Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 21:37, лекция

Краткое описание

Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекция 2.docx

— 59.96 Кб (Скачать документ)

Оқыту -  бұл мектепте  оқушының  танымдық әрекетін  басқаруға  бағытталған  мұғалімнің  арнайы  әрекеті. Оқыту  педагогикалық процестің негізгі  компоненті.

 Педагогикалық процесте  оқытуды мұғалімнің  оқушылармен  тығыз байланыста  әрекет ету  процесі деп атайы. Бұл  әрекет  қандай формада өтсе де , онда  оқу процесінің белсенді түрде  қатысуын  талап етеді.. Оқыту  процесін дайындап  , жүзеге асыруда  мұғалім  келесі  әрекет  түрлерін  орындайды: бір жағынан оқушыларға  беретін мағлұматты саралап  жүйелесе,  екінші жағынан оқу жұмысының  әдісін және білім  берудің  жүесін ұтымды ұйымдастырады..

 Ғалым И.П. Пидкасистыйдің  айтуынша  оқыту әрекетінің пәні  ол оқушының  оқу танымдық  ұйымдастыра білу, ал ол  өз  кезегінде мұғалімдер жағынан  педагогикалық  басқару  мынандай  компоненттерден тұрады:

- оқыту үрдісінің әр  түрлі  формаларын ұйымдастыруда  өзінің және оқушылардың әрекетін  жоспарлау;

- Оқушының білімді қабылдау  және оны  тәжірибеде қолдану  тәсілдерін  меңгере алу белсенділігін  ынталандыру;

- Оқушылардың  тапсырмаларды  сапалы орындауын қадағалау;

- Оқу  нәтижелерін  саралау,  болашақ  нәтижелерді болжау;

Мұғалім  әрекетінің  келесі түрі - тәрбие жұмысы. Ол оқушының  дұрыс дамуына жағдай жасайтын әртүрлі  әрекет түрлерін  басқару, тәрбиелік ортаны қалыптастыруға бағытталған әрекет түрі.

 Оқыту және  тәрбиелеу  бір процестің екі жағы.  Олар  бір - бірінсіз жүрмейді. Оқытуда  тәрбиелік әсер етпей болмайды. Керісінше тәрбиелеуде  міндетті  түрде  оқыту элементтері қолданылады. алайда, олардың  айырмашылықтары  да бар  екендігін ескерген  жөн.  Оларды атап өтсек: оқытудың  уақыты бар  және ол шектеулі,  ал тәрбие үздіксіз  жүретін  процесс. Оқыту  тәрбиелеуге  қарағанда  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру  жағынан оңай  процесс.

Бұнымен қоса   ғалымдар  В.В.  Краевскийдің, Н.Я. Лернер және  М:Н: Скаткин білім мазмұнының   білім және білікпен  қоса  шығармашылық  әрекет және  қоршаған  ортаға   эмоционалды  қатынас  тәжірибесі компоненттерін  қосады. Бұл компоненттер  тәрбие  мен оқытудың  бірлігінсіз  жүзеге аспайды.  Көрнекті  неміс  педагогы  А.Дистервег  тұтас   педагогикалық  процесті "тәрбиелік  оқыту" және "оқытудағы тәрбиелік"  бірлік  ретінде  түсіндіреді.  Бұл аталған әрекет  түрлерін  қоса  ғалымдар  мұғалімнің  осылармен қатар  атқаратын  әрекет түрлерін  көрсеткен. Олар :

1 Мұғалімнің өзін - өзі  оқыту  және  тәрбиелеу  әрекеті;

2 Басқарушылық  оқу  мекемелерін  бсақару;

3 Ұйымдастырушылық - оқушылардың  мектепте  және  мектептен тыс  тәрбие  шараларын  ұйымдастыру;

4  Әдістемелік  жаңа  пелагогикалық   тәжірибелері,  ғылыми  жетістіктерді  меңгеру;

5 Мектепте   және  мектептен  тыс  үйірме  жүмыстарына қатысу;

6 Ғылыми  зерттеушілік

Қорыта  келгенде,  педагогикалық  әрекет  мұғалім  оқушының танымдық  қызығушылығын  дамыта  алса,  сабақта  шығармашылық  жағдай  ұйымдастыра  алса, басты екі педагогикалық  әрекетті   дұрыс  ұштастыра   алса  ғана  жемісті  болады.

Педагогикалық  әрекеттің  негізгі  компоненті  оның  түрткілері.  Л.И.  Божовичтің  айтуынша. түрткі  ретінде  сыртқы орта  заттары,  ойлар,  сезімдер  бол  алады. Н.И. Конюховтың  анықтамасы  бойынша  түрткі -  тұлғаның  әрекетін  анықтайтын  тұрақты  себеп,  талаптардың  жиынтығы.  Ол  тәрбие  процесінде  қалыптасады. Түрткілердің  құрылымдық  компоненттеріне  көңіл  аударсақ,  ғалым  Б.И.  Додонов  оның  4 түрін  көрсеткен:

1 - әрекеттің  өзінен  қанағат  алу;

2- тұлғаға  әрекет  нәтижесінің  мәнді болуы;

3- әрекет  үшін  марапаттау "түрткісінің "басым  болуы;

4-  тұлғаға  қысым  көрсету;

Мотивтердің  жалпы   аспектісін  айтқанда, Л.Маслоудың  "мұқтаждық үшбұрышын"  айтпай  кетуге  болмайды. Онда  бір  жағынан  адамның  әлеуметтік,  интерактиктік  тәуелділігі көрінсе; екінші  жағынан  оның  танымдық өзін -өзі  жетілдіруіне  байланысты  өзіндік  табиғаты   көрінеді.  Ал  педагогикалық  түрткі  бір  жағынан  педагогикалық  әрекеттің  себептерінің  әрекеті:  екінші  жағынан мұғалімнің құндылық бағыт - бағдарын  білдіретін  себептер  жиынтағы. Педагогикалық  әрекеттің  мотивтері  ішкі  және  сыртқы  деп   бөлуге  болады. Сыртқы   түрткілерге  жатады:

1 . Белгілі  бір білім  мекемесінде  жұмыста  беделді  болу;

2.  Жеке  және  кәсіби   өсуге мүмкіндік ,  жалақының  жақсы  болуы;

3. Өзін -өзі  жетілдіруде  мүмкіндік;

 Ішкі  түрткілерге  өзінің  әрекетін  үрдіске  және  оның  нәтижелеріне  бағыттау.

Педагогикалық әрекеттің құрылымы мен мәні педагога ғылымы мен педагогикалық тәжірибенің ең көкейкесті мәселесі болып табылады. Педагогикалық әрекеттің басты идеясы – оқыту мен тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтарың, мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы мен өзара байланыстылығы.

Тұтас  педагогикалық әрекеттің өзіне тән компоненттері бар. Олар: оқыту  мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны , формалары мен әдістері, нәтижесі. Бұл компоненттер бір – бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық үрдіс сонда ғана керекті нәтиже береді. Педагогикалық әрекеттің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күштеріне де байланысты. Қозғаушы күш дегеніміз – қойылатын талаптар мен оларды орындауға  оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму үрдісінің көзіне айналады.

Педагогикада педагогикалық әрекет құрылымын зерттегенде жүйелі түрде қарастыру бағытының әр түрлі нұсқаулары бар. Мысалы: Н.В.Кузьмина педагогикалық жүйенің құрылымы бес бөліктен тұрады дейді, олар:

  1. педагогикалық әсер ететін субъект;

  1. педагогикалық субъект әсер ететін объект;

  1. субъект пен объектінің бірлескен әрекетінің нәтижесі;

  1. оқытудың мақсаты;

  1. педагогикалық коммуникациялық әдістері;

Педагогикалық әрекет /В.И.Пенедианский/ 4 функциялық құрамнан тұрады. Олар:

Презентациялық әдіс – оқушылар оқу  материалының мазмұнын өзі айтып береді;

Интенсивтік / қарқынды/ әдіс -  ақпараттары меңгергенде оқушылардың қызығушылығын тудыру, ол үшін оқушыларға  сұрақтар қойылып, қайтарылған жауаптарға баға беріледі;

Түзету әдісі – оқушылардың қателерін түзеп, нәтижелерді салыстыру;

Диагностикалық әдіс – түзету әдісіне қарама – қарсы, яғни қателерді түзеу және нәтижелерді салыстырып, қорытындылау оқушыларға жүктеледі.

3.  Мұғалімнің  педагогикалық  әрекеті  нақты  жағдайда әртүрлі  міндеттерді  атқару  негізінде  жүзеге асады.  өзінің  шеберлігін  шыңдап,  кәсіби  жетілуі  үшін  мұғалім  педагогикалық  әрекеттің  қүрылымы  мен  міндеттерін  білуі  тиіс. Ғалымдар Н.В.Кузьмин, В.А.Сластенин, А.И. Щербакова  оқу -  тәрбие  процесінің  төмендегідей  міндеттерін  көрсетеді: 

1. Педагогикалық  әрекеттің  диагностикалық  функциясы. 

Ол  оқушыны  танып,  оның даму, тәрбиелік  деңгейін  анықтаумен  тығыз байланысты.  Оқу - тәрбие  процесін  оқушының  психологиялық  дамуының   ерекшеліктерін,  ақыл-ой,  адамгершілік  тәрбиелігінің  деңгейін,  оқушының  қызығушылықтарын,  мектептен  тыс  әрекет  түрлерін  біліп,  байқампаз  болуы  қажет.

2.  Педагогикалық  әрекеттің  бағдарлаушы - болжаушы  функциясы.

Ол мұғалімнің  тәрбие  бағытын,  әр түрлі  деңгейінің  нақты  мақсат,  міндеттерін  анықтап,  оның  нәтижесін  болжай  алу  біліктілігінен  көрінеді.  Бұл  функция  оқу - тәрбие  процесінің  мақсатын,  әдісін,  формаларын  жетілдіруге  мүмкіндік  береді.

3.  Педагогикалық  әрекеттің  құрылымдық - жоспарлық  функциясы.

Бұл  мұғалімнің  болжаушылық  функциясымен  тығыз  байланысты.  Мыс: егер,  мұғалім  оқушының  ұжымдық қатынастарын  нығайтуды  жоспарласа,  ол үшін  ең  алдымен  мұғалім тәрбиелік  жұмыстың мазмұнын  жоспарлауы  тиіс.  Бұл  әрекеттерді  іске асыру  үшін  мұғалім  психологияны,,  педагогиканы, ұжымды  ұйымдастыру  тәсілдерін,  формаларын  жетік  меңгеріп,  өзінің  шығармашылық  қиялын  дамытып  отыруы қажет. Осыған  сәйкес  бұл  функция  мыналарды  қамтамасыз етеді:

- Оқушы  меңгеретін  оқу  материалының  мазмұнын  ұйымдастыруды  және  іріктеуді.;

- Оқушының әрекетін  жоспарлауды;

- Оқушымен  әрекеттесу  үрдісінде  өзінің  әрекетін  жоспарлауды;

4. Педагогикалық  әрекеттің  ұйымдастырушылық  функциясы.

Ол  оқушыны  жоспарланған  тәрбиелік  жұмысқа  қатыстыра  алу, оны  ынталандыру  қабілеттерімен  тығыз  байланысты. Ол  үшін  мұғалім  оқушыларды  оқытып  тәрбиелеудің  нақты  міндеттерін  анықтап, бірігіп жұмыс  істеуді  жоспарлап,  оқушының  атқаратын  міндеттерін  дұрыс  бөліп,  әрекеттердің  жүргізілу  барысын  қадағалап отыруы  тиіс.

5. Педагогикалық  әрекеттің  ақпараттық - түсіндірмелік  функциясы.

Оның  маңыздылығы  барлық  оқу - тәрбие  үрдісі  ақпарат  процесіне   негізделгенімен  анықталады.  Білімді  меңгеру,  әлемге  деген  көзқарас,  адамгершілік - эстетикалық  ойларды  меңгеру  оқушыны  дамытып  қалыптастырудың негізгі  тәсілі. Бұл  жағдайда  мұғалім  оқу  - тәрбие  процесін  ұйымдастырушы  ғана  емес,  сонымен  қатар  ғылыми,  адамгершілік - эстетикалық  ақпараттарды  таратушы ретінде  көрінеді.

6.Педагогикалық  әрекеттің  коммуникативтік - ынталандырушылық  функциясы.

Ол  мұғалімнің  адамгершілік  мәдениеті,  өзіндік  тұлғасы,  қарым -қатынас  мәдениетінің   оқушыға  қалай  әсер  ететіндігінен көрінеді. Мұғалімнің  өзінің  белсенді  әрекетімен  оқушыны ынталандыра  ауынан  көрінеді. Бұл әрекетке  балаға  деген  сүйіспешілік,  махаббат,  қамқорлық  көрсету.

7. Педагогикалық  әрекеттің  бағалау - талдау   функциясы.

Педагогикалық  әрекетті  жүзеге  асырғанда  мұғалім оқыту  және  тәрбиелеуге талдау жасап,  оның  жақсы жақтарымен кемшіліктерін  анықтап,  нәтижені  қойған міндеттермен салыстырып  отыруы  тиіс.  Өкінішке орай көп  жағдайда,  мұғалімдердің бұл функциясы  дұрыс  жұзеге  аспайды.

 8.Педагогикалық  әрекеттің  шығармашылық - зерттеушілік  функциясы.

Бұл  функция  әрбір  парасатты,  терең  ойланатын  мұғалімнің  жұмысында  кездеседі. Өйткені,  мұғалімнің  педагогикалық  теорияны қолдану  үлкен  шығармашылықты талап етеді. бұл  әрекеттің  екінші  жағы  белгілі  теориядан тыс  тұрған  немесе оны    жетілдіретін  жаңа  ойларды  түсініп,  оны  дамытумен  тығыз  байланысты.

9. Педагогикалық  әрекеттің  гностикалық функциясы.

төменгілерді  зертеуді  қарастырады:

- Басқа  адамдарға  әсер  ететін  тәсілдер  және  олардың  мазмұны.

- Адамдардың  жас  және  жеке - психологиялық  ерекшеліктері;

- өз әрекетінің  ерекшеліктері  мен  нәтижесін,  жақсы  жақтары  мен  кемшіліктерін  білу;

4.Педагог дегеніміз –  мектепте немесе тағы басқа  оқу орнында оқу – тәрбие  жұмысын ұйымдастырушы және іске  асырушы. әділ төрешілер -  оқушылар, ата- аналар, қоғам  педагог келбетіне, моральдық тұлғасына өте жоғары  талаптар қояды. Педагогқа қойылатын  талаптар- педагогикалық әрекеттің  табыстылығын қамтамасыз ететін  кәсіби сапалар жиынтығы. Педагогикалық  әрекеттің жартысы рационалдық  технологияға негізделсе, екінші  жартысы өнер яғни, педагогикалық шеберлік. Сондықтан да, педагогқа қойылатын ең бірінші талап – арнайы педагогикалық талант  болуы керек, ол дегеніміз- балалармен жұмыс кезінде дұрыс тәрбие беріп, қарым – қатынас жүргізе алу қабілеті, балаларды жақсы көру.

Педагог шығармашылық тұлға. Оқушылардың білімге қызығушылығын, қажеттілігін оятып, оларды өзіне баурап, ізінен ерту тек ерік күші жоғары, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан білімді педагогтың ғана қолынан келеді. Педагог әрқашанда өз оқушыларына үлгі - өнеге болуы тиіс. Педагогтың төмендегідей тұлғалық қасиеттері мен кәсіби қабілеттері болу керек. Жеке тұлғалық қасиеттері дегеніміз -  тәртіптілік, жауапкершілік, еңбекқорлық, жұмыс қабілеті жоғары, әділеттілік, адамгершілік,  алға мақсат қою және оған жету өнері, әрқашан өзінің кәсіби біліктілігін және жұмыс сапасын жоғарылатуға дайындық.

Қабілет дегеніміз  жеке  адамнын  белгілі  іс  -  әрекеттің  нәтижесін танытатын психологиялық қасиеті.

Ф.Н.Гоноболинңің классификациясының негізінде Б.П.Зязюн мұғалім қабілеттерінін 8 түрін береді.

  • Дидактикалық қабілет - мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
  • Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих, т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.

  • Перцептивті қабілет - оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.

  • Экспрессивті қабілеті - өзінің  ойын,  сезімін,  білімін  сыртқы қабілеттер арқылы жеткізу. (тіл, мимика, пантомимимка, жест);

  • Ұйымдастырушылық қабілеті - балалар ұжымын біріктіре, басқара білуі;

  • Рецептивтiк Тәрбиеленушiлердiң рухани әлемiне ене алу, олардың эмоционалдық көңiл- күйiн объективтi бағалау, психика ерекшелiктерiн анықтау бiлiктерiнде көрiнiс бередi;
  • Коммуникативті қабілет - қарым -қатынас құра білудегі іскерлігі (әдеби сезімталдыгғы, мейірімділігі, адалдығы, тез тіл табыса алуы);
  • Конструктивті қабілет - оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту. (болжай білуі) Баланын болашақ қылығын болжай біліп, дұрыс шешім таба білу;

•Қолданбалы қабілет- мұғалім өз мамандығына қатынасыжоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетін-дігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы..жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс;

Информация о работе Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы орны