, заңдылықтары
зерттелген. Адам және оның болмысын зерттейтiн
ғылымдар негiзiнде диалектикалық- материалистiк
көзқарас жатыр. Психология ғылымы да
осы көзқарасқа сүйенедi. Әрекеттiң психологиялық
теориясының негiзiн салған ғалымдар
Б.Г.Ананьев , А.Н.Леонтьев , С.Л.Рубинштейн
, Л.С. Выготский болды. С.Л.Рубинштейн және
А.Н.Леонтьев әрекет ұғымына нысаналы
сипат бередi. “Әрекет өз мағынасында
нысаналылық тәжiрибенi бiлдiредi”,- дейдi
С.Л. Рубинштейн.
Психология ғылымында Л.С.Выготскийдiң
материалдандыру үрдiсi туралы iлiмi елеулi
жаңалық болды. Ол материалдандыру үрдiсiн
жоғары психологиялық функцияның сыртқы
әлеуметтiк бағыттан iшкi жеке орындалу
бағытына көшуi деп сипаттады. Л.С.Выготский
, П.Я.Гальперин , А.А.Люблинская, А.К.Маркова
және т.б. зерттеулерінен шығатын ортақ
тұжырым – тұлға тек әрекет үстінде қалыптасады:
тұлғаның барлық қасиеттері белсенді
әрекет барысында көрініп қана қоймайды,
сонымен қатар қалыптасады. Э.В.Ильенков
тұлғаның қалыптасу кезеңін анықтайды:
“Бала қоғамдық-адамдық әрекетті өзі
жасауға кіріскенде ғана субъект, тұлға
бола бастайды; алғашқы кезде үлкендер
көмегімен, содан соң өзі-ақ” .
Әрекет белгiлi бiр жүйе ретiнде өзiне тән
қасиеттерiмен, даму заңдылықтарымен
сипатталады. Г.И.Щукина әрекеттiң
қай түрiне болса да тиiстi мынадай қасиеттердi
көрсетедi:
а) мақсаттылық— адам әрекетiн жан-жануардың
өмiр жағдайына бейiмделуiне байланысты
реакцияларынан айырып тұрады;
ә) адам әрекетiнiң қоршаған ортаны өзгертуi.
Егер жануар қоршаған ортаға сай бейiмделетiн
болса, адам, керiсiнше, сол ортаны өзгертуге
күш жұмсайды;
б) әрекеттiң материалдық негiзiн бейнелейтiн
нысаналылығы, оның қоршаған ортамен байланысы,
белгiлi бiр нәрсеге бағытталуы;
в) адам әрекетiнiң түсiнiлiп, түйсiктелiп,
мағыналы орындалуы Адам әрекетiнiң өзгешелiгiн
бұл қасиеттер жеке-жеке түрде емес, өзара
байланыста ғана анықтайды. Осы тұрғыдан
алғанда әрекеттiң қалыптасу, даму заңдылықтарының
мәнi зор. Айталық, В.В.Давыдов әрекеттiң
келесi ортақ заңдылықтарын көрсетедi:
а) әрекеттiң әрбiр түрiнiң пайда болу,
қалыптасу және даму үрдiстерi болады;
ә) әрекеттiң құрылымдық бөлшектерi бiр-бiрiне
айнала отырып, өздерiнiң қызметтерiн өзгертуi
мүмкiн;
б) әрекеттiң түрлерi бiр-бiрiмен тығыз
байланысты;
в) әрекет әуелi қарым-қатынас және тәжiрибе
алмасу нәтижесiнде адамдар арасында пайда
болады да, соның негiзiнде жеке адамның
әрекетi қалыптасады;
г) балалықтың әрбiр кезеңiне өзiнiң жетекшi
әрекетi сәйкес келедi, ол баланың жасына
байланысты болатын негiзгi өзгерiстерге
тiкелей қатысты .
Мұғалім еңбегі бұл
әр алуан әрекеттердің жиынтығы.
Әрекет сөзінің мағынасына тоқталсақ
ол даму, өзгерудің тәсілі
ретінде тарихи формада көрініс
береді. ғалым А: Н Леонтьевтің айтуынша
адам әрекеттері мынандай структуралық
бөліктерден тұрады: Мұқтаждық түрткі,
мақсат, міндет, әрекет, операция.
С.Рубейнштейн, Б.Теплов және
т.б ғалымдардың зерттеулері әрекетте
адамның психикалық процестері дамып,
ақыл - ой, эмоцианалдық, ерік - жігер сферасы,
қабілеттері мен мінезі қалыптасады.
Ал педагогикалық әрекет мақсатты
түрде өтеді, себебі мұғалім өзіне өзіне
міндетті түрде мақсат қояды. Кең мағыналы
педагогикалық әрекет ол адамдар өмір
бойы жинаған тәжірибені, мәдениетті
ұрпақтан - ұрпаққа тарату, адамды қоғамда
белгілі бір әлеуметтік рөл атқаруға дайындау
және оның дамып, жетілуіне қолайлы
жағдай жасау.
2. Педагогикалық іс-әрекет
– аға ұрпақтың жас ұрпаққа
адамзат жинақтаған мәдениет
пен тәжірибені беруіне бағытталған,
олардың тұлғалық дамуына жағдай
жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік
рольдерді орындауға дайындайтын
әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше
түрі.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет
қоғам арнайы ұйымдастырған мекемелерде
жүзеге асады:
Кәсіби техникалық оқу орындарында;
Қосымша білім беру мекемелерінде;
Біліктілікті арттыру және
қайта даярлау мекемелерінде
Педагогикалық іс-әрекеттің
мәні.
Педагогикалық іс-әрекеттің
өнімділік деңгейлері (Н.В.Кузьмина бойынша):
1-деңгей – продуктивті
емес – педагог өз білгенін
өзгелерге айтып бере алады;
2-деңгей – аз продуктивті
– бейімделуші, педагог өз хабарламасын
аудитория ерекшелігіне бейімдей
алады;
3-деңгей - орташа продуктивті
– педагог оқушыларды курстың
әр бөлімдері бойынша білімге,
дағдыларға, іскерліктерге үйрету
стратегияларына ие;
Педагогикалық іс-әрекеттің
өнімділік деңгейлері:
4-деңгей – продуктивті
– жалпы пән бойынша оқушылардың
білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі
қалыптастыру іскерліктерін меңгерген;
5-деңгей – жоғары продуктивті
– педагог оқушы тұлғасын қалыптастыру,
оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі
дамыту қажеттіліктерін құралдарын
меңгерген.
Педагогикалық іс-әрекет дамудың
шарты мен негізі ретінде оқушылардың
пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені
меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетінің
ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің
мәні – мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің
біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы
сипатқа ие болады.
(А.Н.Леонтьев)
Мұғалімнің атқаратын педагогикалық
әрекеттерін ғалымдар В.А. Мижериков
және М.Н.Ермоленко мынандай негізгі
екі түрге бөледі. Ол оқыту және
тәрбиелеу.