Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2012 в 13:58, реферат
Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастардың жаңару үрдістерімен үйлесімді өмір сүре білуі үшін – терең және жан-жақты білім алуы маңызды факторға айналып отыр. Осы орайда, біраз жылдар назардан тыс қалып, бүгіндері қайта қолға алына бастаған кәсіптік және техникалық білім беру ісінің маңызы артуда. Өйткені, ішкі еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап ете бастады.
І. Кәсіпке қызығушылық
ІІ. Жаңа білім жүйесі
ІІІ. Кәсіби деңгейдің дамуы
ІV. Кәсіптік педагогиканың ғылыми теориялық негіздері.
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспары
Кіріспе
І. Кәсіпке қызығушылық
ІІ. Жаңа білім жүйесі
ІІІ. Кәсіби деңгейдің дамуы
ІV. Кәсіптік педагогиканың ғылыми теориялық негіздері.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастардың жаңару үрдістерімен үйлесімді өмір сүре білуі үшін – терең және жан-жақты білім алуы маңызды факторға айналып отыр. Осы орайда, біраз жылдар назардан тыс қалып, бүгіндері қайта қолға алына бастаған кәсіптік және техникалық білім беру ісінің маңызы артуда. Өйткені, ішкі еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап ете бастады.
Кәсіптік орта арнаулы білім ордаларында кәсіби шеберлігін шыңдаған жастар, еліміздің кәсіпорындарын білікті орта буын мамандармен толықтыра алары сөзсіз. Соңғы кездері республикада осындай оқу орындары көбейіп заман талабын қанағаттандыруға ат салысуда.
Міне, осындай талаптарға жауап беретін, жаңа заманауи технологияны алға тарта білім беретін, Маңғыстау аймағында қарқынды өсіп келе жатқан мұнай және мұнай өндіру кәсіпорындарының өндірістік құрылыс желілерінің мамандарын даярлайтын арнаулы оқу орындарының бірі - Жаңаөзен политехникалық колледжі.
Аталған колледждің алға қойған мақсаты – қоғам талабына сай оқыту жүйесін енгізу, болашақта қоғамды жаңартушы, еңбек етуші жасампаз ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда колледждің күндізгі бөлімінде 836, ал сырттай бөлімінде 404 болашақ маман білім алуда. Колледжде жас жеткеншектің толық жетіліп маман болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған. Соңғы үлгіде жабдықталған 59 пән дәрісханалары, 2 информатика және 3 мультимедиалық дәрісханалар, дәрігерлік бөлме, мәжіліс залы, асхана, спорт залы бар, яғни студенттердің жан жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Колледж ұжымы қатарында 39 оқытушы, оның ішінде төрт жоғары санатты, он бірінші санатты, жеті екінші санатты, он бір жас ұстаз қызмет атқаруда.
Өңір үшін аса қажет оқу орнын - Политехникалық колледжді ашып, оған нарық талабына сай басшылық жасау міндетін алған Тілектес Аманқосқызы колледжді басқаруды жаңа технологиялық әдіс тәсілдер бойынша жүргізу үрдісін енгізіп отыр. Басшы әрі ұстаздық қызметтерді қатар ала жүріп, 2004 жылы «Электротехникалық материалдар», «Автоматты реттеу және реттегіштері», «Электрмен өлшеу», «Автоматтандыру құралдары мен қондырғылары» атты қазақ тіліндегі оқулықтарды да жарыққа шығарды.
Табысты еңбек етумен қатар, кәсібін ел жұрттың игілігіне айналдыра білген жанның қашан да мерейі үстем болса керек.
Кәсіпке қызығушылық
Қызығушылық ұғымының көпқырлылығын, күрделілігі мен көкейкестілігін оның философия, әлеуметтану, психология, педагогика ғылымы саласынан жан-жақты зерттелгендігі байқатады. Философтар қызығушылықты «адамның табиғатынан туындайтын, әлеуметтік бәсекелестік жағдайында дами түсетін талпыныс» (И.Кант) тұрғысынан анықтай келе, әлемдік ақыл-парасатпен, ешбір шартқа тәуелсіз идеямен (Гельвеций, Гольбах, Дидро, Гегель және т.б.) байланыстырып, қызығушылықтан жасампаз күшті (А.Д.Макаров, М.В.Яковлев, А.Г.Спиркин, В.К.Скатерщиков және т.б.) қарастырса, бұл түсінікті әлеуметтанушылар «тұлғаның әлеуметтік әрекеттерге себеп болатын идеологиясын, көзқарасын, эмоционалдық реакцияларын көрсететін оның қоғамдық бағытының бір формасы» (А.Г.Здравомыслов, В.Г.Нестеров) деп, адамның бір құндылығы тұрғысынан зерделейді. Ал бұл болса, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде зерттелуге тиісті әр түрлі әлеуметтік және жас ерекшелігіне сәйкес топтардың қызығушылығын дамытудың қажеттілігін туындатады.
Психолог-педагог ғалымдардың бірқатары қызығушылықты (Л.А. Гордон, П.И.Иванов, В.А.Крутецкий, А.Н. Леонтьев, С.Е. Матушкин) тұлғаның бағыты; ал келесілері (А.В. Петровский, М.Г. Яролевский) түрткі; үшіншілері (С.Л. Рубинштейн) эмоционалдық тұрғыдағы әсерлі зейін; келесі топтағылар (С.Ф. Егоров, В.Г.Иванов, А.Г. Кавалев, С.Е. Матушкин, Н.Г. Морозева, В.Н. Мясищев және т.б.) тұлғаның белгілі бір пәнге қатынасы; (А.П.Сейтешев) кәсіпке қатынасы; тағы бірі (Б.И.Додонов, В.Н.Тугаринов) тұлғаның қажеттілігі тұрғысынан қарастырғанымен олардың әрбірі қызығушылықта қажеттілік пен түрткінің болатындығын және «қызығушылықтың әсерлі, мәнді, мазмұнды затқа, құбылысқа, іс-әрекетке зейін қою екендігін» жоққа шығармайды. Диссертацияда олардың берген анықтамаларын жан-жақты талдай отырып, біз С.Е.Матушкиннің «қызығушылық дегеніміз адамның объектті тануға немесе іс-әрекетті меңгеруге жағымды эмоционалдық әсерімен байланысты оның белгілі бір пәнге немесе шынайы құбылысқа белсенді танымдық бағыты» деген анықтамасын тірек етеміз.
Жоғарыда аталған ғалымдар қызығушылықты терең зерттеу нәтижесінде оны әр түрлі белгілеріне: мақсатына (В.А.Крутецкий, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн); кеңдігіне (А.В.Петровский, Г.И.Щукина); мазмұнына; әрекеттігіне; қоғамдық маңыздылығына (В.А.Крутецкий); тереңдігіне (В.А.Крутецкий, С.Л.Рубинштейн); тұрақтылығына (В.А.Крутецкий, Н.Г.Морозова); оқушылардың білім деңгейіне (Г.И.Щукина), ұзақтығына (В.Б.Бондаревский) қарай топтастырған. Зерттеу барысында осы топтамаларға аса мән бере отырып, тұрақтылығына қарай белгіленген жіктемеге (тұрақсыз, тұрақты, берік тұрақты) кеңінен тоқталамыз. Қызығушылықтың тұрақтылығы оның ұзақтылығымен және қарқындылығымен сипатталса, оның берік тұрақтылығы тұрақты жекелік бағыттылығымен айқындалады. Қызығушылықтың тұрақты болуы өздігінен қызығушылық тудырмайтын, бірақ қызықтырған іс-әрекетті жүзеге асырудың шарты болып табылатын әрекетті іске асырудағы қиындықтарды меңгеруден көрінеді. Қызығушылықтың тереңдігі оның тұлға үшін мазмұндылығымен және маңыздылығымен анықталады.
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау қызығушылық мәселесі қарастырылған зерттеулердің басым бөлігінде танымдық қызығушылықты қалыптастыруға аса мән берілгенін, бірқатарында эстетикалық қызығушылықты, кәсіпке қызығушылықты қалыптастырудың зерттелгендігін, ал еңбекке қызығушылықты қалыптастырудың өте аз қарастырылғандығын (А.Ф.Ахматов, А.Д.Саблин, 1974 ) көрсетті. Осыған орай әдебиеттерде айқын орын алған «танымдық қызығушылық», «кәсіпке қызығушылық», «кәсіби қызығушылық» ұғымдарының мәніне берген талдау нәтижесі «танымдық қызығушылық», «кәсіпке қызығушылықтың» еңбекке қызығушылықты қалыптастыруда негіз болатындығын көрсетті.
Олай дейтініміз Г.И.Шукина танымдық қызығушылықтың ерік, эмоция, интеллект салаларының бірлігінде жүзеге асатынын танымдық іс-әрекеттегі интеллектуалдық белсенділікпен, дербестілікпен, білім алуға деген құлшыныспен және алған білімнің қуанышы арқылы анықталатынын негіздесе, Н.Г.Морозова оның танымдық іс-әрекет пен танымдық белсенділік ерекшеліктерімен өлшенетінін көрсетеді. Еңбек процесінде танымдық іс-әрекет те, танымдық белсенділік те маңызды орынды иеленетіндігін ескерсек, еңбекке қызығушылықты таным үдерісі тұрғысынан, яғни шығармашылық үдеріс тұрғысынан қарастырудың қажеттілігі артады.
Оқу, танымдық, кәсіби қызығушылықтар ара қатынасын айқындау осы байланыстардың өзара тәуелділігін, бір-біріне бағыныңқылығын және орталықтандырылғанының жетекші рөлді иеленетіндігін байқатты. С.Л.Рубинштейннің тұжырымдауынша негізгі қызығушылықтың басыңқы болуының нәтижесінде қалғандары жоғалып кетпейді, керісінше тұлғаның жан-жақты дамуына жағымды жағдай жасайды. Еңбек іс-әрекетіне қызығушылық танымдық қызығушылық және кәсіпке қызығушылық арқылы дами отырып белсенділікке негізделген бағыттылыққа айналады.
Осы тұрғыдан «кәсіпке қызығушылықты» А.П.Сейтешев, А.А.Шадрин, «кәсіби іс-әрекет барысында анықталған еңбек түріне тұрақты қызығушылықтың болуы» деп анықтаса, В.Ф.Бессараб, А.В.Мордовская, С.Е.Матушкин «анықталған іс-әрекет түріне, яғни мамандығына жағымды эмоционалдық, танымдық қатынасының, бағыттылығының болуы», деп түсіндіреді.
Кәсіпке қызығушылық – бұл ең алдымен белгілі бір еңбек іс-әрекетіне қызығушылықты білдіреді. Еңбек адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қоғамдағы орнын қанағаттандыратын, яғни өмір сүру мақсаты мен мәнін анықтайтын бірден-бір дерек көзі болып табылады. Сондықтан да еңбек ету нәтижесінде қол жеткізетін материалдық қызығушылық оның еңбекке ынтасының негізгі себебі болып табылғанымен, тұлғаның еңбек процесінде, шеберлігінде, ой және дене еңбегінің бірлестігінде, қоғамға пайдалы нәтижеге қол жеткізуін сезінуі мен шығармашылық ізденісін қанағаттандыруында да маңызды саналады.
Қызығушылықтың даму кезеңдерін (Н.Г.Морозова, Г.А.Щукина, А.Е.Едігенова) жан-жақты талдау бізге ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру механизмін (Сурет-1) жасауға мүмкіндік берді (ұлттық киімге әуестік, мазмұнын білуге құмарлық, осы саладағы пәнге қызығушылық, кәсіпке қызығушылық, еңбекке тұрақты қызығушылық). Аталған даму кезеңдеріне мазмұндық сипаттама береміз және негізді дәлелдейміз. Және еңбекке қызығушылық ұғымына «тұлғаның еңбек түріне жағымды қатынасымен және осы саладан кәсіби білім, іскерлік, дағдыларын терең игеруімен байланысты еңбек іс-әрекетіне белсенді танымдық бағыттылығы» деп түсініктеме береміз.
Жаңа білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.