Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 18:53, курсовая работа

Краткое описание

Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу – тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс - әрекеттің тәсілдері. Оқу әдістері оқушылардың танымдақ қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Содержание

Курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі.
I тарау
Оқытудың ғылыми негіздері.
I. 1. Оқытудың ғылыми негізіндегі әдіс – тәсілдері және олардың мазмұны.
I. 2. Оқытудың түрлері, формалары және принциптері.
II тарау
Дидактиканың қызыметтері
II. 1. Дидактиканың категориялары, ережелері және қызыметтері.
II. 2. Жоғары мектеп дидактикасының педагогикалық – ғылыми негіздері.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дидактика курс.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық жұмыс оқушылардың таным қабілетін, ой-өрісін дамытады, олар түрлі приборлар және жабдықтармен жұмыс істей білуге үйренеді, ғылыми эксперименттерімен элементтерімен танысады. Лабораториялық жұмыс оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, еңбек мәдениетіне тәрбиелейді.

            Практикалық жұмыстар. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс - әрекеттерінде қолданылады. Практикалық сабақтар мектеп шеберханаларында, өндірістік бригадаларында, оқу - өндірістік бригадаларында, оқу - өндірістік комбинаттарында өткізіледі.

    Оқу – тәжірбие учаскесінде  оқушылар өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізеді, одан алынған мәліметтерді күнделікке жазып отырады. Тәжірбие жұмысы аяқталғаннан кейін күнделікті ботаника сабақтарын пайдаланады.

Оқушылар практикалық сабақтарды оқыту машиналары ЭВМ, компьютер арқылы түрлі тапсырмалар орындайды. Практикалық жұмыстар оқушыларды өнімді еңбекке баулу үшін политехникалық біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруланады.

Графикалық жұмыстар. Оқушылар графикалық беинелеу техникасымен сурет, сызу сабақтарында танысады. Мектепте әр түрлі графикалық жұмыстар қолданылады.

Графикалық жұмыстар оқушыларды шыдамдылыққа, дәлдікке, материалды графика арқылы бейнелеуге үйретеді. Олардың шығармашылық қиялын, ойлау қабілетін дамытады.

Жаттығулар. Оқушылардың іскерлік қабілеті, дағдысы жаттығу жұмыстарының процесінде қалыптасады. Жаттығулардың түрлері: ауызша жаттығулар (ауызша есептер шығару, көбейту кестесін есте сақтау, пәндер бойынша ғылыми анықтамаларды еске түсіру), жазбаша жаттығулар (тіл, математика, химия, физика, сызу және басқа пәндер бойынша) сыныпта, үй жағдайында орындалады; арнайы жаттығулар бойынша лабораториялық жабдықтармен, өлшеу приборлармен, есептеу техникасымен оқушыларды жұмыс істей білугк үйрету.

 Жаттығулар білімді бекітудің  іскерлікпен дағдыны игерудің  жәнеоқушылардың ой - өрісін дамытудың  негізгі әдісі. Бұл әдісті жаттығу жұмыстарында тиімді қолдану үшін: біріншіден, жаңа материалды әсіресе ережелерді, анықтамаларды, формулаларды, сыналықпен меңгеру, есте сақтау, екіншіден, алған білімге сүйеніп, тапсырмаларды орындау, жаңа мысалдар мен есептерді шығару тәсілдерініздестіру, дәлелдеу.

Сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер оқыту прцесін ұйымдастыруда үлкен роль атқарады. Бірақ оқыту әдістерін жіктеудің мұндай жүйесін оқушылардың танымдық іс - әрекетін толық бейнелемейді.

Оқу әдістерін жіктеудің басқада тәсілдері бар.

И. А. Даниловпен Б. П. Есипов әдістер жіктеуін жасағанда оқыту процесенде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алады. Дидактикалық міндеттер жаңа білімді меңгеру; іскерлікті, дағдыны қалыптастыру; білімді қолдану; білімді бекіту; шығармашылық іс - әрекетін дамыту. Мысалы, жаңа білімді меңгеруде дидактикалық міндетке сәйкес, мұғалім сабақтарды ауызша баяндау әдістерін, ал іскерлікті және дағдыны қалыптастыру дидактикалық міндетін іске асыруда оқытудың практикалық әдістерін қолданады.

Оқыту процесінде айналадағы әр түрлі объектілер – заводтар, электр станциялары, ірі көрмелер, музейлер, үлгілі ауылшаруашылық машиналар, өндірістік бірлестігі пайдаланылады. Мысалы, химия сабақтарында «Күкірт қышқылын өндіру» тақырыбын өткеннен кеиін мұғалім арнайы саяхат ұйымдастырып, оқушыларды не өзі, не маман арқылы күкірт қышқылын өндіретін заводтың цехтарымен таныстырады. Саяхат барысында мұғалім бақылау, зерттеу, графикалық әдістерін қолданады.

Осы сияқты жұмыстардың нәтижесінде оқушылар өндірістің технологиялық процестермен танысады. Бұл химия, физика сабақтарында политехникалық білім беру принципін іске асырудың үйлесімді жолдарының бірі.

 

 

 

 

 

  1. 2. Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі – иллюстртивті оқыту, проблемалы оқыту, бағдарламалап оқыту.Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кезегі қоғамдық - өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми практикалық деңгейіне байланысты.

Оқыту процесін ұйымдастыру барысында мұғалім және оқушылар ұжымы бір жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъетісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етуіне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектерімен объектілері арасында әр – түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, мұғалімлер мен оқушылар арасындағы қарым – қатынас арқылыақпарат алмасуы, ынтымақтастық және бірлестік іс - әрекеті. Мұндай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.

Оқыту процесінің өзіне тән компаненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компаненттер бір – бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана танымды нәтиже береді.

Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы қүштеріне байланысты. Қозғауыш күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықтарды атайды. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.

Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ – жауап арқылы оқушылардың білімін, іскелігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.

Сыныптағы оқыту процесі, мұғалім мен шәкірттердің іс - әрекетіне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар ма екен? Әрине, басқа анықтама беруге болмайды өйткені, бұл реакцияның нәтижесінде тек қана тұз бен су ғана болады. Мұндай реакцияны бейтарап реакция деп атайды.

Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттары, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сыртқы факторлар зиянды әсер етеді.

Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Мектепте бұл заңдылыты іске асыру еліміздің әлеуметтік – эканомикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның эканомикалық мүмкіншілігі ғылыми – техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу – материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.

Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процесімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан- жақты дамыуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады. Л. С. Выгодскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуына «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді.

«Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.

Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл – ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауап табады.

Оқыту іс - әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс - әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс - әрекеттері жатады. Осы іс - әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл – ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуге сезімі артады.

Оқыту процестерінің міндеттерінің, мазмұны, формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары.

Оқыту процесінің барлық элементтерінің мақсаттары мен міндеттерін, мұғалімнің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды.

Бұл заңдылықтар:

а) оқыту мазмұны қоғамның мақсаттары және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты;

ә) оқыту формалары, оларды ұйымдастырып, өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты;

б) оқыту әдістері, олардың мақсаттары мен анықталады.

Оқыту процесінің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары ақырғы нәтижені қамтамассыз етеді.

Оқыту процесінің  заңдылықтары оның принциптеріне бейнеленеді. Принцип – латын сөзі – негізгі бастапқы деген сөзді білдіреді.

Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауға болады.

Оқыту процесінің мақсаттылық принципі. Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған, орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін тіктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Оқытудың ғылымилық принципі. Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық принцип оқу бағдарламасын, оқулықтарды жасағандаеске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылыми принцип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.

К. Д. Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту – бұл баланың байқағыштығының, ойының, тілінің, есінің қиялының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау. Оқыту ғылыми ережелерімен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.

Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл – ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.

Түсініктілік принципі. Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен бірге оқушыларға тапсырма «ең таяу даму зонасына» сәйкес берілуі тиіс, яғни тапсырманы мұғалімнің басшылығы мен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек. Егер тапсырма аса ауыр болса, онда оқушылардың ықыласы төмендейді, сенімі кетеді, күшіне зиян келеді.

Жүйелік және бірізділік принципі. Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділік белгіленеді. Жүйелік және бірізділік принципті оқыту процесінде баларды өз бетімен жұмыс істеуге сабақ үстінде, үйде кітаппен, лабораторияда, шеберханаларда сонымен бірге балалардың білімін жүиелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.

Бұл жалпы пәндерді оқыту жүйесінде де қолданылады. Мысалы, көркем әдебиет пәндері бойынша бастауыш сыныптарда жай мақалалар мен әңгімелер оқытылса, жоғары сыныптарда әдебиет шығармалары, әдебиет тарихы жүргізіледі.

Саналық пен белсенділік принципі. Саналық пен белсенділік дегеніміз білімді саналықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысы мен тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну болады.

Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды оқушылардың саналылықпен орындауы, олардың белсендлігін арттырады. Әрбір іс - әрекетін орындауда оқушылар оның теориялық және практикалық мәніне терең түсіну қажет. Мысалы: а) тіл сабақтарында граматикалық ережелерді теория – тұрғасынан терең ұғыну қажет болса, ал сөйлемдерді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне ажырата білу оқушылардың іскерлік пен дағдыны саналықпен көрсетеді. ә) Ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің теориясын жете түсінумен бірге. Оларды қалай өсірудің практикалық тәсілдерін шәкірттер жақсы білуі қажет.

Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп , оған мәнді үлес қосқан Я. А. Коменский, К.Д. Ушинский т. б.

Осы принцип  негізіндеалғашқы оқытудың әдістемесін жазады.

К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды дейді.

Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильімді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді.

Сонымен көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше.

Педагогикалық процесінің бағыттылық принципі. Педагогикалық процесінің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту тәрбие үйлесімділігіне ықпал жасайды.

Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз табиғатынан шығады – оқыту мен тәрбие жүйесінің тұтас, мызғымас бірлестігі.

Ақыл – ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамассыз ету педагогикалық процестің бағыттылық принципінің негізін құрайды. Адамның білімге, әр түрлі іс - әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл – ой тәрбиесі қоғадық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды. «Еңбек білім берумен қатар жүйесінше, саяси және қоғамдық тәрбиемен қатар жүрмейінше, тәрбиелік пайда клтірмейді, бейтарап процесс болады»,  - дейді А. С. Макаренко.

Педагогикалық процестің басты идеясы – оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттерінің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтар мен, оқыту машиналармен, техникалық құралдармен, атап айтқанда, символикалық экранды – динамикалық дыбысты - техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.

Информация о работе Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері