Металтану және термиялық өндеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 13:58, реферат

Краткое описание

Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастардың жаңару үрдістерімен үйлесімді өмір сүре білуі үшін – терең және жан-жақты білім алуы маңызды факторға айналып отыр. Осы орайда, біраз жылдар назардан тыс қалып, бүгіндері қайта қолға алына бастаған кәсіптік және техникалық білім беру ісінің маңызы артуда. Өйткені, ішкі еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап ете бастады.

Содержание

І. Кәсіпке қызығушылық

ІІ. Жаңа білім жүйесі

ІІІ. Кәсіби деңгейдің дамуы

ІV. Кәсіптік педагогиканың ғылыми теориялық негіздері.

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Касипке баулу практика.doc

— 105.00 Кб (Скачать документ)

    Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:

Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;

Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;

Игерілген нәтижелерді бақылау.

   “Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет”. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек.

      Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады.

     Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін oқушының дарындылығын анықтап,дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.

 

Кәсіптік педагогиканың ғылыми теориялық негіздері.

Кәсіптік білім беру педагогикасының философиялық әдіснамалық негіздері. Ғылыми зерттеулерді басқару. Кәсіптік педагогикадағы зерттеу әдістері. Кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары. Шетелдердегі кәсіптік білім беру.

Кәсіпке баулу мазмұны.             

Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарты. Кәсіпке баулу бағдарламаларын түзудің ғылыми теориялық негіздері. Кәсіпке баулу мазмұнын іріктеудегі жалпы тәсілдер. Оқыту мазмұнын макро және микро деңгейде құрылымдау.

Кәсіпке баулу формалары мен әдістері.

Кәсіпке баулу формалары мен әдістері туралы түсінік. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты оқыту формалары мен әдістерін таңдау. Кәсіпке баулуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін оңтайландыру. Оқушылардың білімін ептілігі мен дағдысын бақылаудың ерекшеліктері.

Кәсіпке баулудың қағидалары мен жүйелері.

Педагогикалық процестің маңызы, құрылымы мен жобалануы. Кәсіпке баулудың қағидалары, құрамы, өзара ықпалы және оларды оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырудың ерекшеліктері. Кәсіпке баулудың жүйелері туралы түсінік және олардың элементтері. Оқушыларды кәсіпке баулудың негізгі жүйелерінің сипаттамасы.

Кәсіптік білім берудегі инновациялық технологиялар.

Педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы. Оқытудың технологиясын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер. Педагогикалық технологияларды жіктеу. Педагогикалық технологияларды жобалау. Оқытудағы қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар. Оқыту процесін компьютермен қамтамасыз ету. Кәсіптік білім берудегі модульдік және тұлғаға бағдарлы білім беру технологиялары.

Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент.

Кәсіптік білім беру аймағындағы педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаты мен міндеттері. Білім беру аймағындағы менеджер қызметінің қағидалары мен әдістері. Педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін арттыруда менеджер тұлғасының рөлі.

Кәсіптік білім беру оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасы.

Адамгершілік гуманистік тәрбиенің қағидалары мен әдістері. Жеке тұлғалық бағдарлы тәрбие. Еңбек, жеке тұлғаның негізгі сапаларын қалыптастыру құралы ретінде. Кәсіптік оқу орындарында тәрбие процестерін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Еңбек технологиясы және кәсіпке баулу мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау.

Кәсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) әдістемелік және арнайы дайындығына қойылатын талаптар. Қазіргі оқу-тәрбие процесінде кәсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) қызметтік міндеттері және құқығы. Еңбекке және кәсіпке баулу бойынша (мектепте, ауданда, қалада, облыста) әдістемелік жұмыстар жүйесі. Кәсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) даярлығы және олардың біліктілігін жетілдіру.

      «Қызығушылық», «кәсіпке қызығушылық», «пәнге қызығушылық» ұғымдарының ара қатынасын зерттеу оларға берілген анықтамалар мен тұжырымдарды жүйеге келтіріп, жан-жақты сипаттама беруге, олардың бір-бірімен өзара байланысын көрсетуге және «еңбекке қызығушылық» түсінігін зерттеу пәнімізге сәйкес нақтылауға мүмкіндік тудырды. Сондай-ақ ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылықты қалыптастыру  механизмін жасауға ықпал етті.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

   А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М. «Педагогика»,1988.

   А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение» 1993.

   В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.

   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

   Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004.

    Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Металтану және термиялық өндеу