Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 18:53, курсовая работа
Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу – тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс - әрекеттің тәсілдері. Оқу әдістері оқушылардың танымдақ қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі.
I тарау
Оқытудың ғылыми негіздері.
I. 1. Оқытудың ғылыми негізіндегі әдіс – тәсілдері және олардың мазмұны.
I. 2. Оқытудың түрлері, формалары және принциптері.
II тарау
Дидактиканың қызыметтері
II. 1. Дидактиканың категориялары, ережелері және қызыметтері.
II. 2. Жоғары мектеп дидактикасының педагогикалық – ғылыми негіздері.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Оқыту мен тәрбие процесінде моральдық – психологиялық жағдайдыңда мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір – біріне тілектес, жанашырлық, қамкорлық және қиын жағдайларда өзара көмек іс - әрекетінің сапасын тиімді ықпал жасайды.
Сонымен, тұтас педагогикалық процестен кешенді ықпал жасау – бұл әр түрлі іс-әрекетін нақты жоспарлау, әр түрлі жұмыстарды (саяси-идеялық, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек) табиғи бірлікте жүзеге асыру.
II.1. Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, didaktikos – үйретуші, didaskalos – мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде және пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін қалаушы чех педагогы Ян Амос Каменский. Оның «Великая дидактика» кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып жүйесі баяндалған. Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог – ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.
Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.
Қоғамдық өмірдің барлық саласында оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптерімен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.
Дидактиканың негізгі категогриялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компаненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құарлдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірбиені зерттеп жинақтауға және оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады.
а) Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
ә) Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
б) Политехникалық білім беру, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.
в) Жалпы білім беру мазмұны ізгілендіру және гуманитарландыру.
Жалпы және кәсіптік білім берудің иақсаты – жастарды жан – жақты дамытып, өмірге, еңбек іс - әректіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламаларымен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдар, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу пәні бойынша сабақ беру денгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, онда ғалым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамассыз етілсін» - деп мектеп реформасында жазылған.
II.2. Бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясында ыңғайлы қажеттілігі туды. Жалпы оқытудың технологиясы дегеніміз – оқытушының іс-қимыл үрдісінің қисындық – тәжірибелік қажетілігін нәтижеге бағдарлау, оны үнемі ширату. Олай болса, оқыту үрдісіндегі жеке тұлғаның білім меңгеруі деңгейліктерден деңгейліктерге көтерілу үшін оқулықтарда берілген нысаналар тек мемлекеттік қалыптың қайталаным мәресінде қалмай, дәстүрлі ұғымда II, III деңгейліктерге ыңғайлы болуы үшін өлшімдіктер мен тапсырмалар берілуі бүгінгі зәрулікті туғызады. Себебі оқулықтарда тек I деңгейге шақталған тапсырмалар (оқулық, хрестоматия, бағдарлама). Сол себепті зерттеу еңбегіміздің мақсатын қайталанып деңгей мен эвристикалы деңгейдің өлшемділікері мен тапсырмаларын айқындап, ара жігін ажырату деп аламыз. Қайталаным – оқулық пен хрестоматияда берілген хронаметрлік нысаналар мен хрестоматиядағы мәтіндердің хронотобы (құбылыстар мен оқиғалардың көлемін еске сақтау). Мұның өзі студенттің өзіндік әрекетін сақтап, хрестоматия мен оқулықтан тыс мағұлматтар мен сыни еңбектер және теориялық ұғымдарды бернелеулеріне шектеушілік туғызады. Ал, одан тыс материалдар меңгеруге ұмтылдыру нысанындағы ұсақ детельдарды тұтастықта іліп – іліп, оларды шығарманың құрылым – жүйесіне қарай түйістендіре білу шеберлігіне шындайтын эвристикалық тапсырмалар мен өлшемдіктер пішінге салу арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда берілген мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттерді назарда ұстаймыз:
Міне, осы мәселенің өзектілігін айқындау үшін студенттердің білімін сараптадық, олар әдістемелік құралдар мен зерттеу еңбектеріне шолу жасады.
А) Түсіндірмелі суретті оқыту жүйесіне тоқталып өтелік. Бұл оқыту жүйесінің мақсаты – тәжірбиеде алған білімдерін қолдана білуге ынталандыру. Оқытушы көрнекі құралдардың көмегімен оқу материалын студенттің санасына жекізуді көздейді. Тәжірбиешілік жұмыс жүргізу үдісінде оқытушы студенттің қайталаным деңгейін ұйымдастырады.
ә) Дамытпалы оқыту. Аталған әдістің негізгі атқаратын рөлі – студенттің өздігінен ойлау әрекетін дамыту негізінде білімді меңгерту. Білімнің ішіндегі ақиқатты іздеу, өмірдегі күнделікті тіршіліктің ыңғайына кетпейтін тәуелсіздікті ұстану сияқты бағыттарды көздейді. Мұндай оқытудың негізі – студенттердің өністі ойлау қызыметі – «дамудың жақын ауданын» жүзеге асырады. Жаңадан білім алу үрдісінде «дамудың жақын алаңы» адамның жан дүниесін алға ұмтылдырады.
Оқытушы студент ізденісінің үрдісін ұйымдастырушы сапасында қызымет етеді. Мұндай әрекеттестік оқу еңбегінің тек қайталаным деңгейінде тұйықталып қалмауын жүзеге асырады. Бұл әдіс әр студенттің қабылдау белсенділігін арттырып, қиялын, ойлау әрекетінің әр түрлі іс – қимылын түйсіндіреді.
б) Проблемалық оқыту. Проблемалап оқыту жүйесін жүзеге асырудың негізі кімнің қатысты дамыды? Бұл сұраққа С. Л. Рубинштейннің ғылыми тұжырымы мен дәйекті пайымдарына үндесе отырып дамыды деген жауапты ұсынамыз. Психолог – ғалым адамның жеке санасының қабілетін дамыту тек өзіне тән (мамандығына, не жеке мақсатына) өзекті мәселесін шешудегі танымын дамыта аларлық бағдарламанымеңгеруіне орай заңдылықтар мен принциптердің қажеттілігін жіктеп берген. Оның басты тірегі – субстанциясы – проблемалы ситуациянысол өзінің өзекті мәселесінетиесілі үрдістерге жобалануындағы іскерлігін дамыту. Субъект өзіне қиындық туғызатын міндеттерді ұтымды шешуге ниеттенеді. Бірақ, оған қатысты керек мәліметтер мен фактілер, тұжырымдар жетіспейді.
Мұндай жағдай әр субъектінің психологиялық мүмкіндігін ашады. Ғылыми, біліми берілген тапсырмаларды орындау үрдісіндегі қайшылықтарды жіктеп, оны шешу үшін жаңа білімді пернелеу мен қызыметтік әрекеттерін нәтижеге бағдарлау мәністері өзіне өзінің көңілінің тоқмейлісіп, өнімді еңбегінайқын көруіне мүмкіндіктер, қолайлы сәттер орнығады. Сөйтіп субъекті ішкі мүмкіндіктерін сапалы танымдық пайым жинауғатолық пайдалана алатын дәрежеге жетеді.
Оқытудың бұл әдісі әр студенттің, не оқушының өздігінен дербес жұмысқа халінің келу, келмеуін сараптан өткізіп береді. Проблеманы жоқ жерден жасанды іздегенмен, проблемалап оқыту әдісі шықпайды. Сол себепті белгілі бір көлемді аумақтағы субъектінің жиған жоғары мақсаттағы тбағытына тікелей бағынышты екендігін естен шығармауы көзделеді. Айқындап айтсақ, қайшылықты мәселе белгілі бір ғылыми бағытқа қатысты туады, міне, сол қайшылықты шешудің өзектілігін табудың әдісін дұрыс таңдап алу үшін субъектіде жиылған сол саладан алған білімі болуы қажет.
в) Программалық оқыту.Бұл әдісті қазақшалап алсақ, бағдарламалап оқытудың әдісі демекпіз. Мұның негізінде кибернетика немесе оқылатын жүйені құбылту мақсатында құру. Аталған әдістің басқа әдістен ерекшелігі – оқытушы тарапынан бұйрық беру сипатында, ал техника жүйесінде компьютерде берілген бағдарламаны шешу.
Бұйрыққа қатысты орындалған тапсырманың шешімін сипаттау ісі негізгі әрекет. Оқу бағдарламасынан студент өзіне қажетті білім алады, мағұлмат жияды. Өзін - өзі бағалауға үйретеді. Бұл жүйенің кемшілігі – шектен тыс студенттің оқу қызыметіне апеллияцияның болуы.
г) Модульдік оқыту. Бұл әдісте оқытушы оқу мағұлматымен, нысанасымен жұмыс жүргізеді. Мұның өзі тарау – тараумен берілген материал болады. Әрбір тарудың негізгі желідегі басты ой – түиіні қорытынды сипатында келеді және дербес жұмыс жүргізуге лайықталған, ыңғайлаған дәрежеде тізбеленеді.
Жалпы мұндай тараумен беренлеген нысаналар тұтастық қалыпқа түйістендірілген бейнеде болады. Оқу үрдісінде тақырыптың мұратын ашу үшін немесе барлық оқу қызыметінің әрекетін айқындау үшін немесе барлық оқу қызыметінің әрекетін анықтау үшін қолданылады. Мәселен, мақсаттылық деңгейге құрылған тараулар жаңа білім нысандары жайлы түсініктер береді. Оның өзі болып жатқан құбылыстармен байланыстылық заңына сүйене сипатталады.
Екінші, мәліметке құрылған тараулар, бөлімдерге, бөлімдерге жіктелген ең қажетті деген мағұлматтардың жиының жүйесі. Бұлар: бөлімдер, парагрфтар, комьютер бағдарламасы.
Үшіншісі, операциялы тараулар. Бұл тараудың басты ерекшелігі – тәжірбиешілік тапсырмаларды орындауға арнайы құрылуы. Негізінде аталған модульоқушылардың, не студенттің теориялық біліміне орай жаттығу, тәжірбиешілік ыңғайына бейімделіп келеді.
Ең соңғы модуль оқушылардың, не студенттердің жиған білімдерін тексеру үшін (емтихан, сынақ, тест, шығармашылық қабілетті тексеру) құрылған сауалнамалар жүйесінде беріледі.
Модульдік оқыту әр субъектінің өзін - өзі дамыта аларлық дербес жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру бағытына қозғаушы күш. Мұның өзі жас ерекшелігіне сай ыңғайлап, межесі қабылдау іскерліктеріне лайықтанып құрылады.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Бүгінгі таңда БҰТ (Бріңғай ұлттық тест), он екі жылдық білім беру, кредиттік жүйе бойынша оқыту сынды, білімнің жоғары және орта буынына өзгерістер еніп жатқан кезеңде, тәуелсіз еліміздің педагогикасы үшін талай ғасыр, талай жыл педагогика саласының құрамдас бөлігі болып табылатын дидактиканың орны ерекше.
Курстық жұмыста оқытудың түрлері түсіндірмелі – иллюстративті, проблемалы оқыту, бағдаламалап оқытудың түрлері қарастырылды. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері деген бөлімде, аталған проблемалардың ғылымның өзге салаларымен, қоғамның, күнделікті өмір мәселелерімен байланысты қарастырылды. Оның ішінде қоғамның мұқтаждығы, білім беру мен дамудың өзара байланыс заңдылықтары ескеріледі.
Екінші бөлімде оқыту әдіс – тәсілдері, құралдары қарастырылды. Оқытудың әдістерінің жіктелу проблемасы, әдістерді таңдау және қолайлы етіп пайдалану мәселелерінде, қазіргі педагогтар алдында туындайтын негізгі проблемалар ескерілді. Оның ішінде осы сала бойынша айналысып жүрген тәжірбиелі және жас зерттеушілердің тұжырымдамалары қолданылды.
Дін, өнер, әдебиет т. б. сияқты мәдениет салаларының заман талабына сай өзгеретіні секілді, педагогика ғылымы да өзгертуді, толықтыруды керегінше қажет етеді. Осы курстық жұмыста осы мәселені мақсат еткені белгілі.
Қорыта келе, жоғары оқу орнында оқытудың мән - мағынасын жетілдіру, «Қазақстан - 2030» бағдарламасын жүзеге асыруды қатысатын және өз білімін үздіксіз толықтырып отыратын, өмірге белсенді көзқараста болатын түлектер шығуына мүмкіндіктер жасайды.
Жоғары оқу орындарында оқытудың мән – мағынасын жетілідірудің, негіздері міне осындай.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Информация о работе Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері