Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 16:26, лекция
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде қоғам дамуының ерте сатысында өмір сүру жағдайы өте ауыр болды, аман қалу үшін барлығына бірге болуылары керек болды және тек ұжыммен ғана еңбек етулеріне тура келді. Бұл қоғамда барлығы ұжыммен болды және әлеуметтік теңсіздік пен дәрежелер болған жоқ, адамдар жалпы үйінде тұрды және бүкіл тайпаға жататын балаларды тәрбиелеуге бірлесіп кіріседі.
Зерттеуші-этнографтардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық жағдайда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуді екі жетекші кезеңге бөлуге болады: отбасында өтетін – бастауыш (10-12 жасқа дейінгі балалар) және жыныстық ерекшеліктерге байланысты берілген жеткіншектерді мақсатқа бағыттаған дайындық кезеңі – негізгі.
1. Алғашқы қоғамдық тәрбие
2. Құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие, мектеп және педагогиканың теориялары
3. Орта ғысрдағы Батыс Еуропаның тәрбиесі мен мектептері
4. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика мен мектеп
Дәріс№1
Таќырыбы:Мектепке дейінгі педагогиканың шығу тарихы
Жоспар:
1. Алғашқы қоғамдық тәрбие
2. Құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие, мектеп және педагогиканың теориялары
3. Орта ғысрдағы Батыс
Еуропаның тәрбиесі мен
4. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика мен мектеп
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде қоғам дамуының ерте сатысында өмір сүру жағдайы өте ауыр болды, аман қалу үшін барлығына бірге болуылары керек болды және тек ұжыммен ғана еңбек етулеріне тура келді. Бұл қоғамда барлығы ұжыммен болды және әлеуметтік теңсіздік пен дәрежелер болған жоқ, адамдар жалпы үйінде тұрды және бүкіл тайпаға жататын балаларды тәрбиелеуге бірлесіп кіріседі.
Зерттеуші-этнографтардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық жағдайда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуді екі жетекші кезеңге бөлуге болады: отбасында өтетін – бастауыш (10-12 жасқа дейінгі балалар) және жыныстық ерекшеліктерге байланысты берілген жеткіншектерді мақсатқа бағыттаған дайындық кезеңі – негізгі.
Дәрежесіз қоғамда балаларды түрлі қолайлы іс-әрекеттермен шұғылдандыра отырып, оларды бірдей тәрбиелейді. Балалар ерте жастан тамақ табуға араласты – жеуге келетін өсімдіктер мен жемістер терді. Үлкендермен бірлескен еңбекке қатысу деңгейі көтреріле бастады. Үлкендермен біріге отырып және оның жетекшіліктерімен жүріп, балалар өздеріне керекті өмірлік қажеттіліктер, еңбектік қабілеттер мен дағдыларды алды. Ұл балалар мен қыз балаларды тәрбиелеуде үлкен ерекшелік болды. Ұл балаларға еркектермен бірге аңшылықта және балық аулауға араласады, күресе білуге, садақтан атуға және атта шаба білуге үйретті, ал қыз балаларға әйелдерге тамақ істеуге, киім тігуге, ыдыс жасауға көмектесті. Барлық балаларға жануарларға күтім жасауға, егіншілікпен шұғылдануға және қол өнерге үйретті.
Балалар дәстірлі ойын, ән айту, құрбан шалынатын қоғамдық мерекенің маңызды қатысушылары болып табылады. Тайпалық қоғамның үлкендері жас ұрпақты тәжірибелі адамдардың тәжірибесімен, салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыптармен, тайпаның тарихымен, діни сеніммен таныстыруға және кішкентай балаларды үлкендер мен өлген адамдарды құрметтеуге тәрбиелеуді тапсырған. Баланың мінездері мен қылықтарын тәрбиелеуде халықтың ауызша шығармалары: аңыз, өлең және т.б. үлкен орын алды.
Жазуға дейінгі мәдениетте әртүрлі жас топтарындағы адамдардың қарапайым фольклорларында имандылық нормалары, тәртіп ережелері, құқық және басшылардың міндеттері көрсетілген.
Бозбалалар мен қыздардың тайпаның толыққұқылы мүшесіне енуінің негізі дайындайтын ең беделді және ақылды адамдардың жетекшілігімен өткізеді. Бұл арнау бұқаралық санаудан тұратын, яғни жастардың тайпалық қоғамның үлкен мүшелерінің атқаратын міндеттеріне дайындықтарын тексерумен аяқталады.
Дамудың кеш деңгейінде, яғни тәрбиелеу ісі арнайы адамдармен жүргізіле бастаған кезде алғашқы қауымдық құрылыс тәрбиесі қоғамдық іс-әрекеттің негізгі формасы ретінде ерекшеленді.
2. Құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие, мектеп және педагогиканың теориялары. Ежелгі Шығыста, Грецияда және Римде, яғни құлиеленушілік мемлекеттерінде отбасылық және қоғамдық тәрбие жүйесінің алғашқы педагогикалық теориялары құрыла бастады.
Ежелгі Грециядағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар. Ежелгі Греция – көптеген құлиеленуші қалалар, мемлекеттер мен полистерді біріктіретін ел болып табылады. Греция тарихында екі полис ерекше мәнге ие – Афина және Спарта. Оның әрқайсысында тәрбиелеудің ерекше жүйелері құрылды, бір жағынан – құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, ал басқаша жағынан – елдің даму ерекшеліктерімен.
Спартадағы балаларды тәрбиелеу. Спарталық мемлекет Ежелгі Грецияның ертеректегі мемлекеті болып табылады. Ол б.з.д. ІХ ғасырдың басында Лакония шекарасына жерлерді басып алған және тамырлы халықтарды өзіне бағындырған дворян тайпалық топтардың шабылуынан пайда болды.
Спарта халықтары күр бөлініп кетті: үстем тап – спартиаттарға; азаматтарды қамтыған, өзіндік тәуелсіз, бірақ саяси құқықтан айрылғандар – периэктерге; құл болған, яғни барлық құқықтардан айрылған адамдар, бірақ өзінің жерлерінде қалған – илоттарға. Аяусыз қанау салдарынан илоттар оның жиі көтерілісшілері болды. Бұл спартиаттарды өзінің үстемдігін қарудың күшімен ұстауға мәжбүр етті. Осыған байланысты спартиаттар өзіндік әскери формаларын иеленді – барлық халықтардың үлкен ерекшеліктері әскерлерді құрды, олар құл – илоттарды ұдайы үреу мен бас июшілікпен ұстады.
Мұндай жағдайда ерекше спартиаттар мемлекетінің спартиат жауынгерлерін, яғни мықты және шыныққан, болашақта құлиеленуші адамдарды дайындайтын тәрбие жүйесі құрылды. Мемлекет балалардың туылғанынан бастап отбасында тәрбиелеуін қадағалап отырды. Ақсақалдар жаңатуылған балаларды қарады және тек қана денсаулығы мықты балаларды әкелеріне қайтарып, ал ауру және әлсіздерді жойып отырды (тапсырыс бойынша оларды Таргетский тұңғиығына тастады).
Сәбилерді ереже ретінде асыраушы-құлдардың көмегімен аналары тәрбиеледі. Асыраушылар балының өмірі мен денсаулығына күтім жасады және оларды шынықтырып, спартиаттарға тән дағдыларға баулыды. Балаларды еркелетпей, тамаққа қызықпайтын, қараңғыдан қорықпайтын, болашақ мүмкін әскери жорықтарда аштық пен шөлді, қолайсыздық пен қиындықты жеңіп кешіретін етіп тәрбиелейді.
7 жастан бастап бұл
балаларды арнайы мемлекеттік
тәрбие ұйымы – агеллаға
Тәрбиелеу барлық спартиа қоғамының ісі болды; әскер басылары, мемлекеттік қайраткерлері агеллеларға жиі келіп отырды, балалармен гумандылық және саяси тақырыптарда әңгімелер құрды және дайындықтарға қатысып, айыптыларды ақылға салып, жазалап отырды.
Болашақ жауынгерлер мен құлиеленушілерді тәрбиелеудің маңызды құралы болып – 1415 жылдарда жетекшілерді түңгі жорықтарға шығару жатады.
18-20 жастағы бозбалалар
арнайы әскери дайындық
Қыздар балалар үйде тәрбиеленді, дегенмен олардың да тәрбиесінде басты орынды физикалық даму, әскери дайындық, құлдарды басқара білуге үйрету алды. Еркектер соғысқа кеткен уақыттарда әйелдер өз қалаларын өздері қорғады және құлдарды бір қалыпта ұстап отырды. Қыз балалар қоғамдық мерекелерде және спорттық дайындықтарға қатысты.
Афиналардағы тәрбие мен мектеп. Афина дамыған құлиеленуші мемлекет болып саналады – ол өзінің рауандануын б.з.д. V ғасырларда қол жеткізген демократиялық республика. Афина адамзатқа философия, өнер, әдебиет және педагогика салаларында бай мұра қалдырған.
Балалар мен бозбалаларды тәрбиелеу мен оқытуға афинада көп көңіл бөлінді. Афиналықтар бұған қоса тамаша адам болып – физикалық жағынан болсын, мінез жағынан болсын көркем саналатындықтан, адамдардың ақыл-ой, мінез-құлық, эстетикалық және физикалық дамуына талпынтады. Бірақ құлиеленуші қоғам болғандықтан, физикалық бейнет тек құлдардың міндеті олып саналды. Афиналықтардың тәрбиелік жүйесінің жалпы бағыты – физикалық бейнет пен құлдарға жек көрініш сезімі болды.
7 жасқа дейінгі барлық балалар отбасында тәрбиеленді, жиі Лакония асыраушыларының көмегімен жүргізілді. Балалардың физикалық дамуына көп көңіл бөлінді. Кішкене азаматшалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үшін, оларға ертегілер айтып, түрлі әдеби туындыларды оқып, олармен ойнады. Афиналықтар өмірімен музыка сабақтас болды. Олардың жақсы көретін музыкалық аспабы – лира болды, бұл аспапты өлең оқи отырып, ойнайды.
Балаларды ерте жастан спорттық дайындықтарға, қозғалмалы-мерекелік тойларға және мейрамдарға апарып отырды.
7 жастан ұл балалар түрлі мектептерге барды. 13-14 жасқа дейін олар грамматиста және кифариста мектептерінде оқыды (бір уақытта немесе бірінші грамматиста мектептерінде, кейін кифариста мектептерінде). Грамматиста мектептерінде мұғалім-дидаскалар балаларды оқуға, жазуға, санауға оқытты. Есепке саусақтар арқылы, тастардың көмегімен және есепті еске түсіріп отыратын арнайы есептік тақталар арқылы үйретті. Балалар жұқа таяқшалармен тақталарда жазды. Кифариста мектептерінде ұл балалар әдеби білім алды, мұнда олардың эстетикалық тәрбиесімен арнайы айналысты - ән айтуға, тақпақтауға және музыкалық аспаптарда ойнауға үйретті. 12 жастағы жеткіншектер физикалық жаттығулармен айналысатын палестраға да барып тұрды. Мұнда бес күрес түрін үйретті – жүгіру, күрес, секіру, нысана көздеу және т.б.
Бай құлиеленушілер өздерінің ұлдарын әдебиет, философиялық білім беретін гимназияға берді. Бұл жерде сонымен бірге мемлекетті басқаруға дайындады. Халықтың ең құрметті азаматтары балалармен саясат және имандылық тақырыптарында әңгімелер жүргізді. Спартадағыдай 18 жастағы бозбалалар 2 жылдық әскери-физикалық дайындайтын эфибияға қатысты. Мұндай жан-жақты тәрбие мен білім тек ірі құлиеленушілердің балаларына ғана қолайлы болды.
Афиналық әйелдердің өмірі отбасылық айналыммен шектелді және үйдің әйелдер жартысына – гинекеге келді.
Ежелгі Грециядағы қарапйым педагогикалық теорияның тууы. Педагогика философия ғылымының бір бөлігі ретінде дамыды және антикалық ойшылдардың: Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. білімі көрнекті орынды алды.
Демокриттің педагогикалық көзқарастары. Демокрит ежелгі гректердің философ-материалисті, атомистік теориясының негізін салушы болып табылады. Оның философиядан, математикадан, физикадан, биологиядан, медицина және психологиядан, өнерден және т.б. көптеген еңбектері белгілі.
Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ойлар тарихында маңызды орын алады. Өзінің атомистік теориясы негізінде Демокрит – тұлғалардың материалистік даму тұжырымдамасын жасады. Ол әлемді бір бірінен формасы, тәртібі мен жағдайына байланысты ерекшелейтін атомдардан тұратын материалды деп есептеді. Ағзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуі мен тарқауына әкеледі. Сонымен бірге рух та адамдардан тұрады және олардың уақыттық бірігулері бар. Демокрит рухтың мәнгі екенін дұрыс деп санамайды.
Демокрит тұлғаның қалыптасуы оның табиғаты мен тәрбиесіне байланысты деп есептеді. Философтың осы тақырыпқа байланысты мазмұндамасынан үзінді: «Егер оқымаса, өнер мен ақылға қол жеткізе алмайды», «Көпшілік адамдар табиғатқа қарағанда, жаттығулардың көмегімен жақсы бола түседі», «Кей жағдайларда жас адамдарға ақыл дарыған, ал кәрілерге керісінше, осыған қарағанда, ақылды оқытатын уақыт емес, оған тиісті тәрбие мен табиғат».
Демокрит үлкендер ортасына көп көңіл бөлді («Әкенің жақсылығы – балаларына ең күшті құрал»). Құлиеленуші демократияның идеологиясы жақсы мінез-құлықты адам деп қоғам аясында парызы бойынша іс-әрекет жасайтын, қоғамдық және саяси өмірге қатысуға қабілетті адамды есептейді.
Демокриттің бізге жеткен еңбектерінің үзінділерінде балаларды ерте жастан тәрбиелеп бастауына талап қойылған.
Демокриттің материалистік таным теориясында: білім бастамасы болып – түйсік жатады, ал шындық ақылмен алынады делінген. Ол ақыл-ойдың дамуына мәнерлі сөздермен түсінік береді: «Көптеген белгіштер шындығында ақылды емес».
Платонның педагогикалық ойлары. Ежелгі грек философы, идеалисті, құлиеленуші ақсүйектер идеологы Платон танымал ақсүйектер отбасында туған және сол кездегі керемет білім иегері.
Көптеген шығармалардың авторы Платон көп жағдайларда тәрбие жайлы айтқан. Өзінің тәрбиені ұйымдастыру жүйесіне көзқарасын «Мемлекет» және «Заңдар» трактаттарында негіздеоген. Бұлар Платонның әлеуметтік көзқарастарының органикалық бөлігін құрайды және ол құлиеленуші ақсүйектер мемлекетінің күшеюі мен құлиеленушіліктің қалыптасуының жалпы міндеттеріне бағынады.
Платонның мүлтіксіз мемлекеті ерікті азаматтар еңбегінің төрт түрлі сатыда бөлінуіне негізделеді: философтар, әскерлер, қолөнершілері және егеншілер. Әрбір саты тек өздеріне ғана қатысты міндеттерді атқарулары керек және басқалардың қызметтеріне араласпаулары тиіс. Азаматтарды сатыларға бөлуінде өзінің рух бөліктерін топтауымен жетекшілік етті. Демокриттің әлемді бір және материалды деп есептеуіне Платон әлемнің ойлар әлеміне және заттар әлеміне бөлінеді деген көзқараспен қарсы келді. Оның идеалистік көзқарасына байланысты адамның рухани бөлігі – рух ойлар әлеміне өзінің сыйғанынша өмір сүреді. Рухқа үш бөлік қатысты: ақыл-ой, ерік және сезім. Осы рухтың үш бөлігіне Платонның үш жақсылық істеушілері байланысты, олар: ақылгөй, жүректік және бірқалыптылық.
Құлиеленуші мемлекеттің күшеюі үшін Платон өзінің Спарта және Афиналық тәрбиелеу тәжірибесімен ұқсас тәрбиелеу жүйесін ұсынды.
Платонның ойынша, тәрбие дегеніміз – үлкендердің балаларға әсер етуі және оларға жақсы мінез-құлықтарды қалыптастыру болып табылады.
Платон кішкентай балалардың негізгі ішкі тәрбиесі – эмоция деп есептеді. Ол балалардың алғашқы түйсінуі – бұл оның рахаттануы мен қайғысы және балалар қиялын бейнелейтін жақсылық істеушілер мен игілік екенін бекітті.
Платон балаларды тәрбиелеудің негізгі құралдары деп – ойын, оқу және түрлі аңыздар мен әдеби шығармаларды айту деп есептеді. Бұл үшін кішкентай балаларға нақты нені оқу және айту керек екенін заңмен бекіту керек.
Информация о работе Мектепке дейінгі педагогиканың шығу тарихы