Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 18:53, курсовая работа

Краткое описание

Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу – тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс - әрекеттің тәсілдері. Оқу әдістері оқушылардың танымдақ қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Содержание

Курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі.
I тарау
Оқытудың ғылыми негіздері.
I. 1. Оқытудың ғылыми негізіндегі әдіс – тәсілдері және олардың мазмұны.
I. 2. Оқытудың түрлері, формалары және принциптері.
II тарау
Дидактиканың қызыметтері
II. 1. Дидактиканың категориялары, ережелері және қызыметтері.
II. 2. Жоғары мектеп дидактикасының педагогикалық – ғылыми негіздері.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дидактика курс.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті.

 

             Педагогика және Психология 

                              кафедрасы.

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері.

 

 

 

 

 

                   Орындаған: ПжП-13 тобыныңстуденті

Майданова Т.К.

                    .

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

 

 

Қарағанды – 2013 ж

 

ЖОСПАР

Кіріспе.

        Курстық жұмыстың  өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі.

I тарау

Оқытудың ғылыми негіздері.

I. 1. Оқытудың ғылыми негізіндегі  әдіс – тәсілдері және олардың  мазмұны.

I. 2. Оқытудың түрлері, формалары және принциптері.

II тарау

Дидактиканың қызыметтері

II. 1. Дидактиканың категориялары, ережелері және қызыметтері.

II. 2. Жоғары мектеп дидактикасының педагогикалық – ғылыми негіздері.

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу – тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс - әрекеттің тәсілдері. Оқу әдістері оқушылардың танымдақ қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Оқушыларды жан – жақты тәрбиелеу олардың танымдық қабілеттерін дамыту, ойын жетілдік кез – келген, ата – ананың, педагогтың басты арманы. Олай болса, оқыту әдістерін зерттеп, басшылыққа алу ең дұрыс және тиімді тәсілдердің бірі.

Курстық жұмыстаң мақсаты. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процессін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділігін педагогикалық ынтымақтастығына байланысты екенін ашып көрсету.

Зерттеу тақырыбының объектісі. Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызыметі, мұғаліммен оқушының  байланысы, арақатынасы. 

Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтері мұғалімдер арасында әлі де біріңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің қырық проценті әдіс, әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіріледі. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы мұғалімдердің педагогикалық ғылымының соңғы жетістіктерімен таныс емес екендігі байқалады. Сондықтан Мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылуы қажет.

 

 

 

 

I.1. Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір – біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекшелігі бар сөздер.

    Құрал дидактикада  дербес терминалогиялық мәні  бар сөз. Мысалы: дидактикада қолданылатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар инцеклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсіндіріледі.

Педагогикалық инцеклопедия «Оқыту әдістері» - мұғалім мен оқушыларжұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды - деп жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу – тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс - әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы филасофиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс - әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.

Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуынамүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысыоқушылардың танымдық іс - әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бір сыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс - әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамассыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілетінің дамуының негізі болады.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің санаулы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығана байланысты.

«Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір – бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компаненті, құрамды бөлімдер). Мысалы: жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т. б.

«Әдіс» пен «тәсілдің» шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қйын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады.

Мысалы:

  1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.
  2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттер мен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.
  3. Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады. 
  4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде қолданылады.

Әдіс пен тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәнді оқытуды қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық әдіс, арифметикада бүтін сандар әдісі, химияда және физикада лабораториялық, практикалық жұмыстар қолданылады.

 Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтері мұғалімдер арасында әлі де біріңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің қырық проценті әдіс, әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіріледі. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы мұғалімдердің педагогикалық ғылымының соңғы жетістіктерімен таныс емес екендігі байқалады. Сондықтан Мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылуы қажет.

Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар.

XX – ші ғасырдың жиырмасыншы жылдарында белгілі педагог – ғалымдар     Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский, М. М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эврестикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.

Отызыншы жылдары М. М. Пистрак, П. Н. Шимбирев, И. Т. Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу,көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмас, лабораториялық жұмыс жатады.

Елуінші жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д. О. Лордкипанидза оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алады. Лоркипанидзе оқыту әдістерін, үшке бөледі: сөздік әдістер; кітаппен жұмыс істеу әдістері; оқыту – практикалық сабақтар әдістері.

Елуінші жылдардың аяғы, алпысыншы жылдардың басында орыс ғалымдары Е. Я. Голанд, С. Г. Шопавленко, Н. М. Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөледі:

  1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.

Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әдетте, әңгімелеу, бастауыш сыныптарда он- он бес, ал жоғарғы сыныптарда жиырма – жиырма бес минутқа созылады. Әңгімелеу әдісі көбнесе тіл, әдебиет, тарих, география сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығы мен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.

Әңгіме әдісі. Сабақта сұрақ – жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан мұғалім алдын- ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып баойынша логикалық бірізділікпен анықтауды қамтамассыз етеді. Әңгімені осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.

Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғамдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрағына жауап береді, байымдамайды, дәлелдеуге тырысады.

Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс - әрекетін басқарудың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білсе, онда оқушылар жаңа материалды қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды. Мұғалімнің басты міндеті оқушылардың танымдық, іс - әректінің ішкі процесін сезу, күдікті және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға көмектесу.

Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында оқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейінқорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге талас және жалған теориялар жөнінде нанымдатүсініктер беріледі. Оқушылар баяндалған материалдың мазмұнын, маңызды дәлелдемені, нақты мысалдарды, ғылыми анықтаманы, негізгі қорытындыларды жазып алады.

Лекция сабақтың отыз минут уақытын алады. Қалған уақытта оқушылар тақырыпқа сәйкес мұғалімнің көмегімен өз батінше түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды. Ең соңында мұғалім сабақты қорытындылайды.

Кітаппен жұмыс. Оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі – оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегін оқушылар сабақта немесе үйде түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды, алған білімдерін толықтырады. Айта кету керек, бұған бірнеше жыл бұрын баспадан шыққан оқулықтарда ғылым мен техниканы соңғы жетістіктеріне байланысты кейбір тың мәліметтер болмайды.Сондықтан оқушылар мұғалімнің көрсетуімен білімдерін толықтыру үшін жаңа ғылыми мәліметтерді басқа баспа құралдарын іздестіру қажет. Олар: түптеректер материалдары, ғылыми кітаптар мен журналдар, энциклопедиялар, жинақтар, анықтамалар, т.б.

Оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге қалай үйрету керек? Оқушы сыныпта алған тапсырманы қарап, еске түсіреді, оны орындау үшін кітаптағы материалды:

А) өзінің ақыл-ойын жұмылдырып, көңіл қойып, ықыласпен оқиды;

ә) негізгі материалды ұғу үшін кітаптаға тексті тез қарап шығады, яғни оны алғаш рет алдын-ала оқиды, ойға салады;

б) соңғы рет кітап текстісін тиянақты оқиды, талдау жасайды, басты мәселелерді бөледі, маңызды ережелерді жазып алады (кітапты конспектілейді). 

  1. Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.

Демонстрация әдісі тәжірбиелерді, приборларды, препораттарды табиғи объектілерді, кинофильмдері т.б. демонстрациялауға байланысты. Мысалы, сабақта кинофильмді пайдалану үшін оны алдын – ала қарап қандай мәселелерді фрагменттерге бөліп, оқушыларға түсіндіруді анықтау қажет. Сабақ соңында фильм бойынша қорытынды әңгіме жасалады. Демонстрация әдісі әсіресе физика, химия, биология сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектерді демонстрциялау үшін қолданылады.

Иллюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды (плакаттар, карталар, суреттер, портреттер, кортаграммалар)   көрсетуге болады.Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен бақылау жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысы сынып бөлмелерінде химия, биология пәндерінен мектептің оқу тәжірбие учаскесінде еңбек, ботаника пәндерінде берілген тапсырмалар бойынша жүргізіледі. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады.

3) Практикалық әдістер  тобы: лабараториялық, практикалық, графикалық  жұмыстар, әр түрлі жаттығу.

Лабораториялық жұмыстар. Бұл әдістер мектеп жағдайында пайдаланып, арнайы құралдармен (микраскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық құралдар т.б.) жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығамен оқушылар табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді. Мұндай зерттеу жұмысы оқушылардың физика, химия және биология пәндерінен қабылдайтын білімін терең және берік талап етеді.

Лабораториялық сабақтарда тақырып бойынша жаңа оқу материалдарын ұғыну үшін мынадай тәсілдер ескеріледі:

А) лабораториялық сабақ тақырыбы және сабақтың міндетін анықтау; ә) сабақты өткізу тәртібін түсіндіру; б) сабақтың нәтижесін жинақтап қортындалау; в) сабақтың нәтижесін талдау.

Лабораториялық жұмыстардың түрлері:

Бақылау, тәжірбиелер, эксперименттік есептер шығару, өлшеу жұмыстары. Мысалы, VIII сыныпта «Электр құбылысы» тақырыбы бойынша физика сабағын өткенде мұғалім оқушыларды электр өлшеуіш, электр қыздырғыш құралдармен, амперметр, вольтметржәне аккумулятормен таныстырады. Бұл құралдарды слесарь – электрик, электрометр, электрмен пісіруші, электромантажшы мамандықтарындақалай қолданудың тәсілдерін түсіндіреді. Осыдан кейін оқушылар тақырыпқа сәйкесмұғалімнің практикалық тапсырмасын орындайды.

Информация о работе Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері