Мектепке дейінгі педагогиканың шығу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 16:26, лекция

Краткое описание

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде қоғам дамуының ерте сатысында өмір сүру жағдайы өте ауыр болды, аман қалу үшін барлығына бірге болуылары керек болды және тек ұжыммен ғана еңбек етулеріне тура келді. Бұл қоғамда барлығы ұжыммен болды және әлеуметтік теңсіздік пен дәрежелер болған жоқ, адамдар жалпы үйінде тұрды және бүкіл тайпаға жататын балаларды тәрбиелеуге бірлесіп кіріседі.
Зерттеуші-этнографтардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық жағдайда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуді екі жетекші кезеңге бөлуге болады: отбасында өтетін – бастауыш (10-12 жасқа дейінгі балалар) және жыныстық ерекшеліктерге байланысты берілген жеткіншектерді мақсатқа бағыттаған дайындық кезеңі – негізгі.

Содержание

1. Алғашқы қоғамдық тәрбие
2. Құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие, мектеп және педагогиканың теориялары
3. Орта ғысрдағы Батыс Еуропаның тәрбиесі мен мектептері
4. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика мен мектеп

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекция 1.doc

— 98.00 Кб (Скачать документ)

Платон үлкендердің балалар ойынына қатаң қадағалау жүргізуін талап етті: балалар ойынға ешқандай жаңалық енгізбей, ойын ережелерін бұзбай ойнаулары керек, себебі бұған ойын үстеуінде үйреніап алып, құлиеленуші мемлекеттің заңына өзгерістер енгізулері мүмкін, ал бұл жағдайға жеткізуге болмайды. Сонымен қоса, Платон «балаларға барлық ғылымдарды күшпен емес, ойнау арқылы оқыту керек» немесе «ерікті адамдар құлдарша ешқандай ғылымды оқымаулары керек» деп есептеді. Ол тәрбиелеуде өлеңдер мен билеуге үлкен орын қойды.

Платон «Мемлекетте» ерте жастан балаларды қоғамдық тәрбиелеу ойын дамытты және оларды ұйымдастыруының нақты жүйесін ұсынды. Қаланың немесе ауылдың  жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ойынға арналған ерекше орындарға жинау керек. Сонымен бірге заң қарауылдарымен тағайындалатын әйелдер балалардың ойындарына жетекшілік етіп, ереже сақтауларына бақылау жүргізулері керек. 6 жастан 12 жасқа дейіінгі балалар мемлекеттік мектептерде оқуға, жазуға, санауға және ән айту мен түрлі музыкалық аспаптарда ойнауға үйренеді. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар басты назарды жан-жақты физикалық тәрбиелеуге бөлетін палестраға барады. 16 жастан бастап бозбалалар тәжірибелік мақсатпен арифметика, геометрия, астрономиямен танысаты (алғашқы әскери дайындық). 18-20 жас аралықтарында балалар эфибияда арнайы әскери-физикалық дайындық  алады. Осы кезең өздерінің мүмкіндіктерінше әскер, қолөнершісі, егінші және саудагер сатыларда қалуларымен аяқталады. Тек ақылды адамдар бөлігі ғана 30 жасқа дейінгі философиялық білім алады; геометрия, арифметика, астрономия және музыка теорияларын оқи отырып, ойлау қабілетін дамытады және мемлекеттік іске дайындалады. Осы топтың ішінде ерекшеленген ең мықтылары өздерінің білімдерін интеллектуалдық қатынаста жалғастырады, философияны толық меңгергеннен кейін мемлекет басшылары болады.

Әйелдер тәрбиесін Спартадағыдай болуы керек деп есептеді. Құлдардың балалары білім алуға жіберілмейді.

Көріп отырғанымыздай, Платонның көзқарасы бойынша, құлиеленушілер мен ерікті азаматтардың балалары бәрінен бұрын білім алулары керек. Тәрбие оларды нақты әлеуметтік қызметтерді орындау мен мемлекетті басқаруға дайындауы тиіс.

Платон кішкентай балаларды тәрбиелеу жүйесінің сұрақтарын қарастырады, бұл мектепке дейінгі тәрбие теориялық дамуын да маңызды орын алды.

Аристотельдің педагогикалық теориясы. Аристотель Платонның шәкірті бола тұрып, оның әлемнің ойлау және заттар әлеміне бөлетін көзқарасына қарсы келді. Обьективті идеалистік ұстанымда қала отырып, ол материалистік жағдайлар қатарын жасады.

Аристотель әлемнің бірлігін, ойлаудың заттар мен ең заттардан бөлінбейтінін және заттар бірлігі мен формаларын мойындады. Аристотельдің пікірінше, ойды формаға ұқсастыруға болады. Әрбір заттар материя мен форманың бірлігі, мысалы: мыс – зат, ал мысты дөңгелек – белгілі бір формадағы құрал. Дәл осылайша, форма сияқты бір біріне қатысты. Аристотель әлемді әрдайым дамып отыратын, сапалы өзгеретін және өзгеру процесі ішкі даму сияқты сыртқы күштің әсеріне ықпал етпейді деп есептеді. Сонымен қоса, Аристотель рухтың үш түрлі жағы туралы айтқан: тамақтану және көбею кезінде пайда болатын - өсімдік; түйсіну мен мүддеден туатын – жануар; ойлау мен тану қасиеттілігі және өсімдіктер мен жануарларды өзіне бағындыра алатын – парасат.

Аристотель тәрбиенің үш жағын белгілеген – физикалық, мінез-құлық және ақыл-ой, бұлардың үшеуі бір бүтінді құрайды.

Аристотель табиғатпен тығыз байланысты рухтың бар жағының гармониялық дамуындағы тәрбие мақсатын көрген, бірақ жоғары жақтың – парасаттылық пен еріктіліктің дамуын маңызды деп есептеді. Осылайша, ол табиғатқа еру мен физикалық, мінез-құлық, ақыл-ойды байланыстыру және баланың жас ерекшеліктерін ескеруді қажет деді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге Аристотель үлкен көңіл аударды «Балаларға үйретуге болатын барлығына туылғаннан бастап үйреткені дұрыс» - деп айтты және 7 жасқа дейінгі балалар отбасында тәрбиеленулері керек деп дәлелдеді. Өзінің табиғипайымдаушылық принципіне сүйене отырып, Аристотель мектеп дейінгі жасқа жалпы сипаттама берді. Балаларда 7 жасқа дейінгі өсімдікті өмір болғандықтан, ең бірінші оның ағзаларын дамыту керек. Кішкентайлар үшін – тамақтану, қозғалыс және шынығу маңызды. Балалар жастарына сәйкес орындар ойнаулары керек; оларға әңгіме мен ертегілер (басшылардың рұқсат етілгендері) тыңдаған пайдалы және балалардың тілін дамыту маңызды. Ата-аналары оларды 5 жасқа дейін мектепке дайындау керек.

7 жастағы ұл балалар  мемлекеттік мектептерге ауысады (философтың пікірінше, әйелдерге  еркектердігі сияқты білімнің  керегі жоқ). Мектептер жеке болмай, мектептік болғаны дұрыс, себебі  азаматтардың тәрбиесі – мемлекеттің  күтімі: «Барлық азаматтарды өз-өзімен деп санау дұрыс емес, керісінше барлық азаматтар мемлекеттің бір бөлігі болып саналады. Ал осы бөліктерге күтім жасау маңызды». Балалар мектептерде физикалық тәрбиелетін гимнастика мұғаліміне түседі. Сонымен қоса балалар мектепте оқуға, жазуға, сурет салуға және музыкаға оқытылады.

Одан үлкенірек жастағы бозбалалар әдебиетке, тарихи, философиялық, математика және астрономиялық білім алады. Аристотель музыканы тәрбиелеу құралы, эстетикалық және әдептілікті дамытуда үлкен орын алады деп есептеді.

Балаларды әдептілікке тәрбиелеу, Аристотель бойынша, әдептілік қылықтар жаттығуларына негізделеді – алдын-ала ойластырылған және орташа іс-әрекеттерді жиі қайталау болып табылады. Мұндай жоғары дәрежелі қылықтарды рұқсат етілген деп есептеуге болады. Балаларды әдептілікке тәрбиелейтін ең басты оның ата-аналары болуы керек. Өзінің педагогикалық теорияларын дамыта отырып, Аристотель құлиеленуші ақсүйектердің басшысы ретінде ең бірінші кезекте ерікті туған азаматтардың тәрбиесіне және құлиеленуші мемлекеттің көркебюіне назар аударды.

Аристотельдің көзқарастары антикалық педагогикаға және келесі кезектегі педагогика ғылымының дамуына үлкен ықпал жасады.

Ежелгі Римдегі тәрбие мен педагогикалық ойлар. Ежелгі Римнің көпғасырлық даму тарихында тәрбиелеу мен оқытудың отбасылық және мемлекеттік тәжірибесі қалыптасты.

Рим отбасыларында тәрбиелеу салттары ұзақ уақытқа дейін сақталды және үй тәрбиесінің сипаттамасы оның римдік қоғамның әлеуметтік сатысындағы алатын орнына байланысты болды.

Римде әйелдер әйгілі құқықтарды иеленді (мысалы: мұрагерлік саласында), ал еркектер балаларға болсын, әйелдеріне болсын өктемдік етті.

4-5 жасқа дейінгі ұл  балалар мен қыз балалар отбасында  бірге тәрбиеленді, кейін оларды  бөлді. Қыз балалар анасының, асыраушылардың  және күтушінің қарауында болды. Олар тұрмысқа дейін ата-анасының үйінде әйелдер ортасында қалды. Қыз балалардың басты істері болып – қол еңбегі (тігу) болды және оларды музыкаға, биге үйретті, ал бай отбасыларында – грек тіліне үйретілді.

Ұл балалар тәрбиесімен еркектер: әкелері, тәрбиешілері, кей жағдайда Грециядан шақырылғандар айналысты. Оларды еркектік істерге үйретті, барлығынан бұрын қару-жарақты қолдана білулеріне дағдыланды. Еріктітуылған орташа отбасының балалары бастауыш білімді ақылы оқытатын және жеке қарапайым мектептерден алды. Бұл мектепке қыз балалар да жіберіледі. Ал танымал отбасыларының балаларын ереже ретінде үй мұғалімдері грек тіліне және әдебиетке оқытты.

Грецияның әсер етуімен 12-ден 16 жасқа дейінгі бай отбасыларының балалары оқитын грамматикалық мектептер ашылды. Оларды грек тіліне, риторикаға үйретті және әдебиет пен тарихтан қысқа деректер берілді.

Республикалық Римнің соңғы жылдарында білім беруге жоғары төлем жасайтын танымал отбасының бозбалалары оқитын және грек тілі, риторика, құқық, математика, философиялық білім беретін риторикалық мектеп пайда болды. Мұнда оқыған балаларды жоғары мемлекеттік дәрежелі орындарға дайындады.

Рим империясының  пайда болуына байланысты императорлар грамматикалық мектеп пен риторлық мектепті император билігіне адал шенеуніктер дайындайтын мемлекеттік мектептерге ауыстырды.

Хрестиандықты үстем дін деп жариялаған кезде мұғалім қызметіне руханилылық өкілі тағайындалды; мектеп пен отбасындағы тәрбие діни сипатта болды.

Квинтилианның педагогикалық көзқарастары. Марк Фабий Квинтилиан римнің танымал ораторы және педагогы, Рим ритор мектептерінің негізін салушылардың бірі. Өзінің мектептік тәжірибесінен және антикалық әлемнің педагогикалық ойларына қол жеткізуінен Квинтиллианның алғашқы арнайы «Ораторлық тәрбие туралы» педагогикалық еңбегі жарық көрді.

Квинтилиан адам дамуына табиғаттың әсері туралы сұрақты түсіндіруге үлес қосты. Ол табиғи берілуге үлкен көңіл қойды және баланың табиғи қабілеттіліктерін жоғары бағалай отырып, балалардың ерте жастан қабілеттілік деңгейін анықтауға болатынына күмәнданбады (кішкентай баланың алғашқы ақылының көрінісі – ес, тездігі және белгілілігі, қабылдағыш және табылғанды көп уақыт бойы ұстауы, ерте дамуға, ұқсауға ұмтылуы), бірақ тәрбиемен көп нәрсеге қол жеткізуге болады деп есептеді.

Квинтилиан ата-анадан, асыраушылар мен күтушілерден баланың қабылдағыш екендіектерін ұмытпауларын талап етті, себебі балалар жақсылық сиқты, жамандықты да түбірлейді. Сонымен бірге балаларға құрдас-жолдастар мен педагогтарды таңдауды да есепке алған дұрыс.

5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды Квинтилиан Аристотель сияқты мектепте дайындалуды қолдады. Ол балалар 7 жасқа жейін екі тілді – туған және грек тілін меңгеруі тиіс деді, алдымен грек тілін, сонан кейін параллельді түрде ана тілін үйренулері керек. Сонымен қоса ол жүйелі сабақтарды көңілді жағдайда жүргізілуін де дұрыс санады. Квинтилиан балаларды құрдастарымен жарысуға шақырып, өкінбеуге үйретуге және оларды мақтаумен көңілдерін көтеріп отыруға кеңес берді.

Рим педагогы балаларды сауаттылыққа оқытудың әдістемелік кеңесін жасады. Ол балаларды бірмезгілде көрнекі құралдардың көмегімен (піл сүйегінен жасалған әріптер) әріптердің түрлерімен және атауымен таныстыруды және оқытудың жүйелілігі мен бірізділігін қадағалауды талап етті.

Квинтилианның түсінігінше, негізгіні оқыту керек, бірақ көп нәрсеге емес. Болашақ ораторға жақсы дамыған ес, әдеби сөздерге сезім, ритм, жақсы дикция мен интонация жәнетілінің мәнерлілігі мен мимикасы жетілуі керек. Мұның бәріне мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап үйрету керек. Ораторлық тәрбиенің күшті құралы деп - өлеңдерді жаттау деп есептеді, бұл оған әдептілік тәрбиеніне де керек болып табылады. Квинтилиан өлеңдерді жаттаудың әдістемелік негізін жасады: өлеңді толығымен оқу, логикалық бөліктерге бөліп, бөлік түрінде жаттайды, соңында ол толығымен тақпақталады.

Педагогикалық ойлар даму тарихында Квинтилиан дидактика және әдістеме, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиенің жүйелілігін талап еткен педагогикалық еңбектің алғашқы авторы ретінде маңызды орын алады.

 

 3. Орта ғысрдағы Батыс Еуропаның тәрбиесі мен мектептері. Құлиеленушік қоғамның құлдырауы мен құлауынан жаңа феодалдық қоғамға ауысты. Феодалдық қоғамның күрделі саяси күші мен идеологиялық тіреніші католиктік шіркеу болды. Ол ортағасырлық Батыс Еуропа қоғам өмірінде үлкен орын атқарды. Шіркеу халықты қанаушылықты ақтады. Адамның туылғанынан күнәлі ұстанымды қолдана отырып, ол адамды сопылыққа және рухтың болашақтағы қабірлік  өмірден құтылу үшін шақырды, осылайша адамдарды саьырлылық пен төзімділікке, феодалдарға бас июге тәрбиеледі және жердегі өмір – жердегі көрген қиыншылықтарын көтере алғандары үшін сүйіншіленетін қабірлік өмірге дайындық деп оқытты. Бұл халықты езушілік пен қанаушылықпен күрестен арашалады.

Католиктік руханилылық антикалық мәдениет: ғылым, өнер, мектертерге қарсылықпен қарады; ол балаларға құбылыстар сияқты «құдайдан қорқу» тәрбие жолымен жеңіске жетуге болады деп насихаттады.

Монастырларда монастырлық мектептер, ал шіркеулерде приходтық мектептер болды. Ең алдымен олар төменгі шіркеу қызметкерлері рухани тұлғаларға сабақ жүргізді, уақыт өте мұнда шіркеу қызметшісі болмайтын адамдар да оқыла бастады. Мұғалімдер – монахтар мен әулиешілер – ұл балаларды христиандық дін рухында және әдептілікке тәрбиеледі, католиктік құдайға қызмет ету жүретін жат латын тілінде оқуға, жазуға үйретті. Балалар дұғаларды жатап, шіркеулік әуендер мен есептеуге үйренді. Латын сауаттылығына үйрету ортағасырлық мектептерде механикалық есте сақтауға негізделген әріптеу әдісімен жүргізілді, кейде не оқытып жатқанын түсінбеушілік болды. Оқыту процесі ең қиын және ұзақ деп есептеді. Пәнді меңгеруде үлгермеушіліктері мен кішкене тәртіп бұзушылық үшін балаларды ауыр физикалық жазаға тартты.

Епископтың кафедрасында және соборларда кафедралық немесе соборлық мектептер болды. Бұл мектептерге дворяндар мен белгілі азаматтардың балалары барып отырды. Біртіндеп бұл мектептер оқушыларға жоғарыланған білім бере бастады. Оның мазмұнын «жеті ерікті өнер» құрды: грамматика, риторика, диалектика (діни философияның бастамасы), арифметика, геометрия, астрономия, музыка. Соборлық мектептерде негізінен жоғары руханилылыққа дайындалады.

Зайырлы феодалдар отбасын құрайтын «жауынгерлік қайырымдылармен» байланысатын басқаша тәрбие мен білім алды: атта шаба білу, жүзу, семсерлесу, қылыышты қолдана білу, аңшылыққа шығу, ашхмат ойнау, буындау және ән айту. Оқу мен жаза білу міндетті болмады.

Феодал қыздары білімді үйде немесе діни рухта тәрбиеленетін және оқуға, жазуға, қолеңбегіне үйрететін әйелдер монастырларда алды.

ХІІ-ХІІІ ғғ Батыс Еуропада қолеңбегі, сатушылық және қалалар өсуі қалалық зайырлы мәдениеттің тууына әкелді.

Феодалдық езгімен азаматтар католиктік шіркеулерге де қарсы шықты. Қалада қолөнершілер өз балалары үшін шеберхана мектептерін, ал саудагерлер – гильдейлік мектептер аша бастады. Бұл шіркеумен емес, қалалық тұрғындардың ашқан мектептерінде басты назарды туған тілде есептеу, оқу және жазуға аударды. Дін оларда үстем жағдайында болған жоқ. Шеберханалық және гильдейлік, яғни қалалық бастауыш мектептерге айналған мектептер магистраттарды құра отырып, шіркеудің білім беру саласындағы монополияны бұзды.

 

4. Қайта өрлеу  дәуіріндегі педагогика мен мектеп. ХІV-ХVІ ғғ тарихта пайда болды. Қайта өрлеу дәуірі ішкі феодалдық қоғамның тууына, мануфактура мен сатушылықтың дамуын, антикалық әлем мәдениетін тудырған буржуазиялық топтардың пайда болуын және ғылым мен өнердің қарқынды дауын сипаттайды.

Информация о работе Мектепке дейінгі педагогиканың шығу тарихы