Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне баулу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Ертедегі және кеңес мектебіндегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.......................................................................................................................6
1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы....................................
1.2 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі....................................................6
2. Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту тарихы әдістемесі............................38
2.1 Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі.......................................39
2.2 Қазақстандағы көркемдік білім беру ісінің қалыптасуы мен дамуы..........39
Қорытынды............................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсык жумыс бейнелеу - 555555.doc

— 185.00 Кб (Скачать документ)

Арнаулы модельдердің көмегімен, нұсқаға қарап сурет салуға оқытуға  арналған әдістердің әрі қарай дамуына  Гальярдың еңбектері үлес қосты.

1844 жылы Тулуз өнер  мектебінің профессоры Галяр  «Қолмен және құралдардың көмегімен  бастапқы сурет салудың толық курсы»еңбегін жарыққа шығарды. Галрдың сурет курсы екі бөлімге бөлінді. Бірінші бөлімде – әр түрлі жағдайдағы сызықтарды перспективадағы шеңбер мен квадратты заттарды нұсқасына қарап, көз өлшемімен салу мәселелері қарастырылса, екінші бөліміде – жазық геометриялық денелерден құралған материалдар туралы сипаттама беріледі.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мектептің оқыту әдістемесі тереңірек талданып, жаңа әдіс-тәсілдермен  толыға түсті. Бірақ бір әдістің  екіншісіне қарағанда ұтымдылығы туралы әдіскерлер арасында әртүрлі пікірлер көптеген таластар болды. Бұл оқыту әдістемесімен кең түрде қызығушылардың көбейе түскендігін көрсетеді. Осы кезде суретті оқыту әдістемесінің теориялық мәселелерін талдауға суретшілермен қатар, өнертанушылар психологтар, дәрігерлер араласа бастады.

ХІХ ғасырдың соңында  мектептегі сурет салуды оқыту саласындағы  мамандар ек лагерьге бөлінді: бір топтағылар геометриялық әдісті жақтаушылар болса, екіншісі–натуралдық әдісті жақтаушылар  болды. Геометриялық әдіс бойынша суретке оқыту әдісі–геометрияға негізделді. Бұл әдісті жақтаушылар геометрия суреттегі нақтылық пен дәлдікке жеткізгендігін және бейнені өлшеп тексеруге мүмкіндік береді деген пікірде болған. Бұл әдіске сәйкес қоршаған ортадағы барлық заттарды бейнелеуде геометриялық көзқарас тұрғысынан қарайды: қандай зат формасы негізінен олар, геометриялық фигураны немесе геометриялық денені тауып отырады. Мысалы алманы салу барысында, оқушы ең алдымен шардың суретін жобалап алып, онан соң шелектің суретін салу барысында, оқушы алдымен қиық конусты жобалап, онан соң оны нұсқадағы форма бойынша ұқсата түседі.

1888 жылдан бастап геометриялық  әдіс барлық жалпы білім беретін  мектептерге кіргізілді. Бұл әдістің  басқаларына қарағанда бірқатар  жетістіктері болды. Геометриялық әдіс – оқушыларды саналы түрде сурет салуға, олар затты бақылап қана қоймай, оның формасын талдауға үйретті. Бірақ көптеген мұғалімдер оқыту үрдісін дұрыс түсінбей, сабаққа формалды түрде қарады, орындалған суреттің кіршіксіз таза болуын, геометриялық денелерді дұрыс және нақты сызылуын қатаң талап етті.

Әрі қарай геометриялық әдіс бойынша оқыту онан әрі теріс  өзгерістерге ұшырай бастады. Тіпті  бейнені алдын ала белгіленген  нүктелер арқылы құрастыру бойынша  суретті салу кең тарала түсті. Мұның  бәрі сурет мұғалімдерінің көпшілігінің натуралдық әдісті жақтаушылардың  тәжірибесіне жүгінуге әкеліп соқты.

Оқытудың натуралдық әдісі бойынша оқушы заттарды ешқандай қысқартусыз, оны қалай  көріп  тұрса осындай етіп салуды талап ететін болған. Бұл әдісті жақтаушылар, геометриялық әдіске қарағанда, натуралдық әдіс, оқушыларды өмірге, табиғатқа жақындата түсетіндігін дәлдеді. Олар геометриялық әдіс тек қана кәсіптік оқыту үшін жарамды, балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары есепке алынатын болғандықтан ол жалпы білім беретін мектеп үшін жарамсыз деп есептеді.

Натуралдық әдісті жақтаушылардың пікірінше абстрактілік геометриялық формалар, қоршаған ортадан алған  өз әсерін графикалық мүмкіндіктер арқылы беруге сәйкес келмейді деп ойлады. Бірақ геометриялық әдісті теріске шығара отырып олар бұл әдістің бағалы жақтарын көре алмады.

ХІХ ғасырдың соңы мен  ХХ ғасырдың басында оқытудың натуралдық әдісінің өкілдері–Кульман, Пранг, Эльснер, Баумгарт, Аусберг, Брауншвиг, Тэдд суретті  оқыту әдістемесі бойынша кең  көлемді әдебиеттерді бастырып шығарды. Бұл авторлардың әдебиеттері негізінен сурет салу ережелерін қағидаларын, сонымен қатар көрсетілген әдістемелік тұғырды теріске шығарды. Олардағы кейбір авторлар (Браумгарт, Брауншвиг) оқытудың қатаң бірізділігінің болуын айтса, басқалары көбірек шұғылдануды, еркіндікті, қызықты болуы принципін насихаттап, оқытудың қатаң жүйелі  болуынан бас тартты (Кульман). Сөйтіп оқытудың натуралдық әдісінде ортақ көзқарас болған жоқ.

 

 

 

    1. Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі

 

 

Кеңес дәуірінде таптарға бөліну жойылып, мектеп демократизацияланды, мектеп шіркеуден бөлініп, мектептегі оқыту ісі қайта құрылды. Халық ағарту қызметкерлері алдында оқытудың мазмұнын, формасын және әдістерін қайта құру міндеттері қойылды.

Бұл кезде формалистік  өнер қайраткерлері көркемдік білім беру саласында көптеген зиян келтірді. Көркемсурет академиясында гипстен жасалған антикалық құймаларды лақтырып тастап, музейді құртып жіберді, сурет салудың теориясы мен әдістемесінде хаос орнады. 1921 жылы шыққан бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің бірыңғай еңбек мектебіне арналған бағдарламасында ғылыми жағынан елеулі қателіктер жіберілді.

Жаңа бағдарламаның  негізіне бейнелеу өнерінің сауаттылығын оқыту емес, шығармашылық қабілетті  дамыту әдістері біржақты алынды. 20 жылдардың алғашқы кезінде көптеген мектептерде балаларды сурет салуға дұрыс үйретілген жоқ. Суретті оқытудың маңызына көңіл бөлінбеді. Олар сурет баланың ақыл ойының дамуы үшін ештеңе бермейді деп ойлады. Шын мәнінде олар эстетикалық тәрбие беруге кедергі жасады.

Суретті оқытудың жағдайы (1923-1925) жылдары «комплексті» бағдарлама кезінде шиеленісе түсті. Комплексті бағдарламаны жақтаушылар, балалардың табиғаты, өмірдегі құбылыстарды әрбір  пән бойынша берілген ерекше жүйелерге  бөлуге қабілеті жете бермейді, оларды өмірдегідей етіп жеке бөліктерге бөліп қарау керек, олар өмірде қандай болса, оны сол күйінде оқып үйрену қажет деп есептейді.Осы жеке өмір бөліктерін «мемлекеттік ғылыми кеңес» бағдарламаларында «Деревнядағы күзгі жұмыс», «Біздің қала», «Денсаулықты сақтау» т.б. тақырыптарға бөліп берді. Осы тақырыптар бойынша балалардың бақылауы ұйымдастырылды, әңгіме жүргізілді, иллюстрациялық жұмыстар орындалды, оқулық кітаптардағы мақалалар  оқылды, сонымен қатар қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмыстар атқарылды.

20 жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі бағыттарда жүргізіле бастады, олардың ішінде әсіресе «еркін тәрбие» теориясының көрнекті өкілі А.В.Бакушинский болды. Ол балалар шығармашылығын зерттеуге дарынды адамдардың басын біріктірген көрнекті өнертанушы болған. Оның қызметі үлкен қателікпен сипатталады. Ол баланың шығармашылық қызметіне санадан тыс фактор әсер етеді» деп сендірді. Сонымен қатар ол баланың алғашқы шығармашылық іс-әрекетіне педагог аз араласуы тиіс. Баланың көркемдік қиялына, баланың көркемдік еркіне толық еркіндік беру керек деп есептеді.

Осы кезеңде А.В.Бакушиснкийдің ойын суретші-футуристер әрі қарай  жалғастырды. Олар мектепте оқушыларды өнердің ережелерімен және заңдылықтарымен  таныстырудың қажеті жоқ деп түсінді. Футуристердің балалардың көрініс бейнесін дәлме-дәл салу қажет емес, ол тіпті зиянды, ұқсатып салудың перспективаны үйретудің қажеті жоқ, бала суретті қисық қылып сала берсін, қисық сызықтардың өзі пайдалы, ол көңіл күйді көрсете біледі деп есептеді. Бірақ техника дәлдікті талап етеді. Қисық суретпен нақтылы бір нақтылыққа жетуге болмайды. Футуристер: «Бейненің нақты болуын сызу оқыта берсін, өнердің мақсаты басқа» дейді. Бұл дұрыс емес.

1931 жылы шығарылған  бағдарлама оқу материалдарының  мазмұнын және суретті оқыту әдістерін жаңаша анықтады. Оның негізіне нұсқаға қарап сурет салу алынды. Онымен қатар бағдарламада тақырып бойынша сурет салу және сәндік сурет салу орын алды. Өнер туралы әңгімеге маңызды орын берілді. Әңгіме оқушыларды бейнелеу өнері шығармаларымен таныстыруға тиіс болды.

Кеңес дәуірінде суретті  оқыту әдістемесі бірқалыпты дамып  отырды, ол үнемі тартыста болды. Осы  кезде, балалардың дамуы биологиялық  және әлеуметтік факторларға, тұқымқуалаушылыққа тәуелді екендігін дәлелдеуге  тырысатын педгогтардың теориясы кең көлемде таралды. Бұл да істі сурет салу ережелерін балаларға үйретудің қажеті жоқ дегенге әкеліп тіреді. Олардың ойынша баланың туған-туыстары немесе ата-анасының ішінде өнерге қабілетті адам болмаса, оны оқыту тек қана уақыт өткізу деп есептеді. Осындай күрес жағдайында суретті оқытудың жаңа әдістемесі туындады.

Бейнелеу өнерін оқыту  әдістемесінің даму барысында 1933 жылы ұйымдастырылған «балаларға көркемдік  тәрбие берудің орталық үйінің», оның ішінде «Көркемдік-әдістемелік  кеңестің» ролі ерекше болды. БКТБОҮ негізінен сыныптан, мектептен тыс жұмыстар мәселелерімен айналысқаныменен, ол балалардың көркемдік тәрбиесінің барлық мәселелерін қарастыратын жалғыз ғана ғылыми-әдістемелік орталық болып табылды.

Жалпы білім беретін  мектептердегі суретті оқыту әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосқан белгілі суретші-педагог Д.Н.Кардовский (1866-1943) және К.Ф.Юн (1875-1958) болды. Д.Н.Кардовский жоғарғы оқу орындарында сурет мұғалімдерін дайындауды бастаушы ретінде танылды. Д.Н.Кардовский мен оның шәкірттері 1939 жылы бірінші Мұғалімдер институтының жанын, 1942 жылы В.П.Патомкин атындағы Москва қалалық педагогикалық институтынан ашылған көркем-графика факультетінің негізін қалаушылар болды. 1955 жылға дейін бұл көркемсурет – графика факультеті Кеңестер Одағындағы бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдерін дайындайтын жалғыз факультет болды.

Бұл факультетте көркемдік  білім беру жүйесі Д.Н.Кардовскийдің  педагогикалық принциптері мен  әдістері бойынша алынды. Бұл жүйені оның шәкірттері мен ізбасарлары, сонымен  қатар көркем графика факультеттеріндегі оқытушылар жалғастырды.

Кеңес сурет мектебінің көрнекті өкілі Д.Н Кардовский даңықты  П.П. Чистяковтың академиялық сурет  мектебінен өтті, Мюнхенде белгілі  суретші-педагог Антон Ашбеден  дәріс алды, сөйтіп орыс және европа сурет мектептерінің таңдаулы тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік алды.

Д.Н.Кардовский педагог  ретінде реалистік өнер позициясын ұстанып, жастарды формализм ықпалынан  қорғады. Қатал сенім мен өзі  жасаған суретті оқыту жүйесінің  өміршеңдігі арқасында Д.Н.Кардовскийдің шәкірттері мен ізбасарлары көп болды.

Кардовский сурет салу барысында көз бен қолдың жаттығуына зор мән берді, оқушылардың көркемдік  мәдениетін көтеруге күш салды. Ол реалистік  суреттің мәнін дұрыс түсіндіріп, табиғат пен өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиеледі, ғылыми білімді құрметтеді. Ол ұстазы Чистяковтан үйренген суреттегі көлемді форманы тану, құрастыру және талдау әдістерін өз шәкірттеріне жеткізді.

Д.Н.Кардовский өзіне  дейінгі суретті оқыту әдістерін  жинақтап, өзінің әдістерін өткеннің сапалы дәстүрлеріне сүйене отырып жасады. Д.Н.Кардовскийдің өзінің суретті оқыту әдісінің негізіне  заттардың күрделі формаларын, қарапайым етіп қысқартуға дейін жеткізуі алынған. Өзінің көп жылдық педагогикалық қызметінің нәтижесінде Кардовский, жаңадан сурет салушыға заттың күрделі формасын бейнелеу қиынға соғады, сондықтан сурет салу алдында оқушыға тапсырманы жеңілдету керек, форманы қарапайым етіп түсіндіре білу қажет, сонда ғана бала заттың құрылымдық негізін түсінеді, осыдан соң оған нақтылауға көшуге рұқсат беру керек деп түсінді. Ол тірі модельді салғанның өзінде оны шар мен кубты салғандағыдай қарапайымдылық пен нақтылыққа жеткізу қажеттігін көрсетеді. Заттың күрделі формасын оқушы ең алдымен майда жазықтықтарға бөлуі тиіс. Мысалы, мұрынның суретін салу үшін, ойша оны төрт жазқытыққа бөліп көрсетеді. Мұнан соң оны форма ерекшелігіне қарап, біртіндіп ол қажетті ұқсастыққа жеткізіледі.

Д.Н.Кардовский ұсынған  суретті оқыту әдістемесінің  қағидаларын көркемсурет, педагогикалық, жалпы білім беретін мектептің сурет мұғалімдері дамытып, отырды. Жалпы білім беретін мектептің сурет мұғалімдерін дайындауда Кардовский жүйесінен, қағидаларынан бастау алды.

Жалпы білім беретін  мектептерде сурет салу әдістерінің  дамуына Константин Федорович Юон  белгілі үлес қосты. Юон көркемсурет мектептеріндегі суретті оқыту әдістемесі мәселелеріне зор көңіл бөле отырып, ол белгілі дәрежеде жалпы білім беретін мектептерде суретті оқытуға қызыға қарады.

«Мен осы тамаша пәнге  осы кезге дейін дұрыс баға берілмей келе жатыр деп айтқым келеді. Егер оған көбірек уақыт беріп, оның оқыту әдістемесінің талдауларын дайындаса, онда басқа пәндердегі білімдерді қабылдауды жеңілдетер еді және бұл пәндерді өзара байланыстыру звеносы

 

Қорытынды

 

Нақты айтқанда, бұл ойлардан шығатын қорытынды жас ұрпаққа халқымыздың, ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік өнерін үйрету бағытында алда үлкен міндеттер тұр. Мектептегі бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері бұл істе орасан зор үлес атқарады. Бірақ қазіргі кезде бұл пәнді оқытуда көптеген қиындықтар мен шешуін күткен мәселелер бар. Олар мыналар:

Біріншіден, бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасы жастарға көркемдік  білім берудің маңызы мемлекеттік  құжатты. Қазіргі кезде Қазақстанда  көркемдік білім берудің бірнеше  бағдарламалры қатар қолданылуда. Қазақстанда Оқу министрлігі тарапынан жасалған бейнелеу өнерінің (А.Камаков), сәндік қолданбалы өнердің және көркем еңбектің (Қ.Әмірғазин), мектепке дейінгі кезеңді қамтитын(Ұ.Ибрагимов), халықтың дәстүрі мен бейнелеу өнерін байланыстыра құралған (Д.Садығалиев), қазақ бейнелеу өнері мен халық өнерінің байланысына құрылған (Қ.Ералин), бағдарламалары бар. Бұлар өз қызметін атқарып келеді. Енді бұларды өңдеу, жетілдіру, өзгерту арқылы бейнелеу өнерінің 1-11 кластарға арналған қазіргі егеменді Қазақстан талаптарына сай бағдарлама жасау қажет. Ол үшін авторлар ұжымын жинақтау орынды.

Екіншіден- бейнелеу өнерінің жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарын дайындау. Оқулықтар  жазу үшін тәжірбиелі мұғалімдер, өнер зерттеушілер, ғалым-педагогтарды біріктіріп авторлар ұжымын айқындау қажет. Мұнан соң оқыту бағдарламасына сай көркемдік білім мазмұнын ұлттық көркемсурет шығармалармен толықтырып Егеменді Қазақстанның бейнелеу өнері тарихы пәнінің оқулығын жазу күн тәртібіне қойылуға тиіс. Оқулықты жазу үшін бейнелеу өнері терминдерінің әр-түрлігін жойып, ретке келтіру қажет. Қазірге кезде бейнелеу өнерінен қазақ тілінде жарыққа шыққан әдебиеттерде терминдердің ретсіз қолдануы жиі кездеседі. Мысалы, живопись терминінің сұңғат, кескіндеме, сыр шырай, майлы боя  деген  баламалары бірдей қолданылатын бағдарламалары тәжірбиеде қолданыста.

Информация о работе Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне баулу